Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
immundy_1179_zha_1171_daydy_ba_1171_alau__1241_disteri.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
276.99 Кб
Скачать

13 Кесте. Әртүрлі жасушалық рецепторларға арналған моноклонды антиденелер

Антиген

Танушы жасушалар

СD1

Кортикалды тимоциттер

CD3, CD2

Т-лимфоциттер

CD4

Т-хелперлер, моноциттер

CD5

Т-лимфоциттер және В-лимфоциттер

CD7

Т-жасушалар

CD8

Т-супрессорлар/цитотоксикалық Т-лимфоциттер, NK-жасушалары

CD10

Лимфобласттар

CD11b

Комплементтің С3 компонентінің С3bi-рецепторы

CD13

Ерте миелоидты жасушалар

CD14

Гранулоциттер, моноциттер

CD15

Гранулоциттер

CD16

NK-жасушалары, моноциттер, гранулоциттер

CD17

Гранулоциттер, моноциттер, тромбоциттер

CD18

Лейкоциттер

CD20

В-лимфоциттер

CD21

В-лимфоциттер

CD22

В-лимфоциттер

CD24

В-лимфоциттер, гранулоциттер

CD25

Интерлейкин-2 рецепторы

CD45 RA

В-лимфоциттер, Т-лимфоциттер (40%), NK-жасушалары

CD50

Лейкоциттер

CD54

(ICAM-1)

Цитокинмен белсендірілген эндотелий және т.б. жасушалар

CD56 (N-CAM)

NK-жасушалары, кейбір Т-лимфоциттер

CD71

Трансферрин рецепторы

CD72

В-лимфоциттер

CD95 (FAS)

Апоптозға дайын жасушалар маркері (FAS – рецептор)

Моноклонды антиденелердің қолдану аймағы әртүрлі болуы мүмкін, мысалы, қан нәруыздарына, гормондарға, арнайы антиген тіндеріне, мүшелерге, ісік және қалыпты жасушаларға, вирустарға, бактерияларға, паразиттерге, химиялық қосылыстарға және т.б. қарсы антиденелер болуы мүмкін.

Иммунды талдаудың қазіргі кездегі әдістері

Иммундық талдау дегеніміз антигеннің антиденелермен әрекеттесуімен негізделген, ерігіш заттардың сапалық және сандық анықтау әдістері (яғни, иммунологиялық тану). Түзілген антиген-антидене кешені, алдын ала антиденемен немесе антигенмен конъюгацияланған, арнайы белгілер арқылы анықталады. (41-ші сурет).

Құралдар тек қана «көрмейді», сонымен бірге белгілердің санын өлшейді. Белгілер ретінде, белгілі жағдайларда құрал немесе адамның көзі арқылы көрінетін заттар қолданады. Оларға жататындар:

  • Радионуклеидтер, бұл жағдайда талдауды радиоиммундық деп атайды (РИТ);

  • Түсті немесе флюоресцентті өнімдерді түзу арқылы субстраттың айналуын катализациялайтын ферменттер. Осындай талдауды иммунды ферменттік (ИФТ) немесе, иммунофлюоресцентті деп атайды;

  • Флюоресцентті немесе люминесцентті заттар және т.б.

Радиоиммундық талдау әдістері (РИТ) өткен ғасырдың 70-шы жылдарында дайындалған. Бұл әдістер сұйық ортада болатын, төменгі концентрациядағы (нанограммды, кейбір кезде пикограммды санын) әр түрлі қосылыстардың, соның ішінде антиденелердің, антигендердің, цитокиндердің, рецептордың ерігіш түрінің, нәруызды және стероидтық гормондардың және т.б. дәл санын анықтау үшін өте қажет.

РИТ жүйеге енгізілген, антигендерге қарсы арнайы антиденелердің шектелген санына, зерттелетін (белгіленбеген) антигеннің белгіленген антигеннің (антигенді 131І, 3Н изотопымен белгілейді) қажет санымен бәсекелесу феноменімен негізделген. Зерттелетін сұйықтықта анықталатын антиген көп болса, онда белгіленген антиген антиденелермен аз байланысады. Неғұрлым зерттелетін сұйықтықта анықталатын антиген саны көп болса, соғұрлым аз мөлшерде белгіленген антиген антиденелермен байланысады және де көп мөлшерде ерітіндіде қалады.

Иммунды ферменттік талдау (ИФТ). Бұл әдіс, РИТ-тің қағидасына сәйкес негізделген, тек бұл кезде радиоактивті бегілердің орнына ферментті (хрен пероксидазасы, сілтілі фосфатаза, глюкозидаза) қолданады. Осы ферменттің әсерінен, бояуы өзгерген субстраттың негізінде, серпіліске түскен белгіленген антидене немесе антигеннің саны анықталады. ИФТ сынама-жүйесінің антиденелері (поликлонды және әсіресе моноклонды) үшін аналитикалық нысана ретінде А, М, G, Е иммуноглобулиндері, гормондар (нәруыздық және стероидты табиғаты бар), тасымалдаушы және құрылымдық нәруыздар, липопротеиндер, гликопротеиндер және көптеген басқа да жоғары молекулалық биологиялық қосылыстар болып табылады.

Сезімталдығы және арнайылығы бойынша РИТ және ИФТ ұқсас, себебі, осы көрсеткіштер белгілердің сапалығымен емес, антиденелер және антигендермен анықталады. Бірақ РИТ-ға қарағанда ИФТ кеңінен қолданады, себебі ИФТ үшін реагенттер мәнді:

  • Сақтау және тасымалдау кезінде тұрақты;

  • РИТ-ға қарағанда қауіпсіз, өйткені РИТ кезіндегі радионуклеидтерді қолданады. Ол үздіксіз сәулелендіреді, және оның радиациялық белсенділігі уақыт өте үздіксіз өзгереді, себебі нәруыздарды белгілеу кезінде радионулидті йод жиі қолданылады, оның ыдырау кезеңі қысқа болады және реагенттерді айына бір рет жаңартып отыру қажет;

  • Нәтижені субъективті (микроскопия) арқылы емес, аспап арқылы бақылау (фотометрия). Басқа иммунологиялық әдістермен салыстырғанда, ИФТ-ды қолдана отырып, техника жағынан оңай және тура талдауын көрсетеді. ИФТ-да нәтиженің өндірілуі және өнімділігі жоғары – бір уақытта 96 талдау жүргізуге болады.

ИФТ негізінде екі биологиялық феномен жатыр – антиденелердің жоғары арнайылығы (яғни, байланысқан антиген/эпитопты қатаң басқару қабілеті бар) және химиялық серпілістің ферменттермен көп мәрте күшейту.

Әдісті өңдеу үрдісінде ИФТ-дың гетерологиялық (қатты фазалық) және гомогенді варианттары құралған. Әдістің гомогенді варианты төменгі молекулалық заттарды анықтауға арналған, ол байланысу сипатына қарай, ферменттердің белсенділік айырмашылығын табуға негізделген. Гетерогенді вариантта антиген немесе антиденені қатты фазада иммоболизациялайды. Қатты фаза ретінде жиі қолданылатын пластик. Ол иммунологиялық серпілісте планшеттің лункаларын, қағаз немесе полимерлі пластинка – стрипттерді қолданады. Жұқпалы аурулар диагностикасында қатты фазалық иммунды ферменттік серпілістің қолданылуын жөн көрген.

Бүгінгі күнде барлық қолданылатын иммунологиялық зерттеу әдістері дәрігерлердің тәжірибелік қызметінде қызмет етеді:

  • Дені сау және науқас адамдарда иммунды статусын нәтижесін анықтау үшін;

  • Науқастың иммундық жүйенің зақымдалу деңгейін анықтау үшін;

  • Келесі тексерулерге дейін науқастың екіншілік иммундық тапшылық жағдайының себебін анықтау үшін;

  • Иммунитетті реттеу үрдісі кезінде зақымдалған иммунологиялық параметрлердің қалпына келтіруін бақылау үшін;

  • Жұқпалы аурулардың сатысын анықтау (жедел сатысын, вирустың белсенді репликация сатысын, созылмалы сатысына ауысуын, созылмалы жұқпалардың өршуін, анық клиникалық симптоматикасы жоқ жасырын жұқпалы патологияны, бұрын жұқпамен ауырған нәтижесінде қан сарысуындағы IgG деңгейінің динамикасымен, егуден кейінгі иммунитет және т.б.) ПТС берілген нәтижесі бойынша (биологиялық материалда антидене және антигеннің болуы) үшін;

  • Аллергиялық жағдайлардың дамуында этиологиялық факторларды анықтау (НЗК сынамасы арқылы жұқпаны да, сол сияқты аллергенді) дұрыс диагноз қою мақсатында (жұқпалы, жұқпалы емес немесе аллергиялық патологиялық) және терапияда дұрыс емдеу тактикасын қолдану үшін;

  • Генетикалық бөтентекті тіндерді немесе мүшелерді трансплантацияға дайындау және кейін тұрақталуын, қызметін атқаруы бойынша иммунологиялық бақылау жүргізу, иммундық депрессиялық терапияны тағайындау үшін.

Соған байланысты, қазіргі уақытта әртүрлі аурулар кезінде иммунитеттің жасушалық және гуморалды звеносының иммунологиялық көрсеткіштерін, фагоцитоз, комплемент жүйелерінің қызметін, цитокиндердің деңгейін, сонымен бірге ИФТ, ПТС, ИФС, ТИФ, НЗК, РАСТ және басқа да әдістердің нәтижелерін анықтау жүргізілуде. Міндетті түрде, иммунологиялық зерттеу әдістерінің диапазоны кеңейеді және жаңарады.