
- •Көркем шығармалармен жұмыстың негізгі кезеңдері мен басты бағыттары
- •Көркем туындыны оқу - әдебиетті оқытудың ең негізгі мәселесі
- •Көркем мәтінді оқып-үйрену және талдау жұмыстары
- •Көркем мәтінді талдау жолдары
- •Көркем шығармалармен жұмыстың қорытынды кезеңдері
- •II топ:
- •III топ:
- •Әдеби шығармаларды, көркем мәтінді оқыту, талдау жолдары. Көркем мәтінді оқу жұмыстарын ұйымдастыру
- •Автор ізімен талдау, оның негізгі мақсаттары
- •Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау жолдары
- •Әдеби шығармаларды проблемалық талдау жолдары
- •«Абай жолындағы» Абай бейнесін проблемалап оқыту
- •Эпикалық шығармаларды оқыту (теориясы)
- •Көркем туындының сюжеті, композициясы
- •М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопесын оқыту
- •Әңгіме жанрын оқыту
- •Мысал жанрын оқыту
- •Ертегілерді оқыту
- •Публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрды оқыту
- •Хаттарды оқытудың негізгі ерекшеліктері
- •Публицистикалық шығармаларды жоғары сыныптарда оқытудың өзіндік ерекшеліктері
- •Сюжетті өлеңдерді оқыту.
- •Батырлар жырын оқыту
- •Ақын- жазушылардың өмірбаянын, шығармашылық жолын оқыту.
- •Шолу тақырыптарын оқыту.
- •Әдеби сын-зерттеу еңбектерін оқыту
- •Абайдың азаматтық үндегі өлеңдері
- •Табиғат лирикасы
- •Саяси лирикасы
- •Өлең, сөз өнері туралы шығармалары
- •Ән, өнер туралы эстетикалық көзқарасы
- •Абайдың уытты сатирасы
- •Үй тапсырмасын беру және бала білімін есепке алу жолдары
- •Оқушылардын сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
- •Шығарма оған қойылатын талаптар; шығарманың негізгі түрлері.
- •Оқушыларды шығарма жазуға даярлау
- •Әдебиет сабағындағы көрнекілік
- •Көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді жолдары, әдіс – тәсілдері.
- •Ыбырай портреті
- •Іv тарау Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, маңызы
- •Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
- •Сыныптан тыс оқулар
- •Сыныптан тыс оқу сабақтары. (5-8-сыныптар)
- •Сабақ үлгілері мен түрлері.
- •Абайдың табиғат лирикасы. (пәнаралық байланыста оқытуға негізделген дуэт сабақ).
- •Прозалық шығармаларды талдау
- •I кезең
- •II кезең
- •III кезең
- •IV кезең
- •V кезең
- •VI кезең
- •I кезең
- •II кезең
- •III кезең
- •IV кезең
- •V кезең
- •VI кезең
Сабақ үлгілері мен түрлері.
Сабақ түрлері өтілетін тақырып ерекшелігі, сынып оқушыларының құрамы, жасерекшелігі, дәрежесі, сондай-ақ сабақ мақсатына байналысты. Таптаурын болған сабақ түрлері, ең алдымен, оқушының ынтасы, пәнге деген қызығушылығын төмендетеді. Ойлау белсенділігін тежейді, танымын сұйылтады. Бір сарындылық оқушының тек сол пән емес, жалпы білімге, оқуға деген көзқарасын өзгертеді. Оқушылардың таным белсенділігін арттырудың бір жолын әдіскер-ғалымдар, тәжірибелі, ізденгіш ұстаздар « сабақты түрлендіріп беру» деп дәлелдейді. Еліміздегі түбірлі өзгеріс, жаңалық сәулесі мектеп, оқушы, ұстаздар арасына да кеңінен енуде. Ең басты, маңызды мәселе – ұстаздар қауымына шығармашылық жолдың ашылуы. Міне, осыған байланысты, қазір сабақтың көптеген тиімді түрлері тәжірибеге кеңінен енуде. Әр сабақты мүмкіндігіне орай түрлендіре жүргізу бүгінгі сабақ, бүгінгі оқытудың басты белгілері.
Қазір тәжірибеде дәстүрлі сабақтармен қоса, мынадай сабақ түрлері жиі пайдаланылуда:
Дәріс сабақ.
Семинар сабақ (семинар сабақтың өзінің бірнеше түрі бар).
Пәнаралық байланыста оқытуғанегізделген (қос) үштік сабақтар.
Конференция сабағы.
Сот сабақтары (не билер тартысы).
Жәрмеңке сабағы.
Пресс-конференция сабағы.
Концерт сабағы.
Пікірталас сабағы.
Айтыс сабақтары.
Композициялық сабағы.
Әдеби монтаж сабағы.
Көзқарас сабағы.
Брифинг сабағы.
Ерлік сабағы.
Іздендіру сабағы.
Кездесу сабағы.
Практикалық сабағы.
«Ұлылар мінбесі» сабағы.
Емтихан, есеп- сынақ сабақтары.
Реферат қорғау сабақтары.
Пікір қорғау сабақтары.
Көкпар сабағы.
Жарыс сабағы.
Ойын сабақтары(әдеби ойындар).
Ескерту; Бұл сабақтардың көпшілігі тәжірибеге соңғы кезде тереңірек еніп, нәтиже беріп жүр. Бұлардың барлығын міндетті сабақ түрлері деуден аулақпыз. Ең бастысы- ұстаздардың сабақты түрлендіріп өткізуде біршама алға басуы, ізденісін көрсету үшін, беріліп отыр.
Ал енді осы сабақ түрлері қай жағдайда тиімді, қай кезде нәтижелі, оны қай уақыттарда пайдаланй керек? Мына кесте сол мәселерге тоқталады.
Сабақ түрлері |
Негізгі әдіс- тәсілдері, белгілері |
Қай сабақтарда пайдалануға болады(әсіресе) |
Тиімділігі | |||
Дәріс сабақ |
Сөздік әдісі, оның ішінде дәріс беру(сұрақ- жауап, пікірлесу де болуы мүмкін) |
Жаңа білім беруде материал мол, күрделі, қосымша хабарламаларға бай, әрі көп деректер берілетін сабақтарда |
| |||
Семинар сабақтары |
жауап
|
Қорытынды, қайталау сабақтары, шолу тақырыптарында |
| |||
Қос, үштік сабақтар |
Диалогиялық әңгіме, баяндау, пікірлесу, түсіндірмелі әдіс |
Екі немесе бірнеше пәндерге байланысты материалдар тоғысып келгенде (Бұқар жырау толғауларындағы Абылай) бірнеше пәндербойынша деректерді біріктіріп беру мүмкін болған тақырыптарда |
Бір мезетте бірнеше пәндер бойынша білім алады, білім тереңдетіп беріледі
Пікір айта білу, айтыса білу, қосымша материалдардан іздене білу, сұрақтар қоя білу, қысқа, нақты,дәлелді пікір айту, толықтыра білу дағдыларын жетілдіреді. | |||
Конференция сабақтары, баспасөз сабағы. |
а) Қосымша баяндама. 2. Сұрақ- жауап 3. Пікірталас( проблема айналасындағы)
|
Үлкен, маңызды тақырыпты қорытындылағанда немесе саяси мәні бар тақырыптарға (мысалы Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылды ма? т.б.)
|
| |||
Сот сабағы |
|
Әсіресе,туындыдағы ұнамсыз кейіпкерлерді, шығармалардан кейін кеткен қателерді «жазалау» мақсатында ойын элементі бар сабақ 5- 8 сыныптар үшін қызықты |
Әсіресе,5-8 сыныптар үшін тиімді қызықтыру ынтасын арттыру мақсатында, әрі сауаттылыққа баулуда ең бастысы, Я.Коменский айтқандай, «Білімді жеңіл,әрі қызықты етіп беруде» әділеттілікке баулу,жаманнан жирендіру | |||
Жәрмеңке сабағы |
1.Концерт, инсценировка элементі бар көріністер. 2. Халықтық педагогика, әдет- дәстүрді сабаққа пайдалану. |
Бекіту, дағдыларын дамыту, қайталау сабақтарында (тақырып күрделі емес кездерде) оқушыларды шығармашылыққа баулу мақсатында |
Сатылатын «заттарды» бастауыш, баяндауыш т.с.с. білімдерімен сатып алу. Ойын арқылы білімдерін қайталау, бекіту. Шығармашылыққ қабілеттерін дамыту. (5- 8 сыныптар үшін өте тиімді). | |||
Концерт сабақ, монтаж- композициялық сабақтар |
|
Қорытынды, қайталау сабақтарында жаңа тақырыпты игерту, үй тапсырмасын сұрау, т.б. сабақтарда тақырып ерекшелігіне байланысты алынады. Мысалы «Абай әндері» немесе, «Абай жолы» эпопеясы,т.б. Ақын- жазушы шығармаларының барлығына байланысты өтуге болады, драмалық шығармалар т.б.) Әрине,тақырып мазмұны осы мәселелерді сұрап тұрғанда концерт монтажды, инсценировканы, т.с.) |
Дарынын,қабілетін дамыту. Әдебиет сабағын, «өнер» деп танып білу, әсіресе, шығармашылық жұмыстарға баулу, көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдыларын жетілдіру, ынтасы, танымын, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту т.с.с. Мәнерлеп оқу, жатқа оқу, есте сақтау қабілеттеріне әсер ету. Әдеби кейіпкерлерді, көз алдыға келтіру, көркем туынды жанрларының ерекшелігін жете білу,эмоциясына әсер ету, эстетикалық сезімдерін, сұлулық,әдемілік,өнерді блағалау, түсіне білу сезімдерін дамытуда үлкен маңызы бар. | |||
Диспут, айтыс сабақтары |
Сұрақтар, проблемалық сұрақтар, пікірлесу. Қосымша материалмен, кітаппен жұмыс, т.б. |
Қайталау, қорытынды сабақтар. Проблемалық туған кезде. Материал негізінде ( жаңа тақырыптық) қарама- қайшы пікірлер туғанда |
Оқушылардың ойлау, таным белсенділігін арттыру, әдеби- көркем тілін дамыту, пікір айта білу, дүниетанымын кеңейту, өз беттерімен іздену, т.с.с. | |||
Көкпар жарыс сабағы |
|
Білім сайысы кез- келген тақырыптарда өтуге болады. Алған білімдерін бекіту, қорытындылау кездерінде тиімді. Бала білімін тексеруде қолайлы |
Алғырлық, ептілік,шапшаңдылық, тапқырлыққа баулиды. Ұлттық ойын «Көкпар» туралы түсініктерін тереңдетеді. Ойнай отырып, ойлау іс- әрекетін дамытады. |
1 |
2 |
3 |
4 |
Реферат қорғау, пікірлер қорғау, іздендіру сабақтары |
1.Проблемалық сұрақтарға негізделген тапсырмалар. 2. Проблемалық шешу, сол мақсатта іздену. 3. Салыстыру, қорытынды жасау.
4.Материалды.проблеманы баяндау. 5. Қосымша материалдар, ғылыми материалдармен жұмыс. 6. Проблемалық әңгіме. 7. Проблемалық зерттеу әдісі. 8. Пікір айту, оны нақты мысалдармен дәлелдеу, қорғау.
|
Ерекше маңызды, қызықты тақырыптарда оқушылардың өзіндік ойлауы, ізденуін, тақырыпқа шығармашылық бағытта қарау керек жағдайларында аса тиімді. |
Ғылыми жұмыстарға баулу, зерттеу, ізденуге жетелеу, өз беттерімен қорытынды жасай білуге, пікірлерін дәлелдей, қорғай білуге дағдыландыру. Реферат жаза білуге баулу, ғылыми еңбектермен, қосымша материалдармен жұмыс істеуге үйрету, көркем тілін дамыту(жазбаша) |
Практикалық сабақтар |
1.Көркем мәтінмен жұмыс. 2.Ғылыми материалдар, қосымша материалдармен жұмвс (іріктеу,негізгі мәселелерді бөліп ала білу, конспект жазғызу). 3.Сұрақ –жауап. 4. Проблемалық тапсырмалар. 5. Көркем дидактикалық материалдармен жұмыс. 6.Проблемалық зерттеу әдісі. |
Поэтикалық алдау, жұмыс істеу, жазушы стилін, көркемдік ерекшелігін анықтауды керек ететін сабақтарда ғылыми материал, қосымша материалдармен жұмыстарда да тиімді. Сондай- ақ мұғалім дидактикалық материал, көрнекі көрнекі құралдарды көп пайдаланған кездерде де пайдалы. |
Алған теориялық білімдерін практикалық пайдалана білу, әдеби талдау, жұмыс істей білу дағдыларын жетілдіру; жеке өздік жұмыстарға баулу. Көрнекілік, дидактикалық материалдармен жұмыс істеу, машығып жетілдіру. |