- •Кiрiспе
- •I нарық және нарықтық экономиканың мазмұны
- •1.1 Нарықтың түсiнiгi және пайда болу шарттары
- •1.2 Нарықтың мәнi және қызметтерi
- •1.3 Нарықтың қызмет ету принциптерi мен түрлерi
- •Сурет-2 – Сұраныс қисығы ылдиы
- •II нарықтық экономикалық жүйедегі нарық инфрақұрылымы және оның постсоциолистік экономикадағы қалыптасу механизмі
- •2.1 Нарықтың артықшылықтары мен кемшiлiктерi
- •2.2 Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы
- •Жетiлген бiсекелес нарығы дегенiмiз - төмендегi шарттар орындалатын нарық:
- •1.Нарықта өнiм ұсынатын тәуелсiз сатушылар саны көп және өнiмдерi бiртектi болып келетiн;
- •2.3 Нарықты мемлекеттiк реттеу мәселелерi
- •III қазақстанда нарық инфрақұрылымының қалыптасуы мен дамуы
- •3.1 Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары
- •Сурет 6 – 2007-2011 жылдардағы жiө көлемiнiң көрiнiсi
- •Қорытынды
- •Курс экономической теории / под редакцией м. Н. Чепурина, е. А. Кисилевой.
- •Макконнелл к. Р., Брю с. Л. Экономикс: принципы, проблемы и политика. М., Республика. 1992. Т. 1, 348 стр.
I нарық және нарықтық экономиканың мазмұны
1.1 Нарықтың түсiнiгi және пайда болу шарттары
Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады. Сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.
Нарық әлемдiк өркениеттердiң жетiстiктерiнiң бiрi. Нарықтық қатынастар мәнiн анықтауда нарық түсiнiгiнiң екi жақты маңызы бар екенiнен шығу керек. Бiрiншiден, нарық өз мағынасында айырбас, айналыс сферасында iске асырылатын өткiзудi бiлдiредi. Екiншiден, нарық – бұл өндiру, бөлу, айырбас пен тұтыну процестерiн қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесi.
Нарықтық экономикада экономикалық теория негiзiнен ресурстардың шектелген жағдайында қажеттiлiктердi қамтамасыз етудi көздеген, адамдар мен топтардың материалдық игiлiктер мен қызметтердi сұраныс пен ұсыннысқа, баға мен бәсекеге байланысты шктеулi ресурстарды тиiмдi өндiру, бөлу, айырбастау және тұтынушылардың талғамын тәуелсiз, еркiн жағдайда максималды деңгейге жеткiудi көздейтiн болады.
Нарық – бұл тауарлы өндіріс заңдары бойынша ұйымдастырылған айырбас, тауар айырбастау қатынастарының жиынтығы.
Нарық – бұл өндіруші мен тұтынушының әрекеттесу механизмі, басқаша айтқанда, сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы.
Нарық – бұл мемлекет ішінде және мемлекеттер арасында өнімді тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстыратын айырбас сферасы. /1, 28 б/
Нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара әрекетінің сферасы ретінде қарастырылады. Ф. Котлердің кітабында нарық – тауарды қазіргі кезде және болашақта сатып алушылар жиынтығы түрінде сипатталады. «Экономикс» кітабында нарық белгілі бір қызмет немесе өнімді сатып алушылар мен сатушыларды көздестіретін механизм ретінде қарастырылады1.
Нарық туралы Р. Липси, П. Стейнер, Д. Первис сияқты американ ғалымдары тартымды ойлар айтқан. Олар «нарық – экономикалық шешім қабылдайтын тұлғалардың өзара әрекеттері туралы пьеса қойылатын сахна,– деп көрсетеді. – Миллиондаған тұтынушылар – қандай тауар және қанша көлемде сатып алу керек; кәсіпкерлер – не өндіру керек, қалай өндіру керек; өндіріс факторларының иелері – осы тауарларды кімдерге және қалай сату керек деген дербес шешімдер қабылдайды».
Нарық – бұл экономикалық дамудың және микро-, макродеңгейдегі тиімділікті көтерудің басты жолдарын түсінудегі іргетасы болып табылады. Оның мәні – еңбек бөлінісімен келісілген шаруашылық субъектілерінің, адамдар мен қоғамды тұтас алғандағы, тауарлы айырбас қатынастарының жиынтығы. Нарықтың тұтынушылар мен өндірушілердің байланысына әсері баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, пайда мен шығындар, яғни «нарықтық механизм» ұғымына кіретін барлық атрибуттар арқылы жүзеге асырылады.
Нарық нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларда әрекет етеді және меншік институттарына тәуелді болады. Ол ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну аясында маңызды рөл атқарады.
Нарықтық механизмдi жалпы түрде экономиканың мәселелерiн шешу мақсатында өндiрушiлер мен тұтынушылардың нарық арқылы тәуелсiз түрде өзара әрекет ететiн шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады.
Экономикалық байланыстар өнiмдердiң өндiрушiлерден тұтынушыларға қозғалысын қамтиды: бiр жақтан, өндiрушiлер, басқа жақтан тұтынушылар арасында көп түрлi айырбас жүрiп отырады. Осындай айырбас процестерi қоғамдық еңбек бөлiнiсiмен белгiленедi. Бұл бiр жағынан өндiрушiлердi ажыратады, еңбек әрекеттерiне сәйкес оларды бiр-бiрiнен оңашаландырады. Екiншiден, олардың арасында тұрақты функционалдық қатынастар тударады. Осындағы бiрiншi жағдай әр өндiрушiлердiң шаруашылық жүргiзуде экономикалық тұрғыдан жекешеленуiне, тәуелсiздiгiне ұласады, сөйтiп нарық қатынастарының субъектiлерiнiң қалыптасуының экономикалық негiзiн құрайды. Екiншi жағдай тауарларды сатып алу-сату эквиваленттiк негiзде жүрiп отыратын айырбастар процестерiнде көрiнiс табады. Осы кезде өндiрушiлер тауар өндiрудi және оны өткiзудi, шығындарды өтеудi, өндiрiстi кеңейтудi және жетiлдiрудi – барлығын өз еркiмен дербес шешедi. Тауар – ақша қатынасы жағдайында айырбас процестерi нарықтық қатынастар формасында болады.
Экономикалық теорияда осыған ең қарапайым түрдегi жауап: нарық адамдардың сатушы және сатып алушы болып бiрiн-бiр тауап кездесетiн жерi. Неоклассикалық экономикалық әдебиетте жиi қолданылатын нарыққа анықтаманы француз экономисi А.Курно мен экономист А.Маршал бередi. Олардың айтуынша: “нарық заттар сатылатын және сатып алынатын белгiлi нақты нарық алаңы емес, ол сатып алушылар мен сатушылардың бiр-бiрiмен өте еркiн жағдайда келiсiмге келетiн, кез-келген жалпы экономикалық аудан; еркiндiк сонда – бiрдей тауарлардың көп ұзамай тез арада теңелiп отырады”. Бұл анықтамада айырбастың еркiндiгiмен бағаның белгiленуi нарықтың басты критериi деп көрсетiлген.
Ағылшын экономисi У.Джевонс нарықтың критериi деп сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы өзара қатынастардың “тығыздығына” назар аударады. Бұның айтуы бойынша, тығыз iскерлiк қатынасқа түскен және қандай болмасын сондай тауарлар туралы келiсiм жасасқан кез келген адамдардың тобы ол нарықболып табылады. /2, 21 б/
Нарықты объективті түрде қажет ететін үш негізгі шарт бар:
Бірінші шарт – көне заманда пайда болған қоғамдық еңбек бөлінісі. Қоғамдық еңбек бөлінісі тарихта 3 кезеңнен тұрады. Біріншісінде, мал шаруашылығы егіншіліктен бөлініп шығып, тайпалар арасындағы ұдайы өндірістің пайда болуына жағдай жасады. Екіншісінде – қолөнер егіншіліктен бөлініп шықты да, нәтижесінде тауарлы шаруашылық пайда болды. Үшінші кезеңде сауда өндірістен оқшауланды және көпестік капитал бөлініп шықты. Содан кейін салалар бөліне бастады, жеке өндірістер мамандандырылды. Осы кезеңде нарықтық байланыстар ұдайы қалыптасты.
Еңбек бөлінісі айырбасты шарасыз қажет етеді. Мысалы, ежелгі малшылар жер өнімдеріне мұқтаж болса, жер өңдеушілер өсімдік түрлерімен ғана шектеліп қойған жоқ. Айырбас кең көлемде етек ала бастады. Бастапқыда ол тек тайпа ішінде жүрсе, кейіннен тайпа аралық айырбас пайда болды. Алғашында ол өрескел түрде болды. Этнографтардың бақылаулары Калимантан аралы мен Малайзияның қазіргі аудандарында айырбас осындай түрде болғандығын көрсетеді. «Сатушылар» айырбасқа арналған өз өнімдерін «сатып алушыларға» көруге мүмкіндік беру үшін, оларды қойып, өздері кетіп отырған. Егер «сатып алушы» ұсынылған заттарды алғысы келсе, онда өз заттарын қалдырып кеткен. Сонда «сатушылар» оралып, келіскен жағдайда айырбас жүзеге асқан.
Осы жерде айырбастың қарапайым түрлерінің бірі – бартердің алғашқы белгілері пайда болды. Әрине, ол әлі шынайы нарықтан алшақ. Себебі «сатушылар» мен «сатып алушылардың» көзқарастары түйіспеуі де мүмкін. Мұндай жағдайда, өз өніміне тиісті зат алу үшін бір емес, бірнеше айырбас жүргізуге тура келген.
Айырбастың дамуы арнайы сатуға арналған тауарларды өндіруге ынталандыратын ақшаның пайда болуына әкелді. Сонда ғана тауарлы өндіріс, яғни өндірушілер жеке бас қажеттіліктерін өтейтін ғана емес, сонымен қатар орнына өздеріне қажетті басқа да ондаған заттарды алуға мүмкіндік беретін өндіріс туды. Басқаша айтқанда, өзге адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын нарыққа арналған өндіріс пайда болды.
Екінші шарт – өндірушілердің экономикалық жекешеленуі. Тауарлы айырбас міндетті түрде баламалыққа ұмтылуды болжайды. Ешкім де жеңілгісі келмейді, яғни өз тауарының орнына басқа тауардың балама мөлшерін алғысы келеді. Мұндай ұмтылыс экономикалық шектеулілік, мүдделердің оқшаулануы негізінде шығады. Осы оқшаулану жеке меншіктің негізінде қалыптасады. Кейіннен ол ұжымдық меншікке сүйене бастады, бірақ ол меншік түрі мүдделер шеңберімен шектелген (кооперативтер, серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, мемлекеттік кәсіпорындар, аралас кәсіпорындар, яғни мемелекеттің араласуымен, т.б.) /2, 23 б/
Нарықтық шаруашылықтың тиімді түрде қызмет етуі үшін үшінші шарт та қажет – өндірушінің дербестігі, кәсіпкерліктің еркіндігі. Шаруашылықтың нарықтан тыс реттелуі кез келген жүйеде шарасыз, алайда тауар өндіруші неғұрлым еркін болса, нарықтық қатынастар соғұрлым кең түрде дамиды.
Нарық – өркениеттің ірі жетістіктерінің бірі дегенді жиі айтады. Бұл дұрыс, бірақ, нарықтың пайда болуы мен қалыптасуы – ақыл-ой жетістігінің нәтижесі емес, ол өте ұзақ тарихи дамудың салдары.
Қорындылай келгенде, нарық – бұл тауарлы өндіріс пен айырбас заңдары бойынша ұйымдастырылған айырбас; тауарлы айырбас қатынастырының жиынтығы, сатушы мен сатып алушы арақатынастарының механизмі, яғни сұраныс пен ұсыныстың қатынасы, мемелекет ішінде және мемлекет аралық айырбас ортасы. Нарықтың пайда болуына қажетіті шарттар: қоғамдық еңбек бөлінісі, өндірушілердің экономикалық жекешеленуі, кәсіпкерліктің еркіндігі.
