Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
174
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

6-тақырып. Рыноктық шаруашылықтың жалпы...

71

даөндірілетіносытауарғадегенрыноктыққатынастыңəрекетету аясын анықтайды. Осы аяның шекарасы трансакциялық шығын-

дармен, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындарымен анықталады.

Рыноктық экономиканың төртінші элементі – орталық буынның сұраныс пен ұсыныс сияқты құрамдас өзегі болып та-

былады. Сұраныс рынокта тауарларға деген қажеттілік түрінде жүреді. Тұтынушылар осы тауарларды қалыптасқан бағалармен ақша табыстары кезінде сатып ала алады. Ұсыныс өндірістің ең үнемді əдістері мен ресурстарды тиімді пайдалануға қатысты ынталандырушы ретінде жүреді. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игі-ліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ететін рыноктық механизмнің маңызды элементтері болып табылады.

Рыноктық механизмнің бесінші элементі – бəсеке. Ол пайда-

ны мол табуды жəне осының негізінде өндіріс көлемін кеңейтуге жол ашады. Бəсеке рыноктық субъектілер мен пропорцияны реттеу механизмінің өзара əрекетінің нысаны ретінде жүреді. Адам Смит бəсекені рыноктың «көрінбейтін қолы» жəне сол арқылы өзінің экономикалық пайдасы түріндегі өз бас пайдасын ойлаған жекелеген адамдардың талпынысы жалпы қоғамның игілігіне айналады деп атаған. Бəсекенің негізгі қызметі пайда нормасы, баға пайызжəнет.бэкономиканыңреттеушілеркөлемінанықтаудаболып табылады.

Рыноктық экономика қызмет етуінің механизмі үш басты принципке негізделеді:

маржиналдық (шекті) талдау;

балама таңдау шығындары;

экономикалык ұтымдылық.

Маржиналдық талдау принципі негізінде рыноктық субъек-

тілер мінез-құлкы құрылады, оған орташа емес, шекті шамалар шешуші əсер етеді. Рыноктың тауарларға толуы, рыноктық бағалардың өзгеруі нəтижесінде рынокта экономиканың бір қалыптан (жағдайдан) екіншісіне өтуі өзгеріссіз жүреді. Бұл жаңа, шекті субъектінің пайда болуы сұраныс немесе ұсыныс секілді рыноктық экономикаға əсер етпеуінен болып отыр. Жетілген ры-

72 Экономикалық теория

нокжағдайында, үлкенжəнетұрақтысұраныспеншаруашылықты жүргізушісубъектілердіңшексізсаныкөпболғанкезде, осылардың əрқайсысы шексіз шағын үлес салмағына ие болады. Маржиналды көзқарас рыноктық кеңістіктің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз еткендей болып, сұраныс пен ұсыныстың кенеттен ауытқуы пайда болу мүмкіндігін болдырмайды, тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тепе-тең жағдайды ұстап отырады.

Балама таңдау шығындарының принципі. Балама таңдау шығындары ресурстарды пайдаланбаудың басқа тəсілдерінен немесе кəсіпкерлер қызметіне байланысты туындаған тікелей шығындар мен алынбаған пайдалардың сомасы түрінде бола-

ды. Рыноктық экономиканы құру жіберіп алынған мүмкіндіктер тізімі ішінен ең нашар деген нұсқасы таңдап алынады да, аз да болса тұрақты табыс беретіндерге негізделеді. Балама таңдау шығындары принципі өндірушілерді қолда бар ресурстарды тиімдірек пайдаланудың жолын іздеуге итермелейді.

Экономиканың ұтымдылық принципі пайда мен шығындарды салыстыруғанегізделеді. Ұтымдытаңдаукепілдітабыстыпайданың еңтөменгібөлігікөлеміндеқамтамасызететіншекті болыптабылатын өзгермелі нұсқаның бірінде іске асырылады. Ұтымдылық критерийі табысқа деген құқықпен анықталады. Капиталды шектеулі пайдалану кезінде фирмалар пайданы жоғарылатуға тырысса, тұтынушыларөзəл-ауқатынбарыншажақсартуғаұмтылады.

Көрсетілген принциптер негізінде рыноктық экономиканы құру бір жағынан, сұраныс пен ұсыныс сияқты қарама-қарсы күштерді, екінші жағынан, нарықтық бағаларды пайдалануға негізделетін рыноктық механизмнің орталық проблемасы болып табылатын тепе-тең жағдайға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

6.3. РЫНОКТЫҚЭКОНОМИКАНЫҢ БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫМЕНКЕМШІЛІКТЕРІ

Рыноктық экономика төмендегілерден көрінетін белгілі бір басымдылықтарға ие:

ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі;

6-тақырып. Рыноктық шаруашылықтың жалпы...

73

өндірістің өзгеру жағдайларына тез бейімделу жəне икемді жауап береді;

тұтынушыларменөндірушілердіңтаңдауыменəрекет ету бостандығын қамтамасыз етеді;

FTP жетістіктерін оңтайлы пайдалануға өндірісті ұйымдастыру мен басқаруда жаңа технологиялар, əдістерін енгізу, жаңа тауарларды өндіру үшін жағдай жасауға көмектеседі;

өндірушілерді адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға жəне тауарлар мен қызмет көрсетулер са-

пасын арттыруға бағыттайды.

Рыноктық экономикаға мынадай белгілі бір кемшіліктер тəн:

табыс алуға кепілдік бермейді;

толық жұмысбастылыққа жəне бағаның тұрақты деңгейіне кепілдік бермейді;

қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді əлсіз ынталандырады;

ұжымдық пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулер өндірісін дамытуды қамтамасыз етпейді (қоғамдық көлік, дамболар*).

6.4. РЫНОКТЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ. ТРАНСАКЦИЯЛЫҚ ШЫҒЫНДАР

Экономикаинфрақұрылымынжалпыбылайажыратуғаболады:

1)өндірістік;

2)əлеуметтік-тұрмыстық;

3)рыноктық.

Өндірістікинфрақұрылым– бұлнегізгіқызметтер, өндірістік қызмет көрсетулер мен халық шаруашылығындағы экономика-

* Дамбо – 1) бағалы қағаздарды көрсетілуі құнынан төмен бағамен сатқанда, олардың бағамынан зиян шегу; 2) вексельдерді инкассоға есепке алғаны үшін банк тапсырыскерден алатын, ерекше төлем.

74 Экономикалық теория

лық айналымды қамтамасыз ету болып табылатын салалар мен салаішілерінің жиынтығы. Олар қоғамдық өндірістің табысты жұмысістеуіменоныорналастыруүшінжалпыжағдайларжасайды. Бұл кезде сыртқы жəне жалпы жағдайларды бөліп көрсетуге болады. Сыртқы жағдай – бұл ең басты қоғамдық өндірістің да- муынажанамаəсерететінтабиғи-климаттық, гeoгpафиялықжəне басқа жағдайлардың жиынтығы. Өндірістің жалпы жағдайына: өндіріске қызмет көрсететін көліктердің барлық түрлері; өндіріске қызмет көрсететін байланыс құралдары; материалды-тех- никалық жабдықтау жəне тауарлар қозғалысының жүйесі; ауыл шаруашылығыөнімдеріндайындаужəнеөткізу; электрқуатының объектілері жатады.

Əлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым – бұл халықтың дұрыс өмір сүруі үшін материалдық, мəдени-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз ететін салалар мен салаішілерінің жиынтығы. Бұл қызмет көрсетулер мен рухани игіліктерді өндіру саласы. Ол халыққа білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру мен спорт, мəдениет пен өнер, бөлшек сауда жəне қоғамдық тамақтандыру, тұрғын-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, жолаушылар көлігі мен халыққа қызмет көрсету бойынша байланыспен көрсетілген.

Рыноктық инфрақұрылым – бұл ерекше рыноктар негізінде əрекет етіп, олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін институттардың өзара байланысының жиынтығы, рыноктық экономика объектілерінің тиімді жұмыс істеуі мен олардың белгілі бір нақты рыноктық кеңістіктегі бірлігін қамтамасыз ететін қызметтер түрлерінің жиынтығы.

Рыноктық инфрақұрылым элементтері: тауар жəне қор бир-

жалары; саудаүйлері; көтермежəнебөлшексаудакəсіпорындары; жəрмеңкелерменкөрмелер; аукциондар; делдалдыққұрылымдар; сауда-өнеркəсіптік палаталар; кедендік мекемелер; түрлі қызмет көрсететін ұйымдар мен мекемелер.

Трансакциялық шығындар түсінігін америкалық экономист Р. Коуз енгізді.

Д. Норт трансакциялық шығындардың келесідей негізгі түрлерін бөліп көрсетеді:

6-тақырып. Рыноктық шаруашылықтың жалпы...

75

1)ақпаратты іздеу шығындары – қажетті контрагентті табу мен белгілі бір бағаларды күтуді қалыптастыратын бағалар туралы ақпараттарды табуға жұмсалатын уақыт пен ресурстар шығындары;

2)айырбас шарты, келісімшарт пен мəмілені толтыруды анықтау үшін келісімдер жүргізу шығындары;

3)сапаның қатеден болатын шығынын, стандарттар жүйесін дайындау мен оларды бақылау шығынын, фирмалық белгілер мен саудамаркаларынқорғаушығынынөлшеуменанықтаушығындары;

4)меншік құқығын дəл анықтау мен қорғау шығындары, қоғамдаəрекететушіменшікқұқығынбөлудіңəділдігінеқатысты бəтуаластық (консенсустық) идеологияны қолдау мен заңдық жүйе көмегімен құкықтық режимді тікелей қорғау шығындары;

5)аппортунистік мінез-құлықтан болатын ысыраптар. Рынок қызметі трансакциялық шығындарды үнемдеуде бо-

лып табылады. Трансакциялық шығындар теориясы тұрғысынан рыноктың басты басымдылығы ретінде оның ақпаратқа айырбастауда əр қатысушының шығындарын төмендету тенденциясы жүреді. Ақпаратты алуға жұмсалатын шығындар барлық трансакциялық шығындардың негізгі бөлігін құраса, онда осы игілікті өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қатынастар рынок түрін деұйымдастырылады.Бұлкездеақпаратшығындарыныңабсолюттік деңгейінің өзі, өзінің өндірістік (трансакциялық) шығындарымен салыстырғанда өте жоғары бола алмайды, басқаша жағдайда рынок шекарасы өте тар болып, арасында байланыс орнаған сатушылар мен сатып алушылар саны рыноктық қатынастардың тұрақты əрекет етуіне қажет кейбір қауіпті мəнінен аса алмай қалады.

6.5. РЫНОКТЫҢ ТҮРЛЕРІ

Рыноккүрделіқұрылымғаиежəнеөзəсеріменэкономиканың барлық саласын қамтиды.

Рыноктыңэкономикалыққұрылымымыналарменанықталады:

меншікнысандарымен(мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас);

76Экономикалық теория

бүтін экономикадағы шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қандай да бір нысандарының үлес салмағына байланысты болатын тауар өндірушілер құрылымы (мемлекеттік, жал, кооперативтік, жекеменшіккəсіпорындары, жеке еңбек қызметі кəсіпорындары);

тауар айналымы аясының ерекшеліктерімен;

шаруашылықтың құрылымдық бөлімшелерін жекешелендіру жəне мемлекет иелігінен алу деңгейімен;

елде пайдаланылатын сауда түрлерімен.

Құрылымына қарай рыноктарды келесідей критерийлер бойынша бөлуге болады:

1.Рыноктық қатынастар объектілерінің экономикалық қызметі бойынша:

материалдықигіліктерменқызметкөрсетурыноктары;

өндіріс құралдары рыноктары;

ғылыми-техникалық жасалымдар рыноктары;

бағалы қағаздар рыноктары;

жұмыс күші рыноктары.

2.Рыноктардытауарлықтоптарбойыншажіктеугеболады:

өндірістік бағыттағы тауарлар рыноктары;

халық тұтынатын тауарлар, азық-түлік тауарлар рыноктары;

шикізат пен материалдар рыноктары жəне т.б.

3.Рыноктардыкеңістікбелгілерібойыншақұратынрыноктар:

аймақішілік;

аймақаралық;

ұлттық;

халықаралық (дүниежүзілік).

4.Бəсекені шектеу дəрежесі бойынша бөледі:

монополиялық;

олигополиялық;

салааралық рыноктар.

5.Рыноктық қатынастар субъектілерінің түрлері бойынша рыноктар былай бөлінуі мүмкін:

сатыпалушыларменсатушыларретіндекəсіпорындар мен ұйымдар жүретін көтерме сауда рыноктары;

6-тақырып. Рыноктық шаруашылықтың жалпы...

77

сатыпалушыларретіндежекелегеназаматтаржүретін бөлшек сауда рыноктары;

• сатып алушылар ретінде мемлекет, ал сатушылар ретінде – ауыл шаруашылық өнімдерін тікелей өндірушілері жүретін ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу рыноктары.

6. Экономикадағы заңдылықтарды сақтаудың ескерілуімен рыноктар мынадай болып бөлінеді:

ашық, ресми;

ашық емес «көлеңкелі», «қара» жəне т.б.

Рынокты құрылымдандыруды зерттеу рыноктың негізгі түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

Тауарлар мен қызмет көрсету рыноктары. Бұған мынадай рыноктар тобы жатады:

тұтынушылық бағыттағы тауарлар – азық-түлік жəне азық-түлік емес тауар рыноктары;

қызмет көрсету рыноктары – тұрмыстық, көліктік, коммуналдық;

өндірістік емес бағыттағы тұрғын үй мен ғимарат рыноктары.

Өндіріс факторлары рыногы. Олардың құрамына кіретіндер:

жылжымайтын мүлік рыноктары;

еңбек құралдары;

шикізат пен материалдар;

энергетикалық ресурстар;

пайдалы қазбалар.

Қаржы рыноктары. Бұл:

капиталрыноктары, яғниинвестициялықрыноктар;

несие рыноктары;

акция, облигация, опцион, варант, фьючерстіккелісімшарттарменжəнет.б. көрсетілген бағалықағазрыноктары;

ақша-валюта рыноктары.

Интеллектуалдық өнім рыноктары – инновациялар, өнер-

тапқыштар, ақпараттық қызмет көрсету, əдебиет пен өнер туындылары.

78 Экономикалық теория

Жұмыс күші рыноктары. Олар жұмыс күші рыноктық экономика заңдарына сай пайдаланылатын еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық нысаны түрінде болады.

Рынок жағдайында тауарлар өндірісі тұтынушылардың жекелегентоптарыныңсұранысынқанағаттандыруменбайланыстыболады.

Рынок сегменті – бұл рынок бөлігі; ортақ белгілері бар кəсіпорындардың өнімдерін тұтынушылар тобы.

Рынокты сегменттеу – тауарларға бірдей емес талаптар қоятын осы белгілі тауар тұтынушыларын жекелеген топтарға бөлу.

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

I. Рынок мəні. Рыноктың негізгі теориялық суреттелуі.

1.Либералды жəне жаңа классикалық ғылым мектептері өкілдеріне тəн рынок мəні туралы көзқарасты келтіріңдер.

2.Осыпроблеманыталқылаудакелесідейсұрақтардыпайдаланыңдар:

А. Рынок термині дегеніміз не? Рынок түсінігін сауда орталықтарымен теңеуге бола ма?

Ə. Рыноктың бірегей жүйесіндегі тауар рыногы, еңбек рыногы, капиталрыноктарыныңөзарабайланысынқалайтүсінесіңдер? Егер, мысалы етікшілер еңбегіне деген сұраныс азайса, осы тауарлар мен капиталдар рыногына əсер ете ме?

Б. Рынокта(тауар, капитал, еңбек) кездесетінконтрагенттерді қандай терминмен белгілер едіңдер?

 

 

Айналыс аясы

 

 

 

 

Экономикалық

 

 

 

 

 

 

Жиынтық қоғамдық өнім

 

 

 

ұйымдастыру

 

 

қозғалысының нысаны

 

 

 

 

 

 

 

жəне оның

Рынок

 

 

 

 

Шаруашылық

 

əрекет ету

 

 

байланыстарының түрі

 

нысандары

 

 

 

 

(рыноктық

 

 

 

 

 

Экономикалық жүйедегі

 

экономика)

 

 

тəуелсіз шағын жүйе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.1-сызба. Рынок мəні

 

 

6-тақырып. Рыноктық шаруашылықтың жалпы...

79

3. Рынок мəнін ашу үшін 6.1-сызбаны пайдаланыңдар:

II. Рыноктықмеханизмэлементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бəсеке.

Рыноктық экономикадағы баға өндірушілер мен тұтынушылар мүддесінің үйлесуіне көмектеседі. Баға сұраныс пен ұсынысқа, өндіріс шығындарына, рынокқа қатысушылардың пайда алуға талпынуына жəне оны бəсеке мен сатып алушылар мүддесіне қарамастан алу мүмкіндігіне байланысты болады. Осы элементтер сипаттамасы 6.2-сызбада берілген.

 

 

 

 

Өндіріс шығындары

Қажеттілік

 

Баға

 

Пайдаға деген

жылдамдылығы

 

 

талпыныс

Сұраныс

тепе-

Ұсыныс

Бағалар

(жеткізуші

теңдігі

Табыстар

 

 

 

мақсаттары)

 

 

 

 

Бəсеке (билік)

 

 

 

 

 

6.2-сызба. Рынок механизмінің элементтері

III. Рынок түрлерін саралау.

1. Осы сұрақты зерттеуде 6.3-сызбаны пайдаланыңдар:

Əлемдік рынок

Ішкі рынок

Ішкі рыноктар жиынтығы

6.3-сызба. Рынокты географиялық жағдайына қарай жіктеу

2.Рынок түрлерін өнімнің экономикалық тағайындалуы сияқты критерий бойынша саралаңдар.

80 Экономикалық теория

IV. Рынок инфрақұрылымы.

1.Өндірістік, əлеуметтік-тұрмыстық жəне рыноктық инфрақұрылым сияқты түсініктердің арақатынасын қарастырыңдар.

2.Рыноктық инфрақұрылымның қандай элементтері Қазақстан Республикасында дамыған?

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1.Рыноктық механизм басымдылықтарын көрсетіңдер:

а) ресурстарды тиімді бөлу; ə) икемділік, өзгеруші жағдайға жоғары бейімделушілік;

б) ақшасы барлар сұранымын қанағаттандыруға бағытталған; в) барлық жауаптар дұрыс.

2.Рыноктағы негізгі реттеуші:

а) мемлекет; ə) тауардың нарықтық бағасы;

б) тауарды өндіруші; в) барлық жауаптар дұрыс емес

3.Аталған сипаттамалардың қайсысы рыноктық экономикаға жатпайды?

а) бəсеке; б) орталықтандырылған жоспарлау;

в) жеке меншік; в) кəсіпкерлік таңдау еркіндігі.

4.Көптеген кемшіліктерімен қатар баға механизмінде бір сөз басымдылық бар. Ол:

а) рыноктың барлық агенттеріне бостандық беруі; ə) ресурстарды тиімді бөлу; б) табысты теңестіріп бөлу; в) табысты тұрақты бөлу.

5.Рыноктық экономикаға деген классикалық (жəне жаңа классикалық) көзқарас:

а) рыноктық экономика мемлекеттік реттеуді қажет етпейді, ол өзін-өзі қалыптастырушы жүйе;

ə) ол жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты реттеуді талап етеді;

б) бұл жүйе қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделіп құрылған; в) негізінде қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісі жатқан үдеріс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]