Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Глоссарий.docx
Скачиваний:
43
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
40.13 Кб
Скачать

Глоссарий

  1. Аванс тапсырыс берушіге жеткізілген тауарларды, ол үшін орындалатын жұмыстар, қызметтер үшін алдыда тұрған төлеу есебінен тапсырыс берушімен алдын ала төленетін белгілі бір ақша сомасы. Аванс – алдын ала төлеу нысаны, орындаушыны қызықтыруға, тапсырыс беруші тарапынан ақша алуға кепілдік беруге, орындаушылардың алдыда тұрған шығындарын өтеуге арналған. Шарт бұзылған жағдайда аванс толық немесе ішінара қайтарылуға жатады.

  2. Аванстық есеп– авансты шығындауды растайтын құжат. Онда авансты алған тұлғамен есеп беруге алынған сома, іс жүзінде жасалған шығындар, есеп беруге арналған соманың қалдығы немесе олардың артық шығыны көрсетіледі. Аванстық есеп басшымен бекітілетін бухгалтериямен тексеріледі және берілген авансты есептен шығару үшін негіздеме болып табылады.

  3. Авторлық құқық – ғылым, әдебиет, туындылары, әдеби, музыкалық, кино, дыбыс, бейне және басқа материалдарды басу және іске асыру өнері авторларының ерекше заңнамамен белгіленетін құқықтары. Авторлық құқықтар материалдық емес активтерге жатады. Авторлық құқыққа сәйкес тек автор ғана өз туындысын пайдалану мүмкіндігін кімнің және қандай жолмен алатынын анықтай алады. Авторлық құқық мұраға қалдырылады. Заңдарда белгіленген жағдайларда авторлық құқық мемлекетке өтеді.

  4. Айналым тізімдемесі – шоттардың мәліметтері негізінде айдың басы мен аяғындағы қалдығы қорытындыланып айдың соңында жиынтық тізімдемеге жазылады. Айналым тізімдемесінде әрбір синтетикалық есеп шотына жеке бет ашылады, онда бастапқы сальдо, айналымдар және қалдық сальдо осы шоттар бойынша көрсетіледі. Қалған үш колонкада дебет пен кредиттің сальдосы мен айналымдары жазылады. Аналитикалық есептің шоттары бойынша айналым тізімдемесінде есеп жазбаларының дұрыстығын бақылау қолданылады және есеп объектілері тәуелділігіне байланысты әртүрлі нысандарда орындалады. Синтетикалық шоттардың мәліметтері айналым тізімдемесінің жиынтығы аналитикалық есеп шоттарымен салыстырылуы керек.

  5. Айналымдық қаржы – қаражаттың бір ғана айналымына қатысады және өзінің құнын өндірілген өнімге бірден және толығымен қосады. Олар айналымдық өндіріс құралдары мен айналған қаржыдан тұрады.

  6. Аккредитив – кәсіпорынның заңды немесе жеке тұлғаға аккредитивте көрсетілген келісімшарттың орындалғандығына қарай белгіленген соманы төлеу туралы тапсырмасы

  7. Активтер өткен оқиғалар нәтижесінде болашақта экономикалық табыстар күтілетін компаниямен бақыланатын ресурстар. Активтер құрамына келесілер кіреді: қысқа мерзімді активтер (ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржы салымдары, дебиторлық берешек, алдын ала төленген шығындар және басқалар; ұзақ мерзімді активтер өндірістік инвестициялар және қаржы салымдары, негізгі құралдар, материалдық емес активтер.

  8. Активтерді тану – активтерді бірегейлік өлшемге келтіріп, қаржылық қорытынды есеп мәліметтерін пайдаланушыларды талабына қарай қанағаттандыруды айтады.

  9. Акцепт – төлеушінің белгіленген мерзімде аудармалы векселді (траттаны), төлеуге қойылған шотты төлеуге, төлеу туралы басқа да талаптарды қанағаттандыруға міндеттемесі (келісімді растау). Акцепт төлем талабында «акцептелді» жазбасы нысанында және қолтаңбамен ресімделеді. Акцепт деп сонымен бірге бір тараптың ұсынысы (оферта) бойынша шарт жасауға екінші тараптың келісімі аталады.

  10. Акциздік (жанама) салық – сатылатын тауардың бағасына қосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар, яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері, құрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.

  11. Акция – кәсіпорындар мен ұйымдардың қандай-да бір акционерлік қоғамды дамыту үшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидендт түрінде (табыс ретінде) алуға құқық беретін бағалы қағаз болып табылады.

  12. Ақша эквиваленті (баламалары) – бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады

  13. Алдағы кезең шыгындары деп есеп беретін кезеңде шығарылған, бірақ келесі есеп беретін кезеңнің шығындарына жататын шығындарды айтады.

  14. Амортизация негізгі құралдар өндіріс үдерісінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады.

  15. Амортизациялық аударым мөлшері негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы.

  16. Артықшылғы бар акциялар – басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар иесіне тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді, яғни оларға белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар ұйымның таза табысын акционерлер арасында бөлу кезінде немесе қоғамның жойылуы кезінде жәй акциялар мен салыстырылғанда артықшылыққа ие болып табылады.

  17. Әділ құны – бір-бірінен жақсы хабардар, бір-бірінен тәуелсіз және келісімді ерікті түрде жүргізетін тараптардың арасындағы міндеттемелерді өтеу немесе активтерді иелену үшін жеткілікті болатын ақша қаражатының шамасы.

  18. Әкімшілік – фирма, кәсіпорын, ұйым басшылығы, басқару аппараты; жедел басқаруды жүзеге асыруға, заңды тұлға ретінде әрекет етуге, ұйымның, мекеменің ресми мүддесін білдіруге уәкілетті тұлғалар аясы. Әкімшілікке фирма басшысы (президенті), оның орынбасарлары (вице президенттері), атқарушы директорлары, бас бухгалтер, жетекші менеджерлер жатады.

  19. Әлеуметтік салық – заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтарының бірі. Оның басқа салық түрлерінен ерекшелігі, бұл салықтың мөлшері кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқаратын қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелетін еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты б.т. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептеліп кәсіпорынның шығындарына қосылып отырады. Бірақ та жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан ұсталмайды. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады.

  20. Баға валютасы – сыртқы саудалық келісімшартта тауардың бағасы бейнеленетін ақша бірлігі, мұндай валютамен сол сияқты берілген шетелдік несиенің сомасы көрсетіледі; басқа да атаулары: мәміле валютасы, келісімшарт валютасы.

  21. Бағалау – бухгалтерлік есепте материалдық құндылықтар ақшалай өлшеммен есептелінеді. Кәсіпорындағы мүліктердің және міндеттемелердің құнын ақшалай өлшемге айналдырып есептеу әдісін бухгалтерлік есептің бағалау әдісі деп атайды.

  22. Баланс валютасы – барлық бухгалтерлік баланс шоттарынан құралатын сомма жиынтығы. Бұл сомма актив бойынша және міндеттеме мен баланс капиталы бойынша бірдей болу керек.

  23. Басқарудағы есептілік – өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құны жайлы немесе сұранысы төмен тауарлардың өзіндік құны туралы және т.б. мәліметтері бар, сыртқы тұлғалардан қатал құпияда ұсталынатын есептілік.

  24. Басты кітап – бухгалтерлік жинақ тіркеуші синтетикалық есеп жүргізу үшін барлық шоттар бойынша ұйымдарда қолданылады. Есепшотта қалдық 1 қаңтарға жазылады, ай сайын журнал-ордерден алынған қорытындылар тіркеледі,айлық айналымдар айдың соңындағы қалдық шығарылады. Айдың аяғында журнал-ордердегі қорытындылар басты кітапқа көшіріледі.

  25. Берілген аванстар ұйымның жабдықтаушылар мен қызмет көрсетушілерге олардан алынатын тауарлық-материалдық қорлар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер үшін және олардың көрсетілетін қандайда бір қызметі үшін алдын ала төленіп қойылған сомалары болып табылады.

  26. Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын) – барлық шығыстар мен салық төленгеннен кейінгі шығарылатын кірістің қалған сомасы.

  27. Бухгалтерлік баланс – кәсіпорынның активтерімен (шаруашылық қорларымен) олардың қорлану көздерінің белгілі бір мерзімге бір жүйеге келтіріліп, ақшалай өлшем түрінде теңестіріліп екі жақты кестеде бейнеленуі.

  28. Бюджет – жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп (бекітіліп) пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын, мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланады.

  29. Варрант – тауар қоймалары өздерінің тауарларды сақтауға қабылдап алғандығы туралы беретін куәлігі. Бұл құжат бойынша тауарды кепілдікке беруге немесе сатуға болады. Варрант екі бөліктен тұрады. Олар – қойманың өзінің куәлігі және кепілдік куәлігі. Біріншісі тауарды сатқан кезде, оған меншік құқығын беру үшін қажет. Екіншісі кепілдіктегі тауар үшін несие алуға қажет. Онда қарыз ақшаның шарттары туралы белгі соғылады.

  30. Вексель оның иесінің бслгіленген мерзім, яғни уақыт біткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай-ақ капиталды қысқа мерзімді инвестициялау құралы бола отырып, вексель құнды қағаздардың ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді.

  31. Гудвилл деп немесе «фирма бағасы» материалдық емес активтер шотында есептелініп және сонымен қатар ол бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынды толығымен, яғни түгелдей сатып алған кезде немесе екі кәсіпорын қосылған уақытта ғана пайда болады.

  32. Дебет – бухгалтерлік есеп шоттарының сол жақ жағы, дебет бойынша активті шотта – қорлардың көбеюін, ал пассивте – осы қорлар көзінің азаюын көрсетеді. Дебиттік сальдо активті шоттарда болады.

  33. Дебитор – кәсіпорынға, ұйымға сондай-ақ мекемеге берешегі бар заңды немесе жеке тұлға.

  34. Дебиторлық берешек бұл басқа мекемелердің мекеменің алдындағы ақшалай шаққандағы қарыздық міндеттемелері болып табылады.

  35. Депозиттік сертификаттар – ірі атаулы құнға (номиналға) ие болатын мерзімдік сертификаттар. Депозиттік сертификаттар (жалпылай алғанда) бағалы қағаз болғанымен оларды бір адамнан екінші адамға беруге болады. Депозиттік сертификаттар клиентке банк мекемесінің берген борыштық сенімхатының рөлін атқарады.

  36. Дивиденд – акционерлерге олардың акцияларының саны мен түрлеріне қарай тиесілі акционерлік қоғам табысының бір бөлігі болып табылады.

  37. Екі жақты жазу әдісі – шаруашылық үдерістері барысында орындалатын әрбір операция негізінде кәсіпорынның қаржылары мен олардың пайда болу көздерінде екі жақты және тең өзгерістер болып отырады. Олар екі жақты жазуды керек етеді, яғни бір шоттың дебитінде, екінші шоттың кредитінде бірдей сомада көрсетілуі қажет.

  38. Еңбек ресурстары – деп кәсіпорында жұмыс істейтін және олардың тізімдік құрамына кіретін әртүрлі кәсіби - мамандандырылған топтағы жұмысшылардың жиынтығы аталады.

  39. Еңбек сыйымдылығы – өнім бірлігіне немесе барлық дайындалған өнім көлеміне жұмыс уақыты шығындары дегенді білдіреді.

  40. Есептік сипаттағы ақпарат көздері – бұл бухгалтерлік, статистикалық және оперативті есеп құжаттарындағы барлық мәліметтер, сонымен қатар есептіліктің барлық түрлері және бастапқы есептік құжаттамасы.

  41. Жай векселъ төлем мерзімі келген кезде вексель ұстаушыға белгіленген сомада ақша төлеуді вексельді беруші өзіне ешқандай шарт қоймай-ақ міндеттейтін құжат болып табылады, яғни қарапайым тілмен айтқанда вексель берушінің вексель алушыға акшалай төлем жасауға міндеттемесін білдіреді.

  42. Жарғылық капитал – кәсіпорынның құрылтай құжаттарына сәйкес оның меншік иелерінің (қатысушылардың, құрылтайшылардың) салымдары есебінен құралған жарғылық қор.

  43. Жәй акциялар акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді. Бір жәй акция ұйымның акцинерлер жиналысында осы кәсіпорынға қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жәй акциялар үшін дивиденд төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынан резервтер жасалғаннан (толтырылғаннан) кейін және артықшылғы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін ғана жүргізіледі.

  44. Жеке тұлғадан ұсталатын табыс салығы – есепті жыл бойы салық салынатын табысқа ие болған жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады. Жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысына еңбекақы түрінде алынатын табыстар, кәсіпкерлік қызметтен алатын табыстары, жеке тұлғалардың мүліктік табыстары және тағы да басқа табыстары кіреді.

  45. Калькуляциялау – шығындарды топтастыру мен сатып алынған материалдық құндылықтардың, әзірленген өнімдер мен атқарылған жұмыстардың өзіндік құнын анықтау әдісі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау нормативтік құжаттармен реттелінеді.

  46. Касса – 1) қолма-қол ақшамен және басқа да құндылықтармен операцияларды орындайтын, сондай-ақ сол ақшаларды сақтайтын кәсіпорынның бөлімшесі; 2) ақшаны қабылдау, сақтау және беру үшін арналған арнайы жабдықталған бөлме; 3) қолма-қол ақшалардың түсуін, қозғалысын және берілуін көрсететінбухгалтерлік шот; 4) несие мекемесі.

  47. Кор қайтарымдылығы – бұл негізгі құралдардың 1000 теңгесіне қанша табыс келетінін көрсететінін және еңбек өнімділігін сипаттайтын көрсеткіш.

  48. Корреспонденциялық шоттар – операцияның екі жақты жазуы, бухгалтерлік есеп жүргізу әдісімен бухгалтерлік шоттарды құрастыру (толтыру). Әрбір бухгалтерлік операция бір көлемінде көрінеді, яғни екі шотта, біреуі кредит, біреуі дебет. Мұндай жазбада есептеулердің арасында келісілген байланыс болады, ол корреспонденсиялық есептеулер деп аталады.

  49. Көлденен (уақытпен) талдау – есептіліктің әрбір позициясын өткен кезеңмен салыстыру.

  50. Кредит – бухгалтерлік есеп шоттарының оң жақ жағы. Кредит бойынша активті шоттарда азаюы, ал пассиві шоттар бойынша қорлану көздерінің артуы көрсетіледі. Кредиттік сальдо пассивті шоттарда болады.

  51. Күмәнді қарыздар – уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатады. ҚР-ың заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналады.

  52. Қазынашылық вексель – 1. мемлекеттің өзінің шығындарын жабуға шығарған вексель, 2. АҚШ – та бұл федеральдық өкіметтің қысқа мерзімді міндеттемелері, онда әр аптада сауда-саттық 91 күн мерзімінен 182 күн мерзіміне таратылатын бәсекелес сауда-саттық. Одан басқа 9 айға және 1 жылға шығарылатын мерзімді вексель. Оның бағасы 10 мыңнан 1 млн. доллар арасында құрылады. Сондықтан, қазынашылық вексель иесінің табысы баға номиналы мен сату бағасының арасындағы айырмашылыққа тең болады.

  53. Қаржылық есептілік – бұл ұйымдағы жағдайын білуі үшін, оның қаржылық жағдайы мен шаруашылық қызметінің есеп беру жылындағы нәтижесімен танысуы үшін акционерлерге, банктерге, сақтандыру компанияларына, мемлекет ұйымдарына арнайы анықтамалықтарда, қаржылық газеттерде, бюлетеньдерде жарияланатын есептілік.

  54. Қарыздық қаражат – айналымдық қаржыға қосымша қажеттілікті, соның ішішде шикізаттың, материалдардың, отынның және т.б. маусымдық қорларын жасауды жабады. Олар кәсіпорынға уақытша пайдалануға беріледі және белгілі бір мерзімнен соң қайтарылуға тиісті.

  55. Қор қарулығы – деп еңбек деңгейін, механизациялануын және автоматтандырылуын сипаттайтын көрсеткішті айтады.

  56. Қор сыйымдылығы – бұл сатудың немесе өнімді өткізуден түскен табыстың 1000 теңгесіне қанша негізгі құрал келетінін көрсететін көрсеткіш.

  57. Қорытынды баланс – құрастырған кезде мұндай көрсеткішке ұйымның қаржылық нәтижесі (пайда немесе зиян) жатқызылып, және оны құрастырудың алдында баланстың барлық баптарына түгендеу міндетті түрде жүргізіледі.

  58. Қосылған құнға салынатын салық – тауарларды өндіру, жұмысты орындау немесе қызмет көрсету және олардың айналысы барысында қосылған құн өсімінің бір бөлігін аудару, сондай-ақ осы елге тауарлар импорты кезіндегі аударым болып табылады.

  59. Құжаттау – шаруашылық операцияларын құжаттардың көмегімен олар жасалған сәтте және сол жерде бастапқы тіркеу.

  60. Маржиналды пайда – табыс (нетто) және өткізілген өнім бойынша тікелей өндіріс шығындары арасындағы айырманы айтады.

  61. Материалдық емес активтер – бұлар әкімшілік мақсатпен және басқа субъектілерге жалға берілуге, өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға немесе тауарларды өткізуге (жұмыс, қызмет) арналған, заттық мәні жоқ, ақшалай емес активтер. Олар ақшалай теңеумен бағаланады және баланста көрсетіледі, оның үстіне бұл активтерге де ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету (амортизация) есептеледі.

  62. Меншікті капитал – кәсіпорынның ұзақ уақыт бойы пайдаланатын меншігіндегі қаражат.

  63. Міндеттеме – бұл дара кәсіпкер тұлғаның немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын міндеті, оны реттеу экономикалық пайданы құрайтын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады.

  64. Негізгі құралдар – өндіріс процесстерін жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасайтын (құнына қарамастан) еңбек құралдары олар ұзақ уақыт бойы сыртқы түрі мен формасын сақтап, өндіріс барысына (бір жылдан астам) қатысады. Өндіріс барысында олар бірте-бірте тозады, жөндеуді немесе толығымен ауыстыруды талап етеді. Сондықтан негізгі құралдар құнының бөлігін дайын өнімнің өзіндік құнына ай сайынғы ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету (амортизация) жолымен қосылады.

  65. Негізгі құралдар тозуының өтеуі – құрылғылардың, ғимараттардың, машиналардың олардың тозуының орнын толтыру мақсатында оларды жөндеуге және қалпына келтіруге ақша құралдарының (амортизациялық аударымдар) бөлінуі.

  66. Негізгі қызметтен алынатын табыстар – ұйымдардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, қызметтерді көрсетуден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады.

  67. Негізгі материлдар өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалар жатады.

  68. Несие – бір тұлға басқа тұлғаға құнды натуралды немесе ақшалай нысанмен қайтару талабымен және әдетте пайыз төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптасатын экономикалық қатынастардың сомасын білдіреді.

  69. Ноу-Хау шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы барысында субьектіге табыс беретін жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады.

  70. Облигация оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы бағалы қағаздың атаулы (нуминалды) құқына белгіленген пайызды (процентті) төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын бағалы қағаз болып табылады. Облигациялар белгілі бір мерзімге шығарылады. Жалпы облегацияларда акциялар сияқты кәсіпорын үшін инвестицияның маңызды көзі болып табылады.

  71. Овердрафт – кәсіпорынның иелігіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық.

  72. Орташа өлшенген құндық әдісі кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар тобының (түрінің) орташа өлшенген құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын (қосындысын) материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.

  73. Өнім сапасы – бұйымның параметрлік, пайдаланушылық, тұтынушылық, технологиялық, дизайнерлік қасиеттерін, оның стандарттау және үйлестіру деңгейін, сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін сипаттайтын түсінік.

  74. Патент аталатын МЕА жеке адамның немесе топтың, сондай-ақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан жаңалығын мемлекеттік тұрғыдан мойындап және ол жаңалықты ашқан адамға, топқа немесе заңды тұлғаға жаңалығын өз пайдасына (жұмысына, қызметіне) қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады.

  75. Резервтік капитал – пайдадан ақша аудару есебінен пайда болатын меншікті қаражат бөлігі, шаруашылық іс-әрекетке кететін шығынды жабу, жарғы капиталын толтыру, дивиденттер мен субъектінің басқа шығындарын өтеу үшін қолданылады.

  76. Рентабельділік – бизнестің табыстылық деңгейін анықтайтын салыстырмалы көрсеткіш.

  77. Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың керсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып тыбалады.

  78. Субсидия үкімет органдарының заңды тұлғаларға беретін, әдетте, ақшалай жәрдемақысы.

  79. Сыртқы қаржылық талдау – жарияланған қаржылық есептілік негізінде жүзеге асырылады және мүддесі бар контрагенттердің, меншік иелерінің тапсыруымен ұйымның сыртынан жүргізіледі.

  80. Табыстар – қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.

  81. Таза түсім – кәсіпорын бекітілген келісімшарттарды орындау негізінде алынған (немесе алынады деп болжанылған) түсімнен одан алынатын салықтарды алып тастағандағы жалпы барлық таза түсім.

  82. Талдау – бұл біртұтастылықты құрамдас бөліктерге бөлуге және олардың арасындағы өзара байланыстылықты және өзара тәуелділікті зерттеуге негізделген ішкі және сыртқы ортаның құбылыстары мен процестерін тану құралы.

  83. Талдау әдісі – шаруашылық үдерістер мен құбылыстарды олардың қалыптасуы мен дамуында зерттелетін диалектикалық амал.

  84. Талдау объектісі – жоспарда, ағымдағы есепте, есептілікте, басқа ақпарат көздерінде сипатталатын кәсіпорындар мен бірлестіктерде, ішкі бөлімшелерде жүзеге асырылатын кеңейтілген ұдайы өндірістің әлеуметтік-экономикалық үдерістері табылады.

  85. Тартылған капитал – кәсіпорынның барлық міндеттемелерін айтады, яғни ол осы ұйымның басқа заңды және жеке тұлғаларға қандай да бір операциялар нәтижесіне сәйкес кредиторлық қарыздары болып табылады.

  86. Төлем тізімдемесі кассаның бухгалтерлік жиынтық құжаты, оның негізінде жеке тұлғаларға, кәсіпорын жұмысшыларына белгіленген нысан бойынша әр ай сайын жасалатын, сондай-ақ басқа да төлемдер жүргізілетін құжат. Кейде қолданылатын термин – есепті төлеу тізімдемесі.

  87. Трендтік талдау – перспективті талдаудың бөлігі, көлденен талдаудың жалғасы, қаржылық болжау үшін басқаруда қажет.

  88. Түбіртек – түбіртек берілген адамнан оны берген адамның ақша, құжаттар, құндылықтарды қабылданғанын куәләндіратын белгіленген нысандағы ресми қолхат.

  89. Түгендеу – мүліктің нақты қолда барын бухгалтерлік есептің деректері бойынша заттай сәйкестігін тексерудің әдісі.

  90. Тігінен (құрылымдық) талдау – есептіліктің әрбір позициясын жалпы нәтижеге әсер етуін айқындау мақсатымен жиынтық көрсеткіштердің құрылымын анықтау.

  91. Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар – субъектінің басқа субъектілердің жарғы капиталына сол субъектілерге үлестік қатысудан алатын кірістер және дивидент немесе пайыз түрінде қосымша экономикалық пайда алу мақсатымен қаржы салуы.

  92. Ұйымның қаржылық тұрақтылығы ұдайы өндіріс шығындарының және төлем қабілетттіліктің өзін-өзі қаржыландыруымен қамтамасыз етілетін қаржылық ресурстар жағдайын айтады.

  93. Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау.

  94. ФИФО – бұл материалдық құндылықтарды олардың бастапқы құны бойынша бағалау әдісі. Мұндай әдісте мынадай қағида қолданылады: «Бірінші топтама – кіріске, бірінші болып – шығысқа», яғни материалдық құндылықтардың шығынын оларды сатып алу құны бойынша белгілі бір кезектілікпен бағалайды.

  95. Шахматты айналым тізімдемесі – шахматты нысан бойынша құрастырылатын айналым тізімдемесі. Корреспонденцияланатын шоттардың мазмұны бойынша ол жәй айналым тізімдемесіне қарағанда құрастырылуы қиын.

  96. Шикізаттар бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген өнімдері – мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.

  97. Шоттар – бухгалтерлік есеп шоттары дегеніміз, шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына және маңызы мен көрсеткіштеріне сәйкес жинақтап топтау құралдары болып табылады.

  98. Ырғақтылық – жоспарда қарастырылған көлемде және ассортименттегі графикке сәйкес өнімнің бірқалыпты шығарылымы.

  99. Ішкі қаржылық талдау – ұйымның қаржылық жағдайының қалыптасқан себептерін зерттейді.

  100. Эмиссиялық кіріс – бұл ұйымның (акционерлік қоғамның) өзінің меншікті акцияларын олардың нақтылы құнынан жоғары, оларды сатудың нақты құны бойынша сату нәтижесінде түскен артық сома.

11