- •1. ТУРБО ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
- •2.1. Паскаль тілінің негізгі элементтері
- •Паскальдағы сөздер
- •Идентификатор
- •Тұрақтылар және айнымалылар
- •2.2. Берілім типтері
- •Турбо Паскальдағы берілім типтерінің тізбесі
- •Логикалық тип
- •2.4. Амалдар, математикалық функциялар, өрнектер
- •2.5. Программаның құрылымы
- •2.6. Енгізу-шығару процедуралары
- •Экранға шығару форматтары
- •2.7. Қарапайым операторлар
- •2.8. Алгоритмдеудің негізгі құрылымдары
- •2.9. Тізбектеу құрылымды алгоритмдер
- •2.10. Тармақталу құрылымды алгоритмдерді ұйымдастыру
- •Құрамды оператор
- •Күрделі шартты операторлар
- •CASE таңдау операторы
- •2.11. Қайталау құрылымды алгоритімдерді ұйымдастыру
- •FOR параметрлі цикл операторы
- •Whіle алдыңғы шартты цикл операторы
- •Repeat кейінгі шартты цикл операторы
- •Фибоначчи сандарын есептеу
- •Евклид алгоритмі
- •2.12. Процедуралар және функциялар
- •Функциялар
- •Рекурсивті программалау мысалдары
- •3. ҚҰРЫЛЫМДЫ БЕРІЛІМ ТИПТЕРІ
- •Жолдық өрнектертер
- •Жолдық процедуралар және функциялар
- •3.2. МАССИВТЕР
- •Массивті сипаттау
- •Символдық массивтер
- •Іріктеу алгоритмдері
- •Ұсақтап бөлу арқылы тез іріктеу әдісі
- •3.3. ЖИЫНДАР
- •Жиындарға қолданылатын амалдар
- •3.4 ЖАЗБАЛАР
- •Типті сипаттау
- •Сатылы жазбалар
- •Файлдық типтер және айнымалылар
- •Сыртқы файлды программамен байланыстыру
- •Файлдан оқу
- •Файлға жазу
- •Файлды толықтыру
- •Мәтіндік файлдар
- •Қолданылған әдебиеттер
2.Мына Паскаль тілінде жазылған өрнекті математикалық түрде жазыңыз:
1)SGR(X) – (B+Sіn(45*pі/180)) / (15+A1);
2)(5*B – Sgrt(N + 4*Y1))/cos(90*pі/180+5);
3.Берілген өрнектерді Паскаль тілінде жазыңыз:
|
|
|
|
|
|
|
|
4.5 |
+ |
a2 |
|
|
|
4.5 + |
sin x |
|
|
− |
Cos450 |
+ a2 ; |
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||||
|
Sin x + |
5a + |
|
− x2 ; |
|||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||||
|
|
D1 |
+ |
89 |
|
||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
7 A1 |
+ 56 |
|
||||||||||||||||
A1 + 5D1Sin x |
+ Cos450 ; |
|
|
N1 + |
8Ln x |
|
− A1 + |
4X 2 ; |
|||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||
|
|
h + |
A1 |
|
|
Cos250 + |
55 |
||||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2.5. Программаның құрылымы
Паскаль тілінде программаның құрылымы негізгі екі бөлімнен тұрады.
Олар сипаттама және операторлар бөлімдері.
Программаның құрылымы төмендегі жалпы жазылу түрінде
көрсетілген. |
|
|
Program < аты >; |
{программаның басы, аты} |
|
Uses <аты1, ...>; |
{дайын модульдерді қосу бөлімі} |
|
Label …; |
{белгілер бөлімі} |
|
Const …; |
{тұрақтылар бөлімі } |
|
Type …; |
{типтер бөлімі } |
|
Var |
…; |
{айнымалылар бөлімі } |
Procedure < аты >; |
{процедуралар бөлімі} |
|
Function < аты >; |
{функциялар бөлімі} |
|
Begin |
|
{операторлар бөлімі} |
Оператор 1; |
|
|
Оператор 2; |
|
|
... ; |
|
|
Оператор n; |
|
|
End. |
|
|
Program |
– резервтелген сөзінен кейін латын әріптерімен |
программаның аты жазылады.
Uses – резервтелген сөзінен кейін, Турбо Паскаль програмалау жүйесінің кітапханасынан программаға қосатын, стандартты модульдердің есімдерінің тізімі жазылады.
Форматы: Uses < аты1 >, < аты2 >, …;
Мысалы: Uses Crt, Graph;
Label – резервтелген сөзінен кейін программада пайдаланатын белгілер тізімі сипатталады. Паскальдің кез келген операторының алдында белгі қоюға болады.
Форматы: Label< аты, ...> ;
20
Мысалы: |
Label Metka1, Metka2, 111, M1; |
|
Операторлар бөлімінде белгіден кейін екі нүкте қойылады, |
||
мысалы: |
|
|
Label |
|
{белгілерді сипаттау} |
M1, M2; |
|
|
Begin |
|
|
… |
|
|
M1: <оператор>; |
{M1 белгісін пайдалану} |
|
… |
|
|
M2: < оператор >; |
{M2 белгісін пайдалану} |
End.
Const – резервтелген сөзімен тұрақтылар бөлімі басталады. Тұрақтылар идентификатормен белгіленеді.
Форматы:
Const< идентификатор> = < мәні>;
Мысалы: Const Lіmіt = 255; |
{сандық тұрақты} |
Name=’Саша’; |
{жолдық тұрақты} |
Code = $124; |
{он алтылық мәнтұрақты} |
Type – резевтелген сөзінен кейін стандартқа келмейтін типтерді сипаттауға болады.
Форматы: Type < типтің аты > = < мәні>;
Мысалы: айға және жылға сәйкес типтерді хабарлауды былай жазуға болады:
TYPE
Month = (jan, feb, mar, apr, may, jun ); YEAR = 1900..2000;
Var – (variable – айнымалы) сөзінен кейін программаға қатысатын айнымалылар тізімі үтірмен және олардың типтері екі нүктемен бөлініп сипатталады.
Форматы: VAR < идентификатор, ... > : < типі>;
Мысалы: VAR
І, j : ІNTEGER; L : REAL; STR : STRІNG;
Procedure немесе Function деген резервтелген сөздерден кейін ішкі программалар сипатталады.
Ішкі программа – деп, өзінің есімімен негізгі программаның кез келген жерінен шақырылатын, программалық модульді айтады.
Ескерту: программада процедураларды және фунцияларды қолданып ұйымдастыру тәртібі толығымен төменде қарастырылады.
21