Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akdana.docx
Скачиваний:
180
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
195.34 Кб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сәрсенбаев Т. Қазіргі саяси процесс. Алматы, 2009 ж.

2. Ларри З. Демократия в Европе. М., 2001г.

3. Майлыбаев Б.А. Современный политический процесс в Казахстане и России: срав.анализ. М.,1998г.

4. Казахстанская политологическая энкциклопедия / Центр политических исследований: КазГНУ им. Аль-Фараби. Кафедра политологии.-Алматы: Қазақстан даму институты. 1998.

5. Кушербаев К.Е. Этнополитика Казахстана: состояние, перспективы. Алматы, 1996.

6. Политическая наука: новые направления – Под, ред. Р. Гудина.

7. Сыздықова С.М. Қазақстан: адамның жеке басы мен еркіндігін қорғау саясаты. А., 2010. –211 б.

8. Пугачев В.П.., Соловьев А.И. Введение в политическое обновление Казахстана: тенденции и перспективы. Алматы, 1996г.

9. Сарсенбаева Ж.Ғ. Қазақстан: билік жүйесін демократияландыру саясаты. Алматы, 2007 ж.

8- тақырып. Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару.

Дәріс мақсаты:

1. Демократия концепциясының тарихи эволюциясы.

2. Қазақстан қоғамын демократияландыру мәселелері.

3. Президенттік-парламенттік Республика және демократия.

Негізгі ұғымдар:

Конституция, демократия, декларация, егемендік, либерализм, резиденция, республика, сайлау жүйесі, сайлау құқығы, сайлау науқаны, референдум, сайлаушы, саммит, тұжырымдама, хартия, центризм, электорат, мандат, манифест, мораторий, можаритарлық жүйе, петиция, президент, пресс-конференция.

Дәріс мазмұны:

Демократия ұғымы «демократия» (demos-халық, kratein-билік жүргізу) – грек тілінде «халық билігі» деген ұғымды білдіреді. Қазіргі кезеңде мемлекеттің түрін де, саяси жүйесін де, азаматтардың еркіндігін де білдіреді. Бұл ұғым ғылымда кӛп уақыт Аристотель ұстанған түсінікті басшылыққа алған. Платон мемлекеттік құрылымның үш түрін ажыратып кӛрсеткен: монархия, аристократия, демократия. Ол демократияны монархия мен аристократияның арасында болады деп түсінген. Демократиялық мемлекеттің ең бірініші түріне Афина республикасы жатады. Ол б.з.д. V ғ. пайда болды. Онда жоғары билік ұдайы шақырылып тұратын халық кеңесінің қолында еді. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты барлық мәселелерді шешетін.

Антикалық демократия тура демократияға жатады. Әрбір еркін азамат мемлекеттік билікке қатысуға құқықты және міндетті болатын. Кейіннен бірте-бірте Афина Республикасы кӛпшілік тираниясына, охлократияға айналып кетті. Оған себеп: мүлік теңсіздігінің күшеюі, қара тобырдың ықпалының күшеюі, адамгаршілік қасиеттердің құнсыздануы және т.б. Құлдардың, әйелдердің, басқа қалалардан Афинаға кӛшіп келгендердің құқығы болмады. Кӛшіп келгендердің жеке бастары бос болғанымен халық кеңесіне, сотқа қатыстырылмады.

Орта ғасырларда саяси ой-пікір демократияны басқаша түсіндірудің жолын, яғни монархқа сенім білдірген халық билігін іздестірген. Басқаша айтқанда, корольдік билікті демократиялық легитимациялауға тырысқан. Кейінірек, яғни жаңа заманда халықтың суверендік заңды билік идеясы жетілдірілген. Ол бойынша билік халық атынан Парламентке берілуі тиіс делінген. Осыдан келіп ӛкілетті демократия идеясы пайда болған. Халық және билік суверенитеті туралы ұғым қалыптасқан.

Қазіргі кездегі демократиялық жүйелер 18-19 ғасырдағы либералдық басқарудың тікелей және жан-жақты ықпалынан бастау алады. Оның либералдық демократиялық ой-пікірді дамытудағы рӛлі күшті. Осыған байланысты туындаған идеялық және саяси ағымдар жеке адамның еркіндігін және оны мемлекеттік тираниядан қорғауды кӛздеген.

Бүгінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамашылығымен ұлттық демократиялық бағыт алға басуда. Бұл жолдың демократияның батыстық үлгісінен принципті ерекшеліктері бар. Бірақ, бұл жерде айта кету керек, батыстық либералдық демократия конституционализм, билік бӛілінісі, индивидуальді еркіндік, адам құқы, азшылық автономиясы сияқты жағымды негізгі құндылықтармен ерекшеленеді. Соның бірі – плюралистік демократия деп аталады. Себебі, ол кӛптүрлі қоғамдық мүддеге және оның түрліше білдірілуіне (саяси партиялар ассоцияциялар мен бірлестіктер, қоғамдық қозғалыстар және т.б.) негізделеді. Плюралистік демократия концепциясы бойынша қазіргі демократиялық мемлекетте жеке адам да, халық та емес, топ ғана басты қозғаушы күш балып табылады, ал индивидтің топсыз ӛміршеңдігі жоқ, абстракция ғана.

Қазақстандағы процестің ерекшелігіне келетін болсақ, демократияның жалпы танылған принциптері сақталынуда: биліктің нақты бӛлінісі; заңның үстемдігі; азаматтық қоғам институттарының дамуы; саяси партиялардың бәсекелестігі. Осы негізде Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев демократияны дамудың 2011 жылға дейін үлкен бағдарламасын бекітті. Бұл бағдармала қоғамдық сараптаудан ӛткізілуде. Қазақстандағы демократия қалай болғанда да Данияға немесе Швецияға ұқсамайды. Біздің демократия Батыс елдеріндегі демократияны айнытпай, кӛзсіз кӛшіріп алмайды. Міне, олай болса демократияның жалпы әлем таныған принціптерін басшылыққа алумен қатар, Қазақстанның ӛзіндік демократияландыру ерекшеліктері болатыны сӛзсіз. Бұл ретте жалпы принциптерді және ерекшеліктерді Қазақстан ұштастыра жүзеге асыратын болады.

Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде қалыптасты, енді ел азаматтарының жоғары демократиялық және құқықтық жағдайларға қол жеткізулері керек. Басқаша айтқанда конституцияда кӛрсетілген демократиялық және ізгілік нормаларын одан әрі жүзеге асыру міндеттері тұр.

Қазақстан Республикасы президенттік-парламенттік басқару жүйесіне кӛшті. Дегенмен Президенттік билік барлық билік тармақтарының тепе-теңдігін және үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз етіп отырады. Президент саяси жүйеде әлі де болса шешуші функцияны атқаратын болып қалып отыр. Парламентті тарату, Үкіметті жасақтау секілді, президенттік биліктің негізгі кӛздері бұрынғыша сақталады. Бірақ, бұрын президент тұтас Парламентті тарата алатын, енді ол мәжілістің жеке ӛзін тарату құқығына ие болды.

Демократияның әр елде ӛзінің ерекшелігі болатыны белгілі.