Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нары мні рылымы МАБ 2014-00.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
484.35 Кб
Скачать

III қазақстанда нарық инфрақұрылымының қалыптасуы мен дамуы

3.1 Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары

Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Он төрт жылдан астам уақытта елiмiздiң тәуелсiздiгiмен қатар жүргiзiлiп келе жатған экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар кез жеттi. Осы реформалардың елiмiз үшiн ең маңыздысы және ел дамуының болшағы болып табылатын экономиканы жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастағы экономикаға толық қанды ауыстырп, экономиканы демократиялау болып табылады. Бұл реформада ел iшiнде негiзiнен 1985 жылдардан бастап Кеңес Одағы ыдырамай тұрған кезден бастап өзiнiң қызмет етуiн көрсете бастаған.

Қазақстан Республикасы он төрт жылдан астам уақытта тәуелсiздiгiмен қатар жүргiзiлiп келе жатған экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар кез жеттi. Осы реформалардың елiмiз үшiн ең маңыздысы және ел дамуының болшағы болып табылатын экономиканы жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастағы экономикаға толық қанды ауыстырп, экономиканы демократиялау болып табылады. Бұл реформада ел iшiнде негiзiнен 1985 жылдардан бастап Кеңес Одағы ыдырамай тұрған кезден бастап өзiнiң қызмет етуiн көрсете бастаған. /8/

Елiмiз нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Әлемдiк тәжiрибе бойынша экономиканың өтпелi кезеңiнде нарықтық экономиканың механизмi бұзылып отырады, ал оны реттеп, бiр жүйеге келтiрiп отыратын мемлекеттiң саясаттары мен реформалары болып табылады.

Бүгiнгi таңда ұлттық экономикамыздың дамуында нарықтық қатынастардың артықшылықтары айқын көрiнуде. Ал оның кемшiлiктерiн мемлекет және ұлттық экономика салалары болып бiрлiкте өз мойындарына алып, оларды шешу үстiнде.

Елiмiздегi нарықтың артықшылқтары елде жаппай жекешелендiрудiң жүргiзiлуi, соның нәтижесiнде халықты жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықты азайтудың, тұрақты экономикалық өсудiң кепiлi болып табылатын кәсiпкерлiк қызметтiң формалары даму үстiнде. /8/

Кәсiпкерлiк нарық қатынастарын ұдайы iске қосып отыратын орта. Экономиканың өтпелi кезеңiндегi кәсiпкерлiк ең алдымен нарықтың тауармен толығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкiндiк бередi. Жалпы алғанда, кәсiпкерлiк экономикада нақты белсендi, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттiң экономикалық дамуында оның тұрақталығының индикаторы есептi қоғамда орта тапты жасақтайды.

Кәсiпкерлiктiң экономикалық мiндеттерiне келесiлердi жатқызуға болады:

  • Нарықтық қатынастарды дамыту;

  • Шектеулi ресурстарды тиiмдi пайдалану;

  • Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;

  • Жаңа жұмыс орындарын ашу;

  • Нарықтағы сұранысты қамтамасыз ету;

  • Экономикалық активтi халықты барынша ынталандыру;

  • Инвестицияларды тиiмдi салаларға тарту;

  • Инновациялық жаңалықтарды ашып оны өндiрiске енгiзу;

  • Кластерлiк жүйенiң дамуы;

  • Лизингтiк қатынастардың дамуы;

  • Өнiмдердiң сапалылығының жоғары болуы;

  • Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етiп, ЖIӨ-нiң негiзгi бөлiгiн құрайды.

Қазақстанда бүгiнгi күнi шағын және орта кәсiпкерлiк бастан кешiрiп отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпiндi дамып келе жатқаны белгiлi болып отыр. Ең бастысы шағын кәсiпкерлiк саны өсiп келедi. Өсiм соншалықты жоғары да емес, небәрi пайыздық бөлiгi ғана. Оның ЖIӨ-де өзiндiк үлесi бар. Ол 30 % құрайды. Қазiргi кезде кәсiпкерлiк Қазақстанның бүгiнгi экономикасында лайықты орын алуда. /10, 23-27 б/

Бүгiнгi таңда Республикамызда экономиканы нарықтық қатынаста қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi. Сондықтан елдiң тұрақты өсуiн қамтамасыз ету үшiн нарықтық экономиканың негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және реттеу шараларының тиiмдi iске асырылу қажеттiгi туындап отыр.

Сонымен қатар, елiмiзде нарықтық қатынастардың қызмет етуi толық қанды жүргiзiлу үстiнде. Бұл шараларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетiлуде. Ол қолдаудың негiзгi бөлiгiн елдегi заңдар мен құқықтық актiлерден көруге болады.

Қазақстанда бүгiнде нарықтық экономиканың дамуымен бiрге, қаржы рыногы, бағалы қағаздар рыногы, тауар және қызмет көрсетулер рыногы, еңбек нарықтары толық қанды қалыптасып, сапалы қызмет ету үстiнде. Мысалы, елiмiздiң қаржы рыногындағы банк жүйесi және зейнетақы қорлары ТМД елдерi және әлемнiң тағы басқа елдерi iшiнде басты орындарда болуы және оның күннен-күнге қарқынды дамуы. Осының бәрi елiмiздiң әу бастан-ақ нарықтық қатынасқа өту реформаларын тиiмдi жүргiзгендiгiнiң кепiлi болып табылады.

Жалпы елiмiзде нарықтық экономиканың даму жағдайында келесiдей мәселелер орын алуда:

  1. Өнеркәсiптiң жаппай шикiзат бағыттылығы, яғни елге келетін шетелдік инвестициялардың 80% шикізат саласына тартылуда. Оны келесі суреттен көрсек болады. /10, 25 б/

Көзі: РЦБК, №4, - 2012 г. 23-27 стр.

Сурет-1 – Еліміздің өндірісіне тартылған шетелдік инвестициялар

  1. Отандық өнеркәсiптiң бәсекеге қабiлетiнiң өте төмендiгi;

  2. Негiзгi өндiрiс құралдарының 80% тозуы;

  3. Әлеуметтiк мәселелердiң әлi де болса кейбiр тұстары (жұмыссыздық, жалақы мәселелерi) шешiлмеуi;

  4. Ресурстардың тиiмдi бөлiнбеуi және қолданылмауы (елiмiздегi мұнай және газ саласында жұмыс iстейтiндер мен қаржыгерлердiң және басқа да салалардың арасында алшақтықтың көп болуы).

Осы мәселлердi өтпелi кезеңде мемлекет өз мойнына алып және оны нарықтық экономика механизмiмен бiрге оны әр түрлi саясаттар мен реформалар жүргiзу арқылы шешудi қолға алып келедi. Әрине ол саясаттар бiр мезгiлде орындала салмайды, олда уақыт талабына байланысты. Осы елiмiздiң нарықтық қатынасқа өтуiмен және елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету үшiн келесi реформалар жүргiзiлдi және жүргiзiлу үстiнде. Ол реформаларға:

  1. Экономиканы жекешелендiру;

  2. Ұлттық экономикаға инвестиция тартуды ынталандыру;

  3. Өнеркәсiптiң бәсекеқабiлеттiлiгiн арттыру, осының негiзiнде елде индустриялық-инновациялық стратегия 2003-2015 жылдарға арналған қабылданды;

  4. Әлеуметтiк саланың жағдайын жақсарту, жұмыссыздық мәселесiн шешу.

  5. Экономиканың шикiзат бағытынан құтылатын индустриялық-инновациялық саясатты жүргiзу. /12, 19 б/

Қазақстан экономикасы өтiп кеткен 17 жылда ойдағыдай нарық экономикасын құрды. Экономиканы түпкiлiктi реформалауға бағыт ұстап, бiз қысқа мерзiмнiң iшiнде нарықтық реформаларды жүргiзе бiлдiк, тиiстi нарықтық заңнамамызды жасауға қол жеткiздiк.

Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы ЖIӨ 700$-дан сәл ғана асса, ал 2008 жылы бұл шама 3700$-ға жеттi. Ал елiмiздiң болжамы бойынша 2010 жылы жан басына шаққандағы ЖIӨ көлемi 4800$-дан асып түседi. Яғни, қазiргi Чехия, Польша, Малайзия, Венгрия сияқты елдердiң бүгiнгi деңгейiне, ал 2015 жылы ЖIӨ-нiң жан басына шаққандағы көлемi 9000$-ға жетедi деп жоспарлануда. /11/

ҚР-ның нарықтық қатынасқа өту жылдарындағы 2006 жылдан бергі экономикалық өсу динамикасын келесі суреттен көре аламыз. /14/

Біз білетіндей елдің экономикалық өсімінің негізгі көрсеткіші болып елдің ЖІӨ—нің өсу динамикасы болып табылады. Қазақстанда 1991-1995 жылдар 1990 жылмен салыстырғанда ЖIӨ көлемi 38,6%-ға төмендедi, яғни жылына шамамен 8%-ды құрап отырды. 2000 жылға дйiнгi ЖIӨ көлемiнiң өсу қарқыны байқалғандығымен 1990 жылмен салыстырғанда 69,3% -құрады. Сонғы 2000-2010 жылдар аралығында ЖIӨ-нiң жиынтық өсiмi 90%-дан астам болды. Енді осы аталған ЖIӨ-нің соңғы жылдардағы, яғни әлемдік қаржы дағдарысы тұсындағы өсу динамикасына назар аударатын болсақ Қазақстанда экономикалық өсудiң динамикасын келесi түрде көруге болады екен. /14/.