Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

semeydi_1187__1179_azirgi_zha_1171_dayy_1

.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
43.39 Кб
Скачать

Қазақстан-Ресей медициналық университеті

Қоғамдық денсаулық сақтау мен профилактикалық медецина курсы

СОӨЖ

Тақырыбы: Семей полигонына қарасты территориялардың қазіргі экологиялық жағдайы

Орындаған : Молдабекова Ж.Р.

Тексерген : Джадигеров А.С.

Факультет : 105 «А»

\

Алматы 2015

Жоспары

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

а)  Семей полигонының инфрақұрылымы

ә)  Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі

б) Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға сері

в)  Невада - Семей

г)  Сыртқы сілтемелер

ІІІ. Қорытынды

Семей полигонына қарасты терреториялардың қазіргі

экологиялық жағдайы

Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды.КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

Семей полигонының инфрақұрылымы. Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.

Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері

Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды.

Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды.Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магнийжәне басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.

Суарылған ядролық темірмен

Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды. 1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады. Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді. 1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды.

Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.

Невада – Семей . Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. Тек осы себептерден ғана құрбандыққа шалу үшін адам саны қандай болуы керек деген сұрақ туындайды. Темір жолдың екі жүз километрін үнемдеуден гөрі, жалғыз да болса, адамның өмірі арзан бағаданғаны ма? 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.

Радиоактивті қалдықтардың (РАҚ) уақытша орналастыруы Облыстық СЭС нұсқаулығына сәйкес траншея құмсазды негізіндегі, тереңдігі 3 метр, ені 4 м. жерде  1990 ж. маусым айында атқарылған болатын. Траншеяның беткі қабаты құмсазды құлыппен бекітіліп, таза құмтас себілген. Орналастыру кезінде үдеріске  облыстық АҚ пен СЭС мамандары шақыртылған болатын, кейіннен пункт иесі анықталған жоқ.

Тарихи ластануларға Семей қ. ескі  әуежай ауданы маңындағы жер асты суларының авиакеросинмен ластануы да жатады. Рұқсат етілмеген қоқсықтар және иесіз қалған қалдықтар Семей рұқсат етілмеген қоқсықтар қала ішінде тұрмыстық қатты қалдықтар мен қоқсықтардың жиналуынан пайда болған. Семей қ. ТҮКШ мен МСЭБДБ мамандарымен  жыл сайын өткізілетін зерттеулер нәтижесі бойынша  қалада 70 рұқсат етілмеген ТҚҚ орны бар. «ШҚО табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің  мәліметтері бойынша Семей қаласының қалалық бюджетінен рұқсат етілмеген қоқсықтарды жоюға 4,107498 теңге бөлінген.  Қалдықтармен жұмыс атқарудағы аймақ бойынша мәселелі сауалдар.  Тұрмыстық қатты қалдықтар  (ТҚҚ) мәселесі, әсіресе жою мен қайта өңдеу  мәселесі экологиялық маңызды мәселенің бірі болып келеді.  Сондықтанда бұрыннан Семей қ. қалдықтарды өңдеу зауытын салу қажеттілігі  туралы сауал туындаған.ҚР АШМ  аумақтық инспекциясының ақпараты бойынша, белгіденген санитарлық норма мен бекітілген санитарлық паспортқа сай  қадағалау аймағында  пестицидтер қоймасы жоқ. Аймаққа химизация құралары бір реттік келісім шарт бойынша мамандандырыған ұйыммен әкелінеді, мысалы «Сингента Казахстан». Келісім шартта  пайдаланылған тара тасымалдаушыға тапсыруы туралы келіскен.   «Семей Орманы» Мемелекеттік орман табиғи резерваты» ММ.    «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты» ММ ҚР Үкіметінің 22.01.2003 жылы № 75 Қаулысына сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың бір бөлігі болып құрылды, мемлекеттік маңызы бар және ҚР АШМ қарасты орман және аң шаруашылық Комитетіне бағынышты.

Санитарлы-эпидемиялогиялық сараптаманың Семей қалалық орталығы (СЭССО) мекемелердің сұраныстары бойынша экспортқа жіберілетін метал сынықтарына дозиметрлиялық бақылау жүргізеді. 2012 ж. жарты жылдығында метал сынықтарының  радиоактивті ШРД асырылуы байқалмады.

Су қоры. Семей аймағының  Шығыс-Қазақстан мен Павлодар облыстары арқылы ағып өтетін ең ірі өзен, әрі  бассейннің аумағы жағыннан да ірі – Ертіс өзені. Ертіс өзенінің жалпы ұзындығы  4248 шм., олардың 1700 шм. біздің республикамызға тиесілі.

Ертіс өзенінің суы қаладан жоғары және төмен (алдындағы талдаулар бойынша)  ШРК бір реттік асқандары болмаса, негізіннен  ШРК аспайды. 

«ШҚО бойынша экология департаменті» ММ  филиалында 5 қайтарымды, шаруашылық - тұрмыстық, өндірістік пайдаланған суды Ертіс өзеніне ағызатын ор бар. Олар «Семей-Водоканал» ЖШС, «Эко-Семей» ЖШС. 2 шығарым  «Курчатов көп салалы кәсіпорын» МҚК тиесілі.

Аумақтағы жер қорының жалпы аумағы (бұрынғы Семей ядролық сынақ полигон аумағымен бірге) 18,2 млн. га құрайды . Әкімшілік қарауындағы қала шеттік ауылдық округтерді қоса есептегенде Семей қаласының аймағы 2,78 млн. га жер ресурстарын құрайды.

Аймақтың агроклиматтық жағдайы құрғақ жазықтық және шөлейтті жазықтық топырақты – географиялық аймаққа негізделген. Бақылаулы аймақтағы топырақтың негізгі типтері: қоңырқай сарғылт, сарғылт және ашық сарғылт топырақтар.

Бақылаулы аймақтағы топырақтың жел эрозиясына шалдығу жерлері– 3,0, млн. га, су эрозиясына – 0,24 млн.га.

Жер қатынастар бөлімінің мәліметтері бойынша бұзылған жерлердің жалпы алаңы 5,367 мың га. құрайды. Бұзылған жерлердің негізін, аймақтағы тау-кен кәсіпорындарының карьерлері тудырады. 

2012 ж. есеп беру мерзімінде рекультивация бойынша жұмыстар негізінен, жалпы  таралған пайдалы қазбаларды өндіру  карьераларында  жасалынды.

Әрекеттегі жылда  құмды өндіру бойынша карьері «Силикат» ЖШС  1,5 га.  жерді техникалық қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалынды.

Табиғат пайдаланушылардан алынған ақпаратқа сәйкес -  айналымннан 986,494 га жер шығарылған (2011ж. – 133,31 га).   Айналымнан шығарылған жерлер  әрекеттегі карьерлерді  ұлғайту үшін, аймақтағы тау-кен кәсіпорындарының басқа да нысаналары мен орлар үшін шығарылған.  

Жер қойнауы

Семей аймағында  83 қазба пайдаланушылары шаруашылық әрекетін атқаруда. Көрсетілген кәсіпорындар  алтын кендерді, көмірді, флюориттерді, молибденді-мыс кендерін шығару және өңдеу кәсіпорындары, кен орындарда марганец кен орындарын өңдейтін және тағы да басқа пайдалы қазбаларды өңдейтін кәсіпорындар. Есеп беру уақытында кәсіпорынның тең жартысы  өндірістік қызметін  қаржыландыру көзі  болмау себебінен  қызметін уақытша тоқтатты.

Пайдалы  қазбаларды өндіру жұмыстарын жүргізу барысында және жер қойнауын пайдалану нысаналарын салу кезінде, ҚР Экологиялық кодексінің 220 б.  талаптарына сәйкес  бұзылған жерлерді қалпына келтіріп, кейіннен пайдалану үшін,  жердің үстіңгі қабатын сыдырып алынады. Жүргізілген тексерістер нәтижесі бойынша жер қабатын сыдырып алу және сақтау бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

Тау-кен өндіріс қалдықтарын  табиғи ортада  орналастыру көлемін төмендету үшін,  аймақтың жер қойнауын пайдаланушылар өңделген карьердің бос орнын толтыру үшін, аршынды қалдықтарды  пайдаланады.

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС филиалы « Жезкент ТБК»  өңделген шахта орындарын  толықтыру үшін, өндіріс қалдықтарын пайдаланады

Алдындағы ақпаратта көрсетілгендей  карьер орындарын аршынды қалдықтармен толықтыру жұмыстарын  аттас көмір кенін қазумен айналысатын  «Қаражыра ЛТД»  ЖШС атқарады. Көрсетілген кәсіпорында тау жұмыстары кезінде пайда болатын  аршынды қалдықтар, өңделген  карьердің  (ішкі отвал)  жіберіледі, осылайынан жерді қалпына келтірудің техникалық этабы орындалады. Ішкі отвалдың қалыптасуынан бастап, оның алатын  аумағы 326,4 га. Жерді құрады, аршынды қалдықтармен өңделгені 90,02 млн.м3. Есеп беру мерзімінде  «Қаражыра ЛТД» ЖШС ішкі отвалға 16,7753  м3 аршынды қалдықтар жіберілген. 

Улы қалдықтар полигоны

Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация.Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады. Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады.

Қорытынды. Табиғатты аяулауды, оған қамқор болайық. Әрбир табиғи заттың, тірі болсын не өлі болсын бізге тигізер әсері орасан зор. Сондықтан табиғатты қорғап, оның берген табиғи ресурстарын тиімді пайдаланып жүрейік Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Экология «Алматы» 2009 2. Төлеубаев Б.Ә. Радиациялық экология жайлы қысқаша таным «Павлодар 2008» 3. Ж.Ж.Жатқанбаев Экология негіздері «Алматы» 2003

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]