Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттау учебник.doc
Скачиваний:
551
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.04 Mб
Скачать

4.2 Қазақстанда аккредиттеуді дамытудың перспективалары

Кез келген мемлекетті дамыту өзге мемлекеттермен сауда-экономикалық байланыстарсыз дамыту мүмкін емес. Сауда бағыттарының бірі заңнамалардың ерекшеліктерімен, сәйкестікті бағалаудың әкімшілік аспектілерімен, бұйым мен қызметтерге арналған нормалармен, зертханаларда сынақтарды бақылау әдістерінде, сәйкестікті бағалауды жүргізген ұйым құзыреттіліктерінде негізделген сауда кедергілерін жою бойынша техникалық проблемаларын шешу болып табылады.

Саудада проблемаларды жоюдың маңызды аспабы әлемде танылған аккредиттеу процедурасы болып табылады.

Аккредиттеу іс-әрекеттік нақты саласында белгіленген критерийлерге техникалық құзыреттілігіне ерікті түрде бағалау алғысы келген субъектілерге (кәсіпорындар, ұйымдар, олардың құрылымдық бөлімшелері) қатысты жүргізіледі. Бұл ерікті таңдаумен ұйым өзінің салмақтылығының, мөлдірлік пен жұмыстағы кәсібиліктің қосымша көрсеткішін алғысы келетіндігін білдіреді.

Аккредиттеудің басты мақсаттары – ұйымдардың құзыреттілігін растау жолымен сенімді қамтамасыз ету, бір салада түрлі ұйымдар іс-әрекетінің нәтижелерін өзара тану үшін жағдайлар жасау.

Қазақстан кәсіпкерлерінің 11 Форумында берілген Қазақстан Республикасы Президенті Тапсырмасының 2.7 тармағына сәйкес Үкіметке қазақстандық сертификаттарды шетелде тану үшін жұмыстар жүргізу керек.

Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының 7.3.3-тармағында, «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысының 4.5-тармағында және «Мемлекет Басшысының Қазақстан Халқына жыл сайынғы 2005-2007 жылдары Жолдауын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған Бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысының 303-тармағында Қазақстанның аккредиттеу жөніндегі органын халықаралық деңгейде тану жөнінде жұмыстар жүргізу мақсаты қойылған.

Саудада техникалық кедергілерді жою тәсілі ретінде сынау мен сертификаттау нәтижелерін тану көпшілік жағдайда аккредиттеуден және белгіленген процедураларға байланысты болады. Халықаралық тәжірибеде бұл проблема әлемде танылған ережелер мен процедуралар бойынша әрекет ететін ұлттық аккредиттеу жүйесін құруға мемлекеттің тікелей қатысуымен шешіледі.

Әдетте дамыған шет елдерде аккредиттеу ұлттық аккредиттеу жүйесінің шеңберінде жүзеге асырылады.

Сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен зертханаларды аккредиттеу ұлттық деңгейде әлемдік практикада қабылданған процедуралар мен критерийлер бойынша жүргізіледі және халықаралық және өңірлік (оның ішінде еуропалық) нормативтік құжаттарда белгіленген қағидаттарға негізделеді. Бұндай қағидаттар: аккредиттеудегі еріктілік және оған зорлықтың жоқтығы; кәсіби құзыреттілік; қандай да бір ерекше мүдделердің басымдылық мүмкіндігінен тәуелсіздік; кемсітушілік мүмкіндігінің және аккредиттеу кезінде мәселелерді шешуде жеке бас мүдделерінің қорғалуының болмауы; мөлдірлік (нақтылық) және жалпы қол жетімдік; құпиялылық, аккредиттеудің бірыңғай ережелері болып табылады.

Санамаланған қағидаттарды сақтау өзара сенім мен ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлерде аккредиттеу жүйесінде өзара тануды құруға негіз болып табылады.

Аккредиттеудің шетелдік практикасына талдау аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың үш түрін анықтауға мүмкіндік берді:

а) елде аккредиттеуді бірыңғай органның жүргізуі қарастырылатын толықтай орталықтандырылған аккредиттеу жүйесі қызмет етеді (Франция, Ұлыбритания, Австралия, Словакия, Австрия, Венгрия);

б) елде қызметі қатаң үйлестірілетін аккредиттеудің шамамен оншақты жүйесі қызмет етеді (Германия);

в) елде қызмет салалары түйіспейтін бірнеше (2-3) жеке аккредиттеу жүйелері қызмет етеді (АҚШ, Италия).

Еуропа елдерінде аккредиттеу практикасын талдау ондағы әрекет ететін ұлттық аккредиттеу жүйелері мына ерекшеліктермен сипатталатындығын көрсетті:

- ұлттық аккредиттеу жүйесін қалыптастыру мен оның жұмыс істеуінің құқықтық, ұйымдастыру және процедуралық аспектілері заңдармен және ел үкіметінің қаулыларымен анықталады;

- аккредиттеу жүйесі сертификаттау жүйесінен бөлінген және заңнамалық реттелетін және ерікті салаларда әрекет етеді;

- аккредиттеу жүйесінің құрылымы, әдетте аккредиттеу жөніндегі кеңестен, аккредиттеу жөніндегі техникалық комитеттерден, кеңес хатшылығынан (комиссия) және аккредиттеу жөніндегі органнан тұрады;

- аккредиттеу жүйесін түзетін ұйымдар өнім мен көрсетілетін қызмет өндірушілері мен тұтынушыларынан тәуелсіз.

Ұйымды аккредиттеуді өздерінің меншік нысандарына қарамастан аккредиттеу жөніндегі органдар жүзеге асырады. Онымен бірге көптеген аккредиттеу жөніндегі органдар үкіметтермен келісімдерге ие (мысалы Ұлыбритания, Франция және өзге де еуропалық елдер).

Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу бойынша шығындарды барлық кезеңдерде аккредиттеуге ынталы кәсіпорындар төлейді.

Республиканың қолданыстағы аккредиттеу жүйесі шешімі өңірлік ғана емес халықаралық көлемде сенімді қалыптастыруға көмектесетін бірқатар проблемаларға кездесіп отыр.

Қазақстанда аккредиттеудің проблемалары:

1 Аккредиттеу саласында заңнамалық қордың жоқтығы.

2 Жеке тәуелсіз органның жоқтығы.

3 Қазақстандық сараптаманы халықаралық деңгейде танудың жоқтығы болып табылады.

Аккредиттеу саласына жалпы тәсілдерді қалыптастыру қажеттігі ел экономикасының дамуымен, меншіктің және нарықтық қатынастардың түрлі пішіндерінің болуымен, сапаны қамтамасыз ету проблемаларының жітілігімен және бәрінен бұрын өнім қауіпсіздігімен, әлемдік шаруашылық жүйеге толық кірудің қажеттігімен негізделген.

Республикада бар сынақ базасы сертификаттық сынақтар бойынша жеткіліксіз, себебі ол өнімнің барлық атау тізімін қамтымайды және республикада бір тегіс таратылмаған.

Сәйкестікті растау саласындағы қолданыстағы сынақ базасы қазіргі заманғы жабдықтармен және сынақ әдістерімен жабдықталған аккредиттелген сынақ орталықтарының (зертханаларының) желісін құру мен жетілдіруді талап етеді.

Республикада халықаралық деңгейде танылған және халықаралық сарапшылар тізілімінде тіркелген мамандар жеткіліксіз. Халықаралық және өңірлік ұйымдарда маманды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүргізу қажет.

Ұлттық аккредиттеу жүйесін құру бойынша негізгі бағыттар жетекші ұлттық, өңірлік және халықаралық аккредиттеу жүйесін құру тәжірибесіне негізделген және төменде берілген ЕА ұсынымдарында қалыптастырылған.

1 Сапа, өнеркәсіп және сауда бойынша ұлттық саясатпен байланысқан жауапты немесе үйлестіруші министрлік көмегімен аккредиттеу жөніндегі ұлттық саясатты қалыптастыру.

2 Өзге министрліктермен келісілген аккредиттеу жөніндегі ұлттық саясатты жүргізу.

3 Аккредиттеу саласында іс-әрекетті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау.

4 Халықаралық практикаға сәйкес аккредиттеу жөніндегі органның заңды мәртебесін анықтау.

5 Ол бойынша аккредиттеу жөніндегі орган қаржыландырылатын саясатты дамыту және жүргізу; басында бастапқы фаза ішінде (үкіметтік қолдау) және кешірек, аккредиттеу жөніндегі орган жеткілікті санды ұйымдарға аккредиттеу жүргізгеннен кейін (өзін өзі қаржылдандыру).

6 Аккредиттеу жөніндегі орган басшысын тағайындау.

7 Аккредиттеу жөніндегі органға кеңсе бөлу.

8 Кеңсені қажетті кеңселік жабдықпен, телекоммуникация жүйесімен жабдықтау.

9 Қабылданған халықаралық қағидаттарға сәйкес басқару құрылымын құру.

10 Сапаны бағалау бойынша қажетті нұсқаулықтарды және аккредиттеу жөніндегі орган қамтитвн іс-әрекет үшін талап етілетін негізгі процедураларды әзірлеу керек. Жетекшіліктер мен процедуралар сәйкес ISO стандарттары мен жетекшіліктеріне негізделген болуы керек.

11 Ұлттық аккредиттеу жөніндегі органның тәуелсіздігін қамтамасыз ету (негізінен сәйкестікті растау жөніндегі орган, зертханалар және өзге де қызмет тұтынушыларынан тәуелсіздік).

12 Жетекші сарапшыларды оқыту; жетекші сарапшылардың аккредиттеу жөніндегі орган штатына толық ставкаға кіруі керек. Оқу басында ұзақ жұмыс тәжірибесіне ие шетелдік аккредиттеу органдарында жүзеге асырыла алады.

13 Аккредиттеудің түрлі техникалық салалары үшін техникалық комитеттер құру, оларды іс-әрекеттің сәйкес бағыттарының техникалық сарапшылар қатарынан жинақтау, оларды жұмысқа және нормативтік құжаттар мен жетекшіліктерді әзірлеу мен үйлестіруге қатыстыру.

14 Зертханааралық салыстырулар мен салғастыруларды ұйымдастыру.

15 Өзгелерден басқа өнеркәсіптің, қауымдастықтар өкілдерінің жұмыскерлерін, зертханалық қоғамдастықтарды, инспекция және сәйкестікті растау органдарын тұтынушы ұйымдардан, сәйкес министрліктерді және т.б. қосатын аккредиттеу жөніндегі кеңес құру.

16 ЕА, ILAC, IAF және т.б. сияқты сәйкес халықаралық ұйым мүшелерімен байланысты дамыту.

17 Халықаралық комитеттерге, жұмысшы топтарға кіру, халықаралық салғастыруларға қатысу.

18 Бірлескен бағалауларға қатысу, шетелдік аккредиттеу жөніндегі органдармен тәжірибе алмасу.

19 Аккредиттеу жүйесіне қатысушылардың олардың салаларында ұлттық, халықаралық ұйымдарға мүшелікке кіруге көмектесу (мысалы Еуропалық зертханалар қауымдастығы - EVROLAB).

20 Сәйкес халықаралық немесе өңірлік ұйымдармен келісімге қол қою.

Аккредиттеуді өзара танудың басты шарттарының бірі бірнеше тараптық келісімдерге (MLA) қол қою болып табылады.

Аккредиттеу жөніндегі органдар арасында бірнеше тараптық келісім, белгіленген қатынастар мен ынтымақтастық критерийлерін барлық тараптар белгілеп қабылдауын болжайды. Әдетте бұл хабарландыру құжаттарының, мысалы өзара тану туралы меморандумының көмегімен жүзеге асырылады.

Аккредиттеу жөніндегі органдар, оларда қалай және қандай жағдайларда осы келісімге қосылуға болатындай MLA бекітеді. Ол үшін мынадай қадамдар керек:

-сәйкес кәсіби шеңберлер немесе ұйымдарда тәжірибемен алмасу;

-аккредиттеу критерийлерін, сынау және сертификаттау әдістемелерін талқылау және үйлестіру;

-MLA қосылу процедурасын шығару;

-тексеру және сенімді қалыптастыру мақсатында, сондай-ақ MLA қосылуға дайындық үшін өзара бағалау;

MLA қосылу мүмкіндігі үшін мына шарттарды орындау талап етіледі:

-аккредиттеуде нақты тәжірибенің болуы қажет;

-аккредиттеудің халықаралық қабылданған критерийлерін қолдану;

-аккредиттеу жөніндегі органдар мен зертханалар жүргізетін салыстырмалы сынақтар бірдей техникалық негізге ие болуы керек;

-бағалау процесіне қатысу қажеттігі, яғни аккредиттеу жөніндегі оргнадар өзара бір-бірін тексереді.

Аккредиттеу критерийлерін қалыптастыруда және сынау әдістемелерін үйлестіруде аккредиттеу жөніндегі органдар ғана қатысып қоймай, зертханалардың ынтымақтастығы қамтамасыз етілуі маңызды. Ұлттық аккредиттеу органның негізгі қызметтері:

Баламалығы жағынан аккредиттеу схемалары, аккредиттелген ұйымдарға берілетін куәліктер мен хаттамалар бірнеше тарапты және екі жақты келісімдер қабылдауға бағытталған іс-әрекет;

Өзге өңірлік және ұлттық аккредиттеу жөніндегі оргнадармен ынтымақтастық;

Ұлттық аккредиттеу жүйелерінің негіз құраушы стандарттарын халықаралық және еуропалық стандарттармен үйлестіру болып табылады.

Жетекші ұлттық еуропалық және халықаралық аккредиттеу жүйелерін құру тәжірибесіне негізделген ұлттық аккредиттеу жөніндегі органдарды ұйымдастыру жөніндегі жүйелі адамдардың жалпы нұсқалары ЕА ұсыныстарында қалыптастырылған және қоса берілген Жоспарда берілген.

Өзара тану туралы келісімге қол қоюдан болатын артықшылық: