- •Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университеті
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені (поәк)
- •Ik1101, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша
- •Мазмұны
- •Пәннің оқу бағдарламасы)
- •7. Пәннің күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Соөж-ын жүргізу жоспары (кеңес беру)
- •10. Сөж-нан берілген тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі
- •Силлабус
- •7. Пәннің күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •8. Дәріс (лекция), практикалық сабақтар жоспары
- •9. Соөж-ын жүргізу жоспары (кеңес беру)
- •Практикалық сабақ орындаудың әдістемелік нұсқауы
- •Соөж орындаудың әдістемелік нұсқауы
- •Сөж орындаудың әдістемелік нұсқауы
- •Сөж орындаудың әдістемелік нұсқауы
- •Сөж орындаудың әдістемелік нұсқауы
- •Сөж орындаудың әдістемелік нұсқауы
- •Сөж орындаудың әдістемелік нұсқауы
- •14. Iшкi семестрлік және қорытынды бақылау өткізу сұрақтары:
- •15. Студенттің білімін бағалаудың жүйесі
- •15.1Студенттерге рейтинг қою шкаласы
- •15.2 Қорытынды бағаны есептеу
- •15.3 Білім алушылардың балдық-рейтингтік оқу жетістіктерінің бағасын дәстүрлік баға шкаласына ауыстыру
- •15.4 Академиялық тәртіп саясаты
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
Сөж орындаудың әдістемелік нұсқауы
«Философия және тарих кафедрасы
Пәннің атауы:Қазақстан тарихы
Мамандығы:
Курс: 1
Оқу нысаны: күндізгі
Оқытушы: т.ғ.к., доцент Пірімбетова Е.Ө.
№3 Тапсырма (СӨЖ)
Тапсырма 15 баллмен бағаланады
Тапсыру аптасы – 12
Тапсырма тақырыбы: XVIII-XXғғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар.
Бақылау түрі:конспект дайындау, глоссарий жазу, оны жаттау, тапсыру.
Талдауға ұсынылған мәселелер:
1. XVIII-XXғғ. басындағы ұлт-азаттық қозығалыстарға салыстырмалы талдау жасау
2.Кенесары Касымов бастаған көтерілістің тарихи маңызы
Әдіснамалық ұсыныстар: студент қосымша әдебиеттерді жинақтай отырып конспект жазады, глоссарийді анықтайды, тапсырады.
Білім бағалау:
Максималды балл алу үшін тапсырма толық және дер кезінде орындалу қажет
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
1. Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Оқулық. А., 2007ж.
2. Берденова К.А. Қазақстан тарихы, Экономика. Алматы 2008 г
3. Евразийство в экономической и этнополитической истории Казахастана. Под ред. К.А. Берденовой. Алматы «Экономика», 1997.
4. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін 4 т. А., т.1 1996ж. т.2 1997ж. т. 3 2000ж.
5. Пірімбетова Е.Ө. «Қазақ елінің тарихы» Алматы, 2003
Сөж орындаудың әдістемелік нұсқауы
«Философия және тарих кафедрасы
Пәннің атауы:Қазақстан тарихы
Мамандығы:Барлық мамандықтар үшін
Курс: 1
Оқу нысаны: күндізгі
Оқытушы: т.ғ.к., доцент Пірімбетова Е.Ө.
№4 Тапсырма (СӨЖ)
Тапсырма 15 баллмен бағаланады
Тапсыру аптасы – 14
Тапсырма тақырыбы: Қазақстан тарихындағы кеңестік кезең.
Бақылау түрі: баяндама жазу, оны қорғау, глоссарийді анықтау, тапсыру.
Талдауға ұсынылған мәселелер:
1. XX ғ. басында қазақтардың отырықшылыққа күштеп көшірілуі
2.Кеңестік Қазақстан мәдениеті, оның қайшылықтары
Әдіснамалық ұсыныстар: студент қосымша әдебиеттерді жинақтай отырып баяндама жазады, оны қорғауға әзірленеді, баяндама барысында глоссарийді анықтайды, тапсырады.
Білім бағалау:
Максималды балл алу үшін тапсырма толық және дер кезінде орындалу қажет
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
1. Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Оқулық. А., 2007ж.
2. Берденова К.А. Қазақстан тарихы, Экономика. Алматы 2008 г
3. Евразийство в экономической и этнополитической истории Казахастана. Под ред. К.А. Берденовой. Алматы «Экономика», 1997.
4. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін 4 т. А., т.1 1996ж. т.2 1997ж. т. 3 2000ж.
5. Пірімбетова Е.Ө. «Қазақ елінің тарихы» Алматы, 2003
Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқауы
Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты: материалды бекіту, тереңдету, дамытумен қатар оқытушының көмегінсіз оқып үйрену болып табылады. Оқушыға мұндай жұмыс тапсырмаларын беру үшін алдымен олардың қабілетін, оқуға ынтасын анықтап алып, оларға деңгей бойынша тапсырмалар беру қажет. Себебі студенттердің танымдық іс-әрекеті олардың жеке бас ерекшеліктеріне байланысты.
Өзіндік жұмыс түрлері:
Репродуктивтік жұмыстар: дайын дерек көздерін пайдаланып кесте, сызба, диаграмма, т.б. толтыру;
Реконструктивтік: өз бетімен жоспар құру, реферат, тезис, андатпа, курстық жұмыс жазудан тұрады;
Шығармашылық жұмыс: өзіндік талдау, жаңа дерек көздерін игеру, оны орындау.
Қазіргі кезде өзіндік жұмыстың екі түрі қолданылады:
Дәстүрлі, яғни өзі қалаған уақытында орындалатын жұмыстар;
Аудиторияда оқытушының бақылауымен орындалатын жұмыстар.
Оқушылар қандай дәрежеде өзіндік жұмысты атқара алатындығын анықтап алып, оқытушы оларға тапсырма береді. Берілген тапсырманың мақсаты, орындау мерзімі жұмысқа қойылатын талаптар көрсетіледі. Струденттерге дамыта оқыту технологиясы бойынша әр түрлі тапсырмалар беріліп, зерттеу бағытында жұмыстар жүргізіледі.
Тарих пәнінің оқытушылары өз жұмыстарында студенттердің білім-білген дамытуға арнап жасалған әр түрлі нұсқауларды пайдаланады. Бұл нұсқаулар студенттердің тарихи материалдарды меңгеруіне, оларды икемділіктері мен дағдыларының қалыптасуына көп көмегін тигізді. Осы нұсқаулар студенттерден сабақ кезінде және үйдегі өз бетімен орындалатын жұмыстарды орындауда белгілі бір шеңберден шықпай, соны қатаң сақтауды емес, қайта олардың шығармашылық жұмыстарын жандандыратын ұсыныс ретінде беріледі.
Мен өз сабақтарымда әр түрлі жадынамаларды жиі қолданамын. Өзімнің іс-тәжірибемде біршама өзгертілген немесе ықшамдалған жадынамалардың бірнешеуін ұсынамын. Мысалы, оқулықпен жұмыс істеу, оқулық параграфымен жұмыс істеу, жоспар құру, тезисті жасау, конспект жасау, реферат жазу, баяндама жасау және т.б.
Сонымен қорытындылай келе:
Өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырған студент алған білімін жүйелей алады;
Ол өз ойын, пікірін айта алады;
Әр түрлі білім көздерін пайдалану арқылы салыстыру, қорытынды жасай біледі, кесте, сызбанұсқалар, диаграммалар құрып, баяндама жасай алады;
Пәнге деген қызығушылығы артады;
Оқушы қоғамдық жұмыстарға: конференцияларға, олимпиядаларға, дебат орындарына белсенді қатысады.
Сонымен, өзіндік жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырған студент өз бетімен еңбектерін, терең білім алуға қабілетті, саналы, жауапкершілігі жоғары, тәрбиелі адам болып қалыптасады. Біздің алдымыздағы негізгі міндетіміз де осы, яғни Қазақстан Республикасының саналы, өз қабілеттерімен дербес жұмыс істей алатын білімді, тәрбиелі азаматын тәрбиелеу. Қазақстан тарихы бағдарлама бойынша 3 кредитке бөлінеді.
Осы мақсатпен мен өзімің алған іс-тәжірибемнен мынадай студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулардың бірнешеуін ұсынамын.
Ең алдымен, тарих сабағында студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру, кітаппен, тарихи құжаттармен, конспект, тезис, реферат, жоспар, сызба, кестелермен жұмыс істей білуді және оларды өзі жасай білуден басталады.
Оқулықты немесе кітапты қалам ұстап отырып оқы. Көз жүгіртіп тез оқы, бірақ зерделі, ықыласты бол. Кітапты оқып шығып, оның негізгі идеясы, ондағы оқиғалар мен фактілер туралы ойлан. Осы кітапты ең негізгі нәрселер туралы, оның жетістігі мен кемшілігі туралы жазба жаса.
Енді жоспар жасау қажет. Ол үшін оқулықтағы бір тақырыпты оқып шығып, оны ойлап, қорытып алып, аяқталған бөліктерге бөлу керек. Жоспардың негізгі тармақтарын атап, оны рим цифрларымен белгілеу қажет. Бұл – қарапайым жоспар. Енді өз жұмысыңыздың дұрыстығын тексеріңіз.
Тезис жасауға болады. Тезис – гректің «thisis» - «положение, утверждение», яғни байлам, тұжырым деген сөзі. Тезистер – берілген мәтіннің қысқаша құрастырылған негізгі тұжырымы. Егер жоспардың тармағы сұрақ түрінде болып, оның мазмұнын ашпаса, тезис осы сұраққа жауап ретінде оның мазмұнын ашып береді. Тезис өте қысқа байлам немесе тұжырым ретінде беріледі. Егер тезис тек байлам емес, дәлелдеулер болса, онда ол күрделі тезис болады.
Енді конспекті жасау болады. Конспект – латынның «conspectus» - «шолу» деген сөзі, бұл кітап, мақала, баяндама не дәрістін қысқаша мазмұнын жазу. Конспект жасау үшін алдымен тақырыпты түгел оқып, оны ойша қорытып алу керек. Содан кейін жоспар жасап, оған тезис жазып, оларды фактілермен, дәлелдеулермен толықтырғанда конспект болып шығады. Оны жасау кезінде қысқартып жазу қолданылады.
Реферат жазуға болады. Реферат – латынның «докладываю, излагаю», тұтас шығарма, қысқа болса да кітаптың негізгі мазмұны қорытындылармен беріледі. Реферат 2 түрлі болады:
Бір кітаптың мазмұнын беретін реферат;
Бір тақырып бойынша әр түрлі қайнар көздерден алынып, жинақталған мәліметтер.
Қазіргі кезде студенттер білімді өздері іздеп табуы керек. Сондықтан, студенттер олардың ойлау қабілетін дамыту үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді, яғни жаңа инновациялық технологияларды қолданады. Мен өз сабақтарымда студенттерге әр түрлі тапсырмалар беремін. Мысалы, жоғарыда айтылған 1 кредитке жататын тақырыбым өткенде, студенттер өзіндік жұмыстар атқарады:
