Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tsitokinder.doc
Скачиваний:
65
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
334.85 Кб
Скачать

Цитокиндер

Интерлейкиндер. Ісік некроздаушы факторлар.Колония белсендіруші факторлар.Интерферондар.Өсц факторы.Хемокиндер.Цитокиндердің биологиялық әсерлері.Клиникада цитокиндерді қолдану (цитокиндік және антицитокиндік терапия).

Цитокиндер – түрлі антиденелерге қарсы иммундық жауапта және арнайы емес қорғаныста орын алатын иммунды жүйенің жасушаларының арасындағы кең және күрделі ароа-қатынастарды қамтамасыз ететін, иммунды жүйенің белсендірілген жасушаларының нәруызды немесе полипептидтіөнімдері болып табылатын медиаторлар.Басқаша айтқанда, цитокиндериммундық жүйенің жасушаларының әреккеттесуінің гуморалдық құрастырушысы.Қазіргі таңда иммундық серпілістер мен қабынудың ұзақтығы мен күшін реттей алатын 40-тан астам цитокиндер табылған.Цитокиндердің маңызы иммунология саласымен ғана шектелмейді, олар қан түзуге, патологияның дамуына белсендіә қатысады.Цитокиндер әр түрлі белгілерге жауап ретінде өндіріліп, жүйелі әсер келтіреді (айналымдағы қанда-эндокринді әсер, бір жасушадан басқа жасушаға-паракринді әсер және жасушаның өзі өзіне-аутокринді әсер).

Цитокиндерді бірнеше топқа бөледі:интелейкиндер (лейкоциттердің өзара әрекеттесу факторы), интерферондар (вирустарға қарсы белсенділігі бар цитокиндер), ісік некроздаушы факторлар (цитотоксикалық белсенділігі бар цитокиндер), колониястимулдаушы факторлар (гемопоэтикалық цитокиндер)және хемокиндер(толық зерттелмеген хемотаксисі белсендіретін медиаторлар).Бірақ аталған топтарға жіктелу шартты.Өндірілу көздері әр түрлі және құрылымы ұқсамайтын цитокиндердің биологиялық қызметтері ортақ болуы мүмкін.in vivo анықталатын эффектілердің бір қатары әрекеті цитокиндермен шақырылады, бұл ерекшелік организмнің қорғаныс жүйесінің қызметінің сенімділігін жоғарылатады және реттеуді қамтамасыз етеді.

Цитокиндердің ерекшеліктеріне жататындар:

  • Бір цитокин жасушалардың бірнеше түрімен өндіріле алады;

  • Бір жасуша бірнеше цитокинді өндіреді;

  • Бір цитокин бірнеше түрлі жасушаларға әсер ете алады;

  • Әр түрлі цитокиндер белгілі бір жасушаның белгілі бір қызметін шақырады.

Цитокиндерді өндіретін жасушаларды 3топқа бөлуге болады.Олардың әр қайсысы қоздырғыштарымен және белсендіру әсерлерге жауап беру түрімен, сонымен қатар, тек өздері өндіретін цитокиндермен және оларды қамтамасыз ететін үрдістермен бір-бірімен ажырайды (№1-ші кесте).

1-ші кесте.Цитокиндерді өндіретін жасушалардың негізгі түрлері

өндіруші жасушалар

Цитокиндердің

қоздырғыштары

Өндірілу кинетикасы

Өндірілетін цитокиндер

Стормалық жасушалар (фибробласттар,

Эндотелиалдық

жасушалар)

Тікелей түйісу,

Бактериалдық өнімдер

Бір сағаттың ішінде м РНК түзіледі, 3-4 сағаттан кейін-секрецияның ең жоғары деңгейі

ГМ-КСФ,Г-КСФ,М-КСФ,IFN-B,GTF-B, ИЛ-6,7,8,11

Моноциттер/

макрофагтар

Бактериялар және

Олардың өнімдері,

Полиэлектролиттер,

Форболдық эфирлер

Бір сағаттың ішінде м РНК түзіледі, 6-14 сағаттан кейін-секрецияның ең жоғары деңгейі

ИЛ-1,TNF-a, ИЛ-10,12,15, ГМ-КСФ,Г-КСФ,М-КСФ,GTF-B, INF-a, хемокиндер

Т-хелперлер 1

Антиген/митогенді ТКР-CD3/CD28+ИЛ-12арқылы байланыстыру

5-8 сағаттан кейін м РНК түзіледі, 6-48сағаттан кейінгі цитокиндердің секрецияның ең жоғары деңгейі

ИЛ-2, INF-y,TNF-a жәнеTNF-B, ИЛ-3,8, ГМ-КСФ, МТФ, хемокиндер, МАF

Т-хелперлер 2

Антиген/митогенді+ИЛ-4арқылы байланыстыру

5-8 сағаттан кейін м РНК түзіледі, 24-48 сағаттан кейінгі цитокиндердің секрециясының ең жоғары деңгейі

ИЛ-3,4,5,6,9,10,13,ГМ-КСФ, хемокиндер

Олар-көбінесе, гемопоэзге қатысты цитокиндерді өндіретін строалық дәнекер тіндік жасушалар, қабыну үрдісіне қатысты цитокиндерді өндіретін моноциттер-макрофагтар және иммунды жауаптың антиген арнаулы бөлігінің дамуына жауапты лимфокиндерді өндіретін лимфоциттер.

Қалыпты жағдайда стромалық жасушалар цитокиндерді аз мөлшерде өндіреді.Зақымдау және патогендік факторлар болмаса цитокиндердің өнімі қан түзу жасушаларымен тікелей әсерлесу нәтижесінде қоздырылатын сияқты.Бактериялдық өнімдер цитокиндердің синтезін белсенді түрде күшейтеді.Қан түзу ағзаларымен шектелмей,сонымен қатар,агрессия ошақтарының барлығында қан түзудің экстрамедулярлық ошақтарының қалыптасуы байқалады.Осындай белсенділік қоздырылған терінің және шырышты қабаттардың эпителиалдық жасушаларыфнда да байқалады.Миелоидтық-моноцитарлық жасушаларының цитокиндерді (монокиндерді) өндіруі, көбінесе, бактериалдық өнімдердің әсерінен болады.Сонымен қатар оны метаболиттер, цитокиндердің өздері,пептидтік факторлар, ролиэлектролиттер, қоршаған жасушаларымен әсерлесу,адгезия мен фагоцитоз процестері қоздыра алады.Моноциттер мен макрофагтардың цитокиндерінің гендері 1 сағаттың ішінде белсенеді, нәтижесінде цитокиндер тез арада ортада пайда болады.Аталған жасушалалардың цитокиндерінің ішінде қабынудың дамуына қатысатын факторлар басым кездеседі.Оларды монокиндер деп атайды.

Лимфоциттер цитокиндердің (лимфокиндердің) продуценттерінің үшінші тобын құрайды.Лимфоциттердің барлық түрлері цитокиндерді өндіре алса да, CD4- хелпер жасушалары олардың «мамандалған» өндіроушісі болып табылады.Қоздырылмаған лимфоциттер гуморалдық факторларды өндірмейді.Жасушалардың қоздырылуы антиген байланыстырушы рецепторлары мен корецепторлардың әрекеттесуінің нәтижесінде басталады.Лимфокиндердің алғашқысы – ИЛ-2-Т-жасушаларының цитоплазмасында стимуляциядан кейін 2 сағатта пайда болады, ал басқа лимфокиндер белгілі тәртіп бойынша кейінірек пайда бола бастайды:ИЛ-4-4 сағаттан кейін, ИЛ-10-6сағаттан кейін, ИЛ-9-24 сағаттан кейін.Әр цитокиннің өнімінің ең жоғары деңгейі әр уақытта байқалады:ИЛ-2-12сағаттан кейін,ИЛ-4пенИЛ5-48сағаттан кейін,ИЛ-9 бен IFN-y-72 сағаттан кейін.

Бұл тәртіп Т-хелперлердің пісіп жетілу үрдістерінің көрсеткіші болып келеді. «Аңқау» CD4- жасушалары стимуляцияға жауап ретінде тек қана ИЛ-2-ні өндіреді,содан кейін,Тх0ге айналып, бірқатар цитокиндерді аз мөлшерде бөле бастайды.Жалғасқан (немесе қайталама) қоздыру нәтижесінде Тх0 ТЬх1 мен Тх2 болып бөлініп, мембраналық фенотиптері бойынша айырмашылықтары болмаса да, әр қайсысы өзіне ғана тән цитокиндердің спектрін өндіреді (№2- ші кесте).

2-ші кесте.Т-хелперлердің түрлері және олардың

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]