Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
М.у к практ. по почв..doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
393.22 Кб
Скачать

Б) Топырақтын қалындығы:

Топырақтын ана ынысқа дейінгі терендігі топырақ қалындығы деп аталады. Топырақтын қалындығы келесі формула арқылы көрсету мүмкін:

М=А+В(ВС)

Мысалы: Кәдімгі қара топырақтын қалындығы – 100-120 см болатын болса, оңтүстік қара топырақтын қалындығы – 80-85 см болады.

Топырақтануда әр қабаттын қалындығы екі әріппен көрсетіледі.Қабаттын жоғарғы және төменгі шекарасы, жалпы қалындығы см арқылы. Апах 0-25/25 см ; А1 20-25/5 см; В 40-65/25 см.

В) Топырақтын түсі:

Топырақтын түсі онын ең көргілікті белгісі. Топырақтын түрі осы белгімен байланысты болады. Топырақтын түрлері: қара топырақ, қызыл топырақ, сары топырақ, сұр топырақ, күлгін топырақ түсіне қарай аталған. Топырақтын түсінін қалыптасуы үшін үш түрлі заттар маңызды болады.

  1. Гумусты заттар топырақты қара түске бояйды;

  2. Темір қосындылары топырақты қызыл, сары түске бояйды.

  3. Кремний тотығы, әктас, каолинит, гипс, тұздар топырақты ақ түске

Топырақта осы заттар түрлі мөлшерде аралас болып топырақтын белгілі түске боялуын қамтамасыз етеді. Топырақтын түсін анықтау үшін С.А. Захаровтін түстер үшбұрышы қолданылады. Топырақтын түсіне түйіртпектілік пен ылғалдылық әсерлі болады. Кесекті, дәнді топырақтар және ылғалды топырақтар әрқашан қою түсті болып көрінеді. Құнарлы топырақтар әрқашан қою түсті болады. Топырақ әрқашан күрделі түспен белгіленеді. Мысалы: қою-сұр, сарғылт-қызыл, ашық-қоңыр, қою-қоңыр, сұр-қоңыр ж.т.б.

ҚАРА (гумус)

қою қою-сұр

қара-қоңыр

қара-қоңыр қою-қоңыр сұр

ашық

қара-қоңыр ашық-сұр

қоңыр күл түсті

күрен ақшыл

ашық-қоңыр

Қызыл Ақ

сарғылт ашық-

(Fe2O3 x nH2O) қызыл Сары сары

Сурет 1. Топырақ түстері үшбұрышы (С.А. Захаров мәліметтерінен)

Г) Топырақтын механикалық құрамы:

Топырақ құрамында табылатын механикалық элементтердін өзаралық мөлшерлерінін арақатынасы. Топырақтын механикалық құрамын анықтау үшін физикалық құм – диаметрі > 0,01 мм, және физикалық балшық диаметрі < 0,01 мм болған топырақ түйіршіктері есепке алынады. Осы элементтердін арақатынасы арқылы бірнеше топырақ түрлері болады: құмдақ, құмайт, құмбалшық және балшық немесе саздақ топырақтар. Топырақтын механикалық құрамы онын барлық физикалық, механикалық және технологиялық қасиеттеріне әсерлі болады. Агрономиялық қасиеттері ең жақсы топырақ түрі болып жеңіл және орташа құмбалшықтар саналады.