Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_Халыыралы жеке ы 3.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.82 Mб
Скачать

Дәріс 7: халықаралық дербес көлік құқығы

1. Халықаралық дербес көлік құқығының түсінігі

2. Халықаралық тасымалдау

3. Жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік және жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау

Дәріс мақсаты: ХДКҚ маңызын ашу.

Дәріс міндеттері: 1. Халықаралық дербес көлік құқығының түсінігін ашу.

2. Халықаралық тасымалдаудың жеке түрлерін ашу.

3. Жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік және жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау сұрағын сипаттау.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Лунц А.А. Курс международного частного права. Особенная часть. М., 1975.

  2. Садиков О.Н. Правовое регулирование международных перевозок. М, 1981.

  3. Гуреев С.А. Коллизионные проблемы морского права. М., 1972.

1. Халықаралық көлік құқығы – халықаралық құқық бөлігі. Халықаралық дербес көлік құқығы халықаралық дербес құқықтың бөлігі ретінде ұлттық заңнамада, халықаралық көлік конвенциялары мен келісім-шарттарында мазмұндалған, тасымалдау қатынастарын реттейтін құқықтық қағидалар мен нормалар кешені. Халықаралық дербес көлік құқығының пәні ретінде жеке және заңды тұлғалар қатысушысы болып келетін көлік міндеттемелері табылады. Жүкті, жолаушыларды және теңдеме жүкті тасымалдаудың құқықтық реттеуіндегі ерекшелік ретінде оның халықаралық сипаттағы нормалар мен әдет-ғұрыппен қатар, коллизиялық және ұлттық заңнама нормаларымен реттелуі табылады.

Бұл нормалар мүліктік қатынастарды реттейді, сондықтан азаматтық құқыққа жатады. Ол өзбетінше ерекше қатынастар тобын құрайды және азаматтық құқықтың бір бөлігі болып келетін, халықаралық дербес құқықпен реттеледі.

Халықаралық дербес көлік құқығында ерекше бір сұрақ халықаралық көлік ұйымдары. Халықаралық құқық халықаралық ұйымды үш егеменді мемлекеттен тұратын, тұрақты органдары бар және өкілеттігі анықталған қызмет тәртібі бар түрінде сипаттайды. Бұл бірлестік, байланыстың мақсаттары мен қағидалары көзделген, бірлесіп әзірленген шартқа негізделеді.

Енді халықаралық дербес көлік құқығы нормаларының әзірленуіне табыс жасаған көлік ұйымдарын қарастырайық.

1. Теңіз көлігі саласында – халықаралық теңіз комитеті (ХТК) – 1897 жылы құрылған. Кемелердің соқтығысуы үшін жауапкершілік және кеме иелерінің жауапкершілігін шектеу сұрақтарымен айналысады. Бұл комитет 20 жуық конвенцияны әзірлеуге ат салысқан. ХТК-ның бастамасымен «Гаага ережелері» деген атпен белгілі 1924 жылғы коносамент жөнінде кейбір ережелерді унификациялау туралы Брюссель конвенциясы қабылданды.

Халықаралық теңіз ұйымы (ХТҰ) БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің бірі, 1958 жылы құрылған. ХТҰ халықаралық теңізде жүзу сұрақтары бойынша көпжақты келісімдердің жобаларын дайындаумен айналысады. Мәселен, келесі Конвенциялар қабылданды: 1969 ж. Мұнаймен қоршаған ортаны ластағаны үшін азаматтық жауапкершілік туралы Конвенция; 1974 ж. Жолаушылар мен теңдеме жүкті теңіз бойынша тасымалдау туралы Афиндік Конвенция және т.б.

Халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ Комиссиясы (ЮНСИТРАЛ), БҰҰ арнайы органы 1966 жылы құрылған.

2. Әуе көлігі саласында – Азаматтық авиация халықаралық ұйымы (ИКАО), 1947 жылы құрылған. ИКАО «Халықаралық авиациялық регламенттер» деп аталатын халықаралық азаматтық авиация қызметіндегі сұрақтар бойынша халықаралық стандарттар мен практиканы әзірлейді.

ИКАО-дан басқа азаматтық авиация саласында аймақтық авиа ұйымдар халықаралық қатынастардың дамуына үлкен ықпал етеді – Азаматтық авиацияның Еуропалық конференциясы (ЕКАК), Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Еуропалық ұйым (Еуробақылау), Азаматтық авиацияның Африка комиссиясы (АФКАК), Аэронавигацияға қызмет көрсетудің Орталық америка ұйымы (КОКЕСНА), Азаматтық авиацияның Латынамерикандық комиссиясы (ЛАКАК) және Араб мемлекеттерінің азаматтық авиация кеңесі (КАКАС). Сонымен бірге, көптеген үкіметтік емес авиа ұйымдар бар. Мәселен, Әуе тасымалдаушыларының халықаралық қауымдастығы (ИАКА), Әуе чартерлі тасымалдаушыларының қауымдастығы (АККА) және т.б.

3. Теміржол көлігі саласында арнайы халықаралық ұйымдар белсенді қызмет атқарады: Теміржолдардың байланыс ұйымы (ТБҰ) және Жүк вагондарының жалпы паркі (ЖВП). ТБҰ-ның негізгі мақсаты – халықаралық жолаушылар мен жүк қатынастары туралы келісімдердің істерін жүргізу. ЖВП – қатысушылармен жалпы паркіге берілген, теміржол вагондарының бірлескен пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін құрылған еуропалық мемлекеттердің арнайы халықаралық ұйымы.

Теміржол саласында тағы бір ұйым ретінде Бернде орналасқан Халықаралық теміржол қатынастарының орталық бюросы табылады. Бұл ұйымның мақсаты – халықаралық келісім-шарттар бойынша істерді жүргізу және әзірлеу мен қайта қарау табылады. Бұл ұйым құқықтық материалдар мен сот практикасын кешенді түрде жариялайды.

Үкіметтік емес ұйымдар да үлкен рөль атқарады - Берндегі Теміржолдар көлігінің халықаралық комитеті.

Еуропалық экономикалық комиссияның ішкі көлік бойынша комитеті 1947 жылы БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің 4 сессиясындағы шешімімен құрылған. Бұл Комитет теміржол, автожол және су көлігі сұрақтары бойынша Еуропалық экономикалық комиссияның кеңесші органы және оның мақсаты – көлік саласындағы қатысушы-мемлекеттер арасында байланыстарды дамытуға көмек көрсету табылады.

Азия және Қиыр Шығыс мемлекеттерінің Экономикалық комиссиясының ішкі көлік бойынша комитеті 1951 жылы құрылған. Бұл ұйым Еуропадағы сияқты мақсаттарды аз дамыған және дамушы мемлекеттерде жүзеге асырады.

Теміржолдардың халықаралық одағы (ТХО) 1922 жылы құрылды. 1951 жылдың 1 қаңтарында ТХО-мен бір жағынан және Жолаушылар мен теңдеме жүк вагондары бойынша Халықаралық одақ, Жүк вагондары бойынша Халықаралық одақ, Жүк поездарының кестесі бойынша Еуропалық конференция, Теміржол көлігінің халықаралық комитеті және Еуропалық жолдарда автожол қызметін көрсету бойынша одақ екінші жағынан қызметтерді тығыз басқару және сұрақтарды шешуде келісімге келді.

4. Автокөлік саласында арнайы мамандандырылған халықаралық үкіметтік ұйымдар жоқ. Үкіметтік емес ұйымдар ішінде халықаралық автокөліктің дамуына үлкен үлесін қосып келе жатқан ұйым – Автокөліктің халықаралық одағы (АХО) табылады, ол 1948 жылы құрылған. Орналасу жері – Женева қаласы. Одақ мақсаты – барлық мемлекеттерде ұлттық және халықаралық автокөліктің дамуы, кәсіби тасымалдаушылардың мүдделерін қорғау және олардың еңбегін жеңілдету табылады. Негізгі міндеттер қатарына кедендік қиындықтарды жою табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін Еуропалық экономикалық комиссияның шегінде АХО-ның бастамасымен «ТИР Конвенциясы» қабылданды. Конвенциямен белгіленген МДП кітапшаларын қолдану жүктердің транзитті авто тасымалдауының дамуына әкеледі. 1955 жылы АХО-ның бастамасымен тез бұзылатын азық-түліктердің тасымалдауы бойынша халықаралық ұйым құрылған. Осындай тауарлардың ірі тасымалдаушылары осы ұйымның мүшелері.

Экспедициялық қауымдастықтардың халықаралық федерациясы (ФИАТА) 1926 жылы құрылған ұйым. Бұл ұйымның негізгі мақсаты – экспедициялық-көлік қызметтердің сапасын жоғарлату және кеңейту табылады. ФИАТА экспедиторлық фирмалардың мүдделерін БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік ұйымдарында білдіреді.