Бекмолдин_книга_в печать170112
.pdf
13-тақырып. Кəсіпкерлік қызметтер, оның негізгі түрлері... |
191 |
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1.Кəсіпкер мақсаты қатарына жатпайды:
а) өз кəсіпорны өміршеңдігін қамтамасыз ету; ə) қоғамда қосымша жұмыс орындарын құру; б) өндіріс масштабын өсіру;
в) кəсіпорын қызмет етуінің тиімділігін арттыру.
2.Кəсіпорын жарнамасы ....тəн:
а) оның қызметінің басталу кезеңіне; ə) кəсіпорынды құрылымдық қайта құру кезеңіне; б) кəсіпорынды кеңейту кезеңіне; в) жоғарыда аталған кезеңдердің бəріне.
3.Акционерлік қоғамды басқарудың жоғарғы органы...
а) директорлар кеңесі; ə) өкілеттілер жиналысы;
б) акционерлердің жалпы жиналысы; в) басымдығы бар акцияларды ұстаушылар жиналысы.
4.Облигация иесі – бұл:
а) компания иесінің бірі; ə) дивиденд алып отырған несие беруші;
б) бекітілген пайыз алып отырған несие беруші; в) барлық жауаптар дұрыс емес.
5.Кəсіпорындағы еңбек өнімділігін арттыру үшін кəсіпкерге ...
тиімді:
а) мамандандыруды тереңдету жəне еңбекті бөлумен айналысу; ə) өндірістік қорларға инвестиция салу; б) адам капиталына инвестиция салу; в) барлық жауаптар дұрыс.
6.Мүліктік жауапкершілік капиталымен қатар, кəсіпкердің жеке мұқтажына пайдаланылатын мүліктерге де тарайды деген тұжырым кəсіпкерлік қызметтің қандай нысанындағы фирма үшін дұрыс:
а) жеке кəсіпкерлік; ə) серіктестік; б) толық серіктестік;
в) аралас серіктестік.
192 Экономикалық теория
7.Фирманың келтірілген мақсаттарының қайсысы ең маңызды?
а) пайда алу; ə) сатуды максимумға жеткізу;
б) өнім сапасын арттыру; в) қызметкерлердің жалақысын өсіру.
8.Кəсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың қай нысаны жеке адам үшін капитал тəуекелін минимум жасайды?
а) жеке кəсіпкерлік; ə) серіктестік; б) акционерлік қоғам;
в) мемлекеттік кəсіпорын.
14-ТАҚЫРЫП
ЖЕКЕ ҰДАЙЫ ӨНДІРІСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ДƏРІС ЖОСПАРЫ: |
|
14.1. Өндіріс факторларына деген |
|
сұраныстың туынды сипаты. |
|
Өндіріс функциясы........................................ |
194 |
14.2.Жалпы, орташа жəне шекті |
|
өнім факторлар (өнімділігі) |
|
тиімділігінің көрсеткіші ретінде..................... |
195 |
14.3.Кемімелі шекті өнімділік заңы....................... |
195 |
14.4.Өндіруші шығындарын азайту жəне |
|
оның пайдасын барынша көбейту ............... |
197 |
14.5.Өндірушінің тепе-теңдік жағдайы ................. |
200 |
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ...................... |
203 |
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ..................................................... |
209 |
13-3/108-11
194 Экономикалық теория
ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНА ДЕГЕН 14.1. СҰРАНЫСТЫҢ ТУЫНДЫ СИПАТЫ.
ӨНДІРІС ФУНКЦИЯСЫ
Өндіріс үдерісін іске асыру үшін өндіріс факторлары қажет. Өндіріс факторларына деген сұраныс осы өндіріс факторлары пайдаланатын өнім өндірісі сұранысынан туындайды. Ол түрлі ресурстар көмегімен өндірілетін дайын өнімге деген сұраныстың өсуі немесе төмендеуіне байланысты кеңейеді немесе қысқарады. Өндіріс факторларына деген сұраныстың басқа бір ерекшелігі – оларды тұтынудың өзара байланыстылығында болып отыр.
Оларды жеке-жеке пайдалануға болмайды жəне олар бірбіріне бөлек əрекет ете алмайды. Өндірілген тауар саны өндіріс үдерісіне қажет барлық факторлардың болуымен анықталады. Өндірістік ресурстар белгілі бір шекарада бірін-бірі алмастыра алады. Пайдаланылуы өсуіне қарай əр ресурс қосымша өнім əкеледі жəне оның мөлшері біртіндеп азая береді. Бірақ қандай да бір ресурсты пайдалану тиімділігі оның əкелетін қосымша өнімнің абсолюттік шамасына ғана емес, ресурс бірлігі бағасына, яғни ресурс құнына да байланысты болады.
Өндіріс факторларына деген сұраныс негізінен: а) өндіріс көлемінен;
ə) өндіріс факторларына деген бағалар арақатысына тəуелді болады.
Фирманың экономикалық қызметін өндіріс функциясымен суреттеуге болады:
мұндағы:
Q – белгіленген шығындар кезіндегі өндірістің барынша көбейген (максималды) көлемі;
F1 – пайдаланылған бірінші фактор саны;
F2 – пайдаланылған екінші фактор саны; Fn – пайдаланылған n-факторының саны;
Өндіріс функциясы өндірістің барлық технологиялық тиімді тəсілдерін көрсетеді. Экономикалық тұрғыдан өндіріс тəсілінің ең жақсысы – бұл пайданы барынша көбейтетін өндіріс тəсілі мен өндіру көлемін табу.
14-тақырып. Жеке ұдайы өндірістің теориялық негіздері 195
ЖАЛПЫ, ОРТАША ЖƏНЕ ШЕКТІ 14.2. ӨНІМ ФАКТОРЛАР (ӨНІМДІЛІГІ)
ТИІМДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШІ РЕТІНДЕ
Табыс алу үшін фирма ресурстардың ең тиімді ұштастырылуы кезінде барынша пайдалы өнім өндіру керек.
Алдымен, F1 өзгермелі фактор болып табылады делік, онда қалған (n -1) факторлар (F1 , ... Fn) тұрақты болады:
Q = f (F1 F2 …, Fn)
Өзгермелі факторлардың өндіріске əсер етуін көрсету үшін жиынтық(жалпы), орташажəнешектіөнімдертүсініктеріенгізіледі.
Жиынтық өнім (total product ) – бұл өзгермелі факторлардың əлдебірсанынпайдалануарқылыөндірілгенэкономикалықигіліктер саны. Жиынтық өнімді өзгермелі факторлардың жұмсалған санынабөліп, орташаөнімді( average product ) алуғаболады: AP = Q/ F1
Шекті өнім (marginal product) əдетте пайдаланылған өзгермелі факторлар санының шексіз аз ғана өсімі нəтижесінде алынған жиынтық өнім өсуі ретінде анықталады:
MP = ∆Q / ∆F1
14.3. КЕМІМЕЛІ ШЕКТІ ӨНІМДІЛІК ЗАҢЫ
Кемімелі шекті өнімділік заңы (law of diminishing marginal returns) қандай да бір өндірістік факторды пайдалану өсуімен (қалғандары өзгермеген жағдайда), ерте ме, кеш пе өзгермелі факторды қосымша пайдалану өнімді шығарудың салыстырмалы, ары қарай абсолюттік көлемін төмендетуге əкелетін нүктеге қол жеткізіледі деп дəлелдейді. Факторлардың біреуін пайдалануын арттыру (қалғандары бекітілген күйде болғанда), оны қолдануда қайтарымның бірізділікпен төмендеуіне əкеледі.
196 Экономикалық теория
Жиынтық өнім (Q) өндірісте өзгермелі факторды пайдалану (F1) өсуіне қарай өседі, бірақ бұл өсу берілген технология шеңберінде белгілі шекте болады 14.1-сызба.
Жиынтық өнім
І кезең |
ІІ кезең |
ІІІ кезең |
ІҮ кезең |
Q3
Q2
ТР
а)
Q3
|
|
Х0 |
Х1 |
Х2 |
Х3 |
Х4 |
|
Орташажəне шекті |
|
А’ |
|
Б’ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
өнімділік |
|
|
B, |
AP |
|||
|
|
|
|
|
|
|
ə) |
|
|
|
|
MP |
|
|
|
|
0 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Х1 |
|
Х2 |
Х3 |
Х4 |
|
14.1-сызба
14-тақырып. Жеке ұдайы өндірістің теориялық негіздері 197
Техникажағдайыөзгеріскеұшырамағанкезде, мысалыеңбекті пайдаланудың өсуі шектеулі. Өндірістің бірінші кезеңінде (0А) еңбек шығынының өсуі капиталды толығырақ пайдалануға көмектеседі: жалпы жəне шекті еңбек өнімділігі өседі. Бұны шекті жəне орташа өнім өсуінен көруге болады, бұл кезде МР > АР (1ə-сызба). Анүктесіндешектіөнімөзмаксимумынажетеді. Екінші кезеңде (АБ) шекті өнім шамасы азаяды жəне Б нүктесінде орташа өнімге тең болады (МР = АР). Егер бірінші кезеңде (0А) жиынтық өнім өзгермелі фактордың пайдаланылған санына қарағанда баяуырақ өссе, онда екінші кезеңде (АБ) жиынтық өнім өзгермелі фактордың пайдаланылған санына қарағанда тезірек өседі (1а-сызба). Өндірістіңүшіншікезеңінде(БВ) МР> АР, нəтижесінде жиынтықөнімөзгермеліфакторшығындарынанбаяуырақөседіде, соңында, МР < 0 болатын төртінші кезең (В нүктесінен кейін) басталады. НəтижесіндеF1 өзгермеліфактордыңөсуіжиынтықөнімді шығарудың азаюына əкеледі (əрине, өзгермелі фактордың барлық бірліктері сапасы жағынан бірдей жəне үсті-үстіне қосылған жаңа бірліктер технологияның сапалық өзгеруіне əкелмейді). Кемімелі
шекті өнімділік заңын осыдан көруге болады.
Шекті өнімділіктің кему заңы абсолюттік емес, салыстырмалы сипатта болады. Біріншіден, ол өндіріс факторларының біреуі ғанатұрақтыболғанжағдайдақысқамерзімдеғанақолданылады. Екіншіден, техникалық прогресс оның шекарасын жылжытып отырады.
ӨНДІРУШІ ШЫҒЫНДАРЫН 14.4. АЗАЙТУ ЖƏНЕ ОНЫҢ ПАЙДАСЫН
БАРЫНША КӨБЕЙТУ
Өндіріс дегеніміз – ең жақсы нəтижеге қол жеткізу мақсатымен өндіріс (ресурс) факторларын пайдалану жөніндегі қызмет. Егер ресурстарды пайдалану көлемі белгілі болса, онда нəтиже жоғарылатылады, ал егер нəтиже (қол жеткізілуі қажет) белгілі болса, онда ресурс көлемі төмендетіледі. «Шығындар»
198 Экономикалық теория
«өндіру» «фирма қызметі» түсініктері қазіргі экономикалық ғылымда өте кең түсіндіріледі. Шығын дегенде өндіруші (фирма) қажетті нəтижеге қол жеткізу мақсатында пайдалану үшін сатып алатындардың бəрін сөз етеміз. Өндіру дегеніміз – фирманың сату үшін дайындаған кез келген игілігі (өнім немесе қызмет көрсету) болады. Фирма қызметі өндірістік қызметпен қатар, коммерциялық қызметті де білдіруі мүмкін. Мысалы, тасымалдау, сақтау жəне қайта сату мақсатында өнімді сатып алу. Қазіргі қоғамдакезкелгенфирма, əдеттебіремес, бірқатарэкономикалық игілікті өндіреді, бірақ біз қарапайымдандыру мақсатында бұл жағдайды ескермей, тек бір тауар (немесе қызмет) ғана өндіріледі деп болжаймыз.
Өндіруші иелігіндегі өндірісті ұйымдастыруға арналған ресурстар дайын өнім бағасы мен ақша саны тіркелген (фиксированный) болып, сонымен қатар өндіруші өндірістің F1 жəне F2 екі факторын пайдаланылады деп қарастырайық.
Олардың шекті өнімділігі MRP1 = 60 жəне MRP2 = 70, ал бағалары P1 = 5 теңге жəне P2 = 10 теңге болады деп есептейік. ӨлшенгеншектіөнімділіктерMRP1/P1 = 12-ге, MRP2 /P2 = 7-гетең. Бірінші ресурсты пайдалану, екіншіге қарағанда тиімдірек екені сөзсіз, сондықтан бізге F2 факторының бір бірлігінен бас тартып (бұл сізге 10 теңге үнемдейді) F1 факторының екі бірлігін сатып алу пайдалы болады. Бұл біздің пайдамызды арттырады. Бұл кезде біз өнімнің 70 бірлігін жоғалтамыз, себебі MRP2 = 70. Бірақ сол кезде 120 бірлікті сатып аламыз (60 х 2). Таза ұтыс 50 бірлік болады. Біз ресурстарды өлшенген шекті өнімділіктер бір-біріне тең болғанға дейін қайта бөле береміз. Бұл ережені өндіріс (ресурс) факторларының кез келген санына қолдануға болады:
MRP1 |
|
MRP2 |
... |
MRPn |
P |
|
P |
|
P |
1 |
|
2 |
|
n |
Ең аз шығындар ережесі (least cost combination rule of resources) – бұл əр ресурсқа жұмсалған соңғы теңге (доллар) бірдей қайтарым-бірдей шекті өнім берген кезде шығындар азайтылатын жағдай. Ең аз шығындар ережесі өндіруші жағдайының тепе-теңдігін қамтамасыз етеді.
14-тақырып. Жеке ұдайы өндірістің теориялық негіздері 199
Барлық факторлардың қайтарымы бірдей болған кезде, оларды қайта бөлу міндетінің қажеті болмайды. Себебі басқалармен салыстырғанда, үлкен табыс əкелетін ресурс жоқ. Өндіруші тепе-теңдік жағдайда болады. Бұл жағдайда қамтамасыз ететін өндіріс факторларының барынша көп шығаруды тиімді тəсіліне қол жеткізіледі. Ең аз шығындар ережесі барлық ресурстар жиынтығына ғана емес, ол сол бір ресурстың түрлі өндірістік үдерістерде пайдалануына да қатысты.
Ресурстың шекті өнімділігі игіліктерді өндіруге деген оның үлесінің өлшемі болып табылады. Бұл үлес оның қасиеттеріне ғана емес, басқа ресурстармен оның арасындағы пропорцияларға да байланысты болады.
Өндірістегі қандай да бір ресурстардың қажеттілігі қандай дəрежеде болады? Оны пайдалану дəрежесін немен анықтауға болады? Ең алдымен, ол əкелетін табыс (түсім) жəне оны пайдаланумен байланыстышығындарарасындағыайырмашылықпенанықталады. Тиімдіөндірушібұлайырмашылықтыжоғарылатуғаұмтылады.
Жетілген бəсеке кезінде игілік бағасы мен ресурс бағасы бекітілген болып табылып, өндіруші берген шамаларға тəуелсіз болады. Бұдан қандай да бір ресурстың шекті өнімділігі ақшалай түрде заттай («физикалық») түрдегі шекті өнімділік өзгерісі динамикасына ие болады. Біріншісін алу үшін екіншісін тұрақты бағаға көбейтсек жеткілікті болады. Сондықтан ресурс ақшалай көріністегі шекті өнімділігі бағасынан MRP1 ≥ P1 төмендегенге дейін өндірісте қолданыс таба береді. Ресурстар бағасы осы факторлардың шекті өнімділігін өлшейтіндіктен, өндіріс MRP P-ға тең болғанға дейін жалғаса береді. Бұл жағдайда өндіруші өз табысын барынша көбейтіп отырады.
Пайданы барынша көбейту ережесі шығындарды азайту ережесінің ары қарай дамуы болып табылады. Егер шығындарды азайту ережесі:
MRP1 |
|
MRP2 |
... |
MRPn , |
P |
|
P |
|
P |
1 |
|
2 |
|
n |
болып көрсетсе, пайданы барынша көбейту ережесі – бұл арақатынас барлық і = 1, 2,...., n үшін бірге тең деп дəлелдейді:
200 Экономикалық теория
Бəсекелес рыноктағы пайданы барынша көбейту ережесі (profit maximizing rule) – өндірістіңбарлықфакторларыныңшекті өнімдері құндық көріністе олардың бағаларына тең немесе əр ресурс шекті өнім ақшалай көріністе оның бағасына тең болғанға дейін пайдаланылады. Сондықтан шекті өнімділік теориясына сай өндірістің əр факторына өзі өндірген үшін, табыс тиесілі.
Егер өндіріс факторларын бастапқы бөлу теңдікпен əр факторға бірдей ақы төленуі жəне жетілген бəсекенің басым болуымен сипатталса, барлық табыстардың бөлінуін белгілі мəнде əділ деп атауға болар еді. Бірақ қазіргі рыноктық экономика жағдайында не біріншісі, не екіншісі де жоқ. Ресурстарды бөлу елеулі теңсіздікпен сипатталады; əр факторға ақы əр түрлі төленеді (еңбек – жалақымен, жер – рентамен, капитал – пайызбен, кəсіпкерлік қабілет – пайдамен) жəне бөлудің түрлі заңдарына бағынады. Өндіріс факторларының рыногы жетілген бəсеке жағдайынан əлдеқайда алыс жатыр.
14.5. ӨНДІРУШІНІҢ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ЖАҒДАЙЫ
Өндіріс факторларын іске қосу өзгермелі шамалар кезінде, өнімді шығарудың оңтайлы көлемін табу үшін изокванта əдісін пайдалануға болады. Изокванта немесе өнімнің тұрақты (тең)
қисығы (isoquant) – өнімнің бірдей шығарылуын қамтамасыз ететін өндіріс (ресурс) факторларының шексіз көптеген комби-
нациясын көрсететін қисық. Өндіріс үдерісіне арналған изокванта тұтыну үдерісіне арналған немқұрайдылық қисығы сияқты болады. Олардың ұқсас сипаты бар: теріс иілуі, координат басына салыстырмалы шығып тұруы жəне бір-бірімен қиылыспайды.
