Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / ктап __дебиет __дстеме.docx
Скачиваний:
993
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Мысал жанрын оқыту

  1. Мысал туралы әдеби-теориялық ұғым

  2. 5-сыныпта И. Крыловтың «Есек пен бұлбұл» мысалын оқыту әдістемесі

Мысал – аллегориялық жанр. Айтылатын ой ашық берілмейді. Астармен, меңзеумен беріледі. Жануарлар әлемі, құс, өсімдік, тағы басқа да мысалдар бас кейіпкер ретінде алынады. Өткір сын да, ащы сатира да, байсалды юмор, келемеж, мысқыл да осы мысал жанрында, әдебиеттегі оқу бағдарламасында мысалдар көбінесе оқытудың бастауыш буынында беріледі. Ең алдымен, мысал жанры, оның өзіндік ерекшелігі туралы әдеби-теориялық ұғымнан мағлұмат, түсінік берген жөн. Яғни мысалда ойдың ашық, айқын берілмейтіні, жорамал, меңзеу астарлы түрде берілетіні, кекесін, мысқыл, әжуа, юмор, ащы сатира оның негізі көркемдік тәсіл екендігін оқушыларға әңгімелеу, баяндау әдісімен жеткізген дұрыс. Мысалдарды оқу, талдау барысында бұл түсініктерге қайта оралып, осы ұғымдарды оқушылардың өзіне аңдатып, түйіндетіп отыру керек. Алдымен, әдеби-теориялық ұғым беру, оқушыларды оқығалы отырған көркем шығарма ерекшелігін аңдауларына, ары қарай оны талдау белсендіктерін арттыруға жетелейді. Оқығалы отырған мысалды алдын ала үйде оқып келу тапсырылса, оның тиімділігі тіпті зор болмақ (мұғалім мысал жанры туралы кіріспе түсінікті сол тапсырманы беру алдында айтуы керек). Мұғалім ол үшін оқушыларға мынадай үлестірме-көмек нұсқаулар таратып, өз беттерімен оқу, түсіну, талдау жасауға жетелейді. Мысалы 5-сыныптағы И. Крыловтың «Есек пен бұлбұл» мысалын алайық (Абай аудармасы).

- Есек пен бұлбұл туалы не білесіңдер? Есек қандай хайуан, бұлбұл қандай құс?

(Өздеріңе арнап көгілдір экраннан беріліп жүрген әр түрлі хабарларды, өздерінің оқыған ертегілерді еске түсіріңдер).

- Есектің өтініші, яғни бұлбұлға ән салып бер деуіне көңіл қой.

- Бұлбұл әнінің «мың түрлі күйге салған» құдіреті сипатталатын шумақтарды тап. Адам, жан-жануар, табиғаттың сол кездегі қалпын көңіліне тоқы.

- Есектің бұлбұл әніне берген бағасы, сыны айтылатын шумақты тауып, назар аудар.

- «Әтештен үйрену керек» деген ақылға қосыласың ба? Қосылмасаң, себебін дәлелдеуге тырыс.

- Ең соңғы шумақтың мазмұнына ой жүгірт:

а) Қалай ойлайсың, неге ақын «Мұндай сыншыдан құдайым бізді сақтасын» деп, қорытындылайды.

Мысалы:

І бөлімде – авторлық баяндау, суреттеу;

ІІ бөлімде – диалог, сұрақ;

ІІІ бөлімде – баяндау, суреттеу;

ІҮ бөлімде – диалог, ақыл;

Ү бөлімде – авторлық қорытынды, шешім, ақыл-нақылдардың орын алатынын дәлелдеу дұрыс болып саналады.

Үйге тапсырма балалардың сабақты қалай меңгергеніне байланысты беріледі. Жалпы қабілеттеріне әсер ету, білім дағдыларын жетілдіру мақсатында рөлге бөліп, жатқа мәнерлеп оқу, көрініс көрсету сияқты шығармашылық сипаттағы тапсырмалар беру аса тиімді болып келеді.

Әдебиет сабағы ақыл-өнегеге, ғибратқа, даналыққа, имандылыққа, адамгершілік үлгілерге толы болу керек десек, мысал туындыларынан осының бәрін кездестіруге болады. Сондықтан осы «Есек пен бұлбұл» арқылы әділдікті, өнерді, кішіпейілділікті үлгі ете отырып, әділетсіздік, тұрпайылық, топастықтан жирендіру жұмыстарын жүргізу керек.

Мысал жанрын оқытуда да оқушылардың таным белсендігін арттыратын, әсіресе, әдеби тартысқа жетелейтін, іздендіру, зерттеу жұмыстарына баулитын әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімді болмақ. 5-сынып бағдарламасы бойынша Асқар Тоқмағамбетовтың «Бидай мен қаңбақ» мысалын оқытуда осы әдіс-тәсілдерді қалай пайдалануға болады, соған тоқталайық. Екі мысалды салыстыру арқылы пікірлесу, айтыс нышаны бар әңгімелесуге жұмылдыру.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

- Балалар, қай мысалда диалог көп пайдаланылған?

- Диалогтің атқарып тұрған маңызы туралы не айтар едің?

- Екі мысалдың соңындағы авторлық қорытындыға назар аударыңдар. Қай мысалда автордың өз пікірі айқын берілген? Қайсысында ол оқырман назарына сілтенген?

- Осы екі мысалдағы өзіңе ұнағандар кімдер? Ойыңды мәтіннен үзінді ала отырып, дәлелде. Олардың жақсы қасиеттерін салыстыр.

- Өзіңе ұнағандар туралы да пікір айт. Ұнамсыз қасиеттерін салыстыр.

Ескерту: Әрине, мұндай жұмыстарда мұғалім балаларды жетелеп, пікірлесуге, әңгімелесуге ынталандырып отыруы қажет.

Бағдарламада берілген мысалдарды оқып болған соң, қоытынды сакбақ өтудің тиімділігі зор. Қорытынды сабақты композициялық сабақ түрінде де, немесе «Мысал кейіпкерлері бізе қонақта» тақырыбында кездесу сабағы түрінде де өтуге болады. Сабақ-композицияда оқушылар күшімен инсценировкалар көрсетіп, өздері оқыған мысалдарды көріністер арқылы ескере түсіріп, қайталау жұмыстары жүрсе, кездесу сабағында есек, бұлбұл, арыстан, түлкімен, т.б. (кейіпкерлер рөлінде балалар болады, әрине), яғни мысалдардың бас кейіпкерлермен кездесу өтеді. Оларға оқырмандар (сынып оқушылары) сұрақ қояды, жауапты олар мысалдан алып, жатқа айтулары керек.

Мысалы, «Шегіртке мен құмырсқа» ертегісі бойынша мынадай сұрақ қоюға болады.

Шегірке: «Қарағым, жылт, тамақ бер,

Жаз шықанша асыра!

-Құмырсқа не деуші еді?

Құмырсқа: Мұның, жаным, сөз емес,

Жаз өтерін білмеп пе ең?..

Осындай сабаққа биология, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдерін шақыруға болады. Себебі, биология мұғалімі мысалда кездесетін жануарлар, жәндіктер туралы қысқаша хабарлама жасаса, ал орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қай елдің ертегісінде болмасын «қасқыр», «арыстан» - әділетсіздіктің, «қара күштің»; түлкі – қулық, зұлымдықтың; қоян – қорқақтықтың иесі болып суреттелетінін әңгімелейді. Мысал жанрын оқытудың тиімді жолдарын іздену де әр мұғалімнің білімі, шеберлігіне байланысты.