
- •2. Демэкология2 сұрақ- популяциялық экология. Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы.
- •Билет №2
- •1.Экологияның мақсаттары, міндеттері мен әдістері. Экологияның практикалық маңызы.
- •3.Қоршаған ортаның физикалық ластануы.
- •Билет №5
- •Билет №6
- •Билет №7
- •Билет №8
- •Билет №9
- •Билет №10
- •Билет №11
- •Билет №12
- •Билет №13
- •Билет №14
- •Билет №15
- •Билет №16
- •Билет №17
- •Билет №18
- •Билет №19
- •Билет №20
- •Билет №21
- •Билет №22
- •Билет №23
- •Билет №24
- •Билет №26
- •Билет №27
- •Билет №28
- •Билет №29
- •Билет №30
- •Билет №40
Билет №5
Қоршаған ортаның абиотикалық факторларын сипаттаңыз.
«Көшетхана эффектісі»: ұғымы, пайда болу себептері, қоршаған ортаға әсер етуі, шешу жолдары, проблемалары.
Фаунаны қоңсыластыру. Қоңсыластырудың үш себебі.
Жауаптар:
1. Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.
1.Алуан түрлі экологиялық факторлардан температура, жарық, жылу, ағыстар, жел және атмосфералық қысым, сондай-ақ су сияқты климаттық факторлардың аса үлкен маңызы бар.
Температура. Онда тіршілік етуге болатын температура диапазоны шамамен 3000С құрайды: -2000С-дан +1000С-ға дейін. Әрине, түрлердің көпшілігі температуралардың тар диапазондарында тіршілік етеді: шамамен +880С-дан -500С-ға дейін. Температураға өсімдіктер мен жануарлардың маусымдық және тәуліктік белсенділігі байланысты болады. Адам үшін температура сондай-ақ лимиттеуші және реттеуші фактор. Атмосфераның төменгі қабатының күйі есепке алынып, ауа-райының жеті класы әзірленген (0С): жайлы, салқын, суық қатты
Жарық. Жарыққа қатысты организмдердің алдында дилемма тұр: бір жағынан, протоплазмаға жарықтың тікелей әсер етуі организм үшін өлімге әкелуі мүмкін, екінші жағынан – жарық – энергияның алғашқы көзі, онсыз өмір сүру мүмкін емес. Күн сәулесін шығару спектріндебиологиялық әсер етуі бойынша әр түрлі үш облыс ерекшеленеді: ультракүлгін, көрінетін және инфрақызыл. Ультракүлгін сәулелер (0,005…04 мкм) адамның көзімен қабылданбайды, айқын көрсетілген химиялық әрекетті иеленеді. Толқын ұзындығы 0,29 мкм-ға дейінгі сәулелер барлық тіршілік үшін зиянды. Бұл сәулелер атмосферамен күшті жұтылатындықтан және Жер бетінде олар салыстырмалы түрде шамалы болғандықтан, Жерде тіршілік мүмкін болады. Ультракүлгін сәулелер бактерияларды өлтіреді, күнге күйдіреді. Көрінетін сәулелер (0,4…0,75 мкм) – спектрдің адам көзімен қабылданатын бөлігі, олардың үлесіне Жер бетіне жететін күн сәулесінің жартысына дерлігі келеді және олардың организмдер үшін баға жетпес маңызы болады. Жасыл өсімдіктер органикалық заттарды синтездейді және спектрдің осы бөлігінің энергиясы есебінен барлық қалған организмдер үшін қорек құрайды. Фотосинтез үшін көк және қызыл түстің аса үлкен маңызы бар, себебі олар өсімдіктермен күшті жұтылады. Сондай-ақ инфрақызыл сәулелер (0,76…350 мкм) адам көзімен қабылданбайды және айқын көрінетін жылулық әсерді иеленеді. Жердің инфрақызыл сәулесі энергияны әлемдік кеңістікке әкетеді, бұл жер бетінің салқындауына мүмкіндік туғызады. Берілген сәуле организм-дер тіндерімен жұтылып, олардың қызуын тудырады. Қала құрылысы эколо-гиясында тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарды күн сәулелеріне дұрыс бағдарлау ғана емес, сонымен бірге көшелер мен көлік магистральдарын оңтайлы жоспарлау маңызды. Күнмен жарық түсірілген ашық аумақтарды да, демалуға арналған көлеңкеленген бөліктерді де жобалау керек. Жобалаушылар мен құрылысшылар кем дегенде 3 сағат үздіксіз күн көзімен сәулелендіріп, түрғын жайлар мен аумақтың міндетті инсоляциясын қамтамасыз етуге міндет-ті. Күн радиациясының деңгейі ауаның ластану дәрежесіне тікелей байланысты болады: ластаушы заттар (әсіресе қатты бөлшектер) күн жарығын жұтады.
Жылу. Бұл экожүйелердің энергетикалық компоненттерінің бірі және лимиттеуші фактор. Жылулық сәуле шығару температурасы абсолюттік нөлден жоғары денелердің бетінен шығады. Топырақ, су, өсімдіктер, бұлт, тірі организмдер жылу шығарады. Жылу энергиясының тәуліктік және маусымдық тербелістерінің үлкен экологиялық маңызы бар. Жылу энергиясының орасан көп мөлшері судың булануына, ауаның жылу ағындарының түзілуіне жұмсалады, әлемдік кеңістікте сейіледі. Энергияның ғарышқа шығуын баяула-татын кез келген фактор көшетхана әсеріне және биосфера температурасының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Жылу энергиясы температураны қолдайды, топыраққа әсер етеді, су айналымын қозғалысқа келтіреді.
Ағыс. Гидросферада толық тыныштық сирек болады және ұзаққа созылмайды. Су ағыстары газдар мен қоректік заттардың шоғырлануына әсер етіп қана қоймай, сонымен бірге түр деңгейінде де, қауымдастықтар деңгейінде де лимиттеуші факторлар ретінде тікелей әсер етеді. Тоспа су экожүйе үшін стресс жағдайларын тудырады, ал аққыш және жайылып кететін маусымдық су өнімділікті арттыратын қосымша энергия көзі ретінде әрекет етеді.
Жел. Ол организмдердің белсенділігіне және таралуына лимиттеуші әсер етеді. Жел өсімдіктердің сыртқы түрін өзгертуге қабілетті. Ауа қозғалысы, су ағысы сияқты, өнімділіктің ұлғаюына қолайлы әсер етеді; дауыл жануарлар мен өсімдіктерді үлкен ара қашықтықтарға тасымалдауға және қауымдастық-тардың құрамын өзгертуге қабілетті. Құрғақ аудандарда жел өсімдіктер үшін маңызды лимиттеуші фактор болып табылады. Қалаларды жобалау кезінде жел режимін, басым бағыттарды және жел күшін, құрылыс орнын, құрылыстың белгілі жоспарлық құрылымын, көшелердің бағыттарын және т.б. таңдау кезінде есепке алу үшін оның жыл мезгілдері бойынша периодтылығын зерделеу жорамалданады. Үйдегідей, қалада жақсы желдету маңызды болады, себебі ол жоқ болғанда тұмшаның – жер бетінде ластаушы заттардың топтану қаупі пайда болады. Қаланың ауа бассейнінің жел өткізбеуі жағдайларында аз қалдықты технологияны ендірудің, шаң-газ тұтқыштарды орнатудың, зиянды лақтырыстарды қосымша тазартудың және атмосфералық ауаның тазалығын сақтауға бағытталған басқа шаралардың аса маңызды мәні бар.
Қысым. Жануарлар мен адамдар атмосфералық қысымның өзгеріс-теріне әсер етсе де, ол тікелей әрекетті лимиттеуші фактор болып табылмайды. Алайда қысымның лимиттеуші факторлар болып табылатын ауа райы мен климатқа тікелей қатынасы бар. Мұхитта гидростатикалық қысым орасан зор роль атқарады. Әрбір 10 м-ге суға батырылуымен қысым 1 атмосфераға жоғарылайды. Тауларда керісінше әрбір 10 м биіктікке қысым 1 атмосфераға төмендейді.
Атмосфералық газдар. Қазіргі атмосферада көмірқышқыл газының (көлемі бойынша 0,03%) және оттегінің (көлемі бойынша 21%) шоғырлануы организмдер үшін лимиттеуші болып табылады. Оттегінің жетіспеуі сияқты, көмірқышқыл газы шоғырлануының ұлғаюы тірі организмдер үшін өлімге әкеледі.
Су. Сондай-ақ экологиялық көзқарастан лимиттеуші фактор болып табылады. Жауын-шашын мөлшері, ылғалдылық, беттік сулардың қолайлы қоры осы фактордың негізгі көрсеткіштеріне жатады. Жауын-шашынды жыл мезгілдері бойынша үлестіру – организмдер үшін өте маңызды лимиттеуші фактор. Олардың жыл бойында біркелкі түсуінің немесе тура осы мөлшердің бір маусым ішінде түсуінің үлкен маңызы бар. Ылғалдылық деп ауаның құрамындағы су буларының мөлшерін түсінеді. Табиғатта ылғалдылықтың тәуліктік режимі (түнде жоғарылайды, күндіз төмендейді) және оның көрсеткіштерінің вертикаль және горизонталь бойынша ауытқулары болады. Сондай-ақ бұл жағдай жарықпен және температурамен қатар, организмдердің белсенділігін реттеуде және олардың таралуында маңызды роль атқарады. Беттік сулардың қол жетерлік қоры ең алдымен атмосфералық жауын-шашынның мөлшеріне байланысты болады. Алайда бұл қорлар жер асты көздерінің есебінен толықтырылуы мүмкін. Кейде жаңбыр суы кеуекті топырақ арасынан жылдам өтуінен организмдер үшін қол жетерлік болмайды. Сондай-ақ қорлардың таусылуы және су көздерінің ластануы тез арада лимиттеуші факторлар болуы мүмкін.
3. Қоңсылас организмдер – негізінде жануарлар және бір жағынан адаммен түрлендірілген ортада адаммен қатар тіршілік етуге бейімделген өсімдіктер.
Қоңсыластыру процесі – біртіндеп жүретін және айтарлықтай ұзақ процесс. Ол антропогенді өзгертілген ландшафттарда қандай да бір түр өкілдерінің басым қоныстануынан басталады. Мысалы, Еуропада табиғи биотоптарға қарағанда, қалалар мен бас елді мекендердің ағаш желектерінде құстардың бірқатар түрлері (қара және сайрауық барылдақ торғайлар, иірілмелі түркептер және т.б.) халықтың көп саны мен тығыздығына жетеді.
Қоңсыластыру келесімен түсіндіріледі:
жануарлар қалаларға табиғи жағдайларға еліктейтін жағдайлар конгломератына сияқты жауап қайтарады;
қала сәулетінің ерекшеліктері құстар мен жануарлардың көптеген түрлерінің қоныстануы үшін кең мүмкіндіктерді ашады;
тығыз құрылыс қалада қолайлы микроклиматты тудырады, бұл кейбір құстардың отырықшы қалалық популяциялары қалыптасуының себебі болады.
Бай қалалық фауна адамның эстетикалық сұраныстарын қанағаттанды-рады, мысалы, жасыл желектердің сақталуын қолдап, тұрақты, өздігінен реттелетін экожүйелердің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Бірақ теріс жақтары да бар: кейбір құстар жеміс бақтарын зақымдайды, кейде жануарлар инфекциялар көзі болып табылады, жабайыланған иттер мен мысықтар топтары пайда болады.
Сондықтан қалалар мен өнеркәсіптік аудандар фаунасының стихиялық қалыптасуына оның жеке түрлер экологиясын білу негізінде құрылуына бағытталған қалыптасуын қарсы қою қажет. Бұл күрделі және тұрақты өсімдік қауымдастықтарының қалыптасуына, сәулеттік пішіндердің экологиялық түзетілуіне және т.б. жатады.