Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нары мні рылымы МАБ 2014-00.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
484.35 Кб
Скачать

1.2 Нарықтың мәнi және қызметтерi

Нарықтың мәнiн анықтағанда, оның екi жақты мағынасы бар екенiнен бастау керек. Бiрiншiден, нарық (маркет) деген түсiнiк өзiндiк мағынада өткiзу деген түсiнiк, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады. Екiнщiден, нарық - өндiрiс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерiн қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесi. Бұл меншiктiң әр алуан формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесiн пайдалануға негiзделген, экономкалық iс-әрекеттердiң күрделi механизмi.

«Нарық» категориясының терең түсінігі оның ұдайы өндірістегі орнын айқындай түседі. Ұдайы өндірістің 4 буынын атап көрсетуге болады:

  1. Өндіріс

  2. Бөлу

  3. Айырбас

  4. Тұтыну

Экономикалық өмірдің түпкі мақсаты – бұл тұтыну, алайда экономиканың маңызды сферасы өндіріс болып табылады. Оның дамуынсыз ешқандай нарықтың болуы мүмкін емес, себебі тауарлық массаны тек өндіріс тудырады. Өндіріс сферасындағы өзгерістер экономиканың өзге де сфераларындағы барлық өзгерстерге әкеп соқтырады. Бұл нарықтық қатынастарды әлі де орнамаған жерлерде қалыптастыруда аса маңызды. Егер басында ірі өндірістік нәтижелерге жетпей, айналысты реформаласақ, онда ешқандай нарық пайда болмайды. /2, 23 б/

Алайда өндіріс пен тұтыну арасында басқа да сфералар бар. Өндірістен кейін бөлу жүреді, яғни өндірістің тікелей нәтижесіне кімнің ие болатындығын анықтайтын жүйе. Бөлу адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды қалыптастыруда, қоғамдық топтардың материалдық деңгейін анықтауда үлкен роль атқарады.

Бірақ бөлу – бұл өндірістің салдары ғана емес. Көп жағдайда өндіріс процесінің тиімділігі еңбек нәтижелерінің қалай бөлінетіндігіне тәуелді.

Айырбас экономикалық сфера иерархиясында үшінші орында болғанымен, ол бөлу тәрізді өндіріске күшті кері әсерін тигізеді. Бұл нарықтың қызметтерін қарастырғанда көрнекі болады. Солай бола тұра, айырбас сферасы қоғамдық шаруашылықтың барлық жүйесінде үлкен роль атқарады, сондықтан да тауарлы айырбас қатынастар жиынтығы ретінде нарықтың дамуы аса тарихи маңыздылыққа ие болды.

Қоғамда бекітілген нарықтық қатынастар елеулі қызметтерді атқара отырып, шаруашылық (экономикалық) өмірдің барлық жақтарына үлкен әсер етеді.

Нарықтың қызметтердің түрлері:

1. Ақпараттық (латын тілінен information - түсіндіру) – бұл нарықтың жағдайын талдау мен болжау үшін қолданылатын мағлұматтар. Кез келген фирма қай жерде болмасын арзанға сатып алу және қымбатқа сатуға, сұраныс пен ұсыныс туралы, пайданың нормасы туралы ақпараттарға мұқтаж болады. Алынған мәліметтер базасында фирма өзінің бағытының стратегиясын жасайды. Нарықтық құрылымның қазіргі кезеңі мәліметтерді автоматты өңдеудің жекешелеген ақпараттарынан ақпараттық жүйені құрумен сипатталады. Үнемі өзгеріске ұшырап отыратын бағаларға, несиеге қойылатын проценттік ақы мөлшеріне сәйкес нарық өндіріске қатысушыларға тауарлар мен қызметтердің қоғамға қажетті мөлшері, ассортименті және сапасы туралы объективті ақпарат беріп отырады. /3, 31 б/

Стихиялы түрде ағылатын операциялар нарықты аса үлкен нүктелі ақпарат жинап, оны өңдейтін және өзі қамтитын шаруашылық кеңістігіне жалпылама мәлімет беретін алып компьютерге айналдырады. Бұл әрбір кәсіпорынға меншікті өндірісін үнемі нарықтың өзгермелі жағдайларымен салыстырып отыруға мүмкіндік береді.

2. Делдалдық. Экономикалық жекешеленген өндірушілер терең қоғамдық еңбек бөлінісі жағдайында бірін-бірі тауып, өздерінің қызметтерінің нәтижелерімен алмасуы керек. Нарықсыз қоғамдық өндірістің нақты қатысушыларының арасындағы экономикалық және технологиялық байланыстың қаншалықты өзара тиімді екенін анықтау мүмкін емес. Бәсеке едәуір дамыған қалыпты нарықтық экономикада тұтынушы оптималды жеткізушіні таңдау мүмкіндігіне ие болады (өнімнің сапасы, оның бағасы, жеткізу мерзімі, өткізуден кейінгі қызметтер және т.б. параметрлер тұрғысынан). Сонымен қатар сатушыға өз талаптарына сай сатып алушыны таңдау мүмкіндіктері беріледі.

3. Баға белгілеу. Нарыққа түсетін балама тауарлар мен қызметтерге материалды және еңбек шығындары бірдей көлемде жұмсалмайды. Алайда нарық тек қоғамдық қажетті шығындарды мойындайды, сатып алушы соларды ғана өтеуге келіседі. Демек, осы жерде бірде бір ЭЕМ есептей алмайтын қоғамдық құн көрінісі қалыптасады. Оның арқасында баға мен құнның арасында өндіріс, қажеттілік, коньюнктурадағы өзгерістерге әсерлесетін қозғалмалы байланыс орнайды.

4. Реттеуші – рыноуктық қызметтiң ең маңыздысы. Ол нарықтың экономиканың барлық сферасына, ең бастысы өндіріске әсерімен байланысты. Нарық бәсекесіз мүмкін емес. Сала ішіндегі бәсеке өнім бірлігіне кеткен шығындарды азайтуға, еңбек өнімділігін арттыруға және техникалық прогресс базасында өнім сапасын жоғарлатуға ынталандырады. Салааралық бәсеке капиталдың бір саладан екінші салаға ағуы негізінде экономиканың оңтайлы құрылымын қалыптастырады, анағұрлым келешегі бар саланы кеңейтуге ынталандырады. Бәсекелік ортаны сақтау және қолдау – дамыған нарықтық жүйедегі елдердегі мемлекеттік реттеудің маңызды мәселелерінің бірі.

Нарықты реттеуде, бағаға елеулі әсер ететін, сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы үлкен роль атқарады. Бағаның жоғарлауы – өндірісті кеңейтуге, ал төмендеуі – өндірісті қысқартуға көтермелейді. Нәтижесінде, кәсіпкерлердің стихиялы әрекеттері жоғары немесе төмен деңгейдегі оптималды пропорциялар орнатады. Реттеуші «көрінбейтін қол» әрекет етеді, ол туралы Адам Смит былай деген: «Кәсіпкер тек өз мүдделерін көздейді, жеке бас пайдасын ойлайды және де бұл жағдайда «көрінбейтін қол» оны алдын-ала ойламаған мақсатына жетелейді. Өзінің жеке мақсаттарына қол жеткізу үшін, ол қоғамға бұрынғыдан да саналы түрде қызмет көрсетеді»2.

Қазіргі заман жағдайында экономика тек «көрінбейтін қол» арқылы емес, сонымен қатар мемлекеттік тұтқалар арқылы басқарылады, бірақ нарықтың реттеуші ролі ұлттық шаруашылықтың тепе-теңдігін анықтауда негізгі болып қалады.

  1. Сауықтыру. Нарықтық механизм – қайырымдылық жүйесі емес.

Ол қатты, тіпті қатаң. Оған әлсіздерге қарағанда аяусыздық және әлеуметтік жіктелу тән. Бәсекенің көмегімен нарық қоғамдық өндірісті экономикалық тұрақсыздықтан, өміршең емес шаруашылық бірліктерінен сақтайды және керісінше іскерлік пен тиімділікке жол ашады. Осының нәтижесінде шаруашылықтың тұрақтылығының орта деңгейі үздіксіз арта түседі. /8, 67 б/

2. Самуэльсонның пікірінше, АҚШ-тағы бөлшек саудамен айналысатын дүкендердің үштен бірінен жартысына дейінгісі ашылғаннан кейінгі үш жыл ішінде өз істерін тоқтатады. Ал шағын бизнестің орташа циклі алты айдан аспайды. Бәсекелік күресте ірі фирмалар да өз істерін тоқтатуы аз кездеспейді. Өндіріс пен капиталдың шоғырлану жағдайында монополизация нарықтың сауықтыру механизмін сиықсыздандырады. Әйтсе де, капиталистік әлемде монополизация «табиғи іріктеу» тоқтайтындай бәсекелікті тұншықтырмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]