- •Кiрiспе
- •I нарық және нарықтық экономиканың мазмұны
- •1.1 Нарықтың түсiнiгi және пайда болу шарттары
- •1.2 Нарықтың мәнi және қызметтерi
- •1.3 Нарықтың қызмет ету принциптерi мен түрлерi
- •Сурет-2 – Сұраныс қисығы ылдиы
- •II нарықтық экономикалық жүйедегі нарық инфрақұрылымы және оның постсоциолистік экономикадағы қалыптасу механизмі
- •2.1 Нарықтың артықшылықтары мен кемшiлiктерi
- •2.2 Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы
- •Жетiлген бiсекелес нарығы дегенiмiз - төмендегi шарттар орындалатын нарық:
- •1.Нарықта өнiм ұсынатын тәуелсiз сатушылар саны көп және өнiмдерi бiртектi болып келетiн;
- •2.3 Нарықты мемлекеттiк реттеу мәселелерi
- •III қазақстанда нарық инфрақұрылымының қалыптасуы мен дамуы
- •3.1 Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары
- •Сурет 6 – 2007-2011 жылдардағы жiө көлемiнiң көрiнiсi
- •Қорытынды
- •Курс экономической теории / под редакцией м. Н. Чепурина, е. А. Кисилевой.
- •Макконнелл к. Р., Брю с. Л. Экономикс: принципы, проблемы и политика. М., Республика. 1992. Т. 1, 348 стр.
2.3 Нарықты мемлекеттiк реттеу мәселелерi
Нарықтың инфрақұрылымының маңызды бөлігі болып шаруашылықты жүргізуші субьектілер арасындағы қарым-қатынасты заң жүзінде реттейтін және «нарықтық ойын» ережелерін анықтайтын тармақталған заң жүйесі табылады4.
Басты экономикалық мақсаттарды шешуде нарықтық экономика өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Біріншіден, нарық өндіріс пен тұтыну арасындағы байланысты қамтамасыз етті. Екіншіден, жеке өндірушілердің еңбегінің нәтижесіне мемлекеттік баға беруге кепілдік берілді. Бұл баға беру механизмі сатып алу орындалғанына немесе орындалмағанына байланысты. Қалайда өзіне тиімді түрде сату немесе сатып алуға деген талпыныс сатушыларды немесе сатып алушыларды үнемі «нарықтық формада» болуға итермелейді. Үшіншіден, нарық өндірісті жоғары тиімділікпен дамытуға жағдай жасайды. Бәсекелік жетістікке жеткендерді таңдайды, ал қалып қалғандарды аямайды.
Нарықтық жүйенің артықшылығы алдымен бостандық пен ресурстарды тиімді бөлуді талдауды қарастыруында. Бәсекелікке негізделген нарықтық жүйе ресурстарды қоғамның сұранысы жоғары болатын өнімді өндіруге бағыттайды. Соның нәтижесінде экономикада өндірістің жаға технологиялары ендіріледі. «Көрінбейтін қол» қоғамды қажетті тауарлардың ең көп мөлшерімен қамтамасыз ететіндей басқарады. Осыған байланысты көптеген экономистер еркін нарықтардың қызмет етуіне, олардың операцияларын реттеуге дұрыс араласу жолына күмәнданады, бірақ кей жағдайда мұндай араласу мәжбүрліктен туады. Нарықтық экономиканың тағы бір артықшылығы оның жеке бостандыққа жол ашатындығында. Әрбір адамға кәсіпкерлік еркіндік беріледі.
Қоғамды тауар жетімсіздігінен арылтып, ғылыми-техникалық прогресті дамытқанымен, нарықтық экономика өзге маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге мүмкіндігі жоқ. Оған қоғамның ақшамен өлшеуге келмейтін қажеттіліктерді қанағатандыру жатады. Кез келген қоғам ұлттық қорғаныс жүйесіне, білімге, мемлекеттік басқару аппаратына және т.б. тапшы. Бұл қызметтер мен қоғамдық тауарлар азаматтардан алынатын салық есебінен мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылуы тиіс. Сонымен, қоғамдық қажеттіліктердің өтелуі нарықтың негізінде болуы мүмкін емес. /3, 112 б/
Нарықтық экономиканың басқа проблемасы «ішкі әсерлермен» байланысты. Мысалы, өндірістік қызмет нәтижесінде қоршаған ортаның ластануы, шаруашылық айналысқа түсетін табиғи қорлардың азаюы. Осы жағымсыз салдарды болдырмауға экономика қабілетсіз, яғни бұл процеспен мемлекет айналысуы қажет. Мемлекет жағымсыз әсерлерді жою мақсатында табыс көлемін өлшеп, оны бюджет арқылы қайта бөліп, қадағалап отырады. Жағымсыз сыртқы әсерлерді жоюдың жолдары: қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды пайдалануға, жергілікті тұрғындардың денсаулығына қауіпті технологияларды қолдануға шек қою. Мемлекет мұнымен өндірушінің табысынан жоғары айыпақы тағайындау арқылы күреседі. «Мұның бәрі нарықтық механизмдердің әрекеттерін үйлестіруге, нарықтық күштердің соқыр ойынының сыртқы әсерлерде көрініс беретін жағымсыз салдарын жоюға мүмкіндік береді»5.
Үшінші проблема – тұлғаның әлеуметтік-экономикалық ережелерімен байланысты, ең алдымен, еңбек етуге құқық. Нарықтық экономика бүкіл қоғамды түгелдей жұмыспен қамтамасыз ете алмайтындығы белгілі. Елде жұмыссыздық пайда болады.
Мемлекет үнемі нарықты қадағалап отыруы тиіс, яғни әлеуметтік-экономикалық жүйенің үнемі өзгеріске ұшырайтын жағдайларға бейімделу мақсатымен мемлекеттік мекемелер заң шығару, орындау, қадағалау шараларын жүзеге асырады. Мемлекеттің нарыққа араласуы ондағы сұраныс пен ұсыныстың қалыптасуына, табыстардың қайта бөлінуіне әсер етеді, экономиканың дамуындағы әлемдік проблемаларды шешеді, қоғамды әлеуметтік қорғайды. Мемлекеттік реттеу субъектілерінің қатарына аймақтық, аудандық басқару органдары жатады.
Мемлекеттік реттеу мынандай мақсаттарды көздейді: жеке тұлғаның еркіндігі мен құқықтарын ұстана отырып, қоғамның, мемлекеттің мүдделерін сақтау. Мемлекет жекелеген аймақтардың, әлеуметтік топтардың мүдделеріне қысым көрсетілмеуін бақылайды, сонымен бірге мемлекеттік реттеу болашақ ұрпақтың мүддесі мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Мемлекет нарықтық процестің жағымсыз салдарын азайтуға және нарықтық экономиканың тиімді қызмет етуіне жағдай жасайтын құқықтық, қаржылық шарттарды құруға ұмтылады. /3, 113 б/
Нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролін теориялық тұрғыдан айқындаған ағылшын экономисі Дж. Кейнс болды. Ол өндірістің құлдырауы немесе дағдарыс кезеңінде экономиканың проблемаларды шешуге мүмкіндігі болмайтындығын, мемлекеттік саясатты сұраныс пен ұсынысты теңестіру әсерінен экономиканы дағдарыстан шығарып, оның әрі қарай тұрақтануына әкелетін қажетті құрал екенін дәлелдеді. Кейнстің позициясы неоконсерваторлардың принциптеріне қарама-қайшы. Олар мемлекеттің кәсіпорын қызметіне араласпауын ұстанады, бағалар жүйесін орталықтың басқаруынсыз шаруашылықтың жалпы тепе-теңдігін қамтамасыз ететін механизм ретінде қарастырады. Олар ұлттық экономиканы реттеуге тек осы механизм қабілетті деп санады. Қазіргі кездегі экономистер экономиканы басқаруды жақсарту мақсатында басқарудың аралас типін қолдануды ыңғайлы деп санайды. Ол механизм Кейнс пен неоконсерваторлар позицияларының артық жақтарын біріктіреді. «Бұл механизмдерді экономиканы басқаруда жекелей пайдалану бір қолмен шапалақтағанмен тең»6.
