3. Басқару құрылымы және оны жетілдіру бағыттары
Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ ректораты университеттің мәжіліс органы болып табылады. Өз жұмысында ректорат ҚР заңнамасын, ректор 25.11.2009ж. бекіткен Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті” АҚ ректораты ережесін» және Оқу орны жарғысын басшылыққа алады. 2009-2010 оқу жылы үш жылдық мерзімге ректораттың жаңа құрамы таңдалды, оның құрамында 37 адам бар және ол “Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ” АҚбасқарма мәжілісінде бекітілді. Ректорат төрағасы Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ ректоры, э.ғ.д., профессор Святов С.А., ректорат төрағасының орынбасары – бірінші проректор-оқу ісі жөніндегі проректор С.С. Арыстанбаева, ректораттың хатшысы – э.ғ.к., доцент С.С Бақтымбет, барлық проректорлар, факультет декандары, университетің құрылымдық бөлімінің басшылары және студенттік ұйымның өкілдері ректорат мүшелері болып табылады. Ректорат жыл сайынғы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес ай сайын мәжіліс өткізеді (әр айдың алғашқы сенбісі). Ректоратта 4 тұрақты коммисия жұмыс істейді, олар Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Ғылыми Кеңесінің жанында қызмет етеді. Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ ректоры Святов Серік Аманжолұлы – экономика ғылымдарының докторы, профессор. Бірінші проректор – оқу ісі жөніндегі проректор Арыстанбаева Сәуле Сабырқызы – экономика ғылымдарының докторы, профессор. Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор,Таменова Салтанат Сарсенбаевна – экономика ғылымдарының кандинаты, профессор. Швыдко Алексей Александрович – философия ғылымдарының кандидаты, доцент. Қаржылық және әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры – Әменова Камиля Амантурлиевна Phd докторы. Тәрбие ісі және қоғаммен байланыс жөніндегі проректор Жүнісов Әділ Мәуленұлы – саясаттану ғылымдарының докторы, профессор.
4. «Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасы қызметкерлерінің функциялары мен қызмет орнына сәйкес міндеттемелері
«Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасы «Экономика және Басқару» факультетінің негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады, және оқулық, әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметін, ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау және біліктілікті көтерумен айналысады. Кафедра «Экономика және Басқару» факультетінің деканына бағынады.
Кафедраның негізгі пәндері: Экономиканы мемлекеттік реттеу, әлеуметтік саланы реттеу, сыртқы экономикалық қатынастарды мемлекеттік басқару, мемлекет және бизнес, стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік басқару теориясы.
Кафедраның құрамында профессорлар доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар қызмет атқарады, сонымен қатар доктаранттар мен аспиранттар, ізденушілер бар.
Кафедра өз қызметін оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу,тәрбие және басқа жұмыс түрлерін қамтитын жылдық жоспарға сай жүргізіп отырады
Кафедра қызметінің мәселелерін талқылау үшін және соған сәйкес шешім қабылдау үшін барлық профессорлық-оқытушылық құрам қатысатын кафедра мәжілісі өткізіледі.
Кафедра оқу әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарының мазмұны ұйымдастыру қызметі көрсетілген құжаттама жүргізеді. Іс құжаттары мен номенклатурасы университет ректорымен бекітілген іс жүргізу шарына сәйкес жүргізіледі.
Кафедра оқытудың барлық түрлері бойынша оқытушылық сапасын әрдайым тұрақты түрде жетілдіре отырып, келесідей негізгі функцияларды орындайды:
-мемлекеттік стандарт негізінде ғылымның, техниканың, экономиканың, мәдениеттің соңғы жетістіктері мен даму ерекшеліктерінің соңғы жетістіктерін көрсететін, сонымен қатар мамандарды дайындау ерекшеліктері мен аймақтық жағдайды ескереін типтік оқу жұмыс жоспары мен оқу бағдарламаларын, силлабустарды әзірлейді; мамандарды теориялық және кәсіби дайындауда фундаменталды ғылым мәнін жоғарылатуда пәнаралық логикалық байланысты, оқытудың гуманитерлығын қамтамасыз етеді;
-студенттердің шығармашылық қабілеті мен білімін нығайтудың тиімді формасы ретінде өзіндік, зертханалық, СОӨЖ, семинар, тәжірбиелік сабақтарды белсендендіру мен оқытудың басты формасы ретінде дәрістің теориялық деңгейін жоғарылатуды үздіксіз қамтамасыз ету;
-кейс-әдіс, ситуациялық тапсырмаларды шешу, «іскерлік ойындарды»қолдану арқылы оқытудың қазіргі әдістерін енгізеді;
-өндірістік және зерттеу қызметінің нақты шарттарына сай дипломдық және курстық жұмыстармен жетекшілік жүргізеді, курстық емтихандар өткізіп, олардың нәтижелерін кафедра мәжілісінде қарастырады, бақылаудың аралық және студенттердің білімін тесттік бағалау жүйесін енгізеді;
-кафедрада оқытылатын пәндерді кешенді әдістемелік қамтуды жүзеге асырады; оқу сабақтарының барлық түрлерін жүргізу бойынша оқулықтар, оқу құралдарын дайындау, сонымен қатар оқытудың белсенді әдістері мен формаларын, қазіргі оқу техникалары мен зертханалық құралдарды қолдану.
Басқару органдары мен экономика салаларынмен байланысты нығайту мен кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Атап айтқанда:
Студенттерде кәсіби машықтармен, еңбекті ұйымдастыру және басқарудың айқын әдістерін үйрену, ұйымдастырушылық қызмет тәжірибесімен алмасу мақсатында кәсіпорындармен, мекемелермен, мемлекеттік басқару органдарымен біріккен қызмет түрлерін дамытып отырады;
Студенттер алдында жетекші ғалымдармен кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының сөз сөйлеулерін ұйымдастырады, сонымен қатар кафедраның ПОҚ тұрақты түрде шағын отырады.
Басқарудың мемлекеттік және жергілікті оргадарымен бірге болашақ мамандардың жұмысқа орналасуы жөніндегі мәселелерді шешіп отырады;
Мамандардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларға қатысып отырады, белгіленген тәртіп бойынша кафедра профиліне сәйкес кадрларды дайындау мен біліктілігін жоғарылату бойынша курстар мен семинарлар ұйымдастырады.
Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысына қатысады:
Кафедра профиліне сай әлеуметтік-экономикалық мәселелер, маңызды теориялық зерттеулер бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, сонымен қатар мамандарды дайындау сапалығын арттыру мақсатында жоғарғы мектеп педагогика мәселесі;
Басылымға шығару немесе оны тәжірибеге енгізуді ұсыну мақсатында аяқталған ғылыми зерттеу жұмыс нәтижелерін талқылау;
Докторанттар, аспиранттар мен ізденушілердің диссертациялық зерттеулерін орындауды ұйымдастыру;
Ғылыми зерттеу мекемелерімен ұйымдарымен басқа да ЖОО шығармашылық әріптестік бойынша келісім шарт жағдайында қарастырылған ғылыми зерттеу жұмыстарын орындауға қатысу;
Студенттер мен абитуренттер контингентін қалыптастыру үшін жұмыс істейтін жастар мен оқитындар арасында профориентациялық жұмыс жүргізу және ұйымдастыруға қатысу.
Бекітілген тәртіп бойынша шетел оқу орындарының кафедраларымен оқу және әдістемелік қызмет, ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әріптестік қызметті жүзеге асырады.
