
Цитокиндер жүйесімен байланысты
Т-хелперлер түрі |
Өндіретін цитокиндер |
Цитокиндер әсеріне жауабы |
Тх0 |
ИЛ-2,ИЛ-3,4,5,6,10,13, IFN-y, ФНО-а және ФНО-в, ГМ-КСФ-аз мөлшерде |
ИЛ-12, мен IFN-y Тх1 бағытында дамуды қоздырады,ИЛ-4 пенGTF-в-Тх2 бағытында
|
Тх1 |
IFN-ү,ИЛ-2,3,8,ТFN-а мен ТFN-в, ГМ-КСФ, МТФ,МАF, хемокиндер |
ИЛ-2,12-өсу факторлары, ИЛ-10-ингибиторы |
Тх2 |
ИЛ-3,4,5,6,8,9,10,13, ГМ-КСФ, хемокиндер |
ИЛ-4, GTF-в өсу факторлары, IFN-y мен ИЛ-2- ингибиторлары |
Тх1 , IFN-y, ИЛ-2, ТFN-а мен ТFN-в; Тх2 – ИЛ-4,5,6,9,10,13; жасушалардың екеуіне де ортақ ИЛ-3 пен 8, ГМ-КСФ, хемокиндер.
Цитокиндер өзара байланысып, тұтас бір жүйені-цитокиндік торды-құрады.Бүл жүйенің қызмет етуінің негіздеріне жататындар:
Антигендік стимуляциясыз цитокиндік тор минималды деңгейде қызмет етеді.Стимуляция болмаған жағдайда иммундық жүйенің жасушалары цитокиндерді өндірмейді және цитокиндерді сырттан еңгізсе жауап бермейді.Бұл факторларға жауапты қамтамасыз ете алатын цитокиндекрдің синтезі және олардың рецепторларының экспрессиясы иммундық жүйенің жасушаларына антиденелердің немесе басқа стимулдайтын агенттердің әсері болғанда іске асады.Цитокиннің бөлініп шығуын және оның рецепторының экспрессиялануын ортақ себепкер факторлары шақырады.Бұл себептен цитокиннің әсері көбінесе жергілікті болады.Рецепторлардың тектерінің экспрессиясынан ұзақ болатынан цитокиннің әсерінің шектелуінің тағы бір себебі болады.
Цитокиндер жүйесіне артықшылық тән:цитокиндердің әр түрі, бірнеше түрлі жасушалармен өндіріледі (сондықтан, оларды монокиндер мен лимфокиндерге бөлгеніміз шартты).Бірақ, сонымен қатар, бір түрге жататын жасушалар әр түрлі цитокиндерді өндіре алады.Цитокиндердің барлығы полифункционалды.Олар бір бірінің қызметтерін қайталайды, өндірілуін және қызметтерін күшейтіп немесе әлсіздендіре алады.
Сонымен, цитокиндер өндірілу және қызмет ету деңгейінде тығыз байланысқан жүйені (торды)құрайды (20-шы сурет).
20-шы сурет.Цитокиндік тордың фрагменті.
Цитокиндер торының ерекшеліктеріне өте жоғары сенімділік жатады, себебі, негізгі әсерлері артық деңгейде қамтамасыз етіледі:иммундық жүйенің жасушаларының қоздырылуы бұл жүйенің қызмет етуінің шарты.
Интерлейкиндер
1979 жылы Швейцарияда өткен лимфокиндер бойынша эксперттердің комитетінің Халықаралық симпозиумында сол уақытқа дейін белгілі болған лимфокиндер мен монокиндер туралы мәліметтер біріктіліп интерлейкиндердің (ИЛ)-лейкоцитарлық медиаторларының қағидасы негізделді.Сол кезде алғашқы зерттелген екі интерлейкинге-ИЛ-1жәнеИЛ-2деген кезекті сан берілді.Қазіргі таңда 30-дан астам интерлейкиндер зерттелген.Олардың біріншілік құрылымдары анықталып, барлығы рекомбинанттық түрде өндірілген.
ИНТЕРЛЕЙКИН-1 (Адамның хромосомаларының 2-ші жұбы).
ИЛ-11972 ж. Төменгі концентрациядағы митогендермен әсерлесіп тимоциттердің көбеюін қоздыруға қабілетті фактор ретінде табылған.
ИЛ-1дің тектерін клондауы біртекті белсенділігі бар екі түрлі белок бар екенін көрсетті:ИЛ-1а және ИЛ-1в.Олардың молекулалық салмақтары 15 000-17 000Дсапалық көрсеткіштері ұқсас және екеуі де иммундық жауап пен қабынудың эффекторлық фазасының негізгі цитокиндері болып келеді.
ИЛ-1дің негізгі өндірушілері – моноциттер мен макрофагтар, сонымен қатар В-лимфоциттер, дендриттік жасушалар, нейтрофилдер,лангерганс жасушалары, глиалдық, эндотелиалдық және синовиалдық жасушалар,фибробласттар, тері мен тимус эпителий,дақылда – Т-лимфоциттердің кейбір клондары болып келеді.Моноциттер мен макрофагтардың ИЛ-1-ді өндірулерінің шарты-бактериалдық және басқа өнімдермен қоздырылу (3-ші кесте).
ИЛ-1-дің өнімінің ингибиторларына простагландин Е2, глюко-кортикоидтар, цАМФтың деңгейін жоғарылататын факторлар, GTF-b және retijoic acid жатады.
ИЛ-1-дің көптеген нысана жасушалары бар (4-ші кесте).белсендірілген Т-және В-лимфоциттер, макрофагтар мен нейторфилдер, NK- жасушалары, эндотелий жасушалары, тегіс салалы бұлшық ет жасушалары, хондроциттер, базофилдер, плазмоциттер, қантүзу жасушалары, кератиноциттер, остеокласттар, гепатоциттер, ұйқы безінің Лангерганс аралшаларының жасушалары.
3-ші кесте.ИЛ-1-дің өнімінің қоздырғыштары
Қоздырғыштар тобы |
Заттар |
Жасуша қабырғасының Компоненттері |
Липополисахаридтер, пептидгликандар, мурамилдипептид, стафилококктың А белогы |
Фагоцитоз қоздырғыштары |
Кремнидің бөліктері, зимозан, латекс |
Иммундық жүйенің Компоненттері |
Аллергендер, гетерогендік антигендер, иммундық кешендер,агрегацияланған IgA, IgE,IgE- ге арналған рецептор (СD23), комплементтің компоненттері С3а,С5а |
Цитокиндер |
ИЛ-1,2,6; IHФ, интерферондар, ГМ-КСФ |
Химиялық құрылымдар |
Форболдық эфирлер, полимиксин В, сапонин, декстрансульфат |
Физикалық факторлар |
УФ-сәлелер, пластик |
Басқа биологиялық құрамалар |
Амилоид Р, тромбин, лейкотриен |
Аталған жасушалардың бетінде ИЛ-1-дің а және в формаларына арналған ортақ рецепторлары бар.ИЛ-1-дің рецептормен біріккен кешені жасушаның ішіне қарай батып кетуі цитокинніңі әсер көрсетуінің шарты болады.
4-ші кесте.ИЛ-1дің нысана жасушаларға көрсететін