Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3_chast(переведенный).docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.64 Mб
Скачать

Таспаның (жылдамдық релесінің) жылдамдығын бақылау конвейрлік желінің автоматты түрде іске қосылуы үшін және соңғысының таспаның тұрып қалуы кезінде сөндіруі үшін қажет.

Конвейрлік таспаның түсімін бақылау датчиктері түзулердің шеттерінде орналастырылатын тік қозғалмалы шығыршық немесе өзекше түрінде болады. Таспа бір жаққа түсіріліп, конвейрді басқару шынжырындағы орындаушы реленің жалғасуын тарқатып қозғалмалы элементтерді ауытқытады.

Жүкті ауыстырып тиейтін құрылғылардың заштыбовакасын басқару датчиктері жалауша немесе жүкті ауыстырып тиейтін орынның үстіне ілінген басқа элементтер түрінде болады. Элементтің тік орыннан 11 - 120-қа мүмкін мәндегі жүктің деңгейінен асып түскен кезде ауытқуы конвейрді тоқтататын орындаушы реленің байланыстарына әсер етеді.

Таспаның механикалық зақымдануын арнайы құрылғылар бақылайды, олар таспаның жұмыс істемейтін жағымен үзіліссіз түйісіп отырады. Бұл құрылғылардың зақымдануға шалдыққанында және таспаның жыртылуы кезінде конвейрді сөндіретін құрылғылар іске қосылады.

Қуатты конвейрлердің таспаларының арқандық негізінің жағдайын сақтандыратын бақылауы үшін үзіліссіз магниттік дефектоскоп принципі негізінде жұмыс істейтін бақылау құрылғыларын қолданады.

Температуран бақылау датчиктері ретінде бақыланатын тетіктерінде (тартпалық барабанның обечайкасы, мойынтіректің тұрқысында және т.б.) бекітілетін бейметалды термоэлементтер қолданылады.

Одан басқа, техникалық қызмет көрсету кезінде үйкелетін жұптарды өз уақытында майлап отыру, мойынтіректегі майды ауыстыру, шашуларды алып тастау керек және т.б.

Конвейрлерді төменгі температураларда (– 200 С) пайдалану кезінде осыларды қамтамасыз ету керек:

- конвейрді бекерге іске қосылуын және 5 – 10 мин жүктеусіз жұмыс істеуін;

- тұтас алғанда және жекеше жағдайдағы ұзақтықта тоқтаудың ең кем санын;

- жетектік барабандардың (0-ден жоғарғы температураға дейін қыздыру, арнайы сәлелермен сәлелендіру және т.б.) жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ету бойынша арнайы шараларды;

- материалдың (хлорлы кальцийдің ерітіндісін, инертті материалдарды және т.б.) қатуына кедергі жасайтын таспаны арнайы жөндеуін.

Барлық табылған кішігірім ақаулар – конвейрлерді технологиялық себептерден тоқтату кезінде таспаның жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін қоршаулар бәлелер, шығыршықтар айналмауын жою (таспаны тазалау немесе шығыршықтарды ауыстыру және т.б.)

Одан қарағанда маңызды ақауларды (таспалардың тесілуі, соғылулар) белгілейді және мүмкін болса уақытша бекітеді (таспаның бір орындағы соғылуларын тоғындармен немесе арнайы желіммен), кейін жөндеу кезінде оларды жояды.

Конвейрлерге (конвейрлік түзулерге) қызмет көрсетуіне арнайы тапсыру мен алу журналы басталу керек, онда тексерістердің нәтижелері жазылады. Конвейрлердің ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жұмыстары ажыратылады.

Конвейрді күрделі жөндеуін 4 – 6 жыл сайын, ал орташасын 2 -3 жыл сайын өткізеді.

Ағымдағы жөндеу жұмысы тозған тетіктердің және түйіндердің мардымсыз санының ауыстырылуын және конвейрдің механизмдерін реттеуді: тозған шығыршықтарды ауыстыруды, конвейрлік таспаларды жөндеу, тазалағыш таспаны жөндеуді, жетектік барабандардың футеровкасын қалыпқа келтіруін, конвейрлердің электрлік құралдарын ұсақ жөндеу, конвейрлердің тіс тәрізді жалғастырғыштарының жөндеуін қарастырады.

Конвейрлік таспаның, конвейрдің ең көп күшті қажет ететін бөлігінің ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде оны конвейрден шешу қарастырылмайды, себебі жөндеу жұмысы екі құрауыштарды – герметиктерді қолдану арқылы жасалынады. Пасталар өшірілуден жақсы шыдайды. Бұл көп бұзылуларды: төсемдердің қабаттарының бір-бірінен ажырауын, кішігірім тесіп өтілген ойықтарды мен тіліктерді, қоршаулардың қажалуын жөндеуге көмектеседі.

Кәсіпорындардың қатарында шамамен айына бір рет конвейрлермен жоспар бойынша (жөндеу күндері немесе ауысым кезінде конвейрлер тоқтағанда) ағымдық жөндеу жұмыстарын жасайды, бұл ағымдық жоспарланбаған жөндеу жұмыстарының көлемін азайтады да, конвейрдің жұмыс істеу мерзімін ұлғайтады. Ағымдық жөндеу жұмысынан кейін конвейрдің сындық іске қосылуын жүргізеді.

Орташа жөндеу жұмыстары кезінде ағымдық жөндеу кезінен қарағанда одан әрі үлкен тізбектемедегі конвейрдің құрылымдық бөліктерін ауыстыралы немесе қалыпқа келтіреді.

Ал күрделі жөндеу кезінде конвейрдің барлық элементтері толығымен қалпына келтірілуі қажет, керекті жаңартуларды жасау керек, бұйымдардың ресурстарын толығымен қалпына келтірілуі қажет.

Күрделі жөндеу жұмысы кезінде конвейрлік таспаны, жетектік және ауытқитын барабандарды, жетектік станциялардың тетіктерінің қажалуын (тіс тәрізді муфта, храппен тоқтайтын дөңгелектер, бәсеңдеткіштің тегершіктері және т.б.) ауыстырады, конвейрдің жақтауының металдық құрылымын, іргетас, күштік пен іске қосуды реттейтін электрлік құралдарын жөндейді.

Күрделі жөндеу жұмысы жасалатын конвейрлердің түйіндерінің жұмыс жасау мерзімі әртүрлі, сондықтан барлық түйіндерді бір уақыттағы күрделі жөндеуі орынды емес. Кәсіпорындарда әдетте түйіндердің (әсіресе таспалардың) қажалуының дәрежесін орналастырады және күрделі жөндеу графигін құрады. Әрі конвейрдің түйіндердін күрделі жөндеу жиынтықтың жөндеуімен уақыт бойынша байланысты болу керек.

Таспалардың күрделі (қалыпқа келтіретін) жөндеу жұмыстарын таспалардың: бағаналардың, үстіңгі және астыңғы жұмыс үстелдірінің, біліктердің, стационарлық вулканданған сыққыштардың, жүкшығардың және т.б. қалыпқа келтіретін жөндеудің технологиялық желілері бар арнайы цехтарда жасайды.

Конвейрлерді жөндеу кезінде ең бейнетті түйіндер жетектік және созылып кигізілетін станциялар, шығыршықты сүйеулер мен таспалар болып келеді.

Жетектік және созылып кигізілетін станцияларды күрделі жөндеуі кезінде механизмдерге толығымен демонтаж жасайды, ал орташа жөндеу кезінде – 60-80%, ал ағымдық жөндеу кезінде – 40-60% жасайды. Тозған тіс тәрізді берілістер, мойынтіректер, тежегіш шкивтер, ойматіліктік және бұрандалық қосылыстар шектік тозылудан кейін жаңалармен ауыстырылады. Мойынтіректер отырғызылатын орындарды қалпына келтіреді, редукторлардың тұрқыларындағы жарылуларды электродоғамен немесе газ дәнекермен дәнекерлейді, синтетикалық желімдермен және полимерлік материалдармен бекітеді.

Барабандарды жөндеу кезінде мойынтіректердің түйіндерін бөлшектейді, жуып-шаяды және тозған тетіктерін ауыстырады, сондай-ақ жетектік барабандардың футеровкасын қалпына келтіреді (футеровка үшін конвейрлік таспаны немесе арнайы тұтқыр резеңкені қолданады). Созылып кигізілетін қондырғылардың арқандарының тозуы мен созылып кетуі кезінде арқандарды ауыстырады немесе қысқартады.

Шығыршықтарды жөндеу кезінде оларды бақылау үшін, тозған тетіктерді ауыстыру үшін, мойынтіректерді майлау және содан кейінгі жинақтау үшін бөлшектейді. Кәсіпорындарда шығыршықтарды көпшілігін оларды жөндеу үшін жинақтауды ағындық желіні қолданған жөн.

Шамадан артық жүк күш түсірілген жерлерді ауыстырады және шығыршықты сүйеулерді майыстыратын тығыздалуларды реттейді, шойбалғалық қалқандардағы тозылу орындарын бұзылу жағдайында ауыстырады. Қозғалатын конвейрлерде тозған және майысқан шпалдарды және рельстік-шпалдық бекітілімдерді ауыстырады.

Конвейрлік таспаларды пайдаланудың ұзақ тәжірбиесі Отандық болсын, шетелдік болсын кәсіпорындарда қымбат тұратын конвейрлік таспаларды жөндеудің экономикалық нәтижелілігін дәлелдеді.

Конвейрлік мата таспаларды салқын және ыстық вулкандандыру әдістерімен жөндейді. Конвейрлік таспаларды жөндеу үшін жөнделетін таспа жасалған матаны қолданады. Желісдік және резеңке қоспалар, құралдар мен құрылғылар вулкандандыру әдісі кезіндегідей қолданылады. Төсемдердің және жамаудың арасындағы қоршаудың зақымдануы кезінде аралық байланыстыратын қабат ролін атқаратын резеңке қоспаны орналастырады (16 сурет, а). Қоршауларды арнайы дайындалған желімдік қоспа-жамаудың көмегімен жөндеудің тәжірбиесі бар.

Резеңке-маталық таспалардың төсемелерін жөндеу кезінде (16 сурет, б) зақымдалған төсемелерді үлкен өлшемнен кіші өлшемге дейінгі шаблон бойынша кеседі, таза төсемелерді керісінше кіші өлшемнен бастап төсейді. Төсемелерді орналстыруға дейін желіммен майлайды және резеңке қоспамен төсейді. Соңғы әрекет – қоршаулық резеңкеден жамауларды жабыстыру.

Тесіп өтілген ойықтарда, тіліктер мен жарылуларда таспаны алдымен жұмыс істейтін қоршаудан ортадағы төсемеге дейін жөндейді, содан кейін жұмыс істемейтін қайтадан орналастырылғанға дейін жөндейді (16 сурет, в). Таспалар да сол сияқты қоршаулардың бүйірлік зақымдану кезінде жөнделеді (16 сурет, г).

а)

б)

в)

г)

а қоршау: 1 – жамаудың белгіленуі; 2 желімнің қабаты; 3 – резеңке қоспа; 4 – жамау;

б төсемелер: 1 – жамаудың белгіленуі; 2 – желімнің қабаты; 3 резеңке қоспа; 4 –төсемелерді қою; 5 – жамау; в –таспаның тесіп өтілген зақымдануы кезінде: 1 жамаудың белгіленуі; 2 – резеңке қоспа; 3 желім қабаты; 4 төсемені қою; 5 – жамау; г таспаның бүйірлік зақымдануы кезінде: 1 –таспаның жұмыс істейтін жағынан жамаудың белгіленуі; 2 –жұмыс істемейтін жағында да солай.

16 Сурет – Жөндеу кезінде резеңке-мата таспалардың бөлшектеу сызбасы

Конвейрлік таспаларды жөндеу кезінде вулкандануды қажет етпейтін және таспаларды жөндеуді жамау мен тігіссіз жасайтын «молекулалық резеңке» кең қолданыс тапты.

Арнайы екі құрамбөлігі бар паста-герметиктер (14-V-11 ТУ 38 405579-85 және 14-V-12 ТУ 38-405579-85) және композициялық эластомерлер (мысалы, «Бель-зона» фирмасынан) ойлап табылған. Олар төсемелердің қабаттарының бөлінуі кезінде, тесіп өтілген ойықтар мен тілімдер кезінде қолданылады. Олар (қыздырусыз) резеңкенің барлық қасиеттері бар және барлық материалдармен жақсы адгезияланатын қатты затқа полимерленеді. Ол қатты затты конвейрлік таспаларды жасауда қолданады, яғни шымырлығы жақсы, тозуға берік, үзілуге беріктігі жоғары, химиялық зақымдануға берік болатын резеңке тәріздес материал алынады.

Резеңке арқан таспаларды негізінде ыстық вулканизация әдісімен жөндейді. Алдымен зақымдалған бөліктерді лас батпақтан тазалайды, шаяды және 8-1000С-ге дейін қыздырылған сыққыштың тақталарымен кептіреді. Кейін зақымдалған резеңкені кесіп, зақымдалған орынды тазалап, жанар маймен сүртеді, желіммен шаяды, кептіреді, резеңке жамауды төсеп, оны жабыстырады, содан соң чыққышта вулкандайды.

Арқандардың зақымдануы кезінде таспаны түйістіру кезіндегідей бөлшектеп, содан соң өңдейді де, арқандардың бұзылған жерлерін жаңалармен ауыстырады. Қабатшалық және қоршаулық резеңкені қондырғаннан кейін жөнделетін аймақтарды вулкандайтын сыққышқа орналастырады.

Егер зақымдалған арқандардың саны мүмкін санан асып түссе (таспаның беріктігі 60%-ке кемиді), онда таспаның орындарын кесіп тастап, оның түйісуін жасайды.

Кесе-көлденең жарылу кезінде резеңке қоршауды арқандық негіз байқалатындай тесік пайда болғандай кесіп тастайды. Бетін дұрыстап кедір-бұдырлайды, шаңнан және ұнтақтардан тазалайды, жанар маймен сүртеді, екі рет №425 желімімен майлайды және әрбір майлаудан кейін кептіріп отырады. Қоршаулық резеңкеден қажетті пішінде жамауды кесіп алады, оны жанар маймен сүртеді және екі рет желіммен майлайды. Ашылған арқанға қалыңдығы 1,5 мм болатын қабаттық резеңкені төсейді, кейін жөнделетін қоршаудан қарағанда қалыңдығы 2 – 3 мм-ге көбірек болатын дайындалған жамауды төсейді. Жамаудың шеттерін өңдегеннен және түзегеннен кейін шығыршықты домалатып түзейді, шеттерін пышақпен кесіп тастап, сол жерді вулкандандырады.

Резеңке арқандық таспалардың бойлық жұлынуларын жөндеу кезінде ыстық вулкандандыру үшін Александр көлік жасайтын заводында ПВШ 120 (17 сурет) сыққыш – вулкандандырушы қондырғысы жасалынады. Ол бірнеше жұп тар ( ені 300 мм) диафрагмалардан және қысқыш жүйеден тұрады. ПВШ 120 сыққышының жылытқышының ыстық майымен қоректенетін диафрагма вулкандандырылатын бетте бір уақытта 1,5 МПа қысымын жасайды (8 кесте).

17 Сурет – пвш 120 сыққыш - вулкандандырушы

8 Кесте – сыққыш – вулкандандырушының техникалық сипаттамасы

Негізгі параметрлер

Сыққыш-вулкандандырушы

ПВЛШ120

ПВЛШ120К-01

ПВЛШ120К-02

Конвейрлік таспаның ені, мм

1200-ден бастап

1200-ден бастап

1200-ден бастап

Вулкандандырылатын беттің ұзындығы, мм

1300

1900

3300

Вулкандандыру температурасы, 0С

145 ± 5

145 ± 5

145 ± 5

Таспаның жұмыстық қысымы, МПа

1,0-1,5

1,0-1,5

1,0-1,5

Время нагрева до температуры вулканизации, мин.

60

60

60

қоректендіретін желінің кернеуі, В

380/660

380/660

380/660

Қысқыш бөрененің массасы, кг

55

55

55

Масса, кг

2670

3930

5360

Сыққыштың габариттік өлшемдері, мм:

- ұзындығы

- ені

- биіктігі

1700

1900

710

2500

1900

710

3400

1900

710

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]