Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нары мні рылымы МАБ 2014-00.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
484.35 Кб
Скачать

Қорытынды

Қорыта келгенде, “нарық” әлемдiк өркениеттердiң жетiстiктерiнiң бiрi. Нарықтық қатынастар мәнiн анықтауда нарық түсiнiгiнiң екi жақты маңызы бар екенiнен шығу керек. Бiрiншiден, нарық өз мағынасында айырбас, айналыс сферасында iске асырылатын өткiзудi бiлдiредi. Екiншiден, нарық – бұл өндiру, бөлу, айырбас пен тұтыну процестерiн қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесi.

Жалпы алғанда нарық – бұл өндіріс процесінен, тауар айырбасы мен бөлуден, ақша қаражатының қозғалысынан тұратын экономикалық қатынастар жүйесі. Нарық тауарлы өндірістің дамуымен қатар дамиды, ол айырбасқа тек өндіріс өнімдерін ғана емес, еңбек нәтижесі болып табылмайтындарды (жер, орман) да тартады. Нарықтық байланыстардың үстемдігі жағдайында қоғамдағы адамдардың қатынастары алып-сатумен қамтылған. Нарық өндіруші мен тұтынушы, өндіріс пен тұтыну арасында байланыс орнатылған сфераны көрсетеді. Нарық өндіріске, айырбасқа, бөлуге және тұтынуға қызмет етеді. Өндіріс үшін нарық қажетті ресурстарды жеткізеді және дайын онімн өткізіп, оған деген сұранысты анықтайды. Айырбас үшін нарық тауарлар мен қызметтерді өткізетін және сатып алатын негізгі арна болып табылады. Бөлуге нарық – сатылатын ресурстардың иелері үшін олардың табысын анықтайтын механизм. Тұтынуға нарық – тұтынушыға қажетті игіліктердің негізгі бөлігі түсетін арна. Нарық – бағаның анықталатын орны, ол өз кезегінде нарықтық экономиканың бас индикаторы болып табылады.

Нарық өзінің алдына қойылған мақсаттарға сай әртүрлі қызметтерді атқарады. Нарықтық механизм үш негізгі сұраққа жауап беруді талап етеді:

  1. Не өндіру керек, яғни тұтынушыға қандай тауарлар мен қызметтер ұсынылуы тиіс.

  2. Қалай өндіру керек, яғни өндірудің қандай тәсілін қолдану тиімді.

  3. Ол тауарлар мен қызметтерді кім үшін өндіру керек, яғни оларды кім иемденеді.

Осы сұрақтарды және олар арқылы экономиканың орталық проблемаларын шешу үшін нарық бірқатар қызметтерді орындайды. Бірақ ол қызметтер шектеулі. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешумен мемлекет айналысады. Мемлекет нарықтың әрекеттерінен тыс жатқан қоғамдық өмірдің сфераларын (әлеуметтік сфера, мемлекеттік басқару және құқықтық тәртіп, мемлекеттің қорғаныс мүмкіндігі) бақылап қана қоймай, нарықтық механизмі жұмысын да қадағалайды. Мемлекеттік реттеу экономиканың әртүрлі салаларына әсер етеді. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеудің көптеген түрлері мен тәсілдеріне қарамастан, ол шектеулі сипат алады. Компаниялар, кәсіпкерлер, азаматтар өзін-өзі басқаруда айтарлықтай мүмкіндіктері сақталған.

Мемлекет экономикаға шеттен тыс енгенде, нарық механизмін деформациялап, өндірісті жетілдіру ынтасынан айыруы мүмкін.

Экономикалық теорияда жеке инфрақұрылымға негізделген, оның қажетіне қызмет ететін әртүрлі нарық түрлері қарастырылады. Сонымен қатар оған нарықтың барлық түрлерін байланыстыратын институттар қызмет етеді. Нарықтық жүйенің әр элементінің өзіндік мәні бар, бірақ нарықтық экономиканың қалыпты қызмет етуі оның барлық бөліктерінің үйлесімді жұмыс істеуі жағдайында ғана мүмкін.

Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.

Осындай инновациялық-идустриялық жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылу үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады. Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.

Осылайша бүгiнгi таңда экономиканың жан-жақты және бәсекеге қабiлеттi дамуы ол бiздiң экономикамыздың қаншалықты нарықтық қатынастарды тиiмдi ұйымдастыруына байланысты болып табылады.

Елбасымыздың биылғы 2008 жылғы Жолдауында келесі атқарылуға тиісті шаралар нақтылы қарастырылды:

  • мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін 2009 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен 9%-ға арттырып отыру;

  • сәби бір жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға берілетін ай сайынғы жәрдемақыны 2010-2011 жылдары кезең-кезеңмен өсіруді, орта есеппен алғанда 2007 жылғы жәрдемақының мөлшерін 2,5 есеге арттыру;

  • бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен өсіру арқылы 2012 жылы 2 есе деңгейге, оның ішінде 2009 жылы – 25 %-ға, 2010 жылы - 25 %-ға, ал 2011 жылы 30%-ға арттыру қамтамасыз етілуі тиіс. /16/

Осылайша, елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуне байланысты нарық құрылымдары күрделене түстi. Олардың iшiнде ұлттық экономикамызда атап өтетiн болсақ, соңғы он төрт жылда экономиканы жекешелендiру толық қанды жүргiзiлдi, соның нәтижесiнде нарықта қызмет ететiн кәсiпкерлiк қызмет даму үстiнде және экономиканың тұрақты және тиiмдi дамуын қамтамасыз ететiн шағын бизнестiң дамуы да жаман емес. Сонымен қатар, елiмiзде бүгiнгi таңда қаржы рыногы өте жақсы дамып, ол ТМД елдерi арасында ең жақсы қалыптасқан және қызмет етiп отырған қаржы рыногы болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі