
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
«АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕББМ
Оқу-әдістемелік Кеңес шешіміменбекітілген
Кеңес төрайымы
____________ Н.Дүйсенғұлова
«___ » _________2014 ж., № ___
Білім беру бағдарламасы- бакалавриат
Шифр 5В050900- «Қаржы» мамандығы
Оқу түрі - күндізгі
СИЛЛАБУС
«Ақша, несие, банктер» пәні бойынша
Курс: 2
Семестр: 3
Кредит саны:2
Оқытушы: э.ғ.к., доцент К.Мадыханова
(дәреже, атағы, аты-жөні)
Телефоны: +7 (727) 302 21 56 № 123 бөлме
Алматы, 2014
Құрастырған: ___________________________________ К.Мадыханова
э.ғ.к., доцент (дәрежесі, атағы, аты-жөні)
Силлабус 5В050900 – Қаржы мамандығыныңстуденттерінеарналған
«Ақша, несие, банктер» жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырылған
Силлабус кафедра отырысында қарастырылған
«__27__»_______08________ 2014ж. № 1 хаттама
Кафедра меңгерушісі___________________________П.Исахова
Кіріспе
«Ақша, несие, банктер» курсы – теориялық курс. Ол болашақ қажыгерлер мен банкирлерді кең профильді маман ретінде дайындауға негіз береді. Бұл курс экономикалық теория, макро және микро деңгейдегі экономика, қаржы, бухгеалтерлікесепжәне аудит, менеджмент жәнесолсияқтыбасқаоқупәндеріменқосылып, ақша – несие қатынастарының, банктік қызмет теориясының және ұйымдастыру негіздерінің мәні туралы білімді қалыптастырып, олардың маңызы мен экономикадағы қолдану механизмін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Аталмыш пәнді оқыту әдісі төмендегідей:
дәріс (лекция) оқу;
практикалық сабақтар жүргізу;
ОБСӨЖ;
СӨЖ.
«Ақша, несие, банктер» оқу пәні келесі мақсаттарды көздейді:студенттерге ақшаның, несиенің және банктердің теориялық аспектілері бойынша, ақша және несие жүйелерінің қызмет істеу негіздері, халықаралық несие – есептесу және валюта қатынастары, бағалы қағаздар нарығының негіздері бойынша біртұтас білім жүйесін қалыптастыру;
«Ақша, несие, банктер» оқу пәнінің міндеттері:студенттерге ақшаның, несиенің, банктердің теориясы бойынша теориялық білімнің белгілі – бір қажетті минимумын беру; оларға банк аясында қызмет істеу үшін қажетті практикалық әдістерді дарыту;банк қызметінің болашақ профессионалдарына мүмкін болатын банктікжаңалықтар, Интернет – технологиялар және басқаларды қоса алғандағы жұмыстың негізгі бағытын белгілеп қою.
Алдыңғы деректемелер: «Экономическая теория», «Макроэкономика».
Соңғы деректемелер:«Қаржы нарығы және делдалдар», «Банк ісі», «Бағалы қағаздар нарығы», «Төлем жүйесі», «Валюталық операциялар».
Пәнді оқу барысында студенттер бакалаврдың біліктілік моделіне сйкес төмендегідей біліктітіліктерді меңгеруі керек:
білу: ақша, несие, банк нарықтарын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің негізін; ақшаның, несиенің және банктердің теориялық аспектілері бойынша, халықаралық несие – есептесу және валюта қатынастары, бағалы қағаздар нарығының негіздерін.
істей алу: өзінің әлеуметтік және кәсіби қызметінде білім мен машықтарын қолдану; кәсіби қызметтерін жүзеге асыру байланысты, мақсаттар мен міндеттерді бекіту;практикалық қызметинде бағалы қағаздар бойынша алған білімдерін қолдану.
дағдыны меңгеру: төлем жүйесінде қолданылатын ақпараттарды электронды өндеу үшін компьютерлік әдістерді;валюта нарығында кәсіби білімді.
Пәндік мамандандырылған:
- білу: ақша, несие, банк нарығын ұйымдастырудың және олардың жұмыс істеуінің шарттары мен тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; қор биржадағы сауда ұйымдастырылуын және оның жұмыс істеуін; бағалы қағаздар бойынша табыстылықты есептеу; бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының қызметін тексеруді жүзеге асыруды.
істей алу: болашақ қызметінде алған білімдерді қолдану; ақша нарығына қатысушылардың қарым-қатынастарын болжау және модельдеу.
дағдыны меңгеру:бағалы қағаздардың табыстылығын қамтамассыз ету; ақша-несиелік саясатты оңтайлы құруды ұсыну.