- •Кiрiспе
- •I нарық және нарықтық экономиканың мазмұны
- •1.1 Нарықтың түсiнiгi және пайда болу шарттары
- •1.2 Нарықтың мәнi және қызметтерi
- •1.3 Нарықтың қызмет ету принциптерi мен түрлерi
- •Сурет-2 – Сұраныс қисығы ылдиы
- •II нарықтық экономикалық жүйедегі нарық инфрақұрылымы және оның постсоциолистік экономикадағы қалыптасу механизмі
- •2.1 Нарықтың артықшылықтары мен кемшiлiктерi
- •2.2 Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы
- •Жетiлген бiсекелес нарығы дегенiмiз - төмендегi шарттар орындалатын нарық:
- •1.Нарықта өнiм ұсынатын тәуелсiз сатушылар саны көп және өнiмдерi бiртектi болып келетiн;
- •2.3 Нарықты мемлекеттiк реттеу мәселелерi
- •III қазақстанда нарық инфрақұрылымының қалыптасуы мен дамуы
- •3.1 Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары
- •Сурет 6 – 2007-2011 жылдардағы жiө көлемiнiң көрiнiсi
- •Қорытынды
- •Курс экономической теории / под редакцией м. Н. Чепурина, е. А. Кисилевой.
- •Макконнелл к. Р., Брю с. Л. Экономикс: принципы, проблемы и политика. М., Республика. 1992. Т. 1, 348 стр.
II нарықтық экономикалық жүйедегі нарық инфрақұрылымы және оның постсоциолистік экономикадағы қалыптасу механизмі
2.1 Нарықтың артықшылықтары мен кемшiлiктерi
Бiзге белгiлi әр экономикалық құрылымның өзiнiң артықшылықтары мен кемшiлiктерi болады. Ал осы орын алатын кемшiлiктердi уақтысымен реттеп отырса, ол қоғам дамуына үлкен жол ашып отырады. Сондықтан да нарықтық экономиканың да өзiндiк қызмет етуiнде артықшылықтары мен кемшiлiктерi бар. Оларды келесiдей топтастыруға болады:
Нарықтық экономикада төмендегiдей қоғам дамуына тигiзер артықшылықтары болдаы:
Экономика ғылымының басты нысаны болып табылатын шектеулi ресурстарды тиiмдi бөлу мен пайдалануға көмектеседi;
Бүгiнгi жаһандану заманында өндiрiстiң жылдам өзгерушi жағдайларына икемдi жауап берiп, оған тез бейiмделедi;
Нарықта тұтынушылар мен өндiрушiлердiң де таңдауымен, олардың еркiн әрекет етуiн қамтамасыз етедi;
ҒТР жетiстiктерiн, өндiрiстi ұйымдастыру мен тиiмдi басқарудың жаңа технологиялары, әдiстерiн енгiзу үшiн жағдай жасауға көмектеседi;
нарықтағы өндiрушiлер өздерiнiң өндiрiсiн сұранысқа бейiмдейдi, яғни тұтынушылар қажеттiлiктерiн толық қанағаттандыруға және тауарлар мен қызмет көрсетулер сапасын арттыруға негiзделедi.
Сонымен қатар, нарық экономикасының келесiдей белгiлi кемшiлiктерi де бар:
Тұрақты және тәуекелсiз табыс алуға кепiлдiк бермейдi;
Экономикада толық жұмысбастылыққа немесе жұмыссыздық мәселесiне кепiлдiк бермейдi;
Қалпына келтiрiлмейтiн ресурстарды сақтауға көмектеспейдi;
Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды әлсiз ынталандырады;
қоғамдық игiлiк болып табылатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi өндiрудi дамытуды қамтамасыз етпейдi. /6, 97 б/
Дамыған нарықтық қатынастар жағдайында тұтынушының артықшылығы басым. Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен ресурстарды жеткізушілер артық шығындардан сақтану барысында тұтынушылардың талаптарына сай қызмет етуге мәжбүр.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жүйесі өз механизмі арқылы төменгілерді қамтамасыз етеді:
Неғұрлым аз шығындалуды жіберетін өнімділігі жоғары технологияларды пайдалану;
Сұраныстағы өзгерістері туралы ресурстарды жеткізушілер мен кәсіпкерлерге ақпарат береді, ол өз кезегінде ресурстарды бөлудегі түзетулерді жүзеге асырады;
Жеке және қоғамдық мүдделердің үйлесімділігі. «Көрінбейтін қол» ресурстарды жеткізушілер мен кәсіпкерлердің пайдакүнемдік іс-әрекеттеріне бәсеке арқылы әсер ете отырып, оларды шектелген ресурстарды тиімді пайдалануға ынталандырады.
Бәсекелестік нарықтық жүйенің негізгі артықшылығы – бұл оның өндірістің тиімділігін үнемі ынталандырып отыруы. «Экономика тек үздік технологияны пайдалана отырып, тұтынушы талап ететін өнімді ғана өндіреді. Нарықтық жүйе үкіметің орталықтанған шешімдері арқылы емес, орталықсызданған, яғни жекешеленген шешімдер нәтижесінде автоматты түрде қызмет етеді және түзетіледі».3
Жоғарыда көрсетілген жағдайлар мынандай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:
Нарықтық экономика – бұл шаруашылықты жүргізуші субъектілердің өзара әрекеттесуі мен экономиканың үш негізгі проблемаларының (не, қалай және кім үшін өндіру керек) шешілуі нарық және оның механизмдері әсерінен жүзеге асатын шаруашылық қызметті ұйымдастырудың түрі.
Нарықтық жүйенің өзіне тән ерекшелігі оның қайта құрылуы мен ішкі және сыртқы өзгерістерге бейімделе алуында.
Нарықтық жүйе ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалануға, өндірісті қарқындандыруға, нәтижесінде қоғамның қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға өзгелерден әлдеқайда жақсы бейімделген.
Кез келген нарықтық жүйе үшін мынандай шарттардың болуы қажет: жеке меншік құқығы, келісімдерді бекіту еркіндігі, бәсекенің болуы, бағаны бекіту және мамандықты, оқу орны мен жұмыс орнын таңдаудағы еркіндік.
Ұзақ уақыт көлемінде тиімді шаруашылық қызметке ынталандыруда өз артықшылықтарын дәлелдеген осы жүйенің негізі нарық болып есептеледі.
Нарықтың позитивті қызметтері оны айтарлықтай тиімді жүйе етеді. Алайда, бұл нарықтық қатынастардың абсолютті түрде жетілгендігін және барлық жағдайда қоғамның ұдайы дамуын қамтамасыз ете алатындығын білдірмейді. Экономикалық агенттердің оңашалануы, олардың мүдделерінің толық сәйкес келмеуі, ал көп жағдайда антогонизмдері қоғамның өмір сүруі мен дамуына әсерін тигізетін көптеген қарама-қайшылықтардың пайда болуы мен асқынуына әкеп соқтырады. Нарықтық шаруашылықтың өзіне тән туа біткен кемшіліктері бар. /5, 87 б/
Біріншіден, нарықтық жүйенің қызмет етуі экономикалық реттеушілердің стихиялы түрдегі әрекеттеріне негізделген. Шарасыз пайда болған диспропорциялар бірден жойылмайды және бұл экономикалық тұрақсыздықты тудырады.
Екіншіден, нарықтық орта қадағаланбаған жағдайда еркін бәсекені шектейтін монополиаланған құрылымдар пайда болады.
Үшіншіден, нарықтың стихиялы түрде әрекет ететін механизмдері экономиканы қоғамдық қажеттіліктердің көпшілігін қанағаттандыратын күйге келтірмейді және бизнеспен тікелей байланысы жоқ фондылардың құрылуына себепші болмайды. Ең алдымен, бұл әлеуметтік трансферттердің (зейнетақы, стипендия, жәрдемақы) қалыптасуы, білім, ғылым, өнер, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау және т.б. сфераларды қолдауы.
Төртіншіден, нарық еңбекке жарамды халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ете алмайды, еңбектерінің табыстарына кепілдік бермейді. Әркім қоғамдағы орнының қамын ойлайды, ал бұл әлеуметтік теңсіздікке, яғни байлар мен кедейлерге бөлінуіне әкеледі. Нарықтық қатынастар спекуляция, коррупция, рэкет, есірткі саудасы мен қоғамға қарсы құбылыстарын тудыратын пайдакүнемдік мүдделерге жағдай жасайды. /5, 88 б/
Нарықтың бұл жағымсыз қасиеттері, Қазақстанның тәжірибесі көрсеткендей, ауыспалы экономикада көрініс берді.
Осымен бірге, нарықтың кемшіліктері жүйелі экономикалық саясаттың жүзеге асырылуымен жеңілдетіледі. Бұл жерде мемлекеттің қаражатты тек нарықтық көздермен қамтамасыз етіле алмайтын қоғамдық өмірдің сфераларына қайта бөлу арқылы реттеу шаралары және әлеуметтік саясат шаралары өте маңызды.
