Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
М.у к практ. по почв..doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
393.22 Кб
Скачать

Шөгінді жыныстардын жіктелуі

Барлық шөгінді жыныстары түзілу түріне қарай 3 топқа бөлінеді:

а) ұнталған (механикалық);

в) балшықты;

с) химиялық және биохимиялық;

А) Ұнталған жыныстар

Ұнталған шөгінді жыныстары жер бетінде түрлі жыныстардын механикалық үгілуі нәтижесінде пайда болады. Механикалық үгілу өнімдері түзілген жерінде қалмайды. Олар сумен, желмен, жауынмен, мұздармен тасымалданып қайтадан шоғырланады.

Ұнталған шөгінді жыныстары бөлшектерінін өлшемі мен пішіні арқылы жіктеледі. Бұл себептен бір атты ұнталған шөгінді тау жынысынын минералогиялық және химиялық құрамы түрлі болу мүмкін. Ұнталған жыныстардын структурасы бөлшектерінін өлшемі арқылы ірі ұнталған - > 1 мм, орта ұнталған – 0,05 – 1 мм арасында, және тозаңды < 0,01 мм түрге бөлінеді. Ұнталған жыныстары істік бұрышты және үйкелген түрлерге де бөлінеді. Ұнталған жыныстары борпылдақ және байланған түрде қалыптасады (кесте 1).

Кесте 1 - Ұнталған шөгінді жыныстардын жіктелуі

Ұнталған жыныстардын топтары

Диаметр,

мм

Үйкелген

Істік бұрышты

Борпыл-дақ

Байлан-ған

Борпыл-дақ

Байлан-ған

1

Ірі ұнталған

> 100

Қойтас

Конгло-мерат

Жақпарлар

Брекчия

10 - 100

Малтатас

Ірі қиыршық тас

1 - 10

Қиыр-шық тас

Дресва

2

Орта ұнталған

0,1 - 1

Құм

Құмдақ

Құм

Құмдақ

3

Тозаңды

0,01 – 0,1

Лесс

Б) Балшықты жыныстар

Бөлшек өлшемдерінін 0,01 мм ұсақ болған заттардын үгілуі мен химиялық өзгерістері нәтижесінде балшықты шөгінді жыныстары пайда болады. Бұл топтағы жыныстар ең жиі кездесетін жыныстар болып табылады. Жер жүзіндегі шөгінді жыныстарынын 50 % осы топқа жатады. Балшықты жыныстардын структурасы жұқа кристаллды болады.

Балшықты жыныстардын құрамына балшықты, тозаңды және құмды түйіршіктер кіреді. Балшықты түйіршіктердін өлшемі - < 0,01 мм, тозаңды бөлшектердін өлшемі – 0,01 – 0,1 мм, ал құмды түйіршіктердін өлшемдері 0,1 – 1 мм болады.

Осы заттардын мөлшерінін арақатынасы арқылы балшықты жыныстар үш топқа бөлінеді: балшықтар, құмайттар, құмбалшықтар.

Балшықтар: Құрамындағы балшықты түйіршіктердін мөлшері 60 %-тен жоғары. Балшық құрамына каолинит, монтмориллонит, кварц, опал, дала шпаты, слюда сияқты минералдар кіреді. Балшықтын түсі қосынды заттардын түсімен байланысты болады (сұр, қоңыр, жасыл). Балшықтар құрғақ күйінде қатты және тығыз болады, ал суланған уақытта иленгіштігі жоғары, ұстағанда майлы, ісінетін затқа ауысады. Балшықтардын бір еркшелігі ретінде ылғалданған уақытта пішінін онай өзгертіп оны ұстап тұруы – иленгіштік қабілеті. Иленгіштік пен ұсақ заттардан құрамалы болғаннан балшықты заттардын су өткізгіштігі төмен болады.

Тығыз байланған балшықты жыныстар аргиллит деп аталады.

Құмайттар: құрамындағы балшық мөлшері 10 – 20 % болады. Бұлардын су өткізгіштігі жоғары, ал иленгіштігі болмайды. Кепкен уақытта тұрақсыз кесектер құрастырады. Құрамында мол мөлшерде кварц, слюдалар және тотықтар кездеседі.

Құмбалшықтар: Құрамында балшық мөлшері 20 – 60 % жетеді. Балшықпен салыстырғанда иленгіштіктері төмен, ал су өткізгішітігі жоғары болады. Суланған құмбалшықты тұрақсыз шар немесе жіпшеге аударуға болады. Құмбалшық құрамында мол мөлшерде каолинит пен иллит кездеседі, ал бастапқы минералдардан кварц пен слюдалар кездеседі.