
- •Көркем шығармалармен жұмыстың негізгі кезеңдері мен басты бағыттары
- •Көркем туындыны оқу - әдебиетті оқытудың ең негізгі мәселесі
- •Көркем мәтінді оқып-үйрену және талдау жұмыстары
- •Көркем мәтінді талдау жолдары
- •Көркем шығармалармен жұмыстың қорытынды кезеңдері
- •II топ:
- •III топ:
- •Әдеби шығармаларды, көркем мәтінді оқыту, талдау жолдары. Көркем мәтінді оқу жұмыстарын ұйымдастыру
- •Автор ізімен талдау, оның негізгі мақсаттары
- •Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау жолдары
- •Әдеби шығармаларды проблемалық талдау жолдары
- •«Абай жолындағы» Абай бейнесін проблемалап оқыту
- •Эпикалық шығармаларды оқыту (теориясы)
- •Көркем туындының сюжеті, композициясы
- •М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопесын оқыту
- •Әңгіме жанрын оқыту
- •Мысал жанрын оқыту
- •Ертегілерді оқыту
- •Публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрды оқыту
- •Хаттарды оқытудың негізгі ерекшеліктері
- •Публицистикалық шығармаларды жоғары сыныптарда оқытудың өзіндік ерекшеліктері
- •Сюжетті өлеңдерді оқыту.
- •Батырлар жырын оқыту
- •Ақын- жазушылардың өмірбаянын, шығармашылық жолын оқыту.
- •Шолу тақырыптарын оқыту.
- •Әдеби сын-зерттеу еңбектерін оқыту
- •Абайдың азаматтық үндегі өлеңдері
- •Табиғат лирикасы
- •Саяси лирикасы
- •Өлең, сөз өнері туралы шығармалары
- •Ән, өнер туралы эстетикалық көзқарасы
- •Абайдың уытты сатирасы
- •Үй тапсырмасын беру және бала білімін есепке алу жолдары
- •Оқушылардын сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
- •Шығарма оған қойылатын талаптар; шығарманың негізгі түрлері.
- •Оқушыларды шығарма жазуға даярлау
- •Әдебиет сабағындағы көрнекілік
- •Көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді жолдары, әдіс – тәсілдері.
- •Ыбырай портреті
- •Іv тарау Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, маңызы
- •Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
- •Сыныптан тыс оқулар
- •Сыныптан тыс оқу сабақтары. (5-8-сыныптар)
- •Сабақ үлгілері мен түрлері.
- •Абайдың табиғат лирикасы. (пәнаралық байланыста оқытуға негізделген дуэт сабақ).
- •Прозалық шығармаларды талдау
- •I кезең
- •II кезең
- •III кезең
- •IV кезең
- •V кезең
- •VI кезең
- •I кезең
- •II кезең
- •III кезең
- •IV кезең
- •V кезең
- •VI кезең
Оқушыларды шығарма жазуға даярлау
Жоғарыда айтып кеткеніміздейішығарма жаздыру-балаға білім беру ісінің ең күрделі, маңызды жұмыстарының бірі. Шығарманы үйде де,сыныпта да жаздырады. Бағдарламада қанша шығарма жаздыру керек, сағаты беріледі. Тақырыптың ауыр-жеңілі,оқушылардың жас ерекшелігі, сыныбы, дайындығына байланысты шығарма жазудың уақыты белгіленеді. Мысалы, сыныпта 2-3 сағат, үйде бір апта, 10 күнге дейінгі мерзімде.
Мұғалім қосымша сабақ өтеді,жекелеген оқушылармен жұмыс жүргізеді,қосымша материалдар іріктеуге ,эпиграф алуға көмкетеседі.Оқушы шығарманы үйде жазып жатса,оның алғашқы сұлбасын оқып,ақыл-кеңес береді.Кейде оқушылардың пікірі,ойына ерік беруі керек. Қай тақырыпта шығарма жазады,қай тақырып маңызды,-өздері шешсін.Шығарма жазу үшін,ең басты мәселе-оқушының сол тақырыпты білуге ғана емес,сонымен бірге білгенін көркем,тиянақты тілмен жеткізу қабілеті, тіл байлығы, сауаттылығы, әдеби талдауы негізгі мәселелерді дөп тауып тұжырымды бере білуі, дүниетанымы да үлкен рөл атқарады. Қосымша материалдарды пайдалана білу өте алғырлық, зеректілікті қажет етеді. Сондықтан мұғалім балаларды шығармаға баулуда көп еңбектенуі, тер төгуі қажет.
Шығарма жоспардың жай, күделі түрі пайдаланылады. Бірақ бір ескертетін мәселе, егер оқушы шығармасы, мазмұны, тілі, стилі, сауаттылығы жағынан талапқа сай жазылса, жоспар бар ма, жоқ па (эпиграф та солай) - өздеріне жай бағыт, бағдар, ой жүйесі үшін ғана қажет, жоспарды да шығармашылық бағытта құруға болады. Ол шығармаға өң беріп, әрлендіріп әрі қызықтырып тұрады. Егер шығарма осындай жоспарды негізге алып жазылса, сөз жоқ, оның сәтті шыққандығы.
Мысалы, «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» жыры бойынша (9-сынып) «махаббаттың қос шынары» немесе Қозы, Баян бейнелеріне мынадай жоспар құруға болады (күрделі, әрі шығармашылық бағыттағы жоспар үлгісі);
Кіріспе:
«Қозы Көрпеш Баяндай бір молада өлсем-ай»(жырдың негізгі тақырыбы идеясы)
Негізгі бөлім:
«Қыпша бел,алма мойын,сұлу Баян»(Баян бейнесі)
«Сенен басқа хор қызы болса да,көз салмаспын»(Қозының бейнесі)
Қорытынды бөлім:
а)Қозы мен Баян бейнесінің маңызы
б)Көркем поэтикалық тілі.
Күрделі жоспар осындай басты-басты үш бөлімнен тұрады.Үш бөлім де ең негізгі тақырыпты,негізгі мәселені қамтиды.Жай жоспарды да дәйексөзбен,шығармашылық бағытта құруға болады.
Мысал-үлгі берейік: «Көкшетау-Отан туралы дастан»(С.Сейфуллиннің «Көкшетау поэмасы туралы толғау).
«Сәкен-сыншыл,тәкаппар ақын»(С.Сейфуллин туралы бір үзік сыр...).
«Арқаның кербез сұлу Көкшетауы»(поэманың негізгі проблемасы,көтерген мәселесі)
«Сұңқардың баласындай торға түскен»(қалмақ қызы).
«Бәйге атша ширатады тұла бойын»(Адақ туралы).
Поэманың маңызы, көркем тілі.
Әдістеме ғылымы-тірі ағза сияқты,үнемі өсіп,дамып отыратын ғылым.Сондықтан да тіл дамыту,оқушыларды мәдениетті сөйлеуге дағдыландырудың тиімді жолдары көп.Әр мұғалімнің осы мәселеде жинақтаған іс-тәжірибесі қаншама?! Сондықтан да жаңашыл,шығармашылық бағытта еңбек ететін мұғалім тіл дамытуға,оқушыларды сұлу да көркем сөйлете білуге баулу жұмыстарына ерекше көңіл қояды.