
- •Кiрiспе
- •I нарық және нарықтық экономиканың мазмұны
- •1.1 Нарықтың түсiнiгi және пайда болу шарттары
- •1.2 Нарықтың мәнi және қызметтерi
- •1.3 Нарықтың қызмет ету принциптерi мен түрлерi
- •Сурет-2 – Сұраныс қисығы ылдиы
- •II нарықтық экономикалық жүйедегі нарық инфрақұрылымы және оның постсоциолистік экономикадағы қалыптасу механизмі
- •2.1 Нарықтың артықшылықтары мен кемшiлiктерi
- •2.2 Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы
- •Жетiлген бiсекелес нарығы дегенiмiз - төмендегi шарттар орындалатын нарық:
- •1.Нарықта өнiм ұсынатын тәуелсiз сатушылар саны көп және өнiмдерi бiртектi болып келетiн;
- •2.3 Нарықты мемлекеттiк реттеу мәселелерi
- •III қазақстанда нарық инфрақұрылымының қалыптасуы мен дамуы
- •3.1 Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары
- •Сурет 6 – 2007-2011 жылдардағы жiө көлемiнiң көрiнiсi
- •Қорытынды
- •Курс экономической теории / под редакцией м. Н. Чепурина, е. А. Кисилевой.
- •Макконнелл к. Р., Брю с. Л. Экономикс: принципы, проблемы и политика. М., Республика. 1992. Т. 1, 348 стр.
2.2 Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы
Экономикада нарықтың құрылымы өте күрделi болады және ол экономиканың барлық сферасында әсерiн тигiзедi. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай жағдайлармен белгiленедi:
Меншiк формаларымен (мемлекеттiк, жеке, аралас, ұжымдық);
Шаруашылық субъектiлерiнiң әр түрлi формаларының экономикадағы үлес салмағымен белгiленетiн, тауар өндiруiлердiң құрылымымен (мемлекеттiк, арендалық, кооперативтiк, жеке меншiк кәсiпорындар);
Тауар айналымы сферасының ерекшелiктерiмен;
Шаруашылықтың құрылымдық бөлiмдерiнiң мемлекет иелiгiнен алыну және жекешелендiру дәрежесiмен;
Осы елде пайдаланылатын сауда түрлерiмен. /1, 53 б/
Сондай-ақ нарықты құрылымы жөнiнен келесiдей критериилер арқылы бөлуге болады:
Нарық қатынастары объектiлерiнiң атқаратын экономикалық қызметi бойынша:
Игiлiктер мен қызметтер рыногы;
Өндiрiс құралдарының рыногы;
Ғылыми-техникалық жұмыстар рыногы;
Құнды қағаздар рыногы;
Жұмыс күшi рыногы;
Қаржы рыногы және т.б. нарықтар.
2. Нарықтарды сонымен қатар тауарлық топтар бойынша жiктеуге болады:
өндiрiстiк қызметке бағытталған тауарлар рыногы;
халық тұтынатын тауарлар; азық-түлiк тауарлар рыногы;
шикiзат пен материалдар рыногы.
Сондай-ақ ауылшаруашылық шикiзаттары рыногында азық-түлiкке және ауыл шаруашылық шиiзаттарына қажеттiлiктердi қамтамасыз ететiн, ауыл шаруашылық өнiмдер рыногы қалыптасады. Тұтыну тауарларының рыногының қалыптасуы осы тауарлардың өндiрiлу көлемiнiң елеулi дәрежеде өсуiн тiлейдi, сатып алушылық сұранысты қанағаттандыру үшiн бәсекелестiктiң кең пайдаланылуын, фирмалық дүкендердiң көбеюiн қалайды.
3. Бәсекенiң шектеулi дәрежесi бойынша мынадай нарықтар болады:
Монополиялық нарық;
Олигополиялық нарық;
Салааралық нарықтар.
4. Тауарлар мен қызметтер рыногы.
Тұтыну тауарларының нарықтары – азық-түлiк және азық-түлiк емес тауарлар рыногы;
Қызметтер рыногы – тұрмыстық, көлiк, коммуналдық қызметтер рыногы.
Тұрғын үй немесе өндiрiстiк емес ғимараттардың рыногы.
5. Өндiрiс факторларының рыногы.
Жылжымайтын мүлiктер рыногы;
Еңбек құралдарының рыногы;
Шикiзат пен материалдардың рыногы;
Қуаттық ресурстрардың рыногы;
Пайдалы қазбалардың нарықтары.
6. Қаржылар рыногы.
Капиталдар немесе инвестициялық нарық;
Несие нарықтары;
Құнды қағаздар нарықтары;
Валюта-ақша нарықтары жатады.
одан шығуына тосқауылдар көптеген салалар бойынша жоқ, яғни еркiн нарықтық бәсеке қалыптасқан. /1, 54 б/
Нарық құрылымының ерекшелiктерiн сипаттайтын ең басты көрсеткiштердiң бiрi, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады.
Экономикада нарықты анықтайтын, оны зерттейтiн, бағаны белгiлейтiн сұраныс пен ұсыныс қана емес, сондай-ақ нарық құрылымы болып табылады. Өйткенi әр нарық құрылымында бәсеке түрлерi де әр түрлi, соған сәйкес баға құру тәсiлi және фирманың қызмет етуi де өзгеше болып келедi.
Нарық құрылымының негiзгi түрiне келесiлер жатады:
Жетiлген бәсеке нарығы;
Монополия;
Монополиялық бәсеке;
Олигополия.
Жетiлген бәсеке қалыптасу үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап, олардың өзара келiсiм жасауға мүмкiндiгi болмауы тиiс.