Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

13532008_metall_konstr

.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
280.06 Кб
Скачать

<!--

<Section>

<Description>

<Metadata name="Title">"Металл конструкциялардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы"</Metadata>

</Description>

<Section>

<Description>

<Metadata name="Title">Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1353 Қаулысы</Metadata>

</Description>

-->

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 50, 565-құжат

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:       1. Қоса берiлiп отырған "Металл конструкциялардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi бекiтiлсiн.       2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

     

Қазақстан Республикасының      Премьер-Министрi                            К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң       2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1353 қаулысымен    бекiтiлген      

"Металл конструкциялардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi

1. Қолдану саласы

       1. Осы "Металл конструкциялардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi (бұдан әрi - Техникалық регламент) металл конструкциялардың қауiпсiздiгiне, оларды өндiру және монтаждау, тасымалдау және сақтау, құрылыста пайдалану және кәдеге жарату процестерiне қойылатын талаптарды белгiлейдi.       Мыналар осы Техникалық регламенттiң техникалық реттеу объектiлерi болып табылады:       1) осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтiрiлген металл конструкциялар;       2) металл конструкцияларды өндiру және монтаждау, тасымалдау және сақтау, құрылыста және кәдеге жаратуда пайдалану процестерi.       Осы Техникалық регламент металл конструкциялардың тiршiлiк циклi процестерiндегi қауiптi сипаттамалардың пайда болу мүмкiндiгiн ескередi.       2. Металл конструкцияларды сәйкестендiру Қазақстан      Республикасының Сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасының (ҚР СЭҚ ТН) кодтарын және оларға жиынтығында оларды тану үшiн жеткiлiктi болатын таңбалау және iлеспе құжаттар, өлшемдер, көрсеткiштер және талаптар бойынша ҚР МЖ 04-2003 Экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiм жiктеуiшi (ЭҚТ ӨЖ) бойынша тиiстi кодтарды пайдалану жолымен жүргiзiледi.       3. Металл конструкциялардың механикалық қауiпсiздiгiне, өрт қауiпсiздiгiне, радиациялық, термикалық қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар және қауiпсiздiк техникасы мен еңбектi қорғау Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiмен , Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы Еңбек кодексiмен және Қазақстан Республикасының " Өрт қауiпсiздiгi туралы " 1996 жылғы 22 қарашадағы, " Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы " 1998 жылғы 23 сәуiрдегi, " Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы " 2001 жылғы 16 шiлдедегi, " Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы " 2002 жылғы 3 сәуiрдегi, " Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы " 2002 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарымен белгiленедi.       4. Металл конструкциялардың тiршiлiк циклi процестерiнде сақтану қажет негiзгi қауiптi факторлар (қатерлер) мыналар болып табылады:       1) металл конструкцияларды жасау және құрастыру кезiнде  қауiпсiздiк техникасы және еңбектi қорғау ережелерiн сақтамауға байланысты қауiптi өндiрiстiк факторлар орын алуы мүмкiн;       2) шу мен дiрiлдiң жоғары деңгейi;       3) қоршаған ортаның, жабдықтың, материалдардың бетiнiң жоғары немесе төмен температурасы;       4) жабдықтың, аспаптың жылжымалы бөлiктерi, жылжымалы бұйымдар, дайындамалар, материалдар;       5) металдың және абразивтiк материалдардың бөлiнiп кететiн сынықтары және бөлшектерi;       6) дайындамалардың, аспаптардың, жабдықтардың, қалдықтардың беттерiндегi өткiр жиектер, қылтанақтар, кедiр-бұдырлықтар;       7) ауаның металл және абразивтiк шаңмен, дәнекерлеу аэрозольдарымен жоғары дәрежеде шаңдануы;       8) жұмыс аймағының жеткiлiксiз жарықтандырылуы;       9) қызметкерге электр тогының әсер ету мүмкiндiгi;       10) қауiптi сәулелердiң (радиоактивтiк, рентген, ультракүлгiн, жылу) болуы;       11) дәнекерлеу жұмыстары кезiнде электр доғасы сәулелерiнiң көру мүшелерi мен бетке терiс әсер етуi;       12) адам денсаулығына зиян немесе өмiрмен үйлеспейтiн жарақаттар келтiруге қабiлеттi металды сәндеу/қорғау үшiн өңдеуге арналған сұйықтықтардың, заттардың және құрылыс ерiтiндiлерiнде кездесетiн өрт қауiптi және жарылыс қауiптi химиялық компоненттердiң және қосылыстардың болуы;       13) ерiтiндiлердiң, лактардың, сырлардың және ерекше иiсi бар басқа материалдардың және уландыруға қабiлеттi уытты заттардың бөлiнуi;       14) металл конструкцияларды монтаждау және пайдалану кезiнде олардың астында жүрген қызметкерлерге құлап кетуi немесе опырылып түсуi мүмкiн жоғары орналасқан және әлсiз бекiтiлген заттар және конструкциялардың берiктiгi нашар бөлiктерi;       15) құрылыстың бастапқы кезеңiнде бұрандамаларға шамадан тыс салмақтар түсуi мүмкiн және көлбеулер, тартпалар түрiндегi тиiстi уақытша байланыстар орнатылмаса, конструкциялардың қирау қаупi бар;       16) тасымалдау кезiнде жүктiң бiркелкi бөлiнбеуi тежеу немесе бұрылыстағы қозғалыс кезiнде көлiктi басқара алмай қалуға алып келуi, ал бекiтiлмеген жүк қозғалыс кезiнде жылжып немесе құлап кетуi мүмкiн;       17) дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу орнында өрттiң шығуы;       18) өндiрiстiк телiмдерде шегiнде және құрылыс-монтаждау алаңдарында қозғалыстағы көлiк құралдарынан, жүк көтергiш машиналардан, тетiктерден және олардың бөлiктерiнен келетiн қауiп.       5. Осы Техникалық регламенттiң талаптары қолданыста болған және құрылыста қайтадан пайдаланылатын металл конструкцияларына қолданылмайды.

2. Терминдер және анықтамалар

      6. Осы Техникалық регламентте техникалық реттеу саласындағы және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы заңнамалық актiлерде пайдаланылатын негiзгi түсiнiктер қолданылады, мынадай терминдер мен айқындамалар қосымша пайдаланылады:       1) бетондау — болат конструкцияларының бетiне бетон қабатын жағу немесе монолиттiк бетон қабықшаға құрамалы қимадағы прокаттық профильдерден болат сырықтарын орнату;       2) болат конструкциялар - элементтерi әртүрлi маркалы болаттардан жасалған, салыстырмалы жеңiлдiгiмен, конструкциялық нысандарының сан-алуандығымен, аса берiктiгiмен ерекшеленетiн, өнеркәсiпте дайындауға және монтаждауға, басқа материалдармен үйлесiмдiкте пайдалануға болатын конструкциялар;       3) дәнекерлеу жиектегiшi — дәнекерленетiн бөлiктердi дәнекерлеуге ыңғайлы жағдайға орнатуға арналған құрылғы;       4) жұмыстар жүргiзу жобасы — жұмыс сызбаларының негiзiнде және құрылысты ұйымдастыру жобасын есепке ала отырып жасалған, онда осы объектiде негiзгi жұмыстарды орындау және жұмыстар жүргiзудi ұйымдастыру тәсiлдерi көрсетiлген құжат;       5) кондуктор - металл конструкциялардың жекелеген элементтерiн дәнекерлеу, бұрғылау және өңдеу кезiнде бөлшектердi жинау және бекiту кезiнде пайдаланылатын құрал-саймандардың орналасуын анықтайтын құралдың әртүрлiлiгi;       6) қатердi бағалау - қатердi талдаудың және оны бағалаудың жалпы процесi;       7) құрылыс конструкциясы - белгiлi бiр функциялармен ғимараттың немесе құрылыстың бөлiгi болып табылатын түпкiлiктi құрылыс өнiмi;       8) металл конструкциялар - ғимараттардың және басқа инженерлiк құрылыстардың қаңқаларында, үлкен аралықты жабындарда, қабырғалық және шатырлық панельдердi қаптауда ұстап тұратын ретiнде қолданылатын құрылыс конструкциялары;       9) өрт қауiпсiздiгi - адамдардың, мүлiктiң, меншiктiң, қоғамның және мемлекеттiң өрттен қорғалу жай-күйi;       10) санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк - адамның мекен ету ортасына факторлардың зиянды әсерi жоқ және оның тұруының қолайлы жағдайы қамтамасыз етiлетiн халықтың денсаулығының жай-күйi;       11) сәйкестiк презумпциясы - оған сәйкес үйлестiрiлген мемлекеттiк стандарттардың егжей-тегжейлi (нақты) талаптарын орындау Техникалық регламенттiң тиiстi жалпы (елеулi) талаптарын сақтау деп саналатын заңнама немесе тұжырымдамалық бекiтiлген ереже.

3. Металл конструкциялардың Қазақстан Республикасының нарығындағы айналым шарттары

      7. Құрылыс объектiлерiн тұрғызу кезiнде пайдаланылатын металл конструкциялары осы Техникалық регламенттiң талаптарына, сондай-ақ металл конструкцияларына қатысы бар басқа техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келулерi тиiс.       8. Айналымға шығарылатын (оның iшiнде импортталатын) металл конструкциялары мыналарды қамтуы тиiс арнайы ақпаратпен сүйемелденуi тиiс:       1) бұйымға немесе iлеспе құжаттамада тiкелей сәйкестендiру таңбалауы;       2) сапа паспорты немесе одан үзiндi көшiрме;       3) металл конструкцияларды монтаждау бойынша қажеттi техникалық құжаттама;       4) өрт сөндiру тәсiлдерi және құралдары (қажеттiлiк кезiнде);       5) сәйкестiктi растау туралы құжаттар.       9. Ескерту таңбалауына енгiзiлетiн ақпараттың құрамы мен мазмұнына қойылатын ең аз талаптар "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгi жапсыруға және оларды дұрыс түсiруге қойылатын талаптар" техникалық регламентiне және нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келулерi тиiс.       10. Ескерту және сәйкестендiру таңбалауы мәтiн, символдар, пиктограммалар түрiнде салынады (жазылады).       11. Тұтынушыға арналған ақпарат анық және оңай оқылатын болуы тиiс.       12. Ақпаратты жазу құралдары таңбалаудың өнiмдi сақтау, тасымалдау және қолдану кезiндегi берiктiгiн қамтамасыз етуi тиiс.

4. Жалпы техникалық талаптар

      13. Осы Техникалық регламент металл конструкциялардың тiршiлiк циклi процестерiндегi (өндiру және монтаждау, тасымалдау және сақтау, құрылыста пайдалану және кәдеге жарату кезiнде) механикалық қауiпсiздiктi, өрт қауiпсiздiгiн, радиациялық, термикалық және санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең аз қажеттi талаптарды белгiлейдi.       14. Болат конструкциялар металл конструкциялардың жұмыс сызбалары (МК) бойынша әзiрленген металл конструкциялардың егжей-тегжейлi сызбаларына (МКЕ) сәйкес дайындалуы тиiс.       Металл конструкциялардың егжей-тегжейлi сызбаларын әзiрлейтiн ұйым олардың металл конструкциялардың сызбаларына сәйкестiгiн, металл конструкциялардың сызбаларында көзделмеген конструкциялардың барлық зауыттық және монтаждық қосылыстарының есептiк берiктiгiн, конструкциялар элементтерi өлшемдерiнiң және олардың арасындағы өзара байланысуының дұрыстығын, сондай-ақ монтаж жұмыстарының технологиясымен айқындалатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етуi тиiс. Металл конструкциялардың сызбаларынан ауытқуға рұқсат берiлмейдi. Қажеттiлiк жағдайында олар металл конструкциялары сызбаларының авторларымен келiсiлген болуы тиiс.       15. Металл конструкцияларды жасау кезiнде осы Техникалық регламенттiң, металл конструкциялардың егжей-тегжейлi сызбаларының, технологиялық процестiң, зауыттың цехаралық тапсыру құжаттамасына бақылау нәтижесiн енгiзе отырып, нормативтiк-техникалық құжаттаманың талаптарының орындалуын бақылау қамтамасыз етiлуi тиiс.       Металл конструкцияларды монтаждау кезiнде осы Техникалық регламенттiң, жұмыстарды жүргiзу жобасының, монтаждау жұмысына (актiсiне, журналға) атқарушылық құжаттаманың нәтижелерiн енгiзе отырып, нормативтiк-техникалық құжаттың талаптарының орындалуын бақылау қамтамасыз етiлуi тиiс.       16. Өндiрiс кезiнде бақылау мынадай кезеңдерде жүзеге асырылуы тиiс:       1) металпрокатты цехқа беру;       2) бөлшектердi жасау;       3) элементтердi және конструкцияларды дәнекерлеуге немесе бұрандамаларды орнату арқылы жинау;       4) конструкцияларды дәнекерлеу;       5) жалпы немесе бақылау жинауы;       6) конструкциялардың алдын-ала кернеуi;       7) беттердi астарлауға дайындау;       8) беттердi сырлауға дайындау;       9) астарлау және сырлау;       10) конструкцияларды сынау.       17. Монтаждау кезiнде бақылау мынадай кезеңдерде жүзеге асырылуы тиiс:       1) металл конструкцияларды құрылыс алаңына беру;       2) iрiлендiрiп жинау;       3) конструкцияларды орнату;       4) конструкцияларды дәнекерлеу және бұрандамаларды орнату;       5) конструкцияларды сынау (жобаның немесе басқа нормативтiк құжаттаманың талабы бойынша);       6) беттердi сырлауға дайындау;       7) металл конструкцияларды сырлау.       18. Конструкцияларды жасау кезiнде сапаны бақылау дайындаушы кәсiпорынның техникалық бақылау бөлiмi, ал монтаждау кезiнде - желiлiк инженерлiк-техникалық персонал жүргiзуi тиiс;       19. Есептiк температурасы минус 40 о С-тан және минус 65 о С-қа дейiн қоса алғандағы аудандарда салынатын немесе пайдаланылатын С 390 қоса алғанда, болаттан жасалатын металл конструкцияларды әзiрлеудi оң температурада кезiнде жүргiзу қажет.       20. С 390 дейiнгi қоса алғандағы болат үшiн минус 25 о С-тан төмен температура кезiнде, ал С 440 болат үшiн 0 о С-тан төмен температура кезiнде әзiрлеу және монтаждау кезiнде соққымен әсер етуге, сондай-ақ қайшымен кесуге және тесiктердi басып тесуге тиым салынады.       0 о С-тан жоғары температура кезiнде С 440 болаттан жасалған конструкцияларда тесiктердi басып кесуге тесiктердiң атаулы диаметрлерi кезiнде (15-25) мм қоса алғанда 10 болаттың қалыңдығы 10 мм дейiнгi кезiнде рұқсат берiледi.

4.1. Механикалық қауiпсiздiкке қойылатын талаптар

      21. Металл конструкцияларды өндiру және монтаждау, тасымалдау және сақтау, құрылыста пайдалану және кәдеге жарату кезiнде олардан болуы мүмкiн механикалық (соққылық) әсерден қорғану үшiн қауiпсiздiктiң қажеттi деңгейiн қамтамасыз ететiн мынадай талаптар орындалуы тиiс:       1) жекелеген металл конструкциялары, сондай-ақ қоймалау кезiнде оларды қабаттап жинау көзделетiн жұмыс жағдайларында аударылу, құлау немесе опырылу қатерiнсiз пайдалануды қамтамасыз ететiндей орнықты болулары тиiс;       2) металл конструкциялары құрылыс объектiлерiнде пайдалану кезiнде персоналды жобалық жағдайда орнату орнына жылжытылатын металл конструкциялардан келетiн қауiптен қорғау үшiн қауiпсiздiк шаралары қолданылуы тиiс;       3) жобалық жағдайда орнату кезiнде құрылыс металл конструкциялардың, сондай-ақ қоймалау кезiнде оларды қабаттап жинау тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн тиiстi бекiткiштер қолдануды көздеу қажет.       22. Конструкциялардың тұрақсыз элементтерi құрастыру кезiнде мүкәммалдық тiреулермен және кергiштермен бекiтiлуi тиiс.       23. Iрi көлемдi кеңiстiктiк конструкцияларды жалпы құрастыруды бөлшектердi орнату тәртiбiн және бұл үшiн қажеттi құрастыру құралдары да көзделуi тиiс алдын-ала әзiрленген технологиялық процестерге сәйкес қана жүргiзiлуi қажет.       24. Конструкцияларды кеңiстiктiк құрастыру және жекелеген құрастыру бөлшектерiн тiк немесе көлбеу жағдайда орнату кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн, конструкцияларды және бөлшектердi құлаудан сақтайтын тiреуiштердi және кергiштердi қолдану қажет.       25. Биiк кеңiстiктiк конструкцияларды құрастыру кезiнде жұмыс орны сатылармен және жұмыс алаңдарымен жабдықталуы тиiс. Арнайы сақтандырғыш қалқасыз бiрнеше қатарда бiр мезгiлде жинауға тыйым салынады.       26. Бөлшектер пакетiнен тұратын конструкцияларды құрастыру кезiнде бөлшектердегi тесiктердiң тура келуiн саусақпен тексеруге тыйым салынады. Ол үшiн сүймендi, кiлттiң ұшын немесе арнайы құралды пайдалану қажет.       27. Құрастыру кондукторлары мен жиектегiштер құрастырылатын элементтердiң өлшемдерiне, салмағына және конфигурациясына сәйкес болуы және элементтердiң жылжуына кедергi келтiретiн, шығып тұратын бөлiктерi болмауы тиiс.       28. Итарқалық және итарқа астылық фермаларды және осындай торлы конструкцияларды құрастыруға арналған көшiрмелер дәл жасалған, мұқият тексерiлген, сөрелерде тұрақты және сенiмдi бекiтiлген болуы тиiс, элементтердi әрбiр жиектеу алдында олардың сенiмдi бекiтiлгендiгiне алдын-ала көз жеткiзу керек.       29. Ұстатуды орындауға тек дәнекерлеушiлерге арналған, арнайы оқудан өткен және дәнекерлеу аппаратымен жұмыс iстей алатын жұмысшыларға ғана рұқсат берiлуi мүмкiн.       30. Болат конструкцияларды құрастыру және монтаждау кезiнде ұстау сәтiнде электрмен дәнекерлеу арқылы ұстату жөнiндегi жұмысты орындайтын жұмысшылар беттерiн және көздерiн қорғаушы шынылары (жарық сүзгiлерi) бар қалқаншалармен жабулары тиiс.       31. Дайындау процесiнде құрастырылатын конструкцияларды көтерудiң, жылжытудың немесе жиектеудiң алдында ұйымның техникалық қызметтерi конструкцияларының әрбiр типi үшiн белгiлеген қаттылығын тексеру, ал қажеттiлiк жағдайында оны дайындаудың техникалық құжаттамасында көрсетiлген қосымша бекiткiштер орнату қажет.       32. Жұмыс басталардың алдында жүк қармағыш құралдардың (тростардың, шынжырлардың, қармағыштардың, қысқыштардың, траверстердiң және т.б.) бар екендiгiн және жарамдылығын тексеру қажет. Жұмысқа жарамсыз жүк қармағыш құралдарын пайдалануға тыйым салынады.       33. Элементтер жинау құралдарымен, бұрандалармен немесе ұстатумен берiк бекiтiлген соң ғана iлгiш бауларды iлгектен немесе жүк қармағыш құралдарды жиналатын конструкциялардың элементтерiнен шешуге болады.       34. Құрал-саймандардың және әмбебап құрастырушы құралдардың (струбциналардың, қол домкраттарының, тартпалардың, балғалардың және басқа құралдардың) жарамдылығын үнемi тексерiп отыру қажет.

4.2. Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

      35. Металл конструкциялардың тiршiлiк циклiнiң барлық процестерiнде өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына , техникалық регламенттерге және өрт қауiпсiздiгi саласындағы басқа да нормативтiк құжаттарға сәйкес талаптар орындалуы тиiс.       36. Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлетiн отандық және импорттық металл конструкцияларға нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес өрт қауiпсiздiгi бойынша бiлiктiлiк берiлуi тиiс.       37. Металл конструкциялар өрт кезiнде ашық от әсер еткен кезде, олардың түрiне байланысты көтергiш қабiлетiн және (немесе) тұтастығын, ал оттан қорғау қолданған жағдайларда жылудан қорғау қабiлетiн белгiленген уақыттың iшiнде сақтаулары тиiс. Металл конструкциялардың отқа төзiмдiлiк шегiн және өрт қауiптiлiк класын тиiстi нормативтiк құжаттар бойынша сынақтардың негiзiнде анықтайды және жұмыс құжаттамасында көрсетедi.       38. Болат конструкциялардың отқа төзiмдiлiк шегiн жобаға сәйкес нормаланған мәндерге дейiн жоғарылату үшiн оттан қорғаудың мынадай тәсiлдерi қолданылады: бетондау, оттан қорғаушы қаптаулар, оттан қорғаушы жабындар, iсiнетiн оттан қорғаушы жабындар.       39. Оттан қорғаудың әртүрлi тәсiлдерiн қолдану саласын мыналарды есепке ала отырып, анықтау қажет:       1) отқа төзiмдiлiк шегiнiң талап етiлетiн шамасы;       2) қорғалатын конструкциялардың түрi және қорғалатын беттердiң (бағаналар, тiреуiштер, ригельдер, арқалықтар, байланыстар) кеңiстiкте бағытталуы;       3) конструкцияға түсетiн салмақтың түрi (статикалық, динамикалық: ауыр, орташа, жеңiл режим);       4) пайдаланудың және оттан қорғау жұмыстарын жүргiзудiң температуралық-ылғалдық жағдайлары;       5) қоршаған ортаның оттан қорғауға және конструкцияның материалына қатысты агрессивтiк деңгейi, сондай-ақ оттан қорғаушы материалдың болатқа қатысты агрессивтiк деңгейi;       6) конструкцияға түсетiн салмақтың оттан қорғаушы салмағы есебiнен өсуi;       7) оттан қорғаушы монтаждау сәтi (ғимаратты салу немесе оны қайта жөндеу кезiнде);       8) конструкцияларға қойылатын эстетикалық талаптар.       40. Болат конструкцияларды оттың әсерiнен қорғау тәсiлдерi осы Техникалық регламентке 2-қосымшада келтiрiлген.       41. Металл конструкцияларды пайдалану кезiнде өрт қатерiн азайту үшiн бұл қатерлердi барынша төмендететiн не болдырмайтын шаралар көзделуi тиiс.       42. Металл конструкцияларды пайдалана отырып, құрылыс процесiнде мыналарды қамтамасыз ету қажет:       1) жобада көзделген, нормаларға сәйкес әзiрленген және белгiленген тәртiпте бекiтiлген өртке қарсы iс-шараларды басымдықпен орындау;       2) өртке қарсы ережелердi өрт қауiпсiздiгiнiң ережелерiне сәйкес сақтау, салынып жатқан және қосалқы объектiлердi өрттен қорғау, құрылыс және монтаждау жұмыстарын өртке қауiпсiз жүргiзу;       3) өртпен күресу құралдарының болуы және оларды жарамды жағдайда ұстау;       4) салынып жатқан объектiде және құрылыс алаңында өрт кезiнде адамдарды қауiпсiз эвакуациялау және құтқару, сондай-ақ материалдық құндылықтарды қорғау мүмкiндiгi.       43. Металл конструкцияларды пайдалану процесiнде мыналар қажет:       1) ғимараттың және оны өрттен қорғау құралдарының жұмыс қабiлетiнiң оларға жобалық және техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкес ұсталуын қамтамасыз ету;       2) белгiленген тәртiпте бекiтiлген өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету;       3) конструктивтiк, көлемдiк-жоспарлық және инженерлiк-техникалық шешiмдердi қолданыстағы нормаларға сәйкес әзiрленген және белгiленген тәртiпте бекiтiлген жобасыз өзгертуге рұқсат бермеу;       4) жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде қолданыстағы нормалардың талаптарына жауап бермейтiн конструкцияларды және материалдарды қолдануға рұқсат бермеу.       44. Жарылысқа қауiптi, жарылыс-өртке қауiптi, өртке қауiптi өндiрiстi осындай жұмыстарға арналмаған басқа үй-жайларға ауыстыруға тыйым салынады.       45. Жарылысқа қауiптi, жарылыс-өртке қауiптi, өртке қауiптi өндiрiстермен шектейтiн конструкциялық үй-жайларда жобада көзделмеген ойықтар немесе тесiктер жасауға рұқсат берiлмейдi.       46. Құрылыс конструкцияларының немесе олардың элементтерiнiң қорғанысын оттан қорғаушы материалдармен немесе сырлармен кезеңдi түрде (оның күшiнiң белгiленген мерзiмi аяқталған соң) жаңғыртып отыру қажет.       47. Жанғыш (отынның) шаң бөлумен байланысты үй-жайлардағы болат конструкцияларың беттерiн жанғыш шаңнан, май дақтарынан және басқа ластанудардан үнемi тазартып отыру қажет.

4.3. Радиациялық қауiпсiздiкке қойылатын талаптар

      48. Металл конструкциялардың радиациялық қауiпсiздiгi тiршiлiк циклiнiң барлық процестерiнде радиациялық қауiпсiздiк саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы және техникалық регламенттер талаптарды орындау арқылы қамтамасыз етiлуi тиiс.       49. Металл конструкциялары адам ағзасына терiс әсер етуi мүмкiн, шектi рұқсатты мәндерден асатын радиоактивтiк сәулелердi қоршаған ортаға бөлу көздерi болмаулары тиiс.       50. Адамға және қоршаған ортаға радиациялық әсер ету мүмкiндiгi бар металл конструкцияларды (әкелу, әкету және өткiзу) санитарлық-эпидемиологиялық оң қорытындысынсыз айналымға шығаруға рұқсат берiлмейдi. Металл конструкциялардың радиациялық қауiпсiздiгiнiң нақты нормативтерi осы Техникалық регламентпен үйлестiрiлген стандарттарда белгiленедi.       51. Қайталама металдың әрбiр партиясы кәдеге жарату кезiнде радиациялық бақылауға ұшырауы тиiс.       52. Радионуклидтермен ластанған металды дәнекерлеу немесе кесу бойынша жұмыстарды орындайтын персонал ұшқынға төзiмдi, жақсы активсiздендiрiлетiн материалдардан жасалған арнайы жеке қорғану құралдарымен жабдықталуы тиiс.       53. Үлестiк бета-белсендiлiгi 0,3 кБк/кг-нан 100 кБк/кг-ға дейiнгi немесе үлестiк альфа-белсендiлiгi 0,3 кБк/кг-нан 10 кБк/кг-ға дейiнгi не құрамындағы трансурандық радионуклидтер 0,3 кБк/кг-нан 100 кБк/кг-ға дейiнгi шикiзат, материалдар және бұйымдар тек мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының қолданудың белгiлi бiр түрiне арналған санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде ғана шектеулi пайдаланылуы мүмкiн. Бұл материалдар мiндеттi радиациялық бақылауға жатады.       54. Өндеушi ұйымдарға жөнелтуге арналған, ластанған металл шикiзат оны активсiздендiрiлгеннен соң, қайта балқытылған металды одан әрi пайдаланудың кез-келген нұсқасы кезiнде қайталама радиоактивтiк қалдықтардың құралуын болдырмайтындай арнайы объектiлерде алдын-ала балқытылуы немесе өзге түрде өңделуi тиiс.       55. Өндiрiстiк процестерде радиоактивтi заттарды пайдаланатын кәсiпорындардан жөнелтiлген қайталама металдар партиясына активсiздендiру туралы iлеспе құжат қоса берiлуi тиiс.

4.4. Термикалық қауiпсiздiкке қойылатын талаптар

      56. Металл конструкциялардың термикалық қауiпсiздiгi адам денесiнiң қорғалмаған уческелерiнiң металл конструкцияларды өндiру және монтаждау, тасымалдау және сақтау кезiнде орын алуы мүмкiн температурасы жоғары немесе өте төмен беттерiмен жанасуына жол бермеу арқылы қамтамасыз етiледi.       57. Қызметкерлердi дәнекерлеу жұмыстары кезiнде сұйық металдың, қождың шашырауынан пайда болатын қауiптi және зиянды өндiрiстiк температуралық факторлардың әсерiнен және дәнекерлеушi жалаңаш терiсiмен суымаған заттарға жанасуынан сақтандыру үшiн, өндiру және монтаждау процесiнде жеке қорғану құралдарын қолдану қажет.       Қызметкерлер металл конструкцияларды дәнекерлеу жұмыстары кезiнде қолданатын жеке қорғану құралдары нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуi тиiс.       58. Қалың металдарды кесу кезiнде жоғары температураның жұмысшыға әсерiн азайту үшiн ұзартылған түтiктерi бар кескiштердi қолдану қажет.

4.5. Санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiкке қойылатын талаптар

      59. Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттар шектi рұқсат етiлген концентрациядан (ШРЕК) аспауы тиiс.       60. Металл конструкцияларды сырлау үшiн пайдаланылатын химиялық заттар, сырлар және материалдар нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуi және олардың төлқұжаты немесе сәйкестiк сертификаты болуы тиiс.       61. Беттердi сырлау процесiнде пайдаланылатын сырлардың және материалдардың құрамдарын дайындау желдету жүйесi қосылған кезде және жеке қорғану құралдары пайдаланылып, арнайы қондырғыларда жүзеге асырылуы тиiс.       62. Сырлау (ұнтақ сырларды шашып жағу) камералары мен орындарының, сондай-ақ беттердi құрғақ тегiстеу қондырғыларының тартқыш желдеткiшiнiң жергiлiктi жүйелерi ауа арналарын ыстық заттардан ластануын болдырмайтын құрылғылармен және сырларды шашыратқыштарға тек желдету агрегаттары жұмыс iстеп тұрған кезде берудi қамтамасыз ететiн құрсаулау жүйесiмен жабдықталған болуы тиiс.       63. Дәнекерлеу және сырлау жұмыстарын жүргiзу кезiнде өндiрiстiк процестердiң барлық кезеңдерiнде қызметкерлердi қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қорғау бойынша қауiпсiздiк шаралары көзделуi тиiс.       Жұмыстарды нормативтiк-техникалық құжаттарда белгiленген жеке қорғану құралдарынсыз жүргiзуге рұқсат берiлмейдi       64. Өндiрiстiк үй-жайлар нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес жалпы алмасулық ағынды-тартқыш желдету жүйесiмен жабдықталуы тиiс.       65. Дәнекерлеу, жинау-дәнекерлеу цехтарының, алаңдарының, сырлау телiмдерiнiң, орындарының және жұмыс орындарының табиғи және жасанды жарақтандырылуы нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес ұйымдастырылуы тиiс.       66. Дәнекерлеу жұмыстарын жергiлiктi тартқыш желдету жүйесi жұмыс iстемей тұрған кезде жүргiзуге рұқсат берiлмейдi.       67. Жабық немесе толық жабылмаған кеңiстiктердiң (резервуарлардың, қазандардың, цистерналардың) iшiнде электрмен дәнекерлеу, газбен дәнекерлеу, кесу және металл беттерiн қыздыру кезiнде цехтың жалпы алмасулық желдету жүйесiнен басқа тұрақты немесе жылжымалы қондырғылардан жергiлiктi сорудың көмегiмен желдету орнатылуы тиiс. Зиянды газдар немесе қызған ауа жиналатын жерлерде газ-алау жұмыстарын жүргiзудiң алдында жергiлiктi жылжымалы ағынды және тартқыш желдеткiштер орнатылған және iске қосылған, осы үй-жайлардағы есiктер, қақпақтар, ауыздар және иллюминаторлар ашылған болуы тиiс.

4.6. Металл конструкцияларды өндiру және монтаждау кезiнде қойылатын қауiпсiздiк талаптары

      68. Металл конструкцияларды өндiру кезiнде нормативтiк құжаттаманың және олардың негiзiнде әзiрленген технологиялық регламенттiң, сондай-ақ "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын iске асыру шеңберiнде әзiрленген тиiстi техникалық регламенттердiң талаптарының сөзсiз орындалуын қамтамасыз ету қажет.       69. Металл конструкцияларды өндiру кезiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өндiрiстiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi барлық кешендi шаралар орындалуы тиiс.       70. Кәсiпорында металл конструкцияларын өндiру процесiнде қауiпсiздiкке байланысты болатын барлық технологиялық операцияларды бақылау жүйесi iске қосылуы тиiс.       71. Кәсiпорында қабылданған бақылау немесе қолданыстағы сапа менеджментi жүйесiне сәйкес қауiпсiздiктiң барлық талаптарының орындалуын талдау, егер, мұндай талаптар тиiстi техникалық регламенттерде бар болатын болса, қажеттiлiк кезiнде металл конструкцияларын өткiзудiң алдында қатердi бағалау жүйелi түрде жүргiзiлуi тиiс.       72. Барлық болаттардың қолданыстағы нормативтiк құжаттарына сәйкестiгi тексерiлген (құжаттардың негiзiнде), сұрыпталған, таңбаланған, профильдерi, маркалары және қорытпалары бойынша жиналған болуы және өндiрiске берудiң алдында қақтан, таттан, майдан, ылғалдан, қардан, мұздан және басқа да ластанулардан тазартылуы тиiс.       73. Электродтар мен флюстар пайдаланудың алдында нормативтiк құжаттарда және паспорттарда көрсетiлген режимдер бойынша кептiрiлуi және күйдiрiлуi, кептiрiлмегендерi мен күйдiрiлмегендерi олардан бөлек сақталуы тиiс. Дәнекерлеуге арналған сым таттан, майлардан және басқа да ластанулардан тазартылуы тиiс.       74. Флюстар мен электродтар дәнекерлеушiнiң жұмыс орнына тек кептiрiлген және күйдiрiлген түрде, бiр ауысымдағы жұмыс үшiн жеткiлiктi мөлшерде берiлуi тиiс. С 440 классты болатты дәнекерлеуге арналған электродтар температурасы плюс 45 о С-тан кем емес кептiру пешiнен тiкелей берiлуi және 2 сағат iшiнде пайдаланылуы тиiс. Электродтар мен флюстарды жұмыс орнында ылғалданбайтын жағдайларда сақтау қажет.       75. Прокатты суық күйiнде түзетудi пiшiнiне және қимасының өлшемiне байланысты табақ түзеткiш, сұрып түзеткiш немесе созғыш машиналарда, ал ерекше жағдайларда қолмен жүргiзу қажет.       76. Прокатты түзетiлген соң жарықтар және қатпарлар болмауы тиiс. Прокаттың қалыңдығы және енi бойынша прокаттың осы түрi үшiн тиiстi нормативтiк құжатпен көзделген минустық дәлдiк шегiнiң екi есе мәнiнен, бiрақ барлық жағдайларда қалыңдық бойынша 1 мм және қиманың габаритi бойынша 3 мм артық емес жергiлiктi майысқан жерлердiң болуына рұқсат берiледi.       77. Қоса алғанда С 255 дейiнгi класстағы болаттан жасалған бөлшектердi ыстық күйiнде (қысыммен) өңдеу (900-1000) о С аспайтын температураға қыздырған соң, нормаландырылған жағдайда жеткiзiлетiн С 390 және С 440 классты болаттан жасалған бөлшектердi ыстық күйiнде (қысыммен) өңдеу (900-950) о С аспайтын температураға қыздырған соң жүргiзiлуi, өңдеу 700 о С төмен температурада тоқтатылуы тиiс. Өңдеуден кейiн бөлшектердi салқындату жылдамдығы шынығуын, жиырылуын, сызаттардың және жыртықтардың пайда болуын болдырмауы тиiс. Термикалық жақсартылған болатты өңдеу кезiнде 700 о С аспайтын температураға дейiн қыздыру қажет. Болатты бiлiкшелердi доғалық дәнекерлеу арқылы түзетуге тыйым салынады.       78. Көмiртектi болаттан жасалған бөлшектердi жиек игiш қыспақтарда қыздырусыз ию кезiнде дөңгелектену радиусы статикалық салмақ түсетiн конструкциялар үшiн болаттың қалыңдығынан 1,2 еседен кем болмауы, динамикалық салмақ түсетiн конструкциялар үшiн болаттың қалыңдығынан 2,5 еседен кем болмауы, ал төмен дәрежеде легирленген болаттар үшiн көмiртектi болаттарға қарағанда - 50 %-ға артық болуы тиiс. С 345 болаттан жасалған элементтердiң iшкi дөңгелектену радиусы болаттың қалыңдығынан үш еседен кем болмауы тиiс.       79. Қоса алғанда С 345 дейiн класстағы төмен дәрежеде легирленген болаттардан жасалған бөлшектерде июге дейiн иiлу сызықтарын кесiп өтетiн жиектерiн тегiстеу және:       1) гильотинада кесуден соң       2) қолмен термикалылық кесуден соң       3) механикаландырылған термикалық кесуден соң, кесiлген жиектiң кедiр-бұдырлығы 0,3 мм артық болған жағдайда қылтанақтарды алып тастау қажет.       Созу, сығу және ию кезiндегi механикалық қасиеттерi С 345 болаттiкiнен жоғары болаттан жасалған бөлшектердi қыздырусыз июге рұқсат берiлмейдi.       80. Дәнекерленген арқалықтардың қабырғаларын гофрлауды ротациялық типтегi арнайы механикаландырылған қондырғыларда орындау қажет. Арқалықтардың қабырғаларын тiк механикалық не гидравликалық қыспақтарда бiр жүрiсте екi толқыннан артық емес июдi қамтамасыз ететiн мөртабанды қолданып гофрлауға болады. Қабырғаның барлығын гофрлау оның мөртабанының астында жылжуының есебiнен жүзеге асырылады.       81. Металл конструкциялар бөлшектерiнiң жиектерiн кесудi және өңдеудi нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес жүргiзу қажет.       82. Конструкцияларды тек түзетiлген, қылтанақтардан, кiрден, майдан, таттан, ылғалдан, қардан және мұздан тазартылған бөлшектер мен элементтерден жүргiзiлу тиiс.       Конструкцияларды және бөлшектердi құрастыру кезiнде олардың нысандарының өзгеруiне, ал жиектеу және тасымалдау кезiнде қалдық деформацияға жол берiлмеуi тиiс.       83. Тек дәнекерлеп ұстату арқылы жиналған ауыр және iрi көлемдi конструкцияларды және элементтердi олардың нысанының өзгермеуiн қамтамасыз ететiн құралдарсыз кранмен көшiруге және жиектеуге рұқсат берiлмейдi.       84. Конструкцияларды жалпы құрастыру конструкциялардың барлық элементтерiн немесе оның жекелеген бөлiктерiн бiртiндеп жалғау арқылы жүргiзiлуi тиiс. Бұл ретте, монтаждау тесiктерiн бұрғылауды қоса, барлық қосылыстарды дәл келтiрiлу жүргiзiлуi және орнықтырғыш құрылғылар орнатылуы тиiс.       85. Жөнелтiлетiн барлық элементтерде жеке таңбалау және қатерлер қойылған болуы тиiс. Табақ конструкциялардың қаптамаларын жалпы құрастыру кезiнде бiр мезгiлде үш царгадан кем жиналмауы тиiс.       86. Болат конструкцияларды дәнекерлеудi нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес дәнекерленген жiктердiң талап етiлетiн геометриялық өлшемдерiн және дәнекерленген қосылыстардың механикалық қасиеттерiн қамтамасыз етуi тиiс, әзiрленген және бақыланатын технологиялық процесс бойынша жүргiзу қажет.       Дәнекерлеу жұмыстары дәнекерлеу жұмыстары бойынша арнайы бiлiмi бар тұлғаның басшылығымен жүзеге асырылуы тиiс.       87. Қолмен электр доғалық дәнекерлеудi дәнекерлеушiлердi аттестациялау ережелерiне сәйкес белгiленген тәртiпте берiлген куәлiктерi бар электр дәнекерлеушiлерi жүргiзулерi тиiс.       88. Автоматты және жартылай автоматты дәнекерлеудi арнайы оқыған және бұл туралы тиiстi куәлiктерi бар дәнекерлеушiлер жүргiзулерi тиiс. Дәнекерлеушiлер жұмыс орнында конструкцияларды дәнекерлеу жүргiзiлетiн жағдайларға ұқсас жағдайларда сынақтан өтулерi тиiс.       Дәнекерленетiн беттер және дәнекерлеушiнiң жұмыс орны жаңбырдан, қардан, күштi желден және жел соғудан қорғалған болуы тиiс.       89. Жобада монтаждау жұмыстарының технологиясымен айқындалатын талаптарға сәйкес келiсiлген тесiктерден басқа, барлық монтаждау тесiктерi әзiрлеушi кәсiпорында жобалау диаметрiнде құралуы тиiс.       Зауыттық және монтаждық тесiктерiн кiшi диаметрмен тесiп, одан кейiн жобадағы диаметрге дейiн жеткiзу тек ол металл конструкциялардың сызбаларында келiсiлген жағдайда ғана жүргiзiледi.       90. Барлық болат конструкциялар әзiрлеушi кәсiпорында нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес астарлануы және сырлануы тиiс.       91. Металл конструкцияларды тоттан қорғау осы Техникалық регламенттiң және нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес орындалуы тиiс.       92. Металл конструкцияларына арналған тоттан қорғау жабындары мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:       1) металл беттерiне жұғысу қабiлетi (адгезия) жоғары болу;       2) металдарға тотқа қарсы қорғаныс беруi;       3) үйкелуге, майларға, ерiткiштерге, қышқылдардың, тұздардың, сiлтiлердiң ерiтiндiлерiне, теңiз суының және тұщы судың әсерiне төзiмдiлiк;       4) қаттылық және иiлгiштiк;       5) атмосфераға төзiмдiлiк;       6) газ өткiзбеу;       7) диэлектрикалық қасиеттерi жоғары болуы;       8) қолдануға барынша қарапайым және ыңғайлы болуы;       9) ұзақ мерзiмге жарамды болуы.       93. Коррозияға төзiмдi қабаттың бетiнде қақтар, көпiршiктер, үлбiрлер, жарықтар (басылып тартылу және ажарлау) болмауы тиiс. Ақаулар коррозияға төзiмдi қабаттың қалыңдығын, оның ең аз шамасынан азайтпайтын тереңдiкте тазалау арқылы жойылуы тиiс.       94. Тотқа қарсы жұмыстарды механизация құралдарын барынша пайдаланып, жұмыстарды жүргiзу жобалары бойынша орындау керек.       95. Ғимараттардың және құрылыстардың болат конструкцияларын әзiрлеу кезiнде нормативтiк-техникалық құжаттарға сәйкес қосымша талаптарды сақтау қажет.       96. Болат конструкцияларды орнату кезiнде қолданылатын конструкциялар, бұйымдар және материалдар нормативтiк құжаттардың және жұмыс сызбаларының талаптарына сәйкес жауап беруi тиiс.       97. Болат конструкцияларын монтаждау бойынша жұмыстар мыналар көзделген жұмыстарды жүргiзудiң бекiтiлген жобасы бойынша жүргiзiлуi тиiс:       1) конструкцияларды орнатудың дәйектiлiгi;       2) орнатудың талап етiлетiн дәлдiгiн қамтамасыз ететiн шаралар;        3) конструкцияларды оларды iрiлетiп құрастыру және жобалық орнына орнату процесiнде кеңiстiктiк өзгермеуi;       4) конструкциялардың және ғимараттар (құрылыстар) бөлiктерiнiң орнату процесiндегi орнықтылығы;       5) конструкцияларды iрiлету деңгейi және еңбектiң қауiпсiз шарттары.       98. Әрбiр монтаждау элементiн көтерердiң алдында мыналарды тексеру қажет:       1) оның жобалық маркаға сәйкестiгi;       2) салынбалы бұйымдардың және орнату белгiлерiнiң жай-күйiн, кiрдiң, қардың, мұздың жоқтығын, әрленуi, астарлануы, сырлануы бүлiнбегенi;       3) жұмыс орнында қажеттi жалғағыш белшектердiң және қосалқы материалдардың болуы;       4) жүк қармаушы құрылғылардың бекiтiлуiнiң дұрыстығын және сенiмдiлiгiн, сондай-ақ, жұмыстарды жүргiзу жобасына сәйкес құралдармен, сатылармен және қоршаулармен жабдықтау.       99. Монтаждау элементтерiн орнату кезiнде мыналар қамтамасыз етiлуi тиiс:       1) монтаждаудың барлық сатыларында олардың жағдайының тұрақтылығы және орнының өзгермеуi;       2) жұмыстарды жүргiзудiң қауiпсiздiгi;       3) үнемi геодезиялық бақылаудың көмегiмен олардың орындарының дәлдiгi;       4) монтаждық қосылыстардың берiктiгi.       100. Конструкцияларды жобалық орнына қабылданған бағдарлар (белгiлер, iстiктер, тiреулер, қырлары) бойынша орнату қажет.       Арнайы немесе басқа орнықтырғыш құрылғылары бар металл конструкцияларды осы құрылғылар бойынша орнату керек.       101. Орнатылатын монтаждық элементтер iлмектердi ағытардың алдында қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге жеткiлiктi түрде сенiмдi бекiтiлген болуы тиiс.       Егер ондай сүйеу жұмыстарды жүргiзу жобасында көзделмеген болса, орнатылған элемент тексерiлгенге және сенiмдi (уақытша немесе жобалық) бекiтiлгенге дейiн, оған жоғарыда жатқан конструкцияларды сүйеуге рұқсат берiлмейдi.       102. Ғимараттардың (құрылыстардың) конструкцияларын монтаждауды кеңiстiктiк орнықты бөлiгiнен: байланыстырушы ұяшықтан, қатаңдылық өзегiнен және басқалардан бастау қажет.       Ұзындығы немесе биiктiгi үлкен ғимараттардың және құрылыстардың конструкцияларын монтаждауды кеңiстiктiк орнықты секциялармен (аралықтар, қатарлар, қабаттар, температуралық блоктар және басқалар) жүргiзу қажет.       103. Ғимараттардың және құрылыстардың сыналуы тиiс конструкцияларының номенклатурасы нормативтiк-техникалық құжаттарда келтiрiледi және жобада нақтылануы мүмкiн.       104. Сынақтарды жүргiзу әдiсiн, кестесiн және бағдарламасын жобада көрсету, ал жүргiзiлу тәртiбiн жұмыстарды жүргiзудiң арнайы жобасында немесе осы жобаның тарауында әзiрлеу керек.       Сынақтарды жүргiзуге тағайындалған персонал жұмысқа тек арнайы нұсқаулықтан өткен соң ғана жiберiледi.       105. Конструкцияларды сынауды құрамына тапсырыс берушiнiң (төраға), бас мердiгер (қосалқы мердiгер) монтаждау ұйымының өкiлдерi ал жобада көзделген жағдайларда жобалаушы ұйымның да өкiлi кiретiн комиссия жүргiзуi тиiс.       106. Сынақтарды жүргiзудiң барлық уақытында сынаққа қатысы жоқ  адамдар кiруге болмайтын қауiптi аймақтың шекарасын белгiлеу қажет.       Жүктеменi жоғарылату және төмендету кезiнде сынақты жүргiзушi тұлғалар, сондай-ақ сынақтарды жүргiзуге қажеттi бақылау аспаптары қауiптi аймақтан тыс жерде не сенiмдi баспанада болулары тиiс.       107. Сынақ кезiнде салмақ түсiрiлген металл конструкцияларды тырсылдатып соғуға, сондай-ақ оларды жөндеуге және ақауларын түзетуге тыйым салынады.       108. Металл конструкцияларды өндiру кезiнде жобадан ауытқу жобаның авторларымен келiсiлуi тиiс. Жобадан ауытқып әзiрленген металл конструкциялары оның авторларымен келiсiлмей сатуға рұқсат берiлмейдi.       109. Болат конструкцияларды құрастыру және монтаждау кезiнде жұмыстың сипатымен байланысты мынадай қауiптi және зиянды өндiрiстiк  факторлардың әсерiнен қорғауды қамтамасыз ету үшiн еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарын сақтау қажет:       1) жұмыс аймағы ауасының жоғары дәрежеде шаңдануы және газдануы;       2) жұмыс орындарының биiктiгi бойынша 1,3 м және одан көп айырмашылығы бар орындарға жақын орналасуы;       3) жылжымалы конструкциялар;       4) конструкциялардың және жабдықтың бекiтiлмеген элементтерiнiң құлауы;       5) жоғары орналасқан материалдардың, аспаптың құлауы.       110. Болат конструкцияларын құрастыру және монтаждау процесiнде мыналар қажет:       1) шағын механизация құралдарын әзiрлеушi зауыттың нұсқаулығына сәйкес мақсаты бойынша қолдану;       2) жұмыс орнын таза ұстау, қоқыстан, қардан, мұздан тазалау, материалдарды және конструкцияларды қоймалау ережелерiн бұзуға жол бермеу;       3) еңбек қауiпсiздiгi талаптарын бұзуға жол бермеу.       111. Резервуарларды салу және жөндеу кезiнде кепiлдiк берiлген механикалық сипаттамалары және химиялық құрамы бар, төмен температураларда морт қирауға қарсыласу қабiлетi жоғары, дайындамаларды орамалау мүмкiндiгiн беретiн және тотқа төзiмдiлiк дәрежесi жоғары металдар пайдаланылуы тиiс.       112. Резервуарларды салуға және жөндеуге қолданылатын болаттың сапасы мен маркасы жобаның нұсқауларына, тиiстi құрылыс нормаларының және ережелерiнiң, техникалық шарттардың талаптарына сәйкес болуы және өнiм жеткiзушi зауыттардың сертификаттарымен не зертханалық сынақтардың деректерiмен куәландырылуы тиiс.       113. Металл резервуарлардың конструкциясы, оларды орнату жобаларының нұсқауларына сәйкес болулары тиiс. Ыстық суды және буды сақтау үшiн осы мақсатқа арнайы арналған, олардың жарылуын болдырмайтын сыртқы күшейткiш құрылғылар орнатылған резервуарлар пайдаланылуы тиiс.       114. Барлық резервуарлардың сыртқы жағында жылу оқшаулаушы жабыны, iшкi жағында тотқа қарсы жабыны болуы тиiс.       115. Мұнай өнiмдерiне арналған резервуардың жоғары белдеуiнiң iшкi бетiн және шатырын тоттан қорғау жабыны ретiнде нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес арнайы эмальдар және эпоксидтiк тығыздағыш қолданылады.       116. Ыстық суға және буға арналған резервуарлардың iшкi бетiн тоттан қорғау нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.       117. Қайтадан пайдалануға берiлетiн және пайдаланылып жатқан ыстық суға және буға арналған барлық резервуарларда бактардың тасқын түрiнде қирауын болдырмау үшiн сыртқы күшейткiш конструкциялар орнатылуы тиiс.       118. Сыртқы күшейткiш конструкциялары және iшкi бетiнiң тотқа қарсы жабыны жоқ ыстық суға және буға арналған резервуарларды пайдалануға тыйым салынады.       119. Ыстық суға және буға арналған резервуарларда дренаждық құбыр өткiзгiштен басқа барлық құбыр өткiзгiштер тiк қабырғаларға резервуардың есептiк отыруына есептелген және жалғанған құбыр өткiзгiштер қызған кезде қабырғасына қысым түсiруiн болдырмау үшiн қажеттi өтеуiш құрылғылар орнатылып жалғанады.       120. Металл конструкцияларды өндiру кезiнде металл конструкцияларды өндiруге қатысы бар басқа техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптары да орындалуы тиiс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]