Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Cillabus_dintanu.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
52.41 Кб
Скачать

Қазақ Қазақ экономика, қаржы және сауда университеті

Экономика, басқару және құқық факультеті

Әлеуметтік жұмыс кафедрасы

Студентке арналған пәнді

оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Пән атауы:______ Дінтану___

Мамандықтар(шифры, атауы): 5В050600 Экономика, 5В051100 Маркетинг, 5В050700 Менеджмент, 5В051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару, 5В090400 Әлеуметтік мәдени сервис, 5В090500 Әлеуметтік жұмыс, 5В090200 Туризм, 5В051300 Әлемдік экономика 5В030400 Кеден ісі, 5В050900 Қаржы, 5В050800 Есеп және аудит, 5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету, 5В070300 Ақпараттық жүйе, 5В090800 Бағалау, 5В051200 Статистика мамандықтарын игеретін студенттер үшін

Пәннің коды: D 1110.

Оқыту түрі: Күндізгі

Күндізгі оқу түрі

Барлық кредит/сағат

2/90

Курс

1/2

Семестр

1/2

Дәрістер (сағат)

15

Тәжірибелік (семинар) сабақтар (сағат)

15

Зертханалық сабақтар

(сағат)

-

Аралық бақылау саны

2

СОӨЖ (сағат)

30

СӨЖ (сағат)

30

Емтихан (семестр)

1/2

Астана – 2013

«_Дінтану_» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен (ПОӘК) Қазақстан республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, типтік бағдарлама () және осы пәннің оқу жоспары негізінде жоғары оқу орындарының барлық мамандығына арнайы құрастырылды.

.

Жұмыстық оқу бағдарламасы «Әлеуметтік жұмыс» кафедрасында қарастырылып (хаттама №_ __, «____»_______ 20___ ж.), бекітілген.

Кафедра меңгерушісі ___________п.ғ.д.,профессор Г.Ж. Меңлібекова

(қолы)

Жұмыстық оқу бағдарламасы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің оқу-әдістемелік кеңесінде қаралды

(хаттама № __, «____»_______ 20___ ж.).

Қазақ экономика, қаржы және

халықаралық сауда университеті

Оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы _____С. С. Сағынтаева

1.Курс оқытушысы: Нығмет Алтайбек, әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі. Телефон:37-39-05 * 109

Ғылыми мектеп: Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігінің Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Т.О. Омарбековтың жетекшілігімен аспирантурада оқыдым.

2. Курстың атауы: Дінтану Курстың коды: D 1110. Кредит саны:2.

3. Уақыты: Семестр: 1, 2 Аудитория: кесте бойынша

4. Пәннің пререквизиттері мен и постреквизиттері.

Пәнінің пререквизиті: философия, ежелгі шығыс тарихы, Қазақстан тарихы т.б.

Пәннің постреквезиттері: философиялық пәндер, этика, психология, социология. т.б.

5. Оқу пәнінің сипаттамасы.

5.1. Оқу пәнінің мәні.

“Дінтану” курсы білікті мамандарды даярлауда және олардың рухани көзқарасын қалыптастыруда маңызды курс болып табылады және алғашқы қауымдық діндер, ұлттық діндер, әлемдік діндердің тарихы мен түп тамыры туралы мәліметтерді меңгереді. Сонымен қатар, олардың жеке тұлға мен қоғамның қалыптасуына, әлеуметтік қатынастардың реттелуіне, мемлекет саясатының жағдайына əсерін зерттеу болып табылады Адамзат пен қоғамның қазіргі кездегі дамуы бұл ғылымның қажеттілігі мен өзектілігін анықтайды. Қазіргі кезде әртүрлі діндердің, секталардың, сектант фанатизмінің қалыптасуы мен дамуы бұл пәнді оқуды талап етеді.

5.2. Оқу пәнінің мақсаты Бұл пәннің мақсаты- студенттерге дін туралы қазіргі қоғамдық қажеттілік тұрғысынан түсіндіре отырып, ежелгі діндер, , ұлттық діндер, әлемдік діндердің тарихы мен шығу тегі туралы ғылыми-зерттеушілік еңбектер және ежелгі дін формаларын жан-жақты зерделеуге барынша көмектесу, сонымен бірге дінтану пәнін оқытуды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету. Сонымен бірге, қазіргі Қазақстандағы діни ахуал бойынша кейңнен байдар беру және рухани дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру.

5.3.Пәнді оқытудың міндеті.

- студенттерге діннің маңызы мен рөлін және құрылымдық негіздерін түсіндіру;

-діни мәселелерді талдауға үйрету;

-әрбір діннің ерекшелігін көрсету;

-студенттердіңдінтану білімдерінің негізін қалыптастыру;

-студенттердің өз дүниетанымдықпозициясын тұрақтандыру

5.4. Оқу барысында студенттер мынаны білуі қажет:

Дінтанудың пәні мен мазмұнын, ежелгі діндердің, ұлттық діндер, әлемдік діндердің тарихы мен шығу тегі пайда болуы мен даму кезеңдерін және ежелгі, ұлттық, әлемдік діндердің ерекшеліктерін: Студент танып-парқылауы тиіс: Ежелгі діндердің, ұлттық діндер, әлемдік діндер туралы теориялардың мән-мағынысы туралы өзіндік ой-пікірін айқын жеткізе білуі керек. Сонымен қатар, әлемдік діндер жайлы дүниетанымдық және ғылыми тұрғыдан талдап, қазіргі қоғамдағы дін мәселесінің мәні мен маңызын бағамдай білуі керек