3. Форворд және фьючерс, олардың бір бірінен айырмашылығы
Шетел экономикалық әдебиеттерінде туынды бағалы қағаздарды деривативтер (derivatives – ағылшынша, туынды) деп те атап, әдетте, оларға форвардтарды, фьючерстерді, бағалы қағаздарға шығарылған опциондарды, варранттарды, депозитарлық қолхаттарды және т.б. жатқызады.
Форвардтық нарық мерзімді нарықтың ең алғашқы формасы. Ол тауарлар бағасының тұрақсыздығына байланысты ХVIII-XIX ғасырларда Еуропада сатып алушы мен сатушы тауардың мөлшерін, шамамен жеткізіп беру уақытын және болашақтағы бағасын көрсетіп мәміле жасасқан. Дәл осындай келісімдер қазіргі кезде, әсіресе, шетел валютасымен банкаралық сауда-саттықта қолданылады (әрине, онда жеткізіп беру уақыты дәл көрсетіледі).
Форвард –активті сатып алу-сату жағдайлары туралы алдын-ала келісілген, бірақ болашақта орындалатын биржадан тыс жасалатын мерзімді шарт. Бұндай шарт саудаға түсіру үшін келісілген актив бағасының қолайсыз өзгеруінен сақтандыру үшін жасалады, яғни бағасы өскенде шартты сатып алушы ұтса, төмендегенде сатушы ұтады. Бұл шарттың стандартты формасы жоқ, сондықтан алған міндеттемені үшінші жаққа бергенде қатысушы бір жақ үшін экономикалық қолайлы жағдайдың тууы шарттың орындалмау қаупін туғызады.
Фьючерс – мәмілеге келген кезде бекітілген бағамен белгілі-бір бағалы қағаздың стандартты мөлшерін болашақта сатып алуға немесе сатуға жасасқан шарт. Оның опционнан өзгешелігі таңдау құқығы емес, ол – орындау үшін алған міндеттеме. Бұл стандартты шартта фьючерстің барлық параметрі – мерзімі, стандартты лоттың көлемі, сақтандыру депозиті көрсетіледі. Фьючерстермен саудаға қатысушылардың мақсаты ─ бағалы қағаздардың өзін сатып алу емес, бағасының айырмасын алу үшін ұйымдасқан ойын. Шартты сатып алушы оны жоғары бағамен сатуға, ал сатушы тап осындай шартты болашақта төмен бағамен алуға ұмтылады. Әлемде опциондар мен фьючерстердің ең ірі сауда орталықтары болып, Чикаго опциондар биржасы, Лондон халықаралық қаржы фьючерстерінің биржасы және с.с. есептеледі.
Мерзімді нарық жасасқан мәмілелердің тек әртүрлілігіне ғана байланысты емес, сондай-ақ нарықты ұйымдастырудың түріне қарай да жіктеледі. Ол 2.4. Суретте салыстырмалы түрде қарастырылған.
Айта кететін жәйт, Қазақстанда ең алғаш туынды бағалы қағаздар нарығы 1996 жылдың сәуір-мамыр айларында базистік активке – астыққа 1000 АҚШ доллары болатын шарт және мемлекеттік қазынашылық міндеттемеге шарт) мерзімді шартқа сауда-саттық ұйымдастырылды. Қазақстан туынды бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі оған негізінен мемлекеттік және коммерциялық банктер қатысты. Ал қатысуға тиіс өндірістік, ауылшаруашылық кәсіпорындары және басқа да шаруашылық субъектілері, сондай-ақ брокерлер мен дилерлер болған жоқ. Қазақстан туынды бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен қызмет етуіндегі бұндай ерекшеліктердің орын алуының себебі ─ өндірістік және ауылшаруашылық кәсіпорындардың дағдарысқа ұшырауы, оған қоса кәсіпкерлердің туынды бағалы қағаздар нарығына жұмсайтын жеткілікті қаражатының болмауы. 1996 жылы мерзімді мәмілелердің жалпы көлеміндегі 1000 АҚШ долларына фьючерстің және мемлекеттік қазынашылық міндеттемеге шарттың үлес салмағы 98 процент болд
Фьючерстік нарық |
Форвардтық нарық |
|
Форвардтық мәміле – ол банкаралық мәміле, яғни биржадан тыс мәміле |
|
Шарт жағдайларын екі жақ мәміледе келіседі |
|
Екі жақ – сатып алушы мен сатушы кездесіп, мәміле жасасады |
|
Форвардтармен саудада келісілген мәміле мерзімі біткен соң ғана есеп айырысады |
|
Форвардтық нарықта құқықтық міндеттеме басқаға берілмейді |
|
Форвардтық нарықта мәмілені жою тек қолма-қол ақша төлеумен жүзеге асырылады |
|
Форвардтық нарықта сауда шарт негізінде реттеледі. |
|
Форвардтық нарықта қауіптің барлық түрлері кездесуі мүмкін. Олардың деңгейі клиенттің несиелік рейтингіне байланысты |
|
Форвардтық шарттың негізі ─ әрбір жаққа жеке есептелген тұтыну құны |
2.4. Сурет. Фьючерстік және форвардтық нарықтардың сипаттамасы
Туынды бағалы қағаздар
Туынды бағалы қағаздар туралы түсінік
Варрант, оның мәні
Депозитарийлық қолхат
1.«ҚР-дағы бағалықағаздар нарығы туралы» Заңында туынды бағалы қағаздар – басқа бағалы қағаздар рақылы өзінің құнын айырады деп айтылған.
Туынды бағалы қағаздар қоғам капиталының белгілі бір бөлігіне тіркелетін меншік құқын тұрақтандыруға қарағанда, туынды бағалы қағаздарды пайдалана отырып, болашақ кезеңде орындалатын керек табысты алуға құқыты тіркейді. Олардан пайданы бағамдар айырмашылығынан немесе әр түрлі нарықта бір активті бір уақытта сатып алу – сатудан алады.
Туынды бағалы қағаздар – бұл әр түрлі базистік активтермен бейнеленген, мүліктік жағдайға негізделген ерекше әмбебап тауар.
Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форварттар, варранттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер және т.б. жатады.
2. Варрант акционерлік қоғам шығаратын және варрантта бекітілген баға бойынша бағалы қағаздардың белгілі бір көлемін одан сатып алу үшін ұстаушы құқығын куәландыратын туынды бағалы қағаздар болып табылатын қоғам акция және облигация эмиссиясымен қатар варрант шығаруға құқы бар.
Варранттар бағалы қағаздардан оларды шығаруынан кейін бөлінеді және оларда көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алғанға дейін нарықта өз бетінше айналыста жүреді.
Варрантар бөлініп шыққаннан кейін бағалы қағаздарадан сатылу құны олардың бағасына азйтылады.
Қоғам варрантты қоғамның болашқтағы бағалы қағаздар эмисссымен шығаруға құқы бар.
Олар иемденушіге қоғамнан бағалы қағаздарын варрантта келісілген баға бойынша белгіленген кезең шегінде, кез келген уақытта алуға құқық береді.варрант иемденушіге дауыс беру құқығын бермейді және олар бойынша дивидент есептелінбейді.
Қоғам басқару органының шешімі бойынша опцион жағына шығарылатын бағалы қағздардың белгілі бір көлемін сатып алуға және сатуға артықша құқық беретін опцион жасауға құқығы бар. Опционды жасау жағдайы және тәртібі және олардың айналысы бағалы қағаздар нарығы заңдылықпен реттеледі.
3. Туынды бағалы қағаздар санатына ең алдымен депозитарийлік қолхаттар жатады.
Депозитарийлік қолхат – шетел эмитентінің бағалы қағаздар бйынша шағарылған және елде еркін айналыста жүретін туынды бағалы қағаздар.
Бұл инвесторлардың шетел эмитентінің бағалы қағаздарын иемдену үшін қаржылық құрал бағалы қағаз.
Эмитенттердің депозитарийлік қолхаттарын шығару шетел капиталының инвестициясының өсуімен, оларды тіркеу қажеттелігінің болмауымен, оларды жергілікті салықты төлеуден босатумен және барлық инвесторлар үшін қол жеткізілуімен байланысты.
Депозитарийлік қолхаттардың келесі түрлерін бөліп қарастыруға болады:
Американдық (ADR)
Ғаламдық (GDR)
Халықаралық (IDR)
ADR АҚШ нарығында айналады және долларлы номиналы болады, ал GDR американдық нарықтан басқа бірнеше нарықта сатылуы мүмкін және сонымен бірге эмитентке дүние жүзілік нарық капиталын жаулап алуға мүмкіндік береді.
Әдетте американдық банктер эмитенттерге акцияны қор нарығында бағаланатын елдерде кастодиандық қызмет көрсетуді ұсынады. Осы Атаулы ие депозитарийлеу акция негізінде депозитарийлік қолхат шығарады. АҚШ-та осындай депозитарийлік қолхаттың біршама ірі депозиттік эмитент – банктері “City Bank New York”, “The Bank of New York”, “Morgan Bank” б.т.
Ғаламдық депозитарийлік қлохаттар тіркелуі, шығарылуы мүмкін, олармен АҚШ ашық нарығында мәміле жасауға болады,сонымен қатар олар АҚШ-тың негізіг қор биржасында, сондай-ақ сол елдің шегінде бағаланады.
GDR-ді шығаруға дейін банктер мен компаниялар алдымен АҚШ-та ADR шығаруы тиіс, одан кейін Батыс Еуропада осы екі нарыққа шығарудың алғашқы ретінде IDR шығаруы керек.
ҚР-да алғашқы ретінде депозитарийлік қолхат 1996 жылдың басында ресейлік «Аьфа-Банк» филиалымен қолданылды. 1997 жылы американдық депозитарийлік қолхатты «Казкоммерцбанк», 1998жыл «ШНОС» котировкасы барлық ірі қор биржасында жүргізіледі.
1
