Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нары мні рылымы МАБ 2014-00.doc
Скачиваний:
57
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
484.35 Кб
Скачать

ЖОСПАР

КIРIСПЕ .......................................................................................................................3

I НАРЫҚ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ .......................5

    1. Нарықтың түсiнiгi және пайда болу шарттары .......................................5

    1. Нарықтың мәнi және қызметтерi ..............................................................8

    1. Нарықтың қызмет ету принциптерi мен түрлерi ...................................10

II НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ НАРЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПОСТСОЦИОЛИСТІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҚАЛЫПТАСУ МЕХАНИЗМІ ...........................................17

2.1 Нарықтың артықшылықтары мен кемшiлiктерi ....................................17

2.2 Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы .......................................19

2.3 Нарықты мемлекеттiк реттеу мәселелерi ...............................................23

III ҚАЗАҚСТАНДА НАРЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ...........................................................................................................26

3.1 Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары ......................................26

ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI ..............................................................35

Кiрiспе

Дамыған елдердің қазіргі кездегі экономикасы нарықтық сипатта. Негізгі экономикалық проблемаларды шешуде нарықтық жүйе тиімді де серпімді болып табылады. Бұл жүйе бір күнде пайда болған жоқ, ол ғасырлар бойы қалыптасып, өркениетті түрге ие болды. Алдағы уақытта да әлем елдерінің экономикалық келбетін анықтайтыны хақ. Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтың қымет ету механизмiн және оның негiзгi элементтерiн талдап, оларды экономикамыздың тиiмдi дамуына қолдана бiлу бүгiнгi күн тәртiбiнiң өзектi мәселесi.

Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы дамуы мен оның болашағының көрiнiсi осыдан 23 жыл бұрын егемендiгiн алып, экономикалық құрылымын жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға өткiзiп және осы аралықтағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы және оның дамуын одан әрi жандандыруға байланысты екекнi белгiлi.

Қазiргi кезде нақты нарықтық инфрақұрылым орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр нарықта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi нарық құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.

Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Нарық мәні, құрылымы және оның постсоциолистік экономикадағы қалыптасу механизмі” деп алдым.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi Қазақстан Республикасының әкімшілік-басқару үлгісінен нарықтық экономикаға өтуімен байланыстырылған. Ұзақ уақыт бойы елімізде тауар-ақша қатынасы және онымен байланысты жеке меншік түрлері қарастырылмады, ал ұлттық экономиканы дамытудың тәжірибесі әлемдік нарықтан мүлдем оқшауланды. Натуралды және жартылай натуралды шаруашылық бұзылды, олар нарықты құру процесінің өткір проблемаларын (жұмыссыздық, тамақ өнімдерінің жеткіліксіздігі) жеңілдететін фактор еді. Осы және басқа проблемаларды шешу нәтижесінде нарықтық қатынастар және нарықтың өзі дами бастады.

Осы тақырыпты зерттеудегi мақсатым: нарықты оқып-білу, оның негізін түсіну, қоғам өміріндегі ролі мен қызметін талдау, нарықтың қарама-қайшылықтарын қарастыру.

Қойылған мақсатқа жетуге байланысты келесі мiндеттердi бөліп қарастырдым:

  • Тауарлы өндірістің, тауардың, құнның жалпы негіздерін қарастыру. Айырбас пен нарықтың даму тарихы.

  • Нарықтың мәнін, оның қызметтері мен қызмет ету принциптерін, нарықтық ұйымдастырудың негізгі мақсаттарын, нарықтық экономика мен нарықтың негізгі түрлерін анықтау.

  • Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін, инфрақұрылымын, нарықтық экономиканың ерекшеліктерін, мемлекеттік макроэкономикалық реттеуді зерттеу.

  • Нарықтың мәнін, қызметін, қоғамдық өмірдегі ролін талдау және қорытындылау.

  • Нарықтық механизмнiң экономикалық мәнiн және оның қызмет етуiндегi басты принциптерiн қарастыру;

  • Нарық құрылымын және оның түрлерiн қарастыру және нарық құрылымының түрлерiнiң қызмет ету ерекшелiктерiн анықтау болып табылады.

  • Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың дамуын және ондағы туындап отырған мәселелердi шешу барысын талдау;

Қарастырылған ғылыми әдебиеттер, оқулықтар, статьялардың негізінде бұл тақырыптың көпжақты және кең қамтылғандығын көреміз. Нарықтық экономиканы зерттеу бұрыннан басталып, қазіргі кездегі экономистер оның принциптерін, заңдылықтарын, экономикалық қатынастарды басқару тұтқаларына зор көңіл бөлуде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]