Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Perenabrat_uslovia.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
161.28 Кб
Скачать

2.3 Қостанай облысының топырақтық ресурстары

Қостанай облысы күрделі топырақ жамылғысымен аймақ кендігінің бағыныштылығымен және солтүстіктен оңтүстікке қарай биоклиматтық шарттардың өзгергіштігімен ерекшеленеді. Облыс аумағында келесі аймақтар бар: қара топырақ аймағы екі аймақшасымен – кәдімгі және өңтүстік қара топырақтар; қоңыр топырақтар аймағы келесі аймақшалармен – қара қоңыр, қоңыр, ақшыл қоңыр топырақтар; қара күрең жартылай шөлді топырақтар аймағы.

Жоғарыда айтылып кеткен топырақтар аймақтарының бар болуы солтүстіктен оңтүстікке қарай климаттың құрғақшылығымен байланысты. Бұл жағдайда гидротермиялық коэффициенті 0,9-дан 0,3-ке дейін өзгереді, жауын-шашынның мөлшері 350-ден 220 мм дейін азаяды. Агроклиматтық факторларының маңызды өзгешеліктері облыс топырақтарының құнарлығына едәуір әсер етеді. Облыстың солтүстігінде орналасқан нысапты құрғақ дәрежедегі жоғары құнарлы қара топырақтар құрамында 5% дейін гумус бар, кейін құнарлығы төмендеу қоңыр топырақтарға ауысады, ал облыстың оңтүстігіндегі жерлер мүлдем құнарсыз қара күрең топырақтарға айналады.

Қостанай облысы аумағының топырақтарының негізгі түрлерінің жалпыланған мәліметі 1-кестеде көрсетілген. Ең құнарлы жерлер қара топырақ аймағында орналасқан, теріс қасиеттермен асқынбаған (3561,5 мың. га немесе облыс территориясының 18,2%) ең күшті егіндік жерлер – кәдімгі және оңтүстік қара топрақтар. Қара топырақ аймағының едәуір аймағында – 2101,5 мың. га сортаңды қара топырақтар сортаңдар комплексінде 30% (облыс территориясының 10,7%) дейін дамыған.

5 кесте – Қостанай облысы топырақтарының негізгі түрлерінің аумақтары

п/п

Топырақтар

Аумақ,

мың.га

%

ҚАРА ТОПЫРАҚТАР АЙМАҒЫ

6585,7

33,6

1

Кәдімгі қара топырақтар

1568,1

8,0

2

Сортаңды кәдімгі қара топырақтар

1180,8

6,0

3

Оңтүстік қара топырақтар

1993,7

10,2

4

Сортаңды оңтүстік қара топырақтар

923,7

4,7

5

Шалғынды қара топырақтар, шалғынды және шалғынды-батпақты топырақтар

307,8

1,6

6

Сортаңды қара топырақтар, сортаңдар, шақаттар, құмдар

611,6

3,1

ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТАР АЙМАҒЫ

9992,7

50,9

7

Қара қоңырлылар

2629,3

13,4

8

Сортаңды қара қоңырлылар

1326,4

6,8

9

Қоңырлылар

1701,2

8,7

10

Сортаңды қоңырлылар

779,7

3,9

11

Ақшыл қоңырлылар

699,2

3,6

12

Сортаңды ақшыл қоңырлылар

890,8

4,5

13

Шалғынды қоңырлылар, шалғынды, шалғынды батпақты

446,6

2,2

14

Қоңыр сортаңдар, сортаңдар, шақаттар, құмдар

1519,5

7,8

ҚАРА КҮРЕҢ ЖАРТЫЛАЙ ШӨЛДІ ТОПЫРАҚТАР

3021,7

15,5

15

Қара күрең жартылай шөлді

212,4

1,1

16

Сортаңды қара күрең жартылай шөлді

502,8

2,6

17

Жартылай шөлді сортаңдар, сортаңдар, құмдар

2306,5

11,8

ЖАЛПЫ ОБЛЫСТЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫ

19 600,1

100,0

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]