Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

+ГЛОССАРИЙ

.docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
35.61 Кб
Скачать

Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің барлық ақша құралдарын (табыстарды) және оларды бөлуді (шығындарды) бейнелейтін мемлекет қызметінің қаржылық бағдарламасы.

Салықтар – бұл жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың мемлекет пен жергілікті бюджетке міндетті төлемдері.

Салық жүйесі – қаржылық құралдарды жинау әдістері мен нысандарының жиынтығы.

Пропорционалды салықтар – табыс, шығын сомасына немесе мүлік құнына байланысты емес және өзгермейтің пайыз ставкасымен

Прогрессивті салықтар – ставкасы табыстың артуына байланысты өсіп отырады.

Регрессивті салықтар - ставкасы табыстың артуына байланысты төмендеп отырады.

Экономикалық өсу – бұл қоғамдық өнім мен өндіргіш факторларының сандық өсуі және сапалық жетілдірілуі.

Экономикалық өсудің экстенсивті түрі - өндірістің бұрынғы техникалық негізде өндіріс факторлардың сандық өсуіне негізделеді.

Экономикалық өсудің интенсивті түрі - өнім көлемінің өсуіне өндіріс факторларының сапасын жетілдіру арқылы жетуге болатының болжайды: жетілдірілген еңбек құралдарын пайдалану және жоғары білімділігі бар жұмыс күшін пайдалану.