Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
172
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

9-тақырып. Индустрияландыруға дейінгі экономика... 121

(осы кезден бастап қоғамның өзін-өзі жылжытуының ішкі көзі, яғни қазірге дейін қоғамды қайда тартып бара жатқаны белгісіз əлеуметтік саралау (дифференциация) пайда болды).

Теория жүзінде қоғамның «басы» деп нені есептеуге болады? Қоғам тарихының басы – адамның биологиялық дамуы негізінен аяқталып, прогрестің жалғыз факторы – əлеуметтік болған кез.

Адамды жануарлардан ажыратушы шек жəне адам өмірінің алғашқы негізгі шарты еңбек құралдарын жасауға бағытталған əрекет болып табылады.

Алғашқы қауымдық қоғам өндіргіш күштердің нашар дамуына байланысты өндіріс пен тұтынуда қолданыстағы қарапайым ұжымшылдықпен сипатталады. Өндіріс «негізінен ұжымдық болған, сондай-ақтұтынудаөнімдердіңүлкеннекішікоммунистік қоғамдар арасында тікелей үлестіруге тірелетін. Өндірістің бұндай ұжымдық сипаты ең кіші ауқымда жүзеге асырылатын бірақ ол өндірушілердің өздерінің өндіріс үдерісіне жəне өндіріс өніміне үстемдік жүргізуіне ерте келді» (Ф. Энгельс, 21т., 174-б.). Алғашқы қауымдық ұжымшылдық «еңбек бөлінісі жəне оның салдары – қоғамның таптарға бөлінуімен аяқталған еді» (Сонда, 169-б.).

Бастапқы тарих өзіндік ерекшелігіне қарамастан, негізгі беталыс – тапқа дейінгі қоғамнан таптық қоғамға қарай қозғалыс əмбебап болған еді.

Ерте алғашқы қауым 20-30 ересек особьтан тұратын, өйткені одан үлкен топ өзін-өзі асырай алмас еді (жеміс жинау көп өнім бермейді, бірақ көп уақытты қажет етеді, аң аулау болса – сенімсіз), оған біршама отырықшылық сипат (табиғи тұрғын жайлар – үңгірлерді игеру түрінде) тəн.

Жеміс жинау мен аң аулау – екеуі де шаруашылық жүргізудің ежелгі түрлері, бірақ, аң аулау неғұрлым прогрессивті: ірі жануарларды аулау – еңбек əрекетінің бастапқы нысаны, ұжымшылдықтың өндіргіш күшін жүзеге асыруы болды.

Алғашқы қауым адамы «екіге бөлінді»: жануар ретінде ол инстинктерініңырқындаболуыкерек, аладамретінде əлеуметтік нормаларды басшылыққа алуы керек; бұл күрес қоғам мен жеке тұлғаның нақты өркениеттілігінің деңгейін анықтай отыра, əлі күнге дейін жалғасуда. Алғашқы қауым кезіндегі «табиғи

122 Экономикалық теория

іріктеу» тұлғаларкүштерініңкүштілігіндеемес, əлеуметтіккүшті ұжымдардың тірі қалуында болатын (белгілі бір тұрмыстық заттар жерленген неандерталдық* молалардың өзі-ақ əлеуметтік бастаманың басым болғанын көрсетеді).

Өркениеттілік – жануарлық инстинкті басу.

Ойлау мен сөйлеудің пайда болуы – алғашқы қауымдық кезеңдегі тағы бір революция. Олар бір мезгілде пайда болды (тарихшылар мидағы сəйкес орталықтардың дамуына қарап, солай деп шешіп отыр). Тілдер болса, кейінгі палеолитте қалыптаса бастады.

Биологиялық жəне əлеуметтік бастамалардың бірлігі əлеуметтік байланыстар қалыптасуының нақты негізі тек табиғи етжақын туыстық қана болуы мүмкін екендігінде еді: реттелме- генжыныстықкатынастардыңбей-берекеттігіжəнеəкеліктүсінігі жоқ болуы салдарынан туыстық қатынастар тек бір ананың ұрпағы арасында ғана құрылуы, яғни аналық əйелдік желі (линии) бойыншақалыптасуымүмкінболатын, Алғашқықауымадамыжыныстыққатынаспенбалатуылуыарасындағыбайланысты білмейтін. Сондықтан да, қоғамды ұйымдастырудың алғашқы реттелген нысаны – аналық желі бойынша шығу тегі бір туыстар ұжымы еді. Осылайша, табиғи туыстық қатынастар əлеуметтік (жəне керісінше) деп танылып, бұл оларды биоəлеуметтік ұйым – рулық қауымның «кірпішіне» айналдырды.

Ерте рулық қауым екі кезеңнен – «архаикалық» жəне «дамыған» аң аулаушы, жеміс-жидек жинаушы шаруашылық (шегі: жебе мен садақ пайдалану) кезеңдерден өтті.

Жер ұжымдық меншікте («кəсіпшілік аумақ» ретінде) болды. Жеке адамдарға тек олардың өз қолдарымен жасалған еңбек құралдары ғана тиесілі болған еді, бұл олардың тиімділігін арттырды. Осылайша, өзіндік меншік ортақ меншікке еніп кеткен. Басқаша айтқанда: рулық қауым мүшесінің өзіндік меншігі оның затқа деген қатынасы еді, бірақ қоғамдық қатынастар шеңберінде

ол зат рулық меншікте болатын.

* Неандерталдық (Қазып алынған адамның тұрпаты; неолит дəуірінде жер шарының кейбір аудандарында мекендеген).

9-тақырып. Индустрияландыруға дейінгі экономика... 123

Тұтынудағы ұжымшылдық ұжымдық өндірістің автоматты нəтижесі емес, өміршеңдік шарты еді. Бірақ, қоғам мүдделерін есепке ала отырып (мысалы, аңшылардікін – көбірек) теңгермелі емес, «тең дəрежеде қамтамасыз етуші» болды.

Еңбек бөлінісі ол кезде əлі əлеуметтік емес, табиғи сипатқа ие еді. Ерте рулық қауымдағы негізгі жастық – жыныстық топтар– балалар, ересекəйелдержəнеересекерлертоптарыболатын. Ересектерсанатынаөту– маңыздымежесаналатын. Табиғиеңбек бөлінісі үстемдік пен бағыныштылық қатынастарын тудырмап еді. Жыныстар тең дəрежелі болатын.

Алғашқы қауым тең дəрежелілер қоғамы еді, бірақ тек өнді-

рістікұжымныңтолыққандымүшелеріғанатеңдəрежеліболатын.

Жаңа тыйымдар арқылы неке шеңбері тарылуы жалғасып жатты. Сонда да, қазіргідей отбасы əлі де болмады, отбасының осындай тұрақсыздығы, оның рулық қауымға қарсы тұратын, оқшауланған экономикалық ұяға айналуына кедергі жасайтын: ері мен əйелі неке барысында əрқайсысы өз руымен байланысты болып, ортақ меншіктері болмады, ал балалар тек анасының руына тиесілі еді. Осылайша, отбасын бөлудің өзі табиғи-рулық қатынастар шырмауынан əлі де шыға алмай жүрді.

Кейінгі рулық қауым. Керамиканың – қыш ыдыстарды қалыпқа салу жəне күйдіру – пайда болуы («керамика ғасыры»).

«Неолиттік революция» егіншілік пен мал шаруашылығы. Артықөнім, оныменбіргежекеадамныңменшігіпайдаболды. «Беделдіэкономика» – тайпаларарасындасыйлықтаралмасутуындайды. Бұндай əдетте таусылмайтын, əрі бір қарағанда мағынасыз көрінетін айналым қоғамдық алмасу үшін өте маңызды болған. Алғашқы қауымдық демократия өзін-өзі басқарудан көрінетін. Рулық құрылыстың күшті əрі əлсіз жері – қандай да бір

жеке тұлғаның жаншылуы.

Алғашқы қауымдық қоғам оның шеттетілуін, қанаудың экономикалық тиімділігін, сондай-ақ, ерекше əлеуметтік институттарды ұстауды мүмкін қылған артық өнімнің пайда болуынан туған сынаққа шыдай алмады.

Алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі тұсында үстем тап жəне құлдар, жеке иемдену (жеке шаруашылық пен жеке меншікті) көзі

124 Экономикалық теория

ретінде ұсақ шаруашылық (парцеллярлық) пайда болды. Еңбек бөлінісі өндірістің, өндіріс көлемінің өсуіне, сондай-ақ тауарлық өндірістің өсуіне алып келді.

Рулық қауым қанша қарсылық білдіргенімен, ол «көршілік» (ауылдық, егіншілік, аумақтық) қауымға – етжақын туыстық байланыстары жоқ адамдардың алғашқы əлеуметтік бірлестігіне айналды. Көршілік қауым дуализмнің* бейнесі болып еді: жер меншігі əлі де ұжымдық (рулық) болып қала берді, өйткені отбасы оны əлі жеке-дара меңгере алмайтын.

Отбасы пайда болуымен туыстықтың аналық есебі жəне аналық желі бойынша мұрагерлік əкелік желіге ауысты. Бұл, Энгельстің айтуынша – адамзат тарихындағы ең радикалды революциялардың бірі.

Рулық қоғам ыдырауының мəні қалай болғанда да жеке меншік, таптар мен мемлекет пайда болуының құрамдас бөлігі болған.

Бұл феномендарды** сыртқы факторлармен емес, қоғамның өзіндік дамуымен түсіндіру маңызды.

Еңбек өнімділігі өсуінің екі салдары болды: ұйымдық тұрғыдан өндірістің даралануы (индивидализация) жүрді, ал экономикалық тұрғыдан қосымша (прибавочный) өнімнің пайда болуы. Осылар бірігіп біреулерге өзгелер өндірген артық өнімді меншіктеп алуға мүмкіндік берді. Ал қоғамдық еңбек бөлінісі тауар өндірісін туғызды. Осының нəтижесінде: еркін шеттетілетін жеке меншік пайда болды, ол рулық құрылым жеке меншігінен эксплуатацияға(қанауға)мүмкіндікберетіндігіменерекшеленетін.

Жеке меншіктің басы – жекелеген отбасылардың артық өнімді байлық (қолөнер бұйымдары, металдар, өндіріс жарақтары, қару-жарақ, мал, кейіннен – байлық) түрінде, яғни тек табиғи нысанда ғана емес, сондай-ақ қазынаның өзгерген түрі – жалпыға ортаққабылданғанэквивалент, заттанғанақшанысанындажинауы.

*Дуализм (дүниенің негізі бір-біріне бағынбайтын, тең праволы екі нəрседен – рухтан жəне материядан басталады деп танып материализм мен идеализмді үйлестіруге тырысатын ағым).

**1. Феномен (объективтік шындықты қамтымай, тек қана санада болады-мыс деген идеалистік философиядағы субъективтік құбылыс). 2. Феномен (жұрттан ерекше, ерен қабілеті бар адам).

9-тақырып. Индустрияландыруға дейінгі экономика... 125

Жекеменшіктіңқалыптасуырулық-қауымдықұжымшылдық дəстүрлерімен күрес үстінде жүрді: барлар жоқтармен бөлісуге, беделділер қонақасы, руластарына сыйлықтар беруге мəжбүр болатын, байлардың артық мүлкін күшпен тартып алу жиі болып тұрды, шектен тыс артық көлемде мүлік иеленуге тыйым салынатын, тіпті жиналған мүлікті көпшілікке таратып беру жəне жою да жиі орын алатын.

Жеке жəне қауымдық меншіктің басты ұстасу саласы əлсіреді. Жерге ұжымдық меншік бар кезде, қозғалмайтын мүлікке (соныңішінде, өндірісқұралдарына) жекеменшікекіншідəрежелі, бағынышты сипатқа ие болған. Сөйтіп, жылжитын мүліктің жеке меншігінен бастап, іс жердің жеке меншігіне дейін жетті жəне бұл ұдайы əлеуметтік күрес үстінде жүрді. Алдымен тура емес нысандар (алғашқы болып мекендеу құқығы, жер телімдері (зəйімкелер), мұрагерлік, т.б.) пайда болды.

Жеке меншік етжақын туыстық бірлікті бұзды: ру үлкен отбасыларға, бұлар – кішілеріне бөлінді (нуклеарлық = ата + балалар). Бұл – отбасылық саладағы жеке меншіктің «шыңы».

Қосымша өнімнің пайда болуы «тонаушылық соғыстарды» туғызды; қақтығысуларбұрындаболыптұратын, ендігіжердетонау оңай жəне тез баюға мүмкіндік беретін болды; Энгельстің айтуынша, соғыс – адамдар соған арнайы маманданатын «тұрақты кəсіпке» айналды:

1)жеңімпаздарбаршағаортақмойындалғанқұндылықтарды (кейіннен – жерлерді) басып алды;

2)ерадамүшінтонау– құрметтікəсіпке, алеңбек – масқараға айналды, көп ұзамай батырлық эпос пайда болды;

3)қоғамның əскери ұйымдасуы (халық жиналысы əскери жиналысқа айналды).

Бұрын қауымаралық болған «беделді экономика» енді қауымішілікке де айналды – қайтарымсыз үлестірімнің бұрынғы принциптері «эквиваленттілерге» алмасты. Бұрынырақ, қосымша өнімжоқкездемүмкінболмаған«құлдық» пайдаболды. Əрине, алдымен «қауымдық құлдық» (яғни ұжым меншігінде) содан соң барып жеке құлдық болды. Алғашқыда құлдар үй шаруашылығында пайдаланылып, қожайындармен бірге тұрып, бірге тамақтанатын,

126 Экономикалық теория

өз шаруашылықтарын жүргізе алатын, бірақ міндетті түрде иелеріне көмектесуге тиіс еді. Оларға деген қатынас жұмсақ болды, олардың мүліктік жəне жеке құқықтары бар еді, тіпті өз қожайындарына мұрагер бола алатын, құлдар ерікті адамдармен некеге тұруына, қоғамдық өмірге араласуына, басқа қожайынға кетіп қалуына да болатын. Құлдық бастапқыда өмірлік емес еді, өмірлікболғандадаолатаданбалағаберілетін. Құлдықтыңбұндай қарапайым нысаны «патриархаттық» (немесе «үйішілік») деп аталады, құлдар – үйдің кіші мүшелері іспеттес болатын.

Іс біртіндеп нашарлай берді: «үйішілік» құлдық «өндірістік» құлдыққа айналды; өндіріс құралдарынан айырылған, қоғамдық өндірісте ерекше орынды иеленетін құқықсыз күшейді, өйткені құлдар өз қожайындарын байытатын.

Ал қауым мүшелерінің кедейленген бөлігі құлдардың дəрежесіне дейін төмендейтін.

Өндіріс нəтижелерін байлардың пайдасына қайта үлестіру үдерісі басталды.

Мемлекет – əлеуметтік жіктелу мен таптар қалыптасуының нəтижесі. Бірақ, мəселе тек арнайы аппараттың пайда болуында ғана емес, басты себеп – халықтың орналасуы ру-тайпалықтан аймақтыққа көшіп орнығу принципінде.

Еңбек ой еңбегі жəне дене еңбегі болып бөлінеді. Жазу пайда болды.

Таптық қоғамдар бес мың жылдан астам уақыт бұрын, оның үстіне барлық жерде қалыптаса бастады.

9.3. АЗИЯЛЫҚ ЖƏНЕ АНТИКАЛЫҚ ӨНДІРІС ƏДІСТЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

Азиялық жəне антикалық өндіріс əдістері құл иеленушілік өндіріс тəсілінің екі нұсқасы болып табылады. Сондықтан да, алдымен құл иеленушілік өндіріс тəсіліне, содан соң осы нұсқалардың ерекшеліктеріне назар аударайық (9.1 жəне 9.2-сыз- баны қараңдар).

9-тақырып. Индустрияландыруға дейінгі экономика... 127

Құл иеленушілік қоғамдағы меншіктің басым нысандары – өндірістің барлық жағдайларына: жер, өндіріс құралдары, еңбек заттары жəне еңбек етуші адам-құлға ұжымдық та, жеке де меншік болды. Құл өндіріс құралдарына қандай да бір жеке меншігі болмағанымен қоймай, өзі де басқа еңбек құралдарымен бір қатарда тұратын.

Құл иеленушілік қоғамда еңбекке күшпен мəжбүрлеу орын алған. Құлдарды қанаудың ең көп тараған түрі – құл иеленушілердің оларды өз шаруашылығында: егіншілік ірі жер қожалығында (латифундияларында) жəне қолөнер шеберханаларында, сондай-ақ тұрмыстық қажеттіліктерді өтеуге тікелей пайдалануы еді.

Құл иеленушілік қоғамда еңбектің негізінен дене, қол еңбегі болыптабылатынқұлдықеңбекпенқұлиеленушілердіңойеңбегі болыл бөлінуі орын алды.

Азиялықөндірісəдісі(9.3-сызбанықараңдар). Азиялыкөндіріс тəсілінің негізі – əлі ыдырамаған тікелей өндірушілер қауымы (қауымшыл-өндірушілердің өз өндіріс құралдарымен бірлігі) болған еді. Азиялық өндіріс тəсілінде еңбекке психологиялық мəжбүрлеу үлкен рөл атқарады: аса ірі (табыну) ғимараттарын салу жұмысшылар қосымша жұмысты құдай ісі сияқты қабылдауы арқылы ғана мүмкін болатын. Азиялық өндіріс тəсіліндегі қосымшаөнімдіиемденунысандары– алым-салық(табиғисалық) жəне қоғамдық жұмыстар (еңбек салығы).

Қауымдастықтардыңжерсуландыру(ирригация) мақсатымен одан да ірі тұтастыққа бірігуі, сондай-ақ сыртқы жаулардан қорғану ертедегі мемлекет пайда болуына алып келді.

Ежелгі шығыс мемлекеттері антикалық (көне, қандай да бір ескі) құл иеленушілік мемлекеттерденайтарлықтай ерекше болатын.

1.Шығыста құлдар қоғамның басты өндіргіш күші, яғни материалдық игіліктерді өндіруші болған жоқ, ауыл шаруашылығымен жəне қолөнермен негізінен ерікті деп саналатын адамдар айналысатын.

2.ЖерШығыстамемлекеттікнемесемемлекеттік-қауымдық меншікте болды.

128Экономикалық теория

3.Шығыстағы мемлекет «шығыстық деспотизм*» нысанына ие болды, яғни тұрғындардың мемлекет алдында ешқандай құқығы жоқ еді.

Бұндай ерекшеліктердің себептері қауымдық қатынастардың сақталуында болатын.

Шығыста суғару жүйесін бөлуге болмайтын, ал суғару жұмыстары ұжымдық күшті талап ететін. Сондықтан қауым сақталып тұрды.

Суғару жүйелері мемлекеттің меншігі еді. Бірақ сусыз жердің құныболмады,сондықтанмемлекетжердіңжоғарғыменшіктенушісі болды. Оның үстіне, қауымдық жерді жеке меншіктен гөрі қауымдық меншікке айналдырған оңайырақ. Ал қауымдық еңбек міндеттілігі мемлекеттікке айналды. Осылайша, мемлекет жер иеленуші – қауым мүшелерін өзіне бағындырды да, олар мүлде ерікті болудан қалды. Кəдімгі құлдарға қарағанда, бұлар тегін еңбек күші еді, оларды сатып алу, киіндіру, асырау қажет болмады. Сондықтан да олардың еңбегін ысыраппен пайдалана беруге болатын. Оныңүстіне, жекеқұлиеленушілергетиесіліболғанжəнежеке мүдделерге ғана пайдаланылатын кəдімгі құлдарға қарағанда, бұл ғаламат еңбек армиясы ірі ауқымдағы (масштабтағы) мемлекеттік жұмыстарға орталықтандырылған түрде пайдаланылатын. Ежелгі Шығыс елдерінде пирамидалар, зиккураттар, ірі көлемді храмдар сияқты алып ғимараттар салынуы да осыдан.

К. Маркс Азиядағы мемлекет басқарудың ерекше саласына қоғамдық жұмыстарды басқаруға ие болғанын жазған еді. Бұндай басқару үшін бюрократтық аппарат қажет болатын. Жерге мемлекеттік меншік пен қоғамдық жұмыстарды мемлекеттік басқаруды үйлестіру нəтижесінде елдің бүкіл шаруашылығына мемлекеттікменшікенгізілді. Басқашаайтқандашаруашылықтың орталықтандырылған мемлекеттік жүйесі қалыптасты.

Бірақбұлелдердіңэкономикалықдамуытоқтатуғажақындады

– бұл шығыстық тоқырау деп аталып жүр. Еуропа халқы қысқа мерзімде Азияны экономикалық даму жағынан тез басып озды. Тоқыраудың басты себебі – жеке тұлғаның мүдделері қоғамдық-

* Деспотизм (жеке адамның дара əкімшілігіне негізделген үкімет жүйесі); қатал əкімшілік, қаталдық, шексіз əкімшілік құрушылық.

9-тақырып. Индустрияландыруға дейінгі экономика... 129

қауым, каста, мемлекет мүдделеріне бағынышты болуында еді. Жерге қауымдық-мемлекеттік меншік жеке іскерліктің дамуына кедергіжасады. Мəселетекменшіккееркіниелікетусізмүмкінемес іскерлік бастаманың басылып тасталуында ғана емес еді. Сонымен біргебұлқоғамдықтəртіптердіңөзтабиғатыбойыншаконсервативті болуына да байланысты болды. Қауымдастық – ғасырлар бойы қалыптасқансалт-дəстүргесайжүзегеасырылатыніс-əрекет.

Антикалық өндіріс əдісі құлдық өндіріс негізіне айналуымен ерекшеленеді.

Құл иеленушілік қоғамдықэкономикалық формацияның сипаттамасы

Уақыт

шегі

Антикалық жəне азиялық əлеуметтікэкономикалық өндіріс тəсілдері негізінде қалыптасқан тапқа дейінгі қоғамның алғашқы тарихи дəуірі. Экономикалық қатынастардың негізгі нысандары: қарабайыр техника, техникалық прогрестің баяу дамуы, шаруашылық жүргізудің үстемдік құрушы нысаны

– табиғи шаруашылық. Қоғамның негізгі таптары: құл иеленушілер жəне құлдар (антикалық құлдық); заңдық тұрғыдан еркін, экономикалық тұрғыдан тəуелді; құл иеленушілер қауым мүшелері жəне мемлекеттік құлдар (патриархалдық құлдық).

Б.з.д. VІІмыңжылдықтыңсоңынанб.з. ІV ғ. соңына дейінгі Еуропа

Б.з.д. VІІ мыңжылдықтың соңынан б.з. ІV ғ. соңына дейінгі Еуропа

 

 

Қалыптасуы

Құл

 

 

 

 

 

иеленушілік

 

 

 

 

 

Бекуі

формацияның

 

 

жəне дамуы

 

қалыптасу

 

 

 

 

жəне даму

 

Ыдырауы

кезеңдері

 

 

жəне жойылып

 

 

 

 

кетуі

Б.з.д.ХІ-ІХ ғғ. Ежелгі Греция («Гомер кезеңі»). Б.з.д. VІІ-ІV ғғ.

(грек мемлекеттерінің (полистер гүлденуі). Б.з.д. ІV ғ. – Грецияны Македония жаулап алуы; Б.з. І ғ. – Рим жаулап алынуы

Б.з.д. ІХ – VІ ғғ. Ежелгі Италия («Патшалық кезең»). Б.з.д.V-І ғғ.Римреспублика. Б.ғ.д. І-V ғғ.Римимперия. Б.з. V ғ. Батыс Рим империясының құлауы

9.1-сызба. Құл иелену дəуірінің сипаттамасы

Антикалық құл иеленуші мемлекеттерде жеткілікті көлемде үлкен қосымша өнімді билеуші топтардың пайдасына, оны тікелей өндірушілерден тартып алу мүмкін емес еді. Бұнда суғару жүйелері қажет емес болатын, сондықтан да қоғамдық

9-3/108-11

130 Экономикалық теория

еңбек міндеттілігі мен еркін жер иеленушілерді бағындыруғамүмкіндік беретін жерге мемлекеттік меншік те болмады.

Антикалық мемлекеттерде шаруаларды қосымша өнімді беруге қару күшімен көндіру мүмкін емес еді, өйткені:

1.Мемлекет соғыстар жүргізіп, құлдарды тұтқынға алуы үшін антикалық құл иеленуші мемлекеттің əрбір еркін азаматы жауынгер болатын.

2.Қару-жарық қарапайым еді, əрі шаруалардың өздері де оған қол жеткізе алатын. Тек соғыстарда тұтқындар алып, оларды құлдарға айналдыру арқылы ғана басқа адамның еңбегін қанауға болатын еді. Сондықтан да, антикалық мемлекеттерде болған құл иеленушілік құрылым барлық халықтарда бір мезгілде өмір сүре алмады.

Жаулап алынған жерлерден Римге жеткізілетін құлдардың бəрі тапқа дейінгі қоғам кезеңіндегі немесе азиялық өндіріс тəсіліне жататын елдерден еді.

Б.з.д. ІІ-ІІІ ғғ. құл иеленушілік жүйеде дағдарыс болды – құл иеленушілікөндірістікқатынастарөндіргішкүштердамуынтежей бастады. Бұлқанаудыңжаңанысандарыпайдаболуынаалыпкелді.

Құлды материалдық жағынан қызықтыру үшін оған пекулий берілетін. Пекулийде құл өз бетімен дербес шаруашылық жүргізеді, тек табысының белгілі бір бөлігін қожайынға беріп тұруға, оған оброк* төлеуге тиіс болатын.

Құлғаендіменшікиеленурұқсатыберілді, солменшіктіңкей кездерікөлеміөскендігісонша, олендігіжердеөзінеқұлдарсатып алып, қожайынына ақша бере бастады. Сөйтіп құл иленушілік жүйе қойнауында феодалдық қатынастар туындады.

Антика дəуірінде əлем тарихында тұңғыш рет тəуелсіз жеке меншік қатынастарының пайда болуына жағдай жасалды. Бұл антикалық қоғамдардың (Ежелгі Греция жəне Ежелгі Рим) даму ерекшеліктеріне: өндірістің тез даралануы жəне тауарлық қатынастардың экономикадағы елеулі рөліне байланысты болды. Антикалық өндіріс тəсілінің тарихи маңызы – соның негізінде тауар-ақша қатынастары ерекше қарқынмен дамығандығында.

* Оброк (крепостнойлық правода помещиктердің шаруалардан ақшалай немесе заттай алатын алымы).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]