Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

эконом теория есептер

.docx
Скачиваний:
53
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
24.86 Кб
Скачать

«Макроэкономика»

1-есеп. Экономикада келесі мәліметтер берілген (млрд.тенге)

Трансферттік төлемдер 6,0

Жалпы ішкі инвестициялар 18,4

Бизнеске салынатын жанама салық 9,0

Таза экспорт 2,2

Корпорацияның бөлінбеген пайдасы 4,9

Амортизация 8,9

Жеке тұтыну шығындары 88,2

Корпорацияның пайдасына салынатын салық 2,6

Әлеуметтік сақтандыру салымдары 0,5

Қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу 9,8

Жеке табыс салығы 4,8

а) ЖҰӨ көрсеткіштерін және жеке қолда бар табыстың көрсеткіштерін есептеңдер.

ә) Жеке жинақтардың көлемі қанша?

б) Экономикадағы капитал қорының көлемі қаншаға өсті?

2-есеп. Экономика жағдайы келесі көрсеткіштермен берілген:

  • Тұтыну шығындары (С) = 4600

  • Инвестициялар (I) = 1400

  • Мемлекеттік шығындар (G 1600)

  • Мемлекеттік трансферттер (TR) = 200

  • Мемлекеттік қарыз бойынша %-ды төлеу (N) = 200

  • Салықтар (Т) = 1900

Есептеңдер:

  1. Жеке жинақтар;

  2. Мемлекеттік жинақтар;

  3. Мемлекеттік облигациялардың бағасын (құнын) және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін шығарылған қосымша ақша көлемін.

Мына жағдай анық: тапшылық 50%-ға облигация шығарумен қаржылынырылады

3-есеп. Игілік өндіріледі және тұтынылады ейік. Кестеде саны және бағасы (1 бірлікке) 2 кезеңге берілген Ласпейрес индексін, Пааше индексін, Фишер индексін (1992 ж. – базистік кезең) есептеңдер:

Жылдар

1992

1992

2002

2002

Бағасы

Саны

Бағасы

Саны

Кітаптар

20

20

30

7

Джинсілер

52

10

75

5

Теледидар

1200

5

800

3

4-есеп. Кестеде берілген мәлімет бойынша мыналарды есептеңдер:

  1. Табыстар ағыны бойынша ІҰӨ көлемін;

  2. Шығындар ағымы бойынша ІҰӨ көлемін;

  3. ТҰӨ көлемін;

  4. ҰТ көлемін.

Есепшот

Млрд. Тенге

1.

Несиенің пайызы

15

2.

Жалпы жеке инвестициялар

75

3.

Жалақы және еңбекақы

315

4.

Корпорация пайдасы

225

5.

Жанама салықтар, салықтық емес міндеттемелер және жеке кәсіпкерлер төлейтін трансферттік төлемдер

45

6.

Жалға алынатын мүліктің иелеріне төленетін ренталық төлемдер

40

7.

Корпорация пайдасына салынатын салық

60

8.

Тауарлар мен қызметтің таза экспорты

15

9.

Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу

100

10.

Таза жеке инвестициялар

65

11.

Жеке меншіктен түсетін табыс

42

12.

Мемлекеттік кәсіпорынға таза субсидиялар

4

13.

Халыққы төленетін трансферттік төлемдер

33

14.

Тұтыну шығындары

350

5- есеп. Ұлттық өндіріс 2 тауарды қосады дейік: Х (тұтыну тауары) және Ү (өндіріс құрал-жабдығы). Ағымды жылда – 500 бірлік Х (1бірлік бағасы – 2 теңге) және 20 бәрләк Ү (1 бірлік бағасы – 10 теңге) тауар өндірілген. Ағымды жылдың аяғында 50 пайдаланылатын машиналар (Ү тауар) жаңа тауарлармен ауыстырылуы керек. Есептеңдер:

  1. ЖҰӨ көлемін;

  2. ТҰӨ көлемін;

  3. Тұтыну көлемін және жалпы инвестиция көлемін;

  4. Тұтыну көлемін және таза инвестиция көлемін.

6-есеп. Экономика төменгі мәліметтерден өрнектелген. Нақты табыс Ү= 400 долл. Тұтынудың шекті бейімділігі МРС=0,8. Тепе-теңдік табыс Ү*= 4200 долл.

а) Экономика тепе-теңдік жағдайда болуы үшін (Ү=4200 долл.) мемлекеттік шығындар қалай өзгеруге тиісті? (басқа шарттары тұрақты деп жорамалдаймыз).

б) экономика тепе-теңдік жағдайда болуы .шін салық түсімі қалай өзгеруге тиісті?

7-есеп. А мемлекетіндегі экономиканы кейнс үлгісі төмендегідей бейнелейді. (Баға тұрақты деп жорамалдаймыз)

  1. Сd = 200 + 0.8 Yd – болжанған тұтыну шығындары

  2. GNP = Yd – ЖҰӨ

  3. Id = 160 – болжанған инвестиция

  4. G = 500 млн.долл.

Таза экспорт нөлге тең

Ү = (GNP – 500) + 200 + 0.8 160 + 500

Табу керек

  1. А мемлекеті үшін жиынтық шығындар қисығын салу

  2. ЖҰӨ-нің тепе-теңдік көлемін табу және графикте көрсету

  3. Мультипликатордың мәнін анықтау

8-есеп. Төмендегідей мәліметтер берілген:

Cd = 1000 + 0.9 Yd

G = 600

Id = 390

T = 400

Yd = Y – T

B = T – C

Nx = 0

9есеп. Экономикада төмендегідей мәліметтер берілген:

Y = 5000

C = 3200

I = 900

G = 1000

T = 900

Мемлекет бюджетінің тапшылығын анықтандар.

10-есеп. Кестеде жиынтық сұраныстың негізгі құрауыштарының динамикасына әсер ететін бағадан тәуелсіз факторлар көрсетілген. Осы кестені толтырындар. Екінші бағанада сәйкес келетін жиынтық сұраныстың құрауыштарын, ал үшіншісіне оның өзгерісін (өсу (+), кему (-)) көрсетіндер.

Факторлар

Жиынтық сұраныс құраушы

Өзгеріс

1

2

3

А) халықтың өсуі

Тұтыну

(+)

Ә) ақшаға ұсыныстың қысқаруы

1

2

3

Б) жеке салықтардың өсуі

В) басқа мемлекеттердегі болжанып отырған рецессия

Г) тұрғын үйлерге бағаның өсуі

Д) экономикада болжанып отырған рецессия

11-есеп. Кестеде жиынтық ұсынысты сипаттайтын мәліметтер берілген

Баға деңгейі

Нақты түрде өндірілген ЖҰӨ

250

2000

255

2000

200

1900

175

1700

150

1400

125

1000

125

500

125

0

а) табу керек:

1) жиынтық ұсыныс қисығы кесіндіде болғанда, нақты ЖҰӨ көлемі қандай аралықта өзгереді?

2) жиынтық ұсыныс қисығы классикалық кесіндіде болғанда, нақты қандай ЖҰӨ көлемі және баға деңгейі қандай аралықта өзгереді?

3) жиынтық ұсыныс қисығы аралық кесіндіде болғанда, нақты ЖҰӨ көлемі қандай аралықта өзгереді?

ә) төмендегі суретті пайдаланып, жиынтық ұсыныстың графигін сыз

б) кестеде жиынтық сұраныс функциясының з ваританты берілген. Төмендегі кестеде берілген 3 вариантқа сәйкес келетін АД1, АД2 және АД3 жиынтық сұраныс қисығын сыз, 3 варианттың әрқайсысына ЖҰӨ тепе-теңдік көлемін және бағаның тепе-теңдік деңгейін анықтандар

Баға деңгейі

Нақты ЖҰӨ көлемі

(1)

(2)

(3)

250

1400

1900

400

225

1500

2000

500

200

1600

2100

600

175

1700

2200

700

150

1800

2300

800

125

1900

2400

900

100

2000

2500

1000

12-есеп. Кестеде көрсетілген мәліметтермбойынша М1, М2, М3 ақша агрегаттарының көлемін анықтандар.

Млрд.тг

Аз көлемді қысқа мерзі мді салымдар

Көп көлемді қысқа мерзімді салымдар

Чектік салымдар

Чексіз жинақтық салымдар

Қолда бар ақша

1630

645

448

300

170

13-есеп. Коммерциялық банктің резерв сомасы 230 млн.тенге, ал депозиттер көлемі 800 млн.тенге. депозиттегң міндетті резерв нормасы 25%. Егер банк өзінің барлық артық резервтеріне несие беретін болса, ақша ұсынысы қалай өзгеруі мүмкін?

14-есеп. Міндетті резервтер нормасы 15%. Коммерциялық банк депозиттер көлемінің 5%-ын артық резерв ретінде сақтап отыр. Егер депозиттер көлемі 9000 тенге болса, банк несие беру үшін қандай ең жоғары шекті соманы қолдана алады?

15-есеп. Орталық банк коммерциялық банктерден 150 млн.тенгеге мемлекеттік облигацияларды сатып алды. Егер коммерциялық банктер өздерінің барлық несиелік мүмкіндіктерін қолданса, депозиттердегң резерв нормасы 15% болған жағдайда ақша ұсынысы қалай өзгеруі мүмкін?

16-есеп. Кестеде берілген мәліметтер бойынша: а)М1; ә)М2; б)М3 табыңыз.

Млн.тенге

Шағын жедел салымдар

1290

Ірі жедел салымдар

476

Чексіз салымдар

413

Қолма-қол ақшалар

210

Чексіз жинақ салымдары

280