Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AiU_fizika-2.doc
Скачиваний:
97
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
178.18 Кб
Скачать

Геометриялық және толқындық оптика

Геометриялық оптика және фотометрия

  1. Сыну көрсеткішінің физикалық мәні неде?

  2. Абсолюттік және салыстырмалы сыну көрсеткіштерінің өзара байланысының өрнегі

  3. Толық ішкі шағылу қандай жағдайда болуы мүмкін?

  4. Жарықтың толық ішкі шағылуының шекті бұрышының шартын жаз

  5. Егер ортаның абсолют сыну көрсеткіші 1,5 болса, онда бұл ортадағы жарық жылдамдығы қандай?

  6. Жарықтың оптикалық және геометриялық жол ұзыныдығы дегеніміз не және олар бір-бірімен қалай байланысты?

  7. Жарықтану және жарық көзінің ашықтығы (яркость) дегеніміз не?

  8. Ламберт заңын жазып, тұжырымын айтыңыз

  9. Ауадан шыны табақшаға 60°-пен түскен жарық оның екінші бетінен шағылғанда толық ішкі шағылу бола ма? Шыны үшін сыну көрсеткіші 1,5.

  10. Квадрат салдың алдына қойылған нүктелік жарық көзінің сәулесі ұзындығы 4 м салдың шетінен су бетіндегі кеңістікке шығып кетпеу үшін оны қандай тереңдікке орналастыру қажет. Судың сыну көрсеткіші 1,33.

  11. Тереңдігі 2,0 метр судың түбіне ұзындығы қағылған бағананың 0,75 м судан сыртқы шығып тұр. Егер күннің горизонттан биіктігі 45° болса, бағананың су бетіндегі және су астындағы көлеңкелерінің ұзындығын анықта.

  12. Кейбір зат үшін толық ішкі шағылудың шекті бұрышы 45°. Осы зат үшін толық поляризация бұрышы қандай?

  13. Жарық күші 200 Кд электр шамы 45° бұрышпен жұмыс столына түседі. Столдың жарықтануы Е = 141 лк болса, лампа столдан қандай қашықтықта тұр?

3.3Жарықтың затпен өзара әсерлесуі. Поляризация

  1. Жарық дисперсиясы дегеніміз не?

  2. Аномальды дисперсияның қалыпты дисперсиядан айырмасы қандай?

  3. Жарық толқынының көлденең толқын екенін оның поляризация құбылысы арқылы қалай дәлелденеді?

  4. Қандай жарық жазық поляризацияланған делінеді?

  5. Малюс заңын тұжырымда, формуласын жаз, және оған енетін физикалық шамалардын атын ата

  6. Поляризатордан өткен жарық қарқындылығы мен түскен сәуленің поляризация жазықтығы мен поляризатордың жарықты өткізу жазықтығының арасындағы бұрыштың косинусының квадратына (cos2 α) тәуелділік графигін сыз

  7. Поляризаторға жазық поляризацияланған сәуле түседі. Неге поляризаторды сәуле төңірегінде айналдырғанда өткен сәуленің қарқындылығы төмендейді?

  8. Қай жағдайда анизатропты кристалдан сәуле өткенде оның қосарлану байқалмайды?

  9. Брюстер заңының формуласын жазып тұжырымдаңыз. Суретпен сәуле жолдарын көрсетіңіз.

  10. Сәуленің поляризация жазықтығының қандай орналасуында екі диэлектриктің шекарасына Брюстер бұрышымен түскен сәуленің шағылуы болмайды?

  11. Ауадан тұз кристалына түскен кездегі Брюстер бұрышы 60°. Осы кристалдағы жарық жылдамдығы қандай. С – вакуумдағы жарық жылдамдығы.

  12. Қосарлана сындырушы кристалдан өткен кәдімгі және бөгде сәулелердің айырмашылығы қандай?

  13. Қосарлана сыну құбылысының мәні неде?

  14. Заттың электромагниттік сәулелерді жұты заңын (Бугер заңын) жаз және оған енетін шамаларды ата.

  15. Егер жарық қалыңдығы 30 мм заттан өткенде оның қарқындылығы 8 есе төмендесе, оның жарықты жартылай жұту қабаты d қандай?

  16. Шынының бетіне сәуле 60° бұрышпен түседі. Бұл жағдайда шағылған сәуле толық поляризацияланады. Сәуленің сыну бұрышын β анықта.

  17. Сәуле глицериннан шыныға өтеді. Шағылған сәуле толық поляризацияланады. Глицериннің және шынының абсолют сыну көрсеткіштері 1,45 және 1,5 сәйкес. Түскен сәуле мен сынған сәуле арасындағы бұрышты анықта.

  18. Қалыңдығы d = 2 мм кварц пластинасын параллель нипольдар арасына орналастырғанда монохроатты жарықтың поляризация жазықтығы φ = 45°-қа бұрылды. Поляриметрде мүлде қараңғы болу үшін пластинканың қалыңдығын dx қандай етіп алу керек?

  19. Кварц пластинкасын қиылысқан нипольдер арасына орналастырған. Кварц пластинкасының қалыңдығы қандай аз болғанда dmin никольдар арасы ең күшті жарықтанады? Кварцтың айналу тұрақтысы [α] = 27 град/мм.

  20. Құрамында С1 = 10% қаныты бар ертінді құйылған ұзындығы l = 20 см түтік арқылы сәуле өткенде жарықтың поляризация жазықтығы φ1 = 10°-қа бұрылады. Құрамында С2 басқа қаныт ертіндісі бар ұзындығы

l2 = 15 см түтіктен сәуле өткенде поляризация жазықтығы φ2 = 5°-қа бұрылады. Екінші ертіндідегі қаныт құрамын С2 тап.

  1. Екі поляроидтардың жарық өткізетін жазықтықтарының арасындағы бұрыш α = 60°. Осы нүктені түскен табиғи жарық жүріп өткенде ол қанша есе әлсірейді?

  2. Судың бетінен шағылысқан жарық толық поляризациялану үшін күн сәулесі су бетіне горизонтпен қандай бұрыш жасап түсуі керек (Судың nсу = 1,3).

  3. Глицирин құйылған шыны ыдысқа түскен сәуле оның түбінен шағылады. Қандай түсу бұрышында шағылған сәуле толық поляризацияланады? nгл = 1,45.

  4. Брюстер заңын пайдаланып, шағылған сәуленің толық поляризациясы кезінде шағылған сәуле мен сынған сәуле арасындағы бұрыштың тік бұрыш (90°) болатынын көрсет.

  5. Беттің энергиялық жарықталынуы Ее = 120 Вт/м2 кезінде жарық қысымы Р = 0,5 мкПа болса, шағылдыру коэффициентін К анықта.

  6. Айна жазықтығына α = 60° бұрышпен монохроматты жарық (λ = 590 нм) келіп түседі. Жарық шоғының энергиялық тығыздығы ω = 1 кВт/м2. Жарқтың айна бетіне түсіретін қысымын Р анықта.

  7. Егер поляризатор мен анализатор арқылы өткен табиғи жарық қарқындылығы 4 есе кемісе, поляризатор мен анализатордың бас оптикалық жазықтықтарының арасындағы бұрыш қаншаға тең?

  8. Ауадан тұз кристалына түскен Брюстер бұрышы 52°-қа тең. Осы кристалдағы жарық жылдамдығын табындар.

Интерференция

  1. Интерференция дегеніміз не ?

  2. Қарқындылығы бірдей екі толқынның максимум интерференциясы кезіндегі қарқындылығы 4 есе ұлғаятынын дәлелде.

  3. Когерентті толқындар дегеніміз не?

  4. Жарық толқындары неге электромагниттік деп аталады?

  5. Неге екі табиғи жарық кездесіп беттескенде интерференция болмайды?

  6. Жұқа пленкадан өткен және шағылған сәулелердің интерференцияларын бақылаған кезде олардың максимумы мен минимумының орнының неліктен ауысып көрінетінін түсіндір.

  7. Неге көбелектің қанаттарының түсі құбылып тұрады?

  8. Екі когерентті жарық көзі (λ=600 нм ) интерференция картинасын береді. Біреуінен шыққан жарық жолына қалыңдығы d = 3 мкм (n = 1,6) шыны пластинка қояды. Интерференция картинасы қанша жолаққа ығысады?

  9. Неге компьютер дискілері жарық түскенде түрлі - түсті сәулелер құбылады?

  10. Сабын көбігіне (n = 1,3) ақ жарық сәулесі тік келіп түседі. Егер оның шағылған сәулесі жасыл (λ=550 нм) болып көрінсе сабын көбігінің қалыңдығы қандай?

  1. Юнг тәжірибесінде дөңгелек саңылауға толқын ұзындығы λ=6*105 см монохроматы жарық түсірген. Екі саңылаудын арасы 1 мм, ал саңылау мен экран арасы 3 м. Бірінші ақ жолақтың орнын анықта.

  2. Сабын көбігіне (n = 1,3) ақ жарық 45° бұрышпен түседі. Көбіктің көпіршігінің қалыңдығы қандай болғанда одан шағылған сәуле сары түсті (λ=6*105) болады?

  3. Неге фотоаппараттың жарықтандырылған объективінің шынысы көкшіл күлгін түсті болып көрінеді ?

  4. Екі когерентті сәулелер көздері S1 және S2 монохроматты жарық (λ=6*107) м шығарады. Егер S2А = (2 + 0,35*10-7) м S1 А = (2 + 9,35*10-7) м болса, белгілі бір А нүктесінде максимум бола ма, әлде минимум бола ма?

  5. Когерентті жарық көздері S1 және S2 дегеніміз не?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]