Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТДФ прак. метод.указ. 2015 КЛМ 2.09.15.doc
Скачиваний:
55
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
382.46 Кб
Скачать

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары

Адам құқықтары мен бостандықтары (АҚБ) - жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары. Адамның қандай да бір игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін, өз еркімен іс-әрекет жасауына мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақатынасының негізгі принциптері АҚБ-на жатады. Адамзат қоғамында бұл мәселеге ежелден баса назар аударылған. Мысалы, Аристотель адам құқықтарын "табиғи" және "шартты" деп екіге бөледі. Адамның табиғи құқықтарын мемлекет орнатқан шартты құқықтардан жоғары қояды. Орта ғасырда АҚБ жасаған қайырымдылықтар, рақымшылықтар ретінде түсіндірілді. Өндірістік қарым-қатынастардың қарқынды даму сатысында өмір сүрген ли¬берализм өкілдері - Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Руссо, И.Кант, Т.Джефферсон, Т.Пейн және т.б. ойшылдар АҚБ-на баса назар аударды. Қағидалардың ең маңыздылары ретінде олар адамдардың еркін, қауіпсіз өмір сүруге, жеке меншік иеленуге тең құқықтарының болуын, халық биліктің негізгі иесі екендігін, биліктің тармақталуын, биліктің халық мүддесіне қызмет етуі керектігін атап көрсетті. Жүзеге асырылу ортасына қарай АҚБ азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени болып жіктеледі. Саяси және азаматтық құқықтардың қазіргі тұжырымдары БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында (1948 ж., 10 желтоқсан) баяндалған. Қазақстан Республикасының Ата Заңы бойынша: "1. Қазақстан Республикасында Конституңияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі; 2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады" (12-бап).

1-тапсырма. Мәтіннен 15 жаңа сөз тіркестерін аударыңыз.

2-тапсырма. Төмендегі сөздерді көмекші есімдермен тіркестіріп, сөйлемдер құрастырыңыз.

Құқық, бостандықтар, мемлекет, қоғам, адамзат, қарым-қатынас, қағида, халық, заңдар.

3-тапсырма. Төмендегі сөйлемді сөз құрамына талдаңыз.

Азаматтарда сот арқылы қорғайтын құқық пен бостандықтан басқа да құқық пен бостандықтар бар. Оларға еңбек ету, білім алу, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау құқығы мен бостандығы жатады.

4-тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап жазыңыз.

1. Қандай халықаралық құқық қорғау ұйымдарын білесіз?

2. Адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалу тетіктерін қалай жетілдіруге болады?

3. Қазақстанда адам  құқықтарының  қорғалуын  қамтамасыз ететін органдарды атаңыз.

АР-ОЖДАН БОСТАНДЫҒЫ

Қазіргі заманғы зайырлы мемлекет үлгісінің негізінде адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына байланысты құқықтық мәселелерді теократикалық мемлекеттерден өзгеше түсінік бар. Бұл жердегі ең бастысы – діннің мемлекеттен ажыратылу қағидаты. Осы үлгідегі саяси-құқықтық мағына мынаны білдіреді:

-ар-ождан бостандығы – ол тек діни таңдау бостандығы емес, одан кеңірек – дүниетанымдық, соның ішінде діни емес таңдау. Осы таңдау құқығын мемлекет адамға (азаматқа) қалдырады және оның шешімін қабылдауға, оны қорғауға міндеттенеді.

Діни сенім бостандығы – адамның жеке өзі немесе басқалармен бірге кез келген дінді ұстануға, еркін таңдауға, діни сенімде болуға және тарқатуға, соған сәйкес әрекет етуге құқықты адамның негізгі жеке бостандыктарының бірі. Көп ұлтты елде түрліше конфессиялардың, діни сенімдердің бар болуы, бұл конституциялық норманы ерекше маңызды етіп көрсетеді.

Мемлекет пен діни бірлестіктер қарым-қатынасындағы ұстанымдар қоғамдағы ар-ождан бостандығы деңгейінің бірден-бір көрсеткіші болып табылады.

Қазақстанда «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң және осы заңға тәуелді нормативті-құқықтық актілердің қабылдануы мен жүзеге асуы, елдегі діни ахуалды оңалтуға, конфессиялардың қызметін заманауи талаптарға сай лайықтауға жол ашты. Қайта тіркеу барысында байқалған маңызды бір жәйт, еліміздегі діни бірлестіктер өздерінің Конституция мен ұлттық заңнамалар алдында адалдығын паш етіп, оларды қатаң сақтауды өз міндеттеріне алды.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.

3-тапсырма. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазыңыз.

4-тапсырма. Ар-ождан, дін туралы мақал-мәтел жазыңыз.

5-тапсырма. Көмекші есімдерді қолданып, сөйлем құрастырыңыз.

7-тақырып. Қорықтар мен ұлттық парктер. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Жазба жұмысы.