Бекмолдин_книга_в печать170112
.pdf
1-тақырып. Экономика жəне оның қоғамдағы рөлі... |
11 |
Игіліктің пайдалылығы – адамның осы уақыт сəтінде игіліктердің табиғи қасиеттеріне кешенді субъективті баға беруі.
Игіліктің құндылығы – игіліктің адам үшін жағымды немесе жағымсыз мəнділігі, игіліктің басқа игіліктерге белгілі бір пропорцияда айырбасталу қабілеті.
Игіліктің балама құны – осы игілікті алу үшін құрбан етілуі тиіс басқа игіліктердің саны.
Материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру үшін ресурстар қажет.
Ресурстар – тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру кезіндегі адамның шаруашылық əрекеті үшін қажетті, пайдалануға əзірленген игіліктер.
Адамның иелігіндегі ресурстардың барлық түрлері сандық əрі сапалық жағынан шектеулі болады. Сондықтан да адам сирек кездесетін ресурстарды бəсекелес мақсаттарға қол жету үшін пайдалану бағытында таңдау мəселесін шешу қажет. Əрекет мотивтерінің өзара байланыстарын сызба түрінде былай көрсетуге болады:
Қажеттіліктер
Мүдделер
Мақсаттар
Қоғамдағы экономикалық үдерістерді адамдардың қоғамдық əрекеттері, заңдары немесе экономика заңдары басқарады.
Экономикалық заңдар – экономикалық құбылыстар мен үдерістердің ішкі мəнін көрсететін тұрақты, көп рет қайталанатын себеп-салдарлық байланыстар.
Экономикалық заңдар:
1)арнаулы (айрықша);
2)ерекше;
3)жалпы болып жіктеледі.
Арнаулы (айрықша) экономикалық заңдар – шаруашылық жүргізудің нақты, анықталған нысандарының даму заңдары.
Ерекше экономикалық заңдар – олардың қолданылуына жағдай жасалатын тарихи дəуірлерге тəн заңдар.
Жалпы экономикалық заңдар – барлық тарихи дəуірлерге тəн
заңдар.
12 Экономикалық теория
Экономикалық қатынастар мен заңдар экономикалық категориялар көмегімен сипатталады.
Экономикалықкатегория– қоғамныңэкономикалықөмірінің неғұрлым ортақ жəне мəнді қырларын көрсететін логикалық түсініктер.
1.3. ЭКОНОМИКАНЫ ҒЫЛЫМИ ТҰРҒЫДАН ТАНУ ƏДІСТЕРІ
Əдістер– экономикалыққұбылыстарменүдерістердіңқалай, қандай құралдардың көмегімен зерттелетіндігі.
Жалпы жəне оқшау əдістерді ажырата білу керек.
Жалпы əдістер – экономикалық əрекетті тұтастай ғылыми тұрғыданигерудіңжалпығаортақтəсілдерібарекендігінкөрсетеді.
Оқшау (локалды) əдістер – экономикалық жүйенің қандай да бір қырлары мен аспектілерін зерттеуге көмектесетін нақты аспаптар, амалдар, құралдар. Олардың ішінде – арнайы (қандай да бір методологияға бекітілген) жəне əмбебап (кез келген методологияны жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын) əдістер бар. Əмбебап əдістерге:
–талдау (зерттеу нысанын (объектісін) жекелеген элементтерге бөлшектеу) жəне синтез (жекелеген элементтерді бір тұтастыққа біріктіру);
–индукция (жекелеген фактілерден жалпыны шығару) жəне дедукция (жалпыдан жекеге қарай қозғалу);
–абстракция (заттың негізгі, мəнді қасиеттерін басқа қасиеттерінен ажыратып алып бөліп көрсету) жатады.
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
I. Экономика: түсінігі жəне қызметтері. Экономикалық теория пəні.
Экономикалық теория адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шектеулі ресурстарды пайдалана отырып жасайтын экономикалық таңдау мəселесімен байланысты экономикалық əрекеттерін зерттейді.
1-тақырып. Экономика жəне оның қоғамдағы рөлі... |
13 |
1.Кез келген тұлға жасайтын экономикалық таңдаудың үш жағдайына сипаттама беріңдер:
а) табыс – тұтыну; ə) еңбек – демалыс; б) тұтыну – жинақтау.
2.Қоғамдық қажеттіліктер жүйесін ашу үшін 1.4-сызбаны пайдаланыңдар.
II. Экономикалық қатынастар жəне олардың құрылымы.
Бұл сұрақты оқып-білу кезінде дəрістің 1.3-сызбасын жəне семинар сабағының 1.2-сызбаларын пайдаланыңдар.
Өзін-өзі дамыту қажеттілігі
Сый-құрмет қажеттілігі
Əлеуметтік байланыстар қажеттілігі
Қауіпсіздікті қажет ету
Физиологиялық қажеттіліктер
1.1-сызба. Пирамида бойынша адам қажеттіліктері
III. Негізгі экономикалық түсініктер.
1.Бұл сұрақты оқу-талдау барысында семинар сабағының 1.3-сызбасын пайдаланыңдар. Осы заңдарға мысал келтіріңдер.
2.Келесі тəуелділіктерді қарастырыңдар: а) табыс жəне білім;
ə) табыстың төмендігі жəне көп балалы отбасы; б) еңбекақының өсуі жəне елдегі бағалар деңгейінің өсуі;
в) нарықтағы тауар ұсынысының өзгеруі жəне осы тауар бағасының өзгеруі.
14 |
|
Экономикалық теория |
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Экономикалық қатынастар |
|
|
|
|||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ұйымдық-экономикалық қатынастар |
|
|
||||||
|
|
|
Əлеуметтік- |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
экономикалық |
|
|
Өндірістегі еңбек |
|
Шаруашылық |
|
|
Экономиканы |
|
||||||
|
|
|
қатынастар |
|
|
бөлінісі жəне |
|
қызметті |
|
|
|
|||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
кооперация |
|
ұйымдастыру |
|
|
басқару |
|
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Меншік |
|
Табыстарды |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
|
қатынастары |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
|
|
|
|
|
|
бөлу |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
қатынастары |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1.2-сызба. Экономикалық қатынастардың тұрпаттық үлгілері мен түрлері
Не себеп, не салдар болып табылады? Олар орын ауыстырулары мүмкін бе?
Экономикалық заңдар
Объективті Субъективті-психологиялық
Заңдар |
|
Абсолюттік |
|
Ерекше |
|
Жеке |
|
Жалпы |
мен |
|
|
|
|
||||
|
заңдар |
|
заңдар |
|
заңдар |
|
заңдар |
|
заңдылықтар |
|
|
|
|
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
1.3-сызба. Экономикалық заңдардың тұрпаттық жүйесі
3.Экономикалық теорияны оқу-талдау ғылыми ой-қорыту- дың қалыптасуына ықпал етеді. 1.4-сызбаны пайдалана отырып, ғылыми ой-тартуға сипаттама беріңдер:
1-тақырып. Экономика жəне оның қоғамдағы рөлі... |
15 |
Экономикалық ой-пікірлердің үлгілері
Күнделікті:
-экономикаға субъективті көзқарастар;
-жүйесіз, біржақты мəліметтер;
-оқиғалар туралы үстірт түсініктер.
Ғылыми:
-шындық туралы объективті мəліметтер;
-экономикаға жан-жақты, біртұтастық көзқарас;
-құбылыстардың мəнін ашу.
1.4-сызба. Экономикалық ой-тарату үлгілері
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1.Экономикалық теория пəнінің неғұрлым толық анықтамасын көрсетіңдер:
а) ол тауарларды өндіру жəне айырбастаудан тұратын əрекетті зерттейді;
ə) ол халық шаруашылығына əсерін тигізетін ауыспалы шамалар (величины) (бағалар, өндіріс, жұмыстылық, т.б.) зерттейді;
б) ол қоғамның адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында түрлі тауарларды өндіру үшін шектеулі ресурстарды қалай пайдаланатынын зерттейді;
в) ол ақшаны, банк жүйесін, капиталды зерттейді.
2.Төмендегі қатынастардың қайсысы ұйымдық-экономикалық қатынастар үлгілеріне жатады?
а) экономиканы ұйымдастыру жəне басқару нысандары; ə) адамды адамның қанау (эксплуатациялау) қатынастары; б) иемдену (меншіктеу) қатынастары; в) өндіріс факторларын қосу амалы.
3.Мына қатынастардың қайсысы əлеуметтік-экономикалық қатынастар үлгісіне жатады?
а) еңбек бөлінісі жəне кооперациясы; ə) меншік қатынастары;
б) экономиканы ұйымдастыру жəне басқару нысандары; в) өндірістік күштерді үлестіру.
4.Экономикалық игілік дегеніміз:
а) шектеулімөлшердеғанабарқажеттіліктердіқанағаттандыру құралы;
16 Экономикалық теория
ə) өндірістік қатынастар; б) қоғамдық-экономикалық формация;
в) экономикалық қажеттіліктер.
5.Сиректік дегеніміз:
а) тек қана индустриялық жүйелердің сипаттамасы; ə) тек қана индустрияға дейінгі жүйелердің сипаттамасы;
б) адам қажеттіліктерінің толық қанағаттандырылуының мүмкін еместігін көрсететін тұжырымдама (концепция);
в) аталғандардың ешқайсысы да дұрыс емес.
6.Студенттер үшін университетте оқудың балама құндылығын не көрсетеді?
а) шəкіртақы мөлшері; ə) ол жұмыс істегенде ала алатын неғұрлым үлкен еңбекақы;
б) мемлекеттіңмамандыдаярлауғажұмсайтынорташашығындары; в) студентті асырауға ата-анасының жұмсайтын шығындары.
7.Балама шығындар ненің құны болып табылады?
а) тауарлар мен қызметтердің ақшалай көрінісі; ə) таңдау жасау кезінде құрбан етілген ең жақсы нұсқаның
(варианттың); б) тұтынушыға түсетін жасырын шығындардың;
в) келешектегі түрлі тауарлар мен қызметтердің.
8.Экономикалық қатынастар деген не?
а) адамның табиғатқа қатынасы; ə) табиғи, материалдықресурстардыпайдаланудағықатынастар;
б) материалдық игіліктерді өндіру, үлестіру, айырбастау жəне тұтыну үдерісіндегі адамдар арасындағы қатынастар;
в) адамды адамның қанау қатынастары.
9.Экономикалық заңдар деген не?
а) экономикалық құбылыстар туралы пішінделген түсініктер; ə) өндірістік қатынастардағы мəнді, тұрақты себеп-салдарлық
байланыстар; б) қоғам дамуының маңызды тұстарын анықтауға мүмкіндік
беретін ғылыми абстракциялар; в) экономикалық игіліктер.
10.Экономикалық категориялар дегеніміз:
а) өндірістік қатынастардың қандай да бір тұстарын көрсететін ғылыми абстракциялар;
ə) себеп-салдарлық байланыстар; б) қарапайымдандырылған ереже; в) таным əдісі.
2-ТАҚЫРЫП
ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ НЕГІЗДЕРІ
ДƏРІС ЖОСПАРЫ: |
|
2.1. Экономикалық ресурстар: түсініктер, |
|
түрлері, оларды пайдаланудың |
|
шектеулілігі жəне балама таңдауы............... |
18 |
2.2. Өндіріс тəсілі жəне оның екі қыры. |
|
Өндіргіш күштер жəне өндірістік |
|
қатынастар...................................................... |
19 |
2.3. Ұдайы өндіріс: фазалары (кезеңдері), |
|
үлгілері, түрлері жəне нəтижелері ................ |
20 |
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ...................... |
21 |
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ..................................................... |
23 |
2-3/108-11
18 Экономикалық теория
ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР: 2.1. ТҮСІНІКТЕР, ТҮРЛЕРІ, ОЛАРДЫ
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ШЕКТЕУЛІЛІГІ ЖƏНЕ БАЛАМА ТАҢДАУЫ
Өндіріс үдерісінде ресурстар пайдаланылады.
Ресурстар – материалдық жəне рухани игіліктер мен қызметтерді жасау үдерісіне пайдаланылуы мүмкін түрлі өндіріс элементтерінің жиынтығы.
Ресурстардың бес түрін ажыратуға болады:
1)табиғи ресурстар – бұл адамның тіршілік етуінің табиғи жағдайларының барлық жиынтығының бір бөлігі, өндіріс үдерісінде пайдаланылатын қоршаған ортаның ең маңызды құрамдас бөліктері (топырақ, су ресурстары, пайдалы қазбалар);
2)еңбек ресурстары – еңбекке жарамды жастағы халық, жұмыс күшіне ие адамдар;
3)өндіріс құралдары (машиналар, жабдықтар) жəне қоғам өндірістік үдеріс үшін бөлетін ақшалай қаражат түріндегі капитал;
4)ақпараттық ресурстар – автоматтандырылған өндірістің қызмететуінежəнеоныкомпьютерліктехникакөмегіменбасқару үшін қажетті мəліметтер;
5)кəсіпкерлік қабілет – басқа ресурстардың барлығын игіліктер мен қызметтер жасау мақсатында үйлестіру жəне құрамдастыру бойынша əрекет түрінде көрінген адамдар капиталының айрықша түрі.
Ресурстардың абсолюттік жəне салыстырмалы шектеулілігі ажыратылып жүр.
Абсолюттік шектеулілік ретінде өндірістік ресурстардың қоғам мүшелерінің барлық қажеттіліктерін бір мезгілде қанағаттандыруға жетіспеушілігін айтады.
Егерқажеттіліктершеңберінтарылтса, ондақажеттіліктердің абсолюттік шектеулілігі салыстырмалы болады, өйткені қажеттіліктердің шектеулі шеңбері үшін ресурстар салыстырмалы түрде шексіз болмақ.
2-тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері |
19 |
Өндіріс үдерісінде бастапқы ресурстар адамдардың қажеттіліктеріне бейімделеді, игіліктердің жасалуы жүзеге асады.
Ресурстар өндіріс факторлары, өнім жасау факторлары ретінде көрінеді. Əрбір өнімнің өндірілуіне қажетті өзінің факторлар жиынтығы бар.
Факторлар былай жіктеледі:
1)өндіріс үдерісінде жүзеге асатын еңбекке деген қабілеттілігі бар адам ресурстары;
2)табиғи ресурстар жəне адамдардың бүкіл қызметінің нəтижесінде өзгеретін, олардан жасалатын материалдар еңбек заттары ретінде көрінеді;
3)адамдар олар арқылы еңбек үдерісінде заттарға əсер ететін еңбек қызметінің жинақталған ресурстары (еңбек құралдары, жабдықтар) еңбек құралдары ретінде көрінеді.
Еңбек құралдары мен еңбек заттары бірге алғанда өндіріс құралдарын құрайды.
ӨНДІРІС ТƏСІЛІ ЖƏНЕ ОНЫҢ ЕКІ 2.2. ҚЫРЫ. ӨНДІРГІШ КҮШТЕР ЖƏНЕ
ӨНДІРІСТІК ҚАТЫНАСТАР
Адамдар қоғамының тіршілік етуі үшін өндіріс үдерісі қажет. Өндіріс – адамдардың өмір сүру үшін қажетті материалдық игіліктер мен қызметті жасау мақсатында табиғат заттарына əсер
ету үдерісі.
Материалдық игіліктерді өндіру тəсілі – өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың диалектикалық бірлігінің екі жағы болып табылады. Бұндайда өндіргіш күштер өндіріс тəсілінің материалдық-заттық мазмұнын, ал өндірістік қатынастар олардың өмір сүруі мен дамуының əлеуметтік-экономикалық нысанын құрайды.
Бұндай өзара байланыс жұмыс күшіне ие адам бір жағынан, өндіргіш күштер элементі, екінші жағынан, экономикалық қатынастар субъектісі болып табылатындығына тəуелді.
20 Экономикалық теория
Өндіргіш күштер – бұл адамның өз өндірісі мен тұтынуы үшін бейімдей алған күштері. Олардың ішкі құрылымы бар. Олардың іштерінде ең алдымен өндіріс құралдары мен жұмыс күші бөлінеді. Өндіріс үдерісінде адамдар арасындағы қатынастар, яғни өндірістік қатынастар қалыптасады.
Өндіріс үдерісінде өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың өзара ықпалдасуы жүзеге асады (2.1-сызба).
ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ӨНДІРІСТІК ҚАТЫНАСТАР |
|
ӨНДІРГІШ КҮШТЕР |
|
|
|
|
||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
- əлеуметтік-экономикалық |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
- ұйымдық-экономикалық |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
- техника-экономикалық |
||
Жұмыс |
|
|
Өндіріс |
|
|
Өндіріс құралдары |
|||||||
|
|
техноло- |
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
күші |
|
|
|
|
Еңбек |
|
Еңбек |
|
|
||||
|
|
гиясы |
|
|
|
|
|
||||||
|
|
|
|
|
|
заттары |
құралдары |
|
|
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2.1-сызба. Өндіріс тəсілі жəне оның құрылымы
ҰДАЙЫ ӨНДІРІС ФАЗАЛАРЫ 2.3. (КЕЗЕҢДЕРІ), ҮЛГІЛЕРІ, ТҮРЛЕРІ
ЖƏНЕ НƏТИЖЕЛЕРІ
Қоғамдық ұдайы өндіріс қоғамдық өндірістің өзінің қайта жаңаруының үздіксіз ағымындағы үдерісі болып табылады, оның нəтижесі – қоғамдық өнім.
Ұдайы өндірістің екі түрі ажыратылып жүр:
1)жай;
2)ұлғайтылған.
Жай ұдайы өндіріс – бұл өндіріс үдерісінің бұрынғы ауқымда қайталануы, сондықтан да алынған табыстың бəрі жеке тұтынуға жұмсалады.
