Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіпкерлік ызметті жоспарлау мні жне мазмны.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
34.77 Кб
Скачать

Кубаев Данияр қ-331

Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау мәні және мазмұны

Бизнес жоспар және оның құрылымы

Бизнес жоспарды дайындау әдістемесі

Жоспарлау – қазіргі экономика ғылымының маңызды құрамдас бөлігі, ол кәсіпорынның мақсатына жетуі ме қоғамның қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатымен шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану проблемасын зерттейді. Кез-келген коммерциялық ұйым өзінің масштабы мен қызмет сферасына қарамастан жоспарлауға ерекше көңіл бөлуі тиіс.

Жоспарлау – өзінің мақсаттарына жеті үшін шаруашылық жүргізуші субьектінің ұтымды іс-әрекетін экономикалық негіздеу процесі.

Жоспарлау – бұл “бизнес” жүйелерінің сыртқы ортаға бейімделуі.

Жоспарлау мақсаттарды қалыптастыру, оларға жету басымдылықтары, әдістері мен құралдарын анықтау процесін білдіреді.

Жалпы алғанда жоспарлау келесі кезендерден тұрады:

  1. Мақсаттарды анықтау және міндеттерді белгілеу

  2. Мақсатқа жету мен міндеттерді шешуге бағытталған әс-ірекеттерді анықтау

  3. Қажетті ресурстар мен оларды табу көздерін анықтау

  4. Жоспардың орындалуын ұйымдастыру, яғни тікелей орындаушыларды анықтау және жоспарды оларға дейін жеткізу.

Жоспарлаудың келесідей қағидаларын бөліп көрсетуге болады.

  • біртұтастылық қағидасы

  • үздіксіздік қағидасы

  • икемділік қағидасы

  • дәлділік қағидасы

  • қатысу қағидасы т.б.

Бизнес-жоспар — кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.

Бизнес- жоспар: неге және не үшін.

Жақсы бизнес- жоспар жақсы бастамаға ғана емес, келешектегі істің тұрақты жағдайына да кепілдік береді.

Бизнес- жоспар жазу өз бизнесіңізді ұйымдастыру бойынша басқа да белсенді әрекеттер жасамай тұрып, бірінші істеу керек нәрсе. Көбі осы қадамды елемейді. Әрине, бизнес-жоспрасыз да бастауға болады. Бірақ Сіз компанияңызды дамыту қажет болған жаздайда қызмет-әрекеттеріңізді дүрлігісті түрде реттегіңіз келе ме?

Несие алатын болсаңыз, сізден міндетті түрде бизнес-жоспар сұрайды. Жақсы серіктес тапсаңыз, ол да Сіздің ойыңызды қағаз бетінде көруден бас тартпайды. Кез келген саналы инвестор өзі қаражат салайын деп жоспарлаған кәсіпорынның бар өзгешеліктерін білгісі келеді. Егер бірнеше бағыттардың ішінен біреуін таңдау қажеттілігі туса, Сіз өз ісіңіздің негізі салынған бизнес-жоспардың болмауы салдарынан қымбат уақытыңызды терең ойға батумен жоғалтасыз.

Бизнес-жоспарды қалай дайындау керек.

1.1 Жобаның бюджетін анықтау. Жобаны толық іске қосып, алғашқы бірнеше ай ішінде жұмыс істеуі үшін ЕДБ-н қанша қаражат алу керек.

1.2 Банкті анықтап, шарттарын, пайыздық мөлшерлемесін, мерзімін, жеңіддіктерін, кепілдік, несиенің ең көп сомасын туралы білу, жеке тәуелсіз бағалаудан өткізу.

1.3 Кірісті есептеу үшін несиені төлеу тәсімін алу, түсім алу мүмкіндіктерін, бар шығындарды бағалау.

1.4 Кепілзат, несие сомасы, мерзімі, шарттары, төлеу тәсілдері (аннуитет, тең бөліктермен және т.б. ) бойынша банктің алдын-ала қолдауын алу

2.1 Е xcel форматында барлық тиянақталған және ауыспалы шығындарды, өнімнің өз құнын, өндірістік мүмкіндіктерді, құралдарға кететін шығындарды, жалақы қорын, салықтарды, жарнама мен жылжытуға кететін шығындарды есептеу.

2.2 1-7 жыл арасындағы болжалды табысты есептеу, әлеуетті сұранысты сандық көрсеткіште бағалау, статистикамен растау (ниет шарты), ақша ағынын (cash flow) есептеу. Өтелімділік. Кірістілік.

ҮЛГІ ТҮРІ

Басты бөлімдердің құрылымы мен мазмұны:

Бизнес-жоспарды жасау кезінде келесі құрылымды ұстану керек:

  1. Жобаның титулдық парағы.

  2. Кіріспе бөлім ( жоба түйіндемесі ).

  3. Нарық пен сала жағдайына талдау.

  4. Жобаның мәні.

  5. Маркетинг жоспары.

  6. Өндіріс жоспары.

  7. Инвестици ялық климат пен тәуекелдер.

  8. Ұйымдық жоспар ( басқару және кадр лар ).

  9. Қаржылық жоспар.

  10. Қосымшалар.

Жобаның суреттеудің қисынына байланысты құжаттың құрылымы, бөлімдердің орны ауысуы мүмкін. Бірақ, ұсынылған жобаны сипаттайтын барлық сұрақтар кешені қарастырылуы қажет.

Бөлімдердің мазмұны:

1. Жобаның титулдық парағы

Титулдық парақ инновациялық жоба мен осы жобаны іске асыратын заңды тұлға жайлы жалпы ақпаратты қамтуы керек:

  • кәсіпорынның атауы мен заңды мекенжайы;

  • кәсіпорынның басшысының аты-жөні, телефон нөмірі;

  • құрылтайшыларының заңды мекенжайлары;

  • жобаның атауы мен мәні (3 - 5 тармақ );

  • жобаның толық құны, қаржының болжалды көздері мен олардың құрылымы ( заңды тұлғаның өз қаражаты, акция шығару, несие, бюджет тен қаражат алу және сондайлар );

  • коммерциялық құпияны сақтау туралы өтініш.

2. Кіріспе бөлім ( жоба түйіндемесі )

Жоба түйіндемесінде оның барлық басты аспектілерін қамтитын түйіндер мен кеңестерді қысқаша баяндау керек, түйіндеменің құрылымы бизнес-жоспардың құрылмына сәйкес келуі керек.

Жоба түйіндемесі – оның жарнамасы, сондықтан да ол жерде жоба тиімділігінің бар дәлелдері болуы керек. Осы бөлімнің мақсаты – жобаның мәнін, мақсаттарын, қанша қаражат салынуы керектігін, болжалды нәтижесін көрсету. Ұсынылған жобаның неге сәтті болатыны туралы негіздеме жеке беріледі.

Егер жобаны жүзеге асыру әлеуметтік мәселелерді ( мүгедек жандардың еңбегін пайдалану, жақсы жолдарды салу және т.б. ) шешуге мүмкіндік берсе, оларды көрсету қажет.

Түйіндемеде бизнес-жоспардың жеке бөлімдерімен белгіленбейтін, бірақ инвестор үшін аса маңызды келесі аспектілерді айқындап көрсету қажет:

  • жобаны іске асыру үшін сыртқы инвестордан не керек – жарғылық капиталға қатысу, несие (қалаулы шарттарды көрсетіңіз), құрал-жабдықтарды жеткізу және т.б.;

  • жобаны іске асырудағы жобаны ұсынушы кәсіпорын мен сыртқы серіктестің қатысу дәрежесін анықтау, яғни жобаның жалпы құны мен қажетті қарыз қаражатының арасалмағын анықтау;

  • несие қорларын қайтарудың тәсілдерін көрсету. Бұл жерде тек жоба дұрыс іске асырылған жағдайда несиені қайтару тәсімі мен үрдісі, несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төлеу (сұрақтар «Қаржылық жоспра» бөлімінде мазмұндалған) ғана емес, жобаның кейбір кезеңдері орындалмаған жағдайда салымдарды қайтарып алу кепілдігін меңзеп тұрмыз.

3. Нарық пен сала жағдайына талдау

Бұл бөлімнің мақсаты – жоба ұсынатын тауарға (қызметке) қажеттілікті ашып, негіздеп көрсету. Нарықты, саланың ерекшелігін бағалаудың таңдалған түрі жан-жақты сипатталып, негізделуі тиіс.

Ұсынылатын тауардың Қазақстан бойынша соңғы бірнеше жылдарда сатылым серпінін, нарықта пайда болуын, ұқсас және бәсекелес өнімдерге сұранысты жеке қарастыру қажет.

Егер заңды тұлға-жобаның бастамашысы нарықтың осы саласында жұмыс істейтін болса, оның тәжірибесі бар екенін айрықша атап, оның осы саладағы жиынтық өнім өндірістегі үлесін көрсету керек.

Әлеуетті ішкі және сыртқы бәсекелестердің атаулары мен мекенжайларын атай отырып, ұсынылып отырған жобамен салыстырғанда олардың күшті және әлсіз жақтарына талдау жасау қажет.

Бөлімнің басты нәтижелері:

  • қарастырып отырған тауарға (қызметке) қазіргі нақты сұраныстың ауқымы мен құрылымы;

  • сұраныстың серпіні мен нарықтың дамуы бойынша негізделген болжамдар;

  • ұсынылған жлба аясында шығарылатын өнімнің сатылымы өсу серпінін болжау, компанияның нарықтағы мүмкіндіктері;

  • нарықтың болжалды реакциясы, компанияның өз тауарын нарықта жылжыту кезінде кездесетін басты кедергілер, оларды жеңу жолдары.