- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
- •1. Жоғары оқу орнының әкімшілігі мен оның құрылымдық бөлімдері туралы ақпарат
- •«Тағам өнімдерін өңдеу технологиясы» кафедрасының поқ штаттық құрамы
- •Тәрбие жұмысы
- •2. Студенттің анықтамалық-жолсілтегішінде пайдаланылатын терминдер
- •3. Оқу процессін ұйымдастыру
- •4. Ішкі тәртіп ережелері, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері
- •5. Студенттерді оқу пәндеріне тіркеу және қайта тіркеу тәртібі
- •5.1 Кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •5.2. Білім алушының білім беру траекториясын таңдау процедурасы
- •Оқу сабақтарына тіркелу
- •6. Білім алушының шартты академиялық статусы
- •Білім алушының оқудағы жетістігін бақылау
- •Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері
- •6.1 Аппеляция процедурасы
- •7. Білім алушыны көшіру, қайта алу және оқудан шығару
- •7.1 Жәңгір хан атындағы бқату ауыстыру тәртібі мен үдерісі
- •7.2 Жәңгір хан атындағы бқату білім алушыны басқа жоғары оқу орнынан көшіру тәртібі:
- •7.3 Жәңгір хан атындағы бқату ішінде бір мамаңдықтаң екінші мамаңдыққа ауыстыру тәртібі
- •7.4 Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алуға көшіру
- •7.5 Жәңгір хан атындағы бқату қайта алу ережесі
- •7.6 Жәңгір хан атындағы бқату оқудан шығару тәртібі
- •7.7 Студенттерді бір оқу жылынан екінші оқу жылына көшіру (курстан курсқа)
- •5В072800 «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» (салалар бойынша) мамандығының академиялық күнтүзбесі
- •9. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру
- •10. Материалдық және ақпараттық қормен пайдалану ережелері
- •11. Ақылы қызмет түрлерінің тізбесі
- •12. Дипломдық жұмыстарға( жобаларға) қойылатын талаптар
- •Мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу
6.1 Аппеляция процедурасы
Егерде білім алушылар қойылған бағаларымен (B,C,D,F) келіспеген жағдайда, емтихан нәтижесі жарияланған сәттен 24 сағат ішінде апеляцияға беруге құқылы. Апеляцияға өтініш факультеттің деканатына беріледі. Тіркеу бөлімі жеке деканның рұқсатнамасы алынған өтініштің негізінде апеляциялық ведомость береді.
Кафедрамен құрылған апеляциялық комиссия 24 сағат ішінде өтінішті қарастырып, бағаны өзгерту немесе сол түрінде қалдыру туралы сәйкес шешім қабылдайды.
Ескертпе: Егерде білім алушы емтиханнан «В» бағасын алып, онымен келіспей, апеляциялық комиссияға өтініш беріп төмен баға алып қалса, онда ол транскриптқа енгізіледі, ал GPA есептеу кезінде ең жоғары бағасы есептелінеді.
7. Білім алушыны көшіру, қайта алу және оқудан шығару
Білім алушы бір білім беру ұйымынан екінші ұйымға, бір мамандықтан екіншіге, бір оқу түрінен екінші түрге көшу құқына ие.
Жоғары кәсіби білім беретін білім беру ұйымдарында білім берушіні сәйкес курсқа қайта алу және/немесе көшіру, егерде оқу жоспарындағы пәндер 5 (бес) пәннен жоғары болмаған жағдайда жүзеге асады. Осы бөлімде қарастырылмаған жағдай болса, онда білім беруші қайта алу және/немесе ауыстыру бір курсқа төмен тәртібінде жүзеге асырылады.
7.1 Жәңгір хан атындағы бқату ауыстыру тәртібі мен үдерісі
Білім алушы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ –дан басқа ЖОО-ға, басқа ЖОО-дан Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-ға, университет ішінде бір мамандықтан екінші мамандыққа көшуге құқылы.
Көшуге академиялық қарызы жоқ білім алушыларға рұқсат етіледі.
Бір ЖОО-дан екіншіге көшу екі ЖОО-ның ректорлырының келісімімен және жазғы мен қысқы каникулдар аралығында жүзеге асырылады.
Бір мамандықтан екіншіге көшу үлгерімнің бекітілген минималды орташа балын жинаған студенттерге ғана рұқсат етіледі.
Білім алушылардың қайта алынуы немесе ауысуы олардың өткен және ағымдық жылдарында оқыған жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердегі айырмашылықпен анықталынады.
Оқу жоспарындағы пәндер айырмашылығы білім алушының қайта алыну және/немесе ауысу курсын анықтауға негіз болып табылады.
Оқу жоспарларындағы айырмашылық семестр ағымында жойылу керек. Оқу жоспарларында көрсетілмеген пәндер бойынша айырмашылық тіркеу бөлімінің берген ведомостылары арқылы тапсырылады.
7.2 Жәңгір хан атындағы бқату білім алушыны басқа жоғары оқу орнынан көшіру тәртібі:
Білім алушы көшу туралы өтінішті өзі оқып жатқан университеттің ректорының атына жазады да, көшуге мөр басылған жазбаша келісім алған соң Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректорына келеді. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректорының атына көшу туралы жазылған өтінішке басшының қолы қойылған және мөр басылған транскрипт қоса беріледі
факультет деканы көшіп жатқан тұлғанын құжаттарын қарастырады және олардың есептеліну мүмкіндігін, оқу жоспарындағы айырмашылықтар мен қайта алынатын оқу жылын анықтайды;
факультет деканының рұқсатнамасы негізінде тіркеу бөлімі аталған айырмашылықтарды тапсыру мерзімін анықтайды;
факультет деканының, бухгалтерияның (ақылы негізде оқитындарға), ОӘЖ жөніндегі проректордың, ОЖ жөніндегі проректордың рұқсатнамалары негізінде басқа ЖОО-дан Жәңгір хан атындағы БҚАТУ –ға ауысуы туралы бұйрық шығады;
ректордың бұйрығы шыққан соң жеке құжаттарды мұрағатқа дейін сақтау бөлімі үш күндік мерзімде көшіп жатқан тұлғанын бұрын оқыған ЖОО-ға жеке құжаттарын бағыттау туралы тапсырыс жіберіледі.
Білім алушыны бір мамандықтан екінші мамандыққа Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да көшіру келесі үдеріске сай тек ақылы негізде жүзеге асырылады:
білім алушы ректордың атына көшу туралы өтініш береді;
факультет деканы оқу жылы мен оқу жоспарларындағы айырмашылықтарды анықтайды;
тіркеу бөлімі деканның рұқсатнамасы негізінде аталған айырмашылықтарды тапсыру мерзімін анықтайды;
факультет деканының, ТБ жетекшісінің, ОӘЖ жөніндегі проректордың ОЖ жөніндегі проректордың рұқсатнамаларына сәйкес ректордың білім алушыны университет ішінде бір мамандықтан екіншіге ауыстыру туралы бұйрығы шығады.