Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
174
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

11-тақырып. Постиндустриалды экономика 161

Ғылыми-техникалық прогрестің (ҒТП) ары қарай дамуының маңызды бағыты жаңа материалдарды өндіру мен өңдеу технологиясын жетілдіру болып табылады. Қазіргі жағдайларда пайдалану кезінде негізгі күш-салмақ атқаратын машиналарға, приборлар, ғимараттардың каркастарын, көпірлер мен басқа конструкциялар дайындалатын конструкциялық материалдарға қойылатын талаптар кенеттен өсіп, қиындай түсті. Жеңіл, сонымен бірге жоғары жəне төмен температуралар кезінде беріктігін сақтайтын, иілгіш жəне соңғы жүктемелерді жақсы ұстайтын материалдар қажет болды. Сапа беріктігін арттыруға, мысалы, материалдарды арнайы өңдеу, газотермикалық шашыратулар, металл ұнтақтарын қолдану арқылы қол жеткізілді. Техникалық электрондық, атомдық, ғарыштық жəне басқа жаңа түрлері үшін ерекше бағалы қасиеттерге ие, аса таза материалдар жасалды. FTP болашақтағы бағыты биотехнология болып табылады. Биотехнология – тірі ағзалар мен биологиялық үдерістерді, гендік инженерлік жетістіктерін (тірі ағзаның мұрагерлік белгілерін беретін заттың жасанды молекулаларын құрумен байланысты молекулярлық генетика салалары) пайдаланушы өнеркəсіптік əдістер жиынтығы. Мұндай əдістер өсімдік шаруашылығында, мал шаруашылығында бірқатар бағалы техникалық өнімдерді дайындауда қолданылады. Кедей кендерді байыту жəне жер қабатында сирек орналасқан элементтерді шоғырландыру, сонымен қатар энергияны өзгерту үшін биотехнологиялық бағдарламалар дайындалып жатыр.

 

 

 

Электрондау

 

 

 

Ғылыми-тех-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кешенді автоматтандыру

 

 

 

 

 

 

никалық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

революцияның

 

 

Энергетиканың жаңа түрлері

 

қазіргі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

кезеңінің басым

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа материалдарды дайындау технологиясы

бағыттары:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Биотехнология

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11.1-сызба. Қазіргі FTP жетекші бағыттары

11-3/108-11

162 Экономикалық теория

FTP қазіргі кезеңде өндіріс технологиясында түбегейлі төңкеріс тудырды. Осы төңкеріс аз шығын кезінде максималды нəтижелерге қол жеткізу үшін бұрын белгісіз болып келген орасан зор мүмкіндіктер ашып отыр.

FTP ƏСЕРІНЕН БОЛАТЫН

ƏЛЕУМЕТТІК ӨЗГЕРІСТЕР 11.3. (ТРАНСФОРМАЦИЯЛАР):

ЭКОНОМИКАНЫ ДАРАЛАУ, ƏЛЕУМЕТТЕНДІРУ, ІЗГІЛЕНДІРУ (ГУМАНИЗАЦИЯ)

Экономиканың дамуы екі ауқымды «даралану» жəне «əлеуметтендіру» (біріншісіXVIII ғ. аяғындағыөнеркəсіптіктөңкеріске дейін басым болса, екіншісі, индустриалды, əсіресе бүгінгі, постиндустриалдызамандақолданылыпотыр; əлеуметтендірудің жоғарынысаны– өндірістіинтернационалдандыру) беталысымен сипатталады.

Өндірісті даралау – қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдетілген салдары. Даралану тенденциясын, жеке экономикалық субъектілердің шаруашылыктық оқшаулануының күшеюінен көруге болады. Өндіруші (өз есебінен жəне тəуекелге бара отырып) өндіріске шығындарды дербес жұмсайды, оның технологиясын, көлемі мен құрылымын, өнімді сату шарттары мен бағасын өзі анықтайды, басқа өндірушілермен, тұтынушылармен, институттар жəне мемлекетпен кең экономикалық байланыстар орнатады. Тұтынушы да тұтынушылық таңдауды дербес іске асырады, табыстардыңжекетəуелсізкөздерінеие, несиебережəнеалаалады.

Жеке субъектінің дербестігі мен тəуелсіздігі – рыноктық экономиканың фундаменті.

Сонымен қатар өндірушілер мен тұтынушылар əрекетін үйлестіруді күшейтудің объективті тенденциясы бар. Мұндай үйлестіру қосымша шығындарды болдырмауға, сонымен бірге жағымсыз сыртқы əсерлерді төмендетуге мүмкіндік береді.

11-тақырып. Постиндустриалды экономика 163

Əлеуметтендіру – бұл рынок, монополизмдегі берекесіздікті экономикаға бюрократиялық араласуды игеру механизмі, бұл өндірістің əлеуметтік елеулі кұндылықтарына бағынуы.

Индустриялық заман – əлеуметтік мəжбүрлеу заманы (мұны жұмыссыздарды, маржиналдыққабаттарды, зейнеткерлер, əйелдер, жастарды қорғау үшін жеке тұлғалар пайдасын қайта бөлуден, сонымен бірге экономиканың жекелеген секторларын мемлекеттік реттеуден көруге болады).

Өндірістің даралануы мен əлеуметтендірілуі арасындағы күрес – əлеуметтік диалектика жəне қозғалушы қарама-қайшы- лық, бұл – экономика дамуының көзі. Сондықтан кез келген экономикалық үдерісті қарастыруда өндірістің даралануы мен əлеуметтендіруіне əсер етуі аспектісіндегі оның бағалануына міндетті түрде шығу керек.

Өнеркəсібі дамыған мемлекеттердің экономикалық мүмкіндіктері келесідей міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

халықтың максималды жоғары нақты табыс алуы үшін алғышарттар құру;

халық денсаулығын қорғау;

ұлт мəдениеті мен білімінің жоғары деңгейіне қол жеткізу;

еңбек қызметінің əлеуметтік-экономикалық жағдайларын құру.

Осының бəрі қоғам, мемлекеттің адамға деген адамгершілік қатынасын қалыптастырады. Қоғамдық қызметтегі адамға деген адамгершілік, гуманизм өркениетті мемлекеттерде нормаға айналып отыр.

XX ҒАСЫР АЯҒЫНДАҒЫ КАПИ-

11.4.ТАЛИЗМНІҢ ЖАҢАША ТҮРЛЕНУІ (ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫ)

XX ғасырдың ортасында бастаған ғылыми-техникалық революция өндіріс үдерісінің субъектісі ретіндегі қызметкер жағдайы мен қызметін өзгертіп, өндіргіш күштердің сапалы өзгеруіне алып келді:

164Экономикалық теория

1)өндірісті автоматтандыру дене еңбегі көлемін кенеттен қысқартты;

2)жалпылай компьютерлендіру күрделі ақыл-ой еңбегінің басым болуына əкелді;

3)экономикақұрылымындақызметкөрсету, ақпаратпенинтеллектуалды еңбек аясы басым бола түсті;

4)пролетариат («капитализмді демократияландыру» нəтижесінде) өзінің əлеуметтік мəртебесін өзгертеді («депролетаризация»);

5)жеке меншік иесі өз мəнін жоғалтады, меншіктің қауымдастырылған нысандары басым болады (кооперативтік, ұжымдық, акционерлік, серіктік, корпорациялық, аралас);

6)мемлекет адамның экономикалық, əлеуметтік жəне саяси құқықтарына кепілдік беретін институтқа айнала бастайды;

7)рынок анықтайтын табыстарды бөлуге мемлекет түзету енгізеді (əлеуметтік трансферттер саясатымен),

Нəтижесінде капиталистік шаруашылық жүргізу, яғни «əлеуметтік-реттелуші капитализм» принциптеріне негізделген əлеуметтендірілген экономика туындайды.

Дəстүрлі салалар рөлі төмендеу кезінде қызмет көрсету мен ақпарат салаларының дамуы «деиндустриализацияға» (экономиканың басқа салаларымен салыстырғандағы өнеркəсіп үлесінің төмендеуіне) əкеледі. Постиндустриалды қоғамда бүкіл халық тамақтануының сапасын жақсартудың «мəңгілік» проблемасышешіледі, отбасылықбюджетқұрылымындағытамақтануға жұмсалатын шығындар үлесі азаяды, рынок толық, ұзақ мерзімді пайдаланылатын тауарларға деген қажеттілік те іс жүзінде қанағаттандырылған. Адам тұлғасы, оның əлеуеттілігін іске асыру жəне өмірге жағымды жағдайлар тудыруды қамтамасыз ету дамудың орталығында тұрады. Экономиканың əлеуметтік бағытталуы, мемлекеттік қызметтің əлеуметтік саланы қолдауы жəне дамытуы, халықтың түрлі қабаты үшін əлеуметтік кепілдіктер мен қорғаулар жүйесін құру жөніндегі қызметтерді орындауы қоғамның трансформациялануына жағдай тудырып əлеуметтік келісім қоғамына əкеледі.

11-тақырып. Постиндустриалды экономика 165

Егер индустриялық қоғам негізінде экономикалық өсудің материалдық, технологиялықбіріктірудіңорталықсхемасыжатса, постиндустриалдықоғамнегізіндеантропогендікхомоцентристік сызба нұсқасы жатыр. Адамды жан-жақты дамытуды мақсат етіп қоюға бағытталған жаңа өркениет негізін қалыптастыру жағдайында ойлаудың технократиялық типі адамға əсер етумен байланысты индикаторлар жүйесімен алмастырылады, орталық материалдық саладан мəдениеттану, əлеуметтік салаға ауысады, сандық көрсеткіштер сапалык сипаттамаларға орын береді. Өмір сапасының көрсеткіштері қогамдық прогрестің негізгі критерийлері рөліне ие болады.

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

I. Қазіргі ҒТР негізгі қасиеттері,кезеңдері мен бағыттары.

1. Кестенің мəліметтерін талдаңдар.

Еуропа елдеріндегі информатика мен телекоммуникация шығындары, ЖІӨ-ге, %

 

 

 

 

 

 

 

 

11.1-кесте

Технологиясы

Жеткілікті

Қазіргі технология-

Технологиялық

жоғары

технологиялық

лардың дамуы орта

əлсіз дамыған

елдер

 

елдер

 

дəрежедегі елдер

елдер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Елдер

ЖІӨ-ге, %

Елдер

ЖІӨ-ге, %

Елдер

ЖІӨ-ге, %

Елдер

ЖІӨ-ге, %

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Швеция

 

8,3

Чехия

 

6,4

Ирландия

5,7

Италия

 

4,3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Швей-

 

7,8

Фран-

 

6,4

Германия

5,6

Испания

 

4,1

цария

 

 

ция

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлы-

 

7,6

Бельгия

 

6,0

Австрия

5,1

Греция

 

4,0

бри-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

тания

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нидер-

 

7,0

Финлян-

 

6,0

Португа-

5,0

Польша

 

2,7

ланды

 

 

дия

 

 

лия

 

 

 

 

Дания

 

6,5

Норве-

 

5,8

Венгрия

4,4

Түркия

 

2,6

 

 

 

гия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. 11.1-сызбаны пайдалана отырып, дамудың постиндустриалды сатысының ерекшелігін көрсетіңдер.

166 Экономикалық теория

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

Индустриаландыруға

Индустриалды

Постиндустриалды

дейінгі

 

 

Ауыл шаруашылығы

Экономиканың басты

Қызмет көрсету

 

саласы

саласы

 

Өнеркəсіп

 

Жер

Шектеуші фактор

Ақпарат

 

Капитал

Жер иеленушілер

Үстемдік етуші

Ақпарат иелері

 

əлеуметтік топ

 

Капитал иелері

 

11.1-сызба. Экономикалық жүйелердің тарихи дамуы

II. ҒТР əсерінен болатын əлеуметтік өзгерістер (трансформациялар): экономиканы даралау, əлеуметтендіру, ізгілендіру (гуманизация).

1. Бұл сұраққа жауап беруде кестені пайдаланыңдар.

Қазіргі капитализмнің таза капитализмнен кейбір ерекшеліктері

11.2-кесте

Негізгі

ХVІІІ – ХІХ ғ.

 

ХХ ғ. екінші

 

жартысындағы

қасиеттері

капитализм

 

 

капитализм

 

 

 

 

1

 

2

 

3

 

Өндірістің қоғамдан-

Кəсіпорын

шеңберінде

Ұлттық жəне халықаралық

дырылуының ауқымы

өндірістің

қоғамданды-

ауқымдағыжекешаруашы-

 

рылуы

 

 

лықтыңқоғамдандырылуы

 

 

 

 

жəнемемлекеттендірілуі

Мемлекеттің басым

Дара кəсіпкер капита-

Ұжымдық жеке жəне мем-

нысандары

листердің

экономикалық

лекеттікменшікбазасында-

 

қызметі

 

 

ғыэкономикалыққызмет

Экономиканы реттеу

Мемлекеттің əлсіз ара-

Тұтынушылық

сұраныс

 

ласуымен

еркін

ры-

пен ұсынысты

ынталан-

 

нок негізіндегі

жеке

дыру, дағдарыс пен жұ-

 

капиталдардың өзін-өзі

мыссыздықтыңалдыналу

 

реттеуі

 

 

жəне т.б. мақсатында ұлт-

 

 

 

 

тық экономиканы мемле-

 

 

 

 

кеттіңбелсендіреттеуі

 

11-тақырып. Постиндустриалды экономика

167

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңы

Əлеуметтік кепілдік

 

Азаматтардың жұмыс-

Сақтандыру жəне əлеу-

 

 

 

сыздық, ауру жəне кəрі-

меттік қамтамасыз етудің

 

 

 

лік жағдайындағы əлеу-

мемлекеттік

жəне

жеке

 

 

 

меттік қорғансыздығы

əлеуметтікқорларынқұру

 

 

 

 

 

 

 

2. Келесі кестедегі мəліметтерді салыстырмалы талдау үшін

пайдаланыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11.3-кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

Бəсеке-

Елдердің

Елдердің денсаулық

 

Білім беруді

 

лестік

 

тұрмыс

сақтау жүйесінің даму

 

жоғарыла-

 

қабілетінің

деңгейі

деңгейінің бедел-

 

туға кеткен

Ел

рейтингі

бойын-

белгісі

 

шығындар,

(бедел -

ша

медицина

денсаулық

 

ЖІӨ %

 

белгісі)

бедел-

саласын-

сақтау

 

 

 

 

 

 

 

белгісі

дағы жетіс-

жүйесінің

 

 

 

 

 

 

 

 

тіктер

тиімділігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

2

 

 

3

4

5

 

6

 

Жапония

16

 

 

4

1

10

 

1,1

 

Канада

10

 

 

1

7

30

 

2,0

 

Норвегия

13

 

 

2

3

11

 

-

 

АҚШ

1

 

 

3

15

37

 

2,75

Швейцария

6

 

 

12

2

20

 

-

 

Ұлыбритания

15

 

 

10

9

18

 

1,0

 

Франция

21

 

 

11

6

1

 

1,2

 

Италия

-

 

 

19

11

2

 

0,8

 

Германия

9

 

 

14

14

25

 

1,1

 

Швеция

14

 

 

6

4

23

 

-

 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1.Постиндустриалды экономикалық жүйе былай сипатталады:

а) тиімді технологиясы, ақпараттық қамтамасыз етілген барлық азаматтардың əр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, дамыған қызмет көрсету саласы бар экономика;

ə) қол еңбегі мен ауыл шаруашылығы басым болатын экономика; б) машиналанған өнеркəсіптік өндіріске негізделген экономика; в) халықтың салт-дəстүрлері мен əдет-ғұрпына негізделген эко-

номика.

168 Экономикалық теория

2.Келтірілген анықтамалардың қайсысы ғылыми-техникалық революцияның мəнін көрсетеді?

а өнеркəсіптік төңкеріс;

ə) қоғамның материалдық негізін түбегейлі қайта құрайтын ғылым мен техниканың жаңа сапалы жағдайы;

б) өндірістік қатынастардың түбегейлі өзгеруіне көмектесетін қоғамның өндірістік күштерінің дамуы;

в) өндіріспенкапиталдыңжоғарылануыменорталықтандыруына көмектесетін өндіріс қаражаттарындағы төңкеріс.

3. Айтылған факторлардың қайсысы дамыған капиталистік елдердің экономикасындағы құрылымды қозғалыстарды сипаттамайды?

a) FTP əсерінен жаңа салалардың пайда болуы жəне олардың экономикадағы рөлін күшейту;

ə) ауыл шаруашылығының дамуы; б) бəсеке күресінің əлсіреуі жəне саланың дамуының пропорцио-

налдығын күшейту; в) өндірістік емес саланың тез өсуі, экономикадағы рөлін күшейту.

4.Экономиканы əлеуметтендіру дегенді қалай түсінуге болады?

а) қоғамның əлеуметтік бір шектілігін қалыптастыру; ə) əлеуметтік қызмет көрсетулер көлемінің ұлғаюы; б) жаңа сала жəне өмір деңгейі; в) барлық жауаптар дұрыс.

5.ҒТР-дың əлеуметтік-экономикалық салдары қандай?

а) өндіріс тиімділігінің өсуі; ə) қоғамдық өндіріс құрылымының өзгеруі;

б) өндіріс үдерісіндегі адамның орны мен рөлінің өзгеруі; в) барлық жауаптар дұрыс.

12-ТАҚЫРЫП

ПОСТСОЦИАЛИСТІК ЕЛДЕРДЕГІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУЛАР. ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ƏЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ҮДЕРІСТЕР

ДƏРІС

ЖОСПАРЫ:

 

12.1. КСРО-ның экономикалық

 

 

дамуының кезеңденуі....................................

170

12.2. КСРО-дағы мемлекеттенген

 

 

социализм: негізгі қасиеттері

 

 

мен қарама-қайшылықтары..........................

171

12.3. КСРО-ның тарауы (тарқап кетуі)

 

 

жəне одақтас республикалардың

 

 

егемендік алуы...............................................

173

12.4. ТМД елдерінде (соның ішінде,

 

Қазақстанда) рыноктық экономиканың

 

 

негізін қалыптастыру....................................

174

12.5. ҚР-ның аралас экономикаға өту

 

 

үдерісінде постиндустриалды

 

 

елдердің тəжірибесін қолдануы...................

178

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ......................

179

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ.....................................................

179

170Экономикалық теория

12.1.КСРО-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕНУІ

КСРО жəне одақтас республикалардың экономикалық дамуының кезеңденуі ұдайы өндірістік циклдерге негізделген. КСРО-ның экономикалық дамуында келесі 4 кезеңді бөліп көрсетуге болады:

1.Қазан революциясы, ел экономикасының құлауы жəне қайта құру (1917-1926/27 жылдар).

2.Дамудың тез қарқыны мен (соғыс жылдарын санамағанда) əкімшілік-əміршілдікжүйеге, экономиканыңжоғарыиндустриялануы жəне милитарландырылуына өту кезеңі (1928-1953 жылдар).

3.Экономикалық өсу қарқынының баяулауы, қорлардың таусылуы жəне жүйе дағдарысы (1954-70-жылдардың аяғы).

4. Экономикалық өсудің тоқталуы, жүйенің таралуы жəне əміршілдік экономикадан рыноктық экономикаға өту

(1980-90 жылдар).

Кез келген экономикалық жүйенің қалыптасуы мен жұмыс істеу үдерісі үш кезеңнен тұрады. Біріншісі – жүйенің бірте-бірте қалыптасуы (пайда болуы), бұл соның қоғамда үстемдік етуші ретінде бекуіне (пайда болуына) əкеледі. Екіншісі – кемелдену кезеңі, жұмыс істеу үдерісіндегі оның барлық мүмкіндіктерінің тарихи басымдылықтарының толық көрінуі. Үшіншісі – жаңа келешектегіжүйеэлементтерініңтууыжəнедамуыжағдайындағы бірте-бірте «өлуі».

Əр жүйенің тарихи сипаты (қалыптасуы, кемелденуі, өлуі) қоғам дамуындағы ерекше – өтпелі жағдайдың пайда болатынын ескереді. Бұндай жағдайлардың ерекше белгілері болып мыналар табылады:

1)жаңа жəне ескі жүйенің элементтерінің қатар өмір сүруі;

2)қарама-қайшылықтардың ерекше сипаты – құрып бара жатқанжəнежаңадүниегекелгенэкономикаэлементтерініңкүресі;

3)қоғамның өзінің өзгеруімен жəне келешектегі оның нұсқаларының (варианттарының) болашағымен көрінетін тұрақсыздық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]