- •Қазақстан республикасының темір
- •Жол шаруашылығының қүрылыстары мен қ¥рылғылары
- •Жолдың жоспар-жобасы мен пішіні
- •Жер төсемі, жолдың жоғарғы құрылысы және жасанды құрылыстары
- •Жолаушы вагондарын, арнайы жылжымалы қүрамды, сумен жабдықтауды және кәрізқ¥бырды күту және
- •Қалпына келтіру құралдары
- •Станциялық шаруашылықтың қ¥рылыстары мен қ¥рылғылары
- •Сигнал берудщ, орталықтандырудың, блоктаудың,
- •Ақпараттандыру мен байланыстың
- •Қүрылыстары мен қүрылғылары
- •Сигналдар
- •Стрелкалар мен бағдаршамдардың электрлік орталықтандырылуы
- •Диспетчерлік орталықтандыру
- •Автоматты локомотивтік сигнал беру және қауіпсіздік қүрылғылары
- •Стрелкалар мен сигналдардың кілттік тәуелділігі
- •Станциялық блоктау
- •Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары
- •Автоматты өтпелік сигнал беруі және автоматты тоспалар
- •Поездың таяғаны туралы автоматты түрде хабарландыратын жүйелер
- •Поездың жүрісі кезінде жылжымалы құрамның техникалық күйін автоматты бақылау құралдары
- •Поездар мен вагондарда коммерциялық ақаулар ды автоматтық анықтау құрылғылары
- •Поездар жүретін маршруттарға жылжымалы құрамның өз бетімен шығып кетуінің алдын алуға арналатын құрылғылар
- •Соб және байланыс құрылғыларына техникалық қызмет көрсету
- •Темір жолдарды электрмен жабдықтау қ¥рылыстары мен қүрылғылары
- •Қ¥рылыстар мен қүрылғыларды тексеру және оларды жөндеу Құрылыстар мен құрылғыларды тексеру
- •Құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу
- •Жылжымалы қ¥рам және арнайы жылжымалы қүрам
- •Жалпы талаптар
- •Тежегіпшк жабдьіқ және автотіркепш қүрылғы
- •12 Тарау
- •Жылжымалы қүрамға, соның ішінде арнайы
- •Өздіпнен жүретін жылжымалы қ¥рамға
- •Техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу
- •Локомотивтерге, моторвагондық және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу
- •15 Тарау станцияның техникалық ж¥мысын ¥йымдастыру
- •Поездарды қалыптастыру
- •Поездардың жарақтандырылуы және күтімі
- •Локомотивтерді поездарға қою
- •Поездар қозғалысы кезіндегі сигнал беру және байланыс құралдары
- •Поездар қозғалысының тәртібі
- •Локомотивтер, моторвагонды поездар және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам мащинистерінің поездарды жүргізуінің тәртібі
- •Поездың аралықта амалсыз тоқтауы кезіндегі әрекеттер тәртібі
- •Алынбалы жылжымалы бірліктердің қозғалысы
Стрелкалар мен бағдаршамдардың электрлік орталықтандырылуы
6.27. Электрлік орталықтандыру құрылғылары мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
стрелкалар мен бағдаршамдардың өзара тұйықталуын;
берілген маршрутты қоршайтын бағдаршамды бірмезгілде жаба от-ырып стрелканың кірекесілуін бақылау;
бақылау аппаратынан стрелкалар жағдайы мен жолдардың және стрелкалық секциялардың бос еместігін бақылау;
стрелкалар мен бағдаршамдарды маршруттық немесе бөліп басқарудың, маневрлік бағдаршамдардың көрсетулері бойынша маневрлік қозғалыстарды жүзеге асырудың, қажет болғанда стрелкаларды жергілікті басқаруға берудің мүмкіндігі.
6.28. Электрлік орталықтандыру құрылғылары мыналарға жол бермеуі тиіс:
бос емес жолға қойылған маршрут кезінде кіру бағдаршамының ашы-луына;
жылжымалы құрамның астындағы стрелканың ауыстырылуына (бұрылуына);
берілген маршрутқа сәйкес келетін бағдаршамдардың стрелкалар дұрыс жағдайға қойылмағанда ашылуына;
тағайындалған маршрутты қоршайтын бағдаршамның ашық ке-зінде маршрутқа енетін стрелканы бұруға немесе қайшы маршруттың бағдаршамын ашуға.
6.29. Орталықтандырылған стрелкалардың жетектері мен тұйықтағыштары мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
стрелкалардың шеткі жағдайларында қысылган үшкірдің рамалық рельске және айқастырманың жалжымалы өзекшесінің жақтауға тығыз жанасу-ын қамтамасыз етуі;
қысылған үшкір мен рамалық рельстің немесе жылжымалы өзекшемен жақтаудың арасындағы саңылау 4 мм және одан астам болған кезде стрелка үшкірлерінің немесе айқастырманың жылжымалы өзекшесінің тұйықталуына жол бермеуі тиіс;
басқа үшкірді рамалық рельстен кем дегенде 125 мм қашықтыққа бұруы тиіс.
Диспетчерлік орталықтандыру
6.30. Диспетчерлік орталықтандыру құрылғылары мыналарды қамта- масыз етуі тиіс:
бір орыннан стрелкалар мен бағдаршамдар арқылы бірқатар станция-лар мен аралықтарды басқаруды;
басқару аппараттарынан стрелкалардың жағдайы мен бос еместігін, аралықтардың, станциялардағы және оларға жанасатын блок-телімдер-
37
дегі жолдардың бос еместігін бақылау, сондай-ақ кіру, маршруттық және шығу бағдаршамдарының көрсетулерін қайталау және өтпелік сигнал беруі жұмысының жарамдылығын бақылау;
поездарды қабылдау жөнелту және маневрлерді жүзеге асыру бойынша станцияларды резервтік басқаруға берудің немесе манев-рлерді жүзеге асыру үшін стрелкаларды жергілікті басқаруға берудің мүмкіндігі;
поездардың орындалған қозғалысы кестесінің автоматтық жазбасын;
сигнал беру мен байланыстың дербес қүралы ретінде қолданылатын электрлік орталықтандыруға, автоматтық блоктауға және автоматты ло-комотивтік сигнал беруіне және поездың толық қүрамымен келіп жетке-нін жартылай автоматтық блоктауына қойылатын талаптардың орында-луын.
Диспетчерлік орталықтандырудың жаңа жүйелері блок-телімдердің жалған бос еместігі кезінде поезд диспетчерінің қрғалыс бағытын өзгертуіне мүмкіндігінің болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Жанасатын станциялардың стрелкалары мен бағдаршамдарын телебасқару қүрылғылары диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларына қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.
Автоматты локомотивтік сигнал беру және қауіпсіздік қүрылғылары
6.31. Автоматты локомотивтік сигнал беру кезінде локомотивтік бағдаршамдар поезд жақындап келе жатқан жол бағдаршамдарының көрсетулеріне сәйкес келетін көрсетулерді беруі тиіс.
Тек қана локомотивтік бағдаршамдардың көрсетулері бойынша қозғалыс кезінде бүл бағдаршамдар алдағы жатқан блок-телімдердің бос еместігіне немесе бос болуына қарай көрсетулер беруі тиіс.
Локомотивтік бағдаршамдар локомотивті, моторвагондық поезды, ар-найы өздігінен жүретін жылжымалы қүрамды басқару кабинасында орна-тылады және сигналдық көрсетулерді тікелей машинистің өзіне және оның көмекшісіне немесе дрезинаның жүргізушісіне және оның көмекшісіне бе-реді.
Локомотивтердегі, моторвагондық поездардарғы және арнайы жылжы-малы құрамдағы автоматты локомотивтік сигнал беру:
белгіленген қозғалыс жылдамдықтарын, поездың өзінен-өзі жыл-жып кетуін және машинист қырағылығының мерзімді түрде тексерілуіне бақылауды қамтамасыз ететін қауіпсіздік қүрылғыларымен толықтырылуы тиіс. Машинист локомотивті, моторвагондық поезды, арнайы жылжы-малы құрамды, ал дрезина жүргізушісі дрезинаны басқару қабілетінен айырылған жағдайларда аталған құрылғылар тыйым салушы көрсетуі бар жол бағдаршамының алдында поездың автоматты түрде тоқтауын қамтамасыз етуі тиіс.
38