Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+ Силлабус 1.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
52.91 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының білім беру және ғылым министрлігі

«АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕББМ

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА» КАФЕДРАСЫ

Оқу-әдістемелік Кеңесшешіміменбекітілген

Кеңес төрайымы

____________ Н.Дүйсенғұлова

«___ » _________2014 ж., № ___

.

Білім беру бағдарламасы бакалавриат

5В050900 –«Қаржы» мамандығы

Оқу түрі - _күндізгі_

СИЛЛАБУС

«Экономиканы мемлекеттік реттеу»

пәні бойынша

Курс: 2

Семестр: 3

Кредит саны: 3

«ЭиЛ» кафедрасынын оқытушысы э.ғ.к., доцент Тастандиева Н.Б.

Телефон: 3022136, кабинет 115

Алматы, 2014

Құрастырған:э.ғ.к., доцент __________________Тастандиева Н.Б.

Силлабус 5В050900 –«Қаржы» мамандығының студенттеріне арналып «Экономиканы мемлекеттік реттеу» курсы бойынша жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған

«Экономика және логистика» кафедрасының мәжілісінде қаралған

№ 1 хаттама « » тамыз 2014 ж.

«Экономика және логистика» кафедра меңгерушісі

э.ғ.д., доцент ____________ Ускеленова А.Т.

Силлабус ББМ ХБА ОӘС мәжілісінде бекітілді

№ ____ хаттама «___» ________ 2014 ж.

Кіріспе

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнінің өзектілігі нарық жағдайындағы мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық процестерге белгілі бір мөлшерде араласуының қажеттігін зерттеу. Оқытылатын пән – экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық-әдістемелік және ұйымдастырушылық негіздері болып табылады. Осыған орай панді оқытудың қажеттілігі - экономикалық және әлеуметтік үдерістерді басқару тәжірибесін мемлекеттік, аймақтық тұрғыдан талдап, басқару тәжірибесінің салыстырмалы жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауды түсіндіру.

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнін оқыту әдісі төменде көрсетілгендерді қарастырады:

  • дәріс оқу;

  • практикалық сабақтар өткізу;

  • ОБСӨЖ;

  • СӨЖ.

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнін оқытудың алға қойған мақсаты - болашақ экономистерді нарықтық экономика жағдайындағы мемлекеттің орны мен маныздылығын анықтау, мемлекеттік реттеудің әдістерін, бағыттарын, нысандарын зерттеу негізінде экономикалық ойлау қабілетін шығару табылады.

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнің оқытудың міндеті:

Студенттерге мемлекеттік реттеу теориясына қызықтыру ғана емес, мемлекет деңгейінде болып жатқан экономикалық және әлеуметтік үдерістерді бағалай білуге, талдау мен қорытынды жасауға бағдар беру.

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнінің алдыңғы деректемелері: «Экономикалық саясат», «Жалпы статистика теориясы», «Микроэкономика», «Макроэкономика», «Экономикалық теория».

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнінің соңғы деректемелері: «Экономикалық саясат», «Мемлекет және бизнес», «Ақша, несие, банктер», «Қаржы-қаражат», « Мемлекеттік қаржылық реттеу».

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнді меңгеру нәтижесінде студент бакалаврдың біліктілік моделіне сәйкес келесі біліктілікті меңгеруі тиіс.

Жалпы біліктілік:

  • білуі керек: экономиканы мемлекеттік реттеу мәнін шаруашылық объектісі ретінде танысу, әрекет ету, іскерлікті, ұжымда өмір сүре және жұмыс істей білуді.

  • қолдана алуы керек: алған білімдерін экономикалық талдау әдістерінде қолданып, жинақтаған тәжірибесімен бір нәрсе істей алуды.

  • дағдылануы керек: экономикадағы болып жатқан үдерістерді және нақты жағдайларды талдаудың негізгі тәсілдеріне әдеттер арқылы қалыптасқан икемділікке.

Пәндік мамандандырылған:

  • білуі керек: мемлекеттік және мемлекеттік емес реттеу әдістерін;

  • іскерлікті болуы: нарықтық экономикадағы мемлекеттік басқару механизмін түсіне пайдалану.

  • дағдыны меңгеру: реттеудік әдістемелік қағидаларын қазіргі заманғы экономикалық талдауға сай үйрену.