Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лабораториялы жмыс 1-6.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
212.48 Кб
Скачать

Лабораторлық жұмыс №2.

Тақырып: Ақпараттық жүйелерді сипаттау үшін қазіргі компьютерлік технологияларды қолдану.

Stratum 2000 ортасымен танысу

Кіріспе

Stratum 2000 – бірыңғай жүйе, орта, және оның құрамында аспаптар жиынтығы болады. Графикалық екі өлшемді және үш өлшемді редактор, мәтіндік редактор, гипермәтіндік және гиперграфикалық база, мәліметтер базасы, модельдер базасы, математикалық шешкіш, жобалау технологиясы, дыбыстық және бейне ойнатқыштар, тіл, компьютердің шеттегісін басқару жүйесі, мәліметтерді басқару және бейнелеу, барлық осы объектілердің өзара байланыс және басқару жүйесі. Мұның барлығы сіздің кез келген ойыңызды ортада бейнелеуге, қолданушының кез келген мұқтаждығын орындауға мүмкіндік береді. Орта желіде жұмыс істейді және басқа өнімдермен дамыған интерфейстер жүйесі бар.

Қолданушының өзінің ұйғарымында бар: Графиканы рәсімдеу үшін бет, Функционалдық сипаттама үшін сұлба, Күрделі жүйелерді ұйымдастыруға арналған жоба, Жобалаудың қолдаулары және конструкторларды жүзеге асыру үшін бейнелер, Көру үшін графикалық объект, Жұмысқа арналған аспаптар, Есептеулер үшін модельдер, Жандану үшін мультимедиа, Сақтауға, мәліметтерді іздестіруге және ұйымдастыруға арналған база, Ұйымдастыруға арналған байланыстар және сілтеулер.

Stratum 2000, Window's (Window's 95, 98 и Windows NT 4.0, Windows NT 5.0 версиялы) операциялық жүйесінің негізінде жұмыс істейді. Сондықтан бұл технология ұсынатын, батырмалар, пернелер, тышқан, терезелер туралы келісімдерді қолдау қисынды. Бұл сұрақта өзін бастаушы сезінетіндерге, біз төменде бізбен сүйемелденген келісімдерді қолданушының көз қарасымен қараймыз.

Window's туралы негізгі келісімдер: Сол жақ батырмамен шерту – объекттерді таңдау үшін арналған. Таңдалған объект ерекшеленеді, немесе инверсті түспен немесе жақтаумен. Ол үшін, объектілер тобын таңдау үшін, сол жақ батырманы ұстап тұрып, оларға тышқанмен нұсқау керек. Содан соң таңдалған объектке (объектілерге) әсер етуге болады, мысалы жылжытуға, көшіріп алуға және т.с.с. Оң жақ батырмамен шерту – кейбір операцияларды таңдалған объектінің (объектілердің) үстінен жүргізуге арналған, операцияларды таңдау үшін қалқымалы мәзір пайда болады (енді онда таңдау сол жақ батырмамен іске асырылады). Екі рет шерту – объектіге анықталған әрекеттерді тез орындау үшін арналған. Оң жақ батырмамен шерту – контексті мәзірді шақыру үшін арналған.

Объекттермен операциялар: Орын ауыстыру – тінтуірдің көмегімен таңдалған объектімен(объектілермен) іске асырылады, ол үшін тінтуірдің сілтеуішін таңдалынған объектіге нұсқау керек, оның сол жақ батырмасын басып және ұстап тұрып, нұсқаушыны керекті позицияға жылжытып, сол жақ батырманы жіберіңіз. Көшіру – пернелердің тіркестіктерін қолдана отырып, таңдалған объектке(объектілерге) іске асырылады CTRL+INS – буферге орналастыру; SHIFT+INS – буферден көшіріп алу. Буфер ақпаратпен, объекетілермен бір өнімнің ішіндегідей және өнімдердің арасындағы алмастыру құралы ретінде әрекет етеді.

Тапсырма 1. Ортамен танысу

Stratum-ды пирамиданың суреті бар және Stratum for Windows жазуы бар ярлыққа тінтуірді апарып, оның сол жақ батырмасын басып іске қосыңыз. (Ол үшін «Пуск→Программы→ Stratum for Windows» батырмаларын басу қажет болуы мүмкін).

Сіздердің алдарыңызда экранда осыған ұқсас сурет пайда болады:

Ортаның интерфейсі бас мәзірден, аспаптар панелінен және ағымдағы бетің жұмыс аймағынан тұрады.

Басты мәзірдің негізгі пункттерін тағайындау -

  • Файл – жобаларды және файлдарды құру, сақтау, баспаға шығару және т.б. командалар.

  • Түзету – мәтінді және графиканы түзету командалары.

  • Түр – ортаның интерфейсін басқару командалары.

  • Қою – бетке жаңа объектілерді қою, объектілерді импорттау командалары.

  • Пішім – жобаның және беттің объектілерінің параметрлерін түзету командалары.

  • Моделдеу – модельдеуді басқару командалары.

  • Параметрлер – ортаның және ағымдағы жобаның параметрлерін күйге келтіру.

  • Терезелер – ортаның терезелерін басқару командалары.

  • Көмек – орнатылған көмек көрсету жүйесі.

Аспаптар панелі -

  • Стандартты – көбінесе қолданылатын командалар – жаңа жоба құру, сақтау және т.б.

  • Сурет салу – бетте объектілердің суретін салу командалары – сызықты, дөңгелекті және т.б. салу.

  • Басқару – жобаны модельдеу командалары – іске қосу, тоқтату, кідіріс, түсіру.

Ескерту: аспаптар панеліндегі кез келген батырманың тағайындамаларының тез анықтамасын алу үшін, оның суретіне мегзегішті орнықтырыңыз.

Тапсырма 2. Жобалардың мысалдарын жүктеу

Жобаны жүктеу үшін Файл – Ашу командасын қолданыңыз. Файлды ашу стандартты диалогы пайда болады, одан кез келген мысалды таңдап алыңыз. Жоба жүктелгеннен кейін, оны аспаптар панеліндегі іске қосу командасымен жүргізіңіз. Жобаны тоқтату үшін тоқтау пернесін қолданыңыз.