Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Н студенттерге.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
78.7 Кб
Скачать

9. Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған материалдар

СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі. СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.

СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.

СӨЖ материалдарының түрлері кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен жасалып, келесі құжаттарды қамтиды:

  • пәннің оқытылу кезеңін түгел қамтитын СӨЖ кестесі;

  • типтік және жұмыс оқу бағдарламарының негізгі бөлімдеріне сай келетін тапсырмалар жүйесі;

  • рефераттардың, баяндамалардың, шығармашылық жұмыстардың тақырыптары;

  • негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі;

  • кеңес түрлері;

  • бақылау түрлері;

  • бағалау критериялары, орындалатын жұмыстың көлемі және оны тапсыру уақыты т.б.;

СӨЖ ЖОО-ның нормативті құжаттарының негізінде (оқу бағдарламасы) ұйымдастырылады.

СӨЖ-дің ұйымдастырылуы

  • библиографиялық мәліметтерді өңдеу (картотеканы дайындау);

  • жазбаша жұмыстарды дайындау (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары, аннотация, тақырыптар бойынша жазбаша жұмыс);

  • ғылыми жобаны өндеу (семестрлік, курстық, дипломдық жұмыстар, проблемалық мақалалар);

  • виртуальдық жұмыстарды іздестіру (интернет жүйесі және локальды желі арқылы);

  • жеке аудированиямен (лингофон жүйесі және медиатека арқылы);

  • электрондық курстың материалын меңгерумен (компьютерлік жүйе арқылы);

  • лабораториялық тәжірибені еңгізумен (спортық кешен арқылы) байланысты.

Сөж – дің негізгі түрлері және олардың орындалу ережесі.

- Реферат - бет А4, көлемі - 8-10 бет, шрифт 14. (терілген нұсқа). Құрылымы: тақырыбы, жоспары, кіріспе, тақырып актуальдылығы және практикалық маңыздылығы, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымша.

- Тақырып бойынша конспект – арнайы СӨЖ арналған дәптерде орындалады. Құрылымы: тақырып аты, актуальдылығы, практикалық маңызы, салыстырмалы талдау, пайдаланылған әдебиеттер. Қажет жағдайда сурет, диаграмма т.б. графикалық материалдар болуы тиіс.

- Қосымша сұрақтарды конспектілеу және үй тапсырмасын орындау - арнайы СӨЖ арналған дәптерде орындалады. Қолданылған әдебиеттер, ұқыптылық, логикалық шешім және баяндау тілі бағалауда ескеріледі.

- Кестелер мен суреттер, диаграммалар, графиктер - арнайы СӨЖ арналған дәптерде немесе бет А4 немесе А3 формат түрінде арнайы қосымша бет түрінде орындалады. Құрылымы: кестенің атауы, терминдер анықтамасы және салыстырмалы талдау. Барлық кесте, сурет, диаграмма және графикке міндетті түрде талдау жасалу қажет. Диаграмма мен суреттерді арнайы компьютерлік программамен салып дәптерге қосымша келтіруге болады.

- Кроссворд - арнайы СӨЖ арналған дәптерде немесе бет А4 немесе А3 формат түрінде арнайы қосымша бет түрінде орындалады. Құрылымы: кроссвордтың тақырыбы, атауы, сұрақтар, жауаптар. Кем дегенде 15-20 жуық терминнен тұруы тиіс.

- Глоссарий - арнайы СӨЖ арналған дәптерде орындалады. Терминдердің анықтамасы жазылады. Жеке дәптер арнап алфавит тәртібімен немесе жүйелік тақырыптық бағытта орындауға болады.