Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
170
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

7-ТАҚЫРЫП

СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

ДƏРІС ЖОСПАРЫ:

7.1.Сұраныс заңы, сұраныс қисығы.

Сұраныстың баға емес факторлар

 

əсерінен өзгеруі..............................................

82

7.2.

Ұсыныс заңы, ұсыныс қисығы.

 

 

Ұсыныстың баға емес факторлар

 

 

əсерінен өзгеруі..............................................

84

7.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара

 

 

əрекет етуі. Рыноктық тепе-теңдік................

87

7.4.

Икемділік түсінігі. Сұраныс

 

 

пен ұсыныс икемділігі....................................

88

7.5.

Тұтынушылық мінез-құлық

 

 

теориясының негіздері...................................

91

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ......................

97

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ.....................................................

103

6-3/108-11

82 Экономикалық теория

СҰРАНЫСЗАҢЫ, СҰРАНЫСҚИСЫҒЫ. 7.1. СҰРАНЫСТЫҢБАҒАЕМЕСФАКТОРЛАР

ƏСЕРІНЕНӨЗГЕРУІ

Біз қандай бір тауар рыногында қалыптасушы ахуалды қарастырсақ, тауар бағасы мен сатылған (өткізілген) тауар саны арасында белгілі бір байланыс бар екенін оңай байқаймыз. Тауар бағасы төмен болған сайын сатып алушылар сатып алғысы келетін оның көлемі де көп (басқасы тең жағдайда) болып, оған деген сұраныс жоғары болады. Мысалы, бағасы 60 теңге болғанда сатыпалушыларX игілігініңбірбірлігінғанасатыпалғысыкелсе, бағасы 30 теңге болса – үш бірлікті, 20 теңге болғанда – 4 бірлікті жəнет.б. алғысыкеледі. Бағаменсұранысшамасыарасындағыкері тəуелділік сұраныс заңы (law of demand) деп аталады. Сатылған игіліктерсаныныңбағадеңгейінетəуелділігінсызбатүріндеберуге болады. Сұраныс қисығы (demand curve) – сатып алушылардың дəл осы уақытта түрлі бағамен экономикалық игіліктің қанша санын сатып алғысы келетінін көрсететін қисық. Экономикалық теориядатəуелсізөзгерушіні(бағаны) тігінен, алтəуелдіні(сұраныс) көлденең осіне (7.1-сызбаны қараңдар) қою қабылданған.

Бейнеленген қисық белгілі бір уақыт кезіндегі баға жағдайы мен X өнімінің сатып алынған көлемін сипаттайды (мысалы, 2009 ж. 1 қаңтар). Одан теріс еңкеюді байқауға болады, бұл сатып алушылардың, өз бағасы кезінде игіліктің көп санын сатып алғысы келетінін білдіреді. Жалпы түрі:

QD = f (P),

мұндағы: Q – сұраныс шамасы (demand); P – баға (prise).

Сұранысқа бағадан басқа факторлар да əсер етеді. Осы əсерді толығырақ қарастырайық.

Сұраныс қызметі (demand function) – сұранысты оған əсер ететін əр түрлі факторларға байланысты анықтайтын қызмет. Оның ішінде ең маңыздысы осы кездегі игілік бірлігінің бағасы болып табылады. Баға төмен болған сайын сұраныстың жоғары жəне керісінше болатынын біз анықтадық. Баға өзгеруі сұраныс қисығы бойынша қозғалысты көрсетеді (7.2-сызбаны қараңдар).

7-тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері

83

 

 

P

60

50

40

30

20

10

D

0

1

2

3

4

Q

 

 

 

 

7.1-сызба. Сұраныс шамасының бағаға тəуелділігі

Сұранысқа тауардың өзінің бағасы ғана емес, басқа да факторлар əсер етеді:

1)тұтынушы табысының өсуі (немесе қысқаруы);

2)ұнайтын жəне басымдық беретін нəрселерінің өзгеруі;

3)бағаны жəне тапшылықты күту;

4)жарнамаға жұмсалатын шығындардың ауытқуы;

5)субститтауарлардың(алмастырушылардың) жəнекомплементарлық (қосымша) тауарлардың бағасының өсуі;

6)сатып алушылар санының өсуі (немесе азаюы) жəне т.б. Сұранысосыфакторлардыңбəрініңқызметіболыптабылады:

Qd = f (P, I, Z, W, Psub, Pcom, N, B),

мұндағы: Qd – сұраныс; P – баға;

I – табыс;

Z – ұнайтын нəрсесі; W – күту (waiting);

Psub – субститут тауарлар бағасы;

84 Экономикалық теория

Pcom – комплементарлық тауарлар бағасы; N – сатып алушылар саны;

B – басқа факторлар.

Осы факторлар сұраныс қисығының оңға немесе солға жылжуына көмектеседі (7.3-сызбаны қараңдар).

P P

 

 

 

D2

 

 

 

D

 

D

D1

0

 

Q

 

Q

 

 

 

7.2-сызба. Сұраныс қисығы

7.3-сызба. Сұранысқызметі

 

 

 

(сұранысқисығыныңжылжуы)

ҰСЫНЫС ЗАҢЫ, ҰСЫНЫС ҚИСЫҒЫ. 7.2. ҰСЫНЫСТЫҢ БАҒА ЕМЕС

ФАКТОРЛАР ƏСЕРІНЕН ӨЗГЕРУІ

Ұсыныс тарапынан рынокта қалыптасушы жағдайды қарастырсақ, ұсыныс шамасының бағаға тəуелділігі тікелей екенін байқау оңай, баға жоғары болған сайын, сатушылар ұсынуға дайын тауарлар саны көп болады (басқа жағдайлары тең кезде). Мысалы, бағасы 20 теңге болғанда өндірушілер X игілігінің тек 2 бірлігін, баға 30 теңге болғанда төрт бірлікті, 50 теңге бағада алты X игілігі бірлігін сатуға келіседі. Жалпы түрі:

Qs = f (P),

мұндағы: Qs – ұсыныс шамасы (supply); Р – баға.

7-тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері

85

Баға мен ұсынылған өнім саны арасындағы тіке байланыс ұсыныс заңы деп аталады. Өндірілген игіліктер санының баға деңгейіне тəуелді болуын графикалық түрде көрсетуге болады (7.4-сызбаны қараңдар).

P

S

C

50

B

30

A

20

0

2

4

6

Q

7.4-сызба. Ұсыныстың бағаға тəуелділігі

Ұсыныс қисығы (supply curve) – өндірушілердің дəл осы уақытта түрлі бағамен сатқысы келетін экономикалық игілік санын көрсететін қисық. Экономикалық теорияда тəуелсіз ауыспалыны (бағаны) тікелей, ал тəуелдіні (ұсынысты) – көлденең оське орнату қабылданылған.

Бейнеленген S қисығы (ағылшынның supply сөзінен) белгілі бір уақыт ішінде сатылған Х игілігінің сатылу көлемі (мысалы, 2009 ж. 1 қаңтары) мен баға деңгейін сипаттайды. Оның еңкеюі оң, бұл өндірушінің жоғарырақ бағамен игіліктердің көбірек көлемін сату жөніндегі ниетін білдіреді. Бағадан басқа ұсынысқа алуан түрлі факторлар əсер етеді.

Ұсыныс қызметі (supply function) ұсынысты түрлі факторлар əсеріне байланысты анықтайды. Біз анықтап алғанымыздай, осы уақыт ішіндегі игілік бірлігі бағасы маңыздыларының бірі болып

86 Экономикалық теория

табылады. Баға өзгеруі ұсыныс қисығы бойынша қозғалысты білдіреді (7.5-сызбаны қараңдар). Шынында игілік ұсынысына игіліктің өзінің бағасы ғана емес, басқа факторлар да əсер етеді:

1)өндіріс (ресурс) факторларының бағасы;

2)технология;

3)рыноктық экономика агенттерінің бағаны жəне тапшылықты күтуі;

4)салықтар мен субсидиялар көлемі;

5)сатушылар көлемі.

Ұсыныс барлық осы факторлардың қызметі болып табылады:

Qs = f (P, Pr , K, T, N, B),

мұндағы: Р – игіліктің, өзінің бағасы; Pr – ресурстар бағасы;

К – қолданылатын технология сипаттары; Т – салықтар мен субсидиялар;

N – сатушылар саны;

В – тағы басқа факторлар.

P S

O Q

7.5-сызба. Ұсыныс қисығы (ұсыныстың өзгеру мөлшері )

Мысалы, өндіріс факторының бағасының өсуі ұсыныстың қысқаруын, яғни S қисығының S-i жағдайына жылжуын білдіреді. Керісінше, өндіріс факторларының бағасы төмендесе, ұсыныс өседі. Бұл S қисығының S2 жағдайына жылжуына əкеледі (7.6-сызбаны қараңдар).

7-тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері

87

 

 

 

 

 

 

 

 

P

 

S1

 

S

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

S2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

O Q

7.6-сызба. Ұсыныс қызметі (ұсыныс қисығының жылжуы)

СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ 7.3. ӨЗАРА ƏРЕКЕТ ЕТУІ. РЫНОКТЫҚ

ТЕПЕ-ТЕҢДІК

Рыноктың дамуы барысында сатушылар мен сатып алушылардың өзара бейімделуі іске асырылады (7.7-сызбаны қараңдар).

Бұл кезде қажетті ақпараттың тез айырбасталуына көмектесетін бағалар маңызды рөл атқарады. Олар айырбас шарттарын рыноктық экономикаға қатысушылардың бəрі үшін қарапайым, анық жəне стандартты жасайды. Teпe-теңдік нүктесін Е-мен белгілейді (латынның Equilibrium сөзінен).

Тепе-теңдік нүктесінде

PE = PS = PD ,

мұндағы: РЕ – тепе-теңдік баға; PS – ұсыныс бағасы; PD – сұраныс бағасы.

Бұл мынаны білдіреді: QE = QS = QD, мұндағы: QE – тепе-теңдік көлемі;

QS – ұсыныс көлемі;

QD – сұраныс көлемі.

88 Экономикалық теория

P

D Артықшылық S

P2

E (Equilibrium)

PE

P1

 

Тапшылық

0

 

Q

 

 

QE

7.7-сызба. Баға тепе-теңдігі жəне одан ауытқуы

Тепе-теңдік баға (equilibrium price) – бəсеке күштер əрекеті нəтижесінде сұраныс пен ұсынысты теңестіруші баға. Тепетең бағаны құру – белгілі бір уақыт санын қажет ететін үдеріс. Жетілген бəсеке жағдайында сұраныс бағасының ұсыныс бағасына, сұраныс көлемі мен ұсыныс көлеміне тез өзара бейімделуі жүреді. Тепе-теңдік орнау нəтижесінде тұтынушылар да, өндірушілер де ұтады.

7.4. ИКЕМДІЛІК ТҮСІНІГІ. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ

Экономикалық агенттер тарапынан бағаның өзгеруіне болатын мүмкін реакцияны зерттеуде икемділік түсінігі маңызды рөл атқарады. Сұраныстың бағаға қатысты икемділігі, бағаның бір пайызға өзгеру əсері сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруін көрсетеді. Осы кезде практикалық мəнге абсолюттік шама емес, салыстырмалы шама ие болады. Бұл түсінікті де. «Сникерс» бағасы 10 теңгеге өсті дегенде, оны байқамау мүмкін емес, себебі бұл «Сникерс» үшін бағаның елеулі өзгеруі болып табылады. Ол сұраныс шамасының елеулі өзгеруін тудырады. Кір жуу

7-тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері

89

машинасының 10 теңгеге өсуі, сатып алушылар үшін іс жүзінде ештеме өзгертпейді. Сондықтан баға мен сұраныс шамасының өзгеруіикемділікформуласындаабсолюттікемес, салыстырмалы түрде беріледі:

мұндағы: – баға бойынша сұраныс икемділігі; ∆Q/Q – сұраныстың салыстырмалы өзгеруі; ∆Р/Р – бағаның салыстырмалы өзгеруі.

Əдетте, баға өсуіне қарай сұраныс көлемі төмендейді жəне Q < О болады. Теріс сандарды болдырмау үшін, минус белгісін енгізеді.

немесе модулі

болғанда сұранысты икемді (бұл сұраныс бағадан тез өседі немесе құлдырайды дегенді білдіреді) жəне болғанда икемді емес (яғни сұраныс баға өзгергенге қарағанда баяу өседі (құлдырайды)) деп айтады.

Егер баға өзгерісі ешқандай сұраныс өзгеруін тудырмаса,

онда EDP 0, егер бағаның шексіз шағын өзгеруі сұраныстың шексіз кеңеюін тудырса, онда E .

Бір игілік бағасының басқа игілік бағасына салыстырмалы икемділігі қиылыстың икемділігі деп аталады (cross elasticity).

ED d Q x / Q x d Q x x P y x,y d P y / P y d P y Q x

Егер EDx 0 болса, онда біздің алдымызда бірін-бірі алмас-

тыратын игіліктер (субституттар), егер EDx 0 болса, бірін-бірі толықтыратын игіліктер тұр.

X игілігіне сұраныс икемділігі көп болған сайын игіліктерді алмастыру дəрежесі жоғары болады болғанда алдымызда жетілген субституттар тұр); керісінше икемділік төмен

90

Экономикалық теория

 

 

 

 

 

болған сайын, өзара толықтыру жоғары болады

 

болса

 

онда біз бірін-бірі толықтырушылардың қатал үлгісін көреміз). Бірақ, игіліктердің бірін-бірі алмастыруы жəне толықтыруын

сипаттайтын осы ережелерді тек бағалар сəл өзгерген кезде ғана пайдалануға болады.

Қазіргі экономикалық ғылымда табысқа қатысты сұраныс икемділігі көрсеткіші де пайдаланылады (income elasticity of demand):

Табысқа қатысты сұраныс икемділігі көрсеткіші теріс (Е1<0) болса, табыс өсуі осы игілікке деген сұраныстың төмендеуіне əкеледі жəне оның сапасы төмен деп айтуға болады. Байыған тұтынушы оны басқа, сапалырақ тауармен алмастыруы мүмкін жəнеқажетдепесептейді. Мысалы, маргариндімайменалмастыру арқылы, оны тұтынуды төмендету, картопты басқа көкөністермен (қияр, помидор) алмастыру арқылы, оны тұтынудан бас тарту. Егертабысқақатыстысұранысикемдіоң(Е1>0) болса, ондаигілік дұрыс деп есептеледі.

Егер 0<Е1<1 болса, онда игілікке деген сұраныс табысқа қарағанда баяуырақ өседі. Бұл бірінші қажеттіліктер игіліктеріне тəн (тұз, нан, сіріңке). E1>1 кезінде игілікке деген сұраныс табыстар өсуінен басым түседі жəне артып кетпейді (байлық эаттары). Мұндай бөлуге тұтынушылар топтары бойынша табыстың бекітілген деңгейі кезінде жол беріледі, себебі табысқа байланысты бірдей игіліктер бірліктен төмен, сонымен қатар бірлікке тең немесеоданүлкенірек(мысалы, жиһаз) икемділіктіңсандықмəнін бере алады. Бірліктен төмен (0<Е1<1) табысы бойынша сұраныс икемділігі бар əр игілік үшін нақты тұтынушыға арналған Е1>1 игілік əрекет етуі керек. Бұл Энгель заңы деп аталады.

Баға бойынша ұсыныс икемділігі (price elasticity of supply) бағаның бір пайызға өсуі əсерінен ұсыныс көлемінің салыстырмалы өзгеруін көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]