Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ис жург.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
673.28 Кб
Скачать

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығының жобалар альбомы жоғары оқу орындарының құқықтану мамандығы бойынша оқитын студенттеріне арналған. Бұл ғылыми еңбек болашақ құқықтану мамандарының күнделікті мамандық салалары бойынша заң саласында қылмыстық іс жүргізу заңдарың дұрыс пайдалануға көзделген.

Құрылымы бойынша еңбек екі бөлімнен тұрады – жалпы және ерекше. Жалпы бөлімде іс жүргізу құқығының негізгі түсініктері мен институттары ашылады. Олар қылмыстық іс жүргізу міндеттерін, қылмыстық іс жүргізу заңын,қа,қағидаларың, дәлелдеу теориясын, қылмыстық процеске қатысушыларыныңің іс жүргізу мәртебесін, қылмыстық іс жүргізу мәжбүрлеуінің түрлерін қамтиды.

Ерекше бөлімде қылмыстық іс жүргізу бойынша өндірістік сатылар мазмұнының сипаттамасы берілген: қылмыстық істерді қозғау, қарау, тергеу және шешудің негізі, шарттары мен тәртібі; үкімді орындау барысында іс жүргізу қызметі; тергеу, сот және өзге де іс жүргізу әрекеттерінің негізі, шарттары, тәртібі, маөмұны және мақсаты.

Қорыта айтқанда, жобалар альбомінде берілген мәтіндердің барлығы құқықтану саласына қатысты ұғымдар мен толық мазмұның көрсете отырып, осы еңбек студенттердің Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жұргізу құқығың жетік білуге көмек етеді.

1 Жалпы бөлім

1.1 Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және оның құқық жүйесіндегі орны

Қылмыстық іс жүргізу құқығы – қылмыстық іс жүргізу құқығын ережелер заңында көрсетілген, қылмыстық процесс мақсаттарына жету мен міндеттерін шешу мақсатында қылмыстық естерді тергеу, қарау және шешу жөніндегі қызметті реттейтін әлеуметтік –шартты жүйе [1]

Қылмыстық іс жүргізу құқығы –қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тәртібін белгілейтін және алдын ала тексеру, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының қылмыстық іс қозғау, тергеу, үкімді орындаумен байланысты мәселелерді сотта қарау және сотта шешу жөніндегі қызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі [2]

1.2 Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттары

мақсаттары

1 Қылмыстық заң тыйым салған іс әрекетті айқындау

2 Осы әрекетті жасаған адмады айқындау, кінәлі адамға жазаның қолданылуын қамтамасыз ету

3 Қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылатын адамдардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету

4 заңсыз түрде қылмыстық ізге түсуге душар болған адамдарды ақтау

5 істің жиынтығын себептерін белгілеу

6 бұзылған құқықты қалпына келтіру

1.3 Қылмыстық іс жүргізу құқығының міндеттері

Бірінші деңгейдегі міндеттер

Қылмысты тез және толық ашу

Қылмыс жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапкершілікке тарту

Әділ сот талқылауы және заңды дұрыс қолдан у[3]

Екінші деңгейдегі міндеттер

Негізсіз айыптау мен соттаудан қорғауды қамтамасыз ету

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды қамтамасыз ету

Заңсыз айыптау немесе кінәсізді соттау жағдайында кідіріссіз және толық ақтауды қамтамасыз ету [3]