Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

222

.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
158.21 Кб
Скачать

Қылмыстық істерді қозғауда прокурорлық қадағалау Прокурордың қылмыстық іс жүргізуді қадағалауы, жариялық және демократия қағидаттарын одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ететін сот – құқықтық реформасын іске асырудың басты негіздірінің бірі болып табылады. Соттарда қылмыстық істерді қару кезінде заңдылықтың орындалуын қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурорлар ҚР Конституциясының, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексін, «Қазақстан Республикасының прокуратура туралы » Заңының, сондай – ақ ҚР Бас прокурорының бұйрықтары мен нұсқауларының талаптарын басшылыққа алады. Прокурорлар сондай – ақ, қылмыстық істерді қарау барысында туындайтын мәселелер бойынша заңдарды қолдану туралы ҚР Жоғарғы Соты Пленумының түсіндірмелерін де басшылыққа алуға міндетті.Заң тергелген қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауын тағайындау жайында қабылданған қаулының заңдылығы мен негізділігінің барлық жауапкершілігін судьяға, және тек қана оған жүктейді. Қылмыс фактісін анықтағанда прокуратура қылмыстық іс қозғайды, оны сотқа жібереді және мемлекеттік айыптаушы ретінде көрінеді. Сонымен бірге прокурордың сезіктіні қамауға алуға, тінту жүргізуге рұқсат беруге, заңнамалар талаптарын бұзуға әкелуі мүмкін, жұмыстағы кемшіліктерді жоюға лауазымды адамдарға міндетті болатын жазбаша нұсқаулар беруге құқы бар. 

Қылмыстық істерді қозғаудың заңдылығына қадағалау Қылмыстық iс қозғаудың заңды болуын қадағалай отырып, прокурор: 1) анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушiнiң қылмыстық iс қозғау туралы қаулысының күшiн жоюға және қылмыстық iс қозғаудан бас тартуға немесе материалдарды қосымша тексepy үшiн iс жүргiзуге жiберуге; 2) анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушiнiң қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулысының күшiн жоюға және қылмыстық iс қозғауға; 3) анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушiнiң қылмыстық iс қозғау туралы қаулысының күшiн жоюға және егер қылмыстық iс бойынша тергеу iс-әрекеттерi жасалған болса, оны тоқтатуға құқылы.

Қылмыстық істерді сотта қарау барысындағы прокурорлық қадағалаудың түсінігі мен міндеттері Соттарда істер талқылауына қатысушы прокурорлардың алдында тек іс жүргізу ғана емес, сондай – ақ сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі заңдылықтың маңызды кепіілі ретінде, соттарда заңдардың орындалуының әлеуметтік маңызын қадағалау міндеті тұрады. Прокурор өзінің сот талқылауына қатысуымен сотта дәлелдемелерді толық, жан – жақты және объективті зерттелуіне, сотталушы ретінде жауапқа тартылған адамның кінәсін анықтауға, оның жасаған қылмысына дұрыс баға беруге, сотталушыға заңмен негізделген әділ жаза тағайындауға, заңды шешім шығаруға көмектеседі. Прокурор сот процесіне қатысып және мемлекет мүддесін білдіре отырып, сот трибунасын қылмыс жасаған адамды жалпыға бірдей сотталуына, сот талқылауының үнемі тәрбилік рөлді орындауына, түрлі сот процестерінен тиесілі қорытындылар шығаруға пайдалануы керек. Прокурордың қылмыстық іс жүргізуді қадағалауы, жариялық және демократия қағидаттарын одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ететін сот – құқықтық реформасын іске асырудың басты негіздірінің бірі болып табылады. Мемлекетте заңдардың дәл және біркелкі орындалуын қадағалау органы бола отырып, прокуратура азаматтардың құқықтары мен заңды мүделерін, сот процестерінің мәденитін қорғайды; қазіргі кезде оның тәрбиелік рөлі де жоғарлады. Республика соттарында заңдылық біршама нығайтылды. Соттарда қылмыстық істерді қару кезінде заңдылықтың орындалуын қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурорлар ҚР Конституциясының, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексін, «Қазақстан Республикасының прокуратура туралы » Заңының, сондай – ақ ҚР Бас прокурорының бұйрықтары мен нұсқауларының талаптарын басшылыққа алады. Прокурорлар сондай – ақ, қылмыстық істерді қарау барысында туындайтын мәселелер бойынша заңдарды қолдану туралы Қр Жоғарғы Соты Пленумының түсіндірмелерін де басшылыққа алуға міндетті. Қр процессуалдық заңы, прокуратура туралы Заңы прокурорлардың сотта мемлекет мүдесін білдіру кезіндегі өкілеттігін, сондай – ақ заң бұзушылықтарды жоюға бағытталған прокурорлық шара қолдану жолдарын да анықтытайды. Қылмыстық, азаматтық және өзге де сот өндірісін жүргізу кезінде сотта мемлекет мүддесін білдіре отырып, прокурорлар өз құзыреті шегінде: істі басты сот талқылауына дайындау кезінде судья шешімінің заңдылығы мен негізділігін тексередеі; мемлекеттік айыптаушы ретінде шығады; басты сот талқылауы барысында туындаған мәселелер бойынша қорытындылар береді; мемлекеттік және қоғамдық мүдделерін, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау талап етілсе, талаптар қояды, оларды сотта қолдайды, соттың заңсыз және негізсіз үкімдеріне, ұйғарымдары мен қаулыларына наразылық келтіреді, наразылықтар және шағымдар бойынша қаралватын қылмыстық істерген кассасиялық және қадағалау сатыларында қорытындылар береді, соттың үкімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларынның уақытылы орындалулары мен заңдылығын тексереді, соттың үкімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларының уақытылы орындалуларын қадағалауды жүзеге асырады, соттың үкімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қайта қарау немесе жаңадан ашылған мән – жайларға байланысты қылмыстық істерді жаңғыртуға заңмен қарастырылған жағдайларда шаралар қолданады. Соттардың барлық сатыларында нақты істерді қарау кезінде жіберілген заң бұзушылықтар мен бұзылған процесс нормаларын прокурорлар мынадай түрлі тәсілдермен анықтаулары мүмкін: сотта прокурордың қатысуынсыз қаралған істер бойынша үкімдердің заңдылығы мен негізділігін тексеру; прокурорлардың соттардағы кассациялық және қадағалау сатыларына қатысулары; өтініштің уақытылығын және дұрыстығын тексеру; үкімді орындалуға келтіру; белгілі бір кезеңдегі істер бойынша немесе қылмыстық істердің жеке санаттары бойынша сот тәжірибесін қорытындылау. Қылмыстық істерді қарау кезінде заңдылықтың сақталуын қадағалаудың мәнін құрайтын аталған заң бұзушылықты анықтаушы құқықтық құралдар мен анықталған заң бұзушылықтарға прокурорлық шара қолдану құралдары бір – бірімен табиғи байланысты, олар қылмыстық сот өндірісінің демократиялық қағидаттарымен және онда мазмұндалатын заң қағидаттарымен тролық сәйкестікте болады. Қылмыстық, азаматтық, шаруашылық, әкімшілік істерді сот төрелігіне жіберу жөніндегі соттың қызметінде үлкен тәрбиелік ықпалы бар. Прокурор істерді сотта қарау кезінде заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге асырмайды, тек сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін қадағалайды деген қорытынды ҚР Конституциясына және өзге заңдарға сәйкес келмейді. Сотта прокурорлық қадағалаудың мәні тек сотпен шығарылған шешімдердің заңдылығы ғана емес, сондай – ақ сот құрамының, оның ішінде сотталушының, оның қорғаушысының, жәбірлекнушінің, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің, сарапшы мен куәлардың материалдық және құқықтық іс жүргізу нормаларын дәл және біркелкі орындау болып табылады.

Прокуратура органдарының алдында тұрған міндеттер Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері өзара тығыз байланысты. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты деп, түтас алғанда прокуратураның барлық қызметтері бағытталған жетістіктерінің нәтижесі, соның ішінде оның маңызды функциясы прокурорлық қадағалау болып түсіндіріледі. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты прокуратураның мәртебесімен, мемлекеттегі оның алатын орны және рөлімен анықталады. Нәтижесінде, олар ҚР Конституциясымен, прокуратура туралы заңмен, ҚР прокуратура органдарының қызметтерін реттейтін басқа заң актілерімен анықталады. Прокурорлық қадағалаудың міндеттері өте көп және бір-бірінен деңгейі, мазмүны, шешімдерінің қүралдары, осы міндеттерді шешетін және алға қоятын прокуратура органдарының қүзыреті бойынша бөлінеді. Прокурорлық қадағалаудың міндеттер үш түрге бөлінуі мүмкін: жалпы, арнаулы жәнежеке (накты). Аталған міндеттер бір-бірімен өзара байланысты және әр деңгейде. Жеке міндеттерді шешу (ең төменгі деңгей) прокурорлық қадағалаудың арнаулы міндеттерін шешуге себепші болады. Өз кезегінде арнаулы міндеттерді ойдағыдай шешу прокурорлық қадағалау міндеттерінің ең жоғары деңгейі жалпы шешімдерге бағынышты. Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері ҚР Конституциясымен, Прокуратура туралы ҚР Заңымен, бірқатар басқа нормативті-қүқықтық актілерімен, мысалға, ҚІЖК, АІЖК-мен анықталады. Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері жоғары қадағалауды іске асырудан түрады; оларға мына республиканың Конституциясы мен заңдарына кайшы келетін заңдар өзге де қүқықтық актілерге наразылық жасау; сотта мемлекеттің мүддесін білдіру және сот актілерінің заңдылығын қадағалауды іске асыру; заңда белгіленген жагдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыру;- мемлекеттік-қүқықтық статистика қүру және қүқықтық статистикасаласында қадағалауды іске асыру. Прокуратураның қадағалау функцияларын орындайтын әрбір прокурор жалпы міндеттерді шешеді. Прокурорлық қадағалаудың орындалуына қадағалауды жүзеге асыратын зандардың мазмүнымен ерекшеленетін бірнеше бағыттардан түрады. Осыған сәйкес, прокурордың алдында толығымен түрған жалпы міндеттер осы бағыттардың әрқайсысының да міндеттері болып табылады. Жалпы міндеттер толығымен тек прокурорлық қадағалау қызметінде ғана шешілуі мүмкін. Прокурорлық қадағалаудың әрбір біртүтас бағыты (саласы) жалпы міндеттерді шешу кезінде өз үлестерін қосады. Осы үлестің көлемі мен мазмүны прокурорлық қадағалаудың нақты бағыттарының (салалармен) алдында түрған арнаулы міндеттерімен анықталады. Олардың мәні жалпы міндеттерден шығады және әрбір прокурорлық қадағалау бағыттарындағы прокурорлардың қүзыретімен анықталады. Арнаулы міндеттер көбінесе Бас прокурордың шығарған бүйрықтарымен және езге де қүқықтық актілермен реттеледі. Көбінесе, бүл міндеттер тергеу және анықтауды қадағалау саласында ҚР Бас прокурорының 2001 жылғы 19 шілдедегі № 88 "прокурорлық қадағалау деп аталатын саласында "алдын ала тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалауды үйымдастыру туралы" бүйрығында анықталған. Прокурорлық қадағалаудың жалпы және арнаулы міндеттерін шешу кезінде прокурор прокурорлық қадағалаудың белгілі жеке міндеттерін қою отырып, және оларды шешу барысында прокурорлық қадағалаудың қүқықтық қүралдарын қабылдау жолымен іске асырылады. Бүл міндеттер ғылымда прокурорлық қадағалаудың жалпы және арнаулы міндеттері болып бөлінеді. Олар жалпы және арнаулыға қарағанда, барынша әртүрлі және көпжақты. Жеке міндеттер прокурорлық қадағалаудың бағыттарына (салаларға), қолданатын прокурорлық қүралдарға, прокурордың қадағалау қызметін іске асыратын нақты жағдайларына қарай ерекшеленеді. Әдетте, жеке және нақты міндеттер Бас прокуратураның, облыстық және аудандық деңгейіндегі прокуратуралардың жүмыс жоспарларында белгіленеді. Прокурорлардың өз міндеттерін орындау заңмен берілген қүқықтарды іске асыру жолымен жүргізіледі.

Прокуратура органдарының жумыстарын жоспарлау прокуратура органдарының жұмысын жоспарлау – прокуратура органдарының алға қойған міндеттерін іске асыруда бір-бірімен тығыз байланысты атқаратын қызметтерінің жиынтығы. Прокуратураның жұмысының нәтижесі мен алға қойған мақсатының орындалуы алдымен прокурорлық қадағалаудың негізгі бағыттарын іске асырудағы қызметінің дұрыс, өз деңгейінде ұйымдастырылуында байланысты, олар: прокурорлық қадағалау, қылмыспен және басқа құқық бұзушылықпен күресте құқық қорғау органдарының жұмысын үйлестіру. Прокуратура оргндарының жұмысын жоспарлау республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен Президенттің прокуратура органдарының алдына қойғн тапсырмаларына сай жүргізіледі. Прокуратура оргндарының жұмысын жоспарлау, басқару әдісі, түрі үнемі өсіп, нығайып, дамып отырғанда ғана барлық прокуратура алдарына қойған міндеттерін заман талабына сай іске асыра алады. Мұнда ұйымдстырушылық бағыты – төменгі және жоғарғы тұрған прокуратуралардың басқару субъектілері мен объектілерінің қатынастарның дамуымен айқындалып отыратындығында. Мұндай қатынастар барлық прокуратурлардың орталықтандырылуымен қатар, олардың алдарына қойған міндеттерді орындауындағы еркіндігі. Бұл міндет Бас прокуратура ен төенгі тұрған прокурорлардың жұмыс жоспарларымен іске асады. Мақсаты мен орындалу ерзіміне қарай прокуратура оргадарының жұмыс жоспары перспективалы және ағымдағы прокурорлық қадағалауды жүзеге асыруға қарай түзіледі. Әр прокуратура өзі қадағалау жасайтын аумақтағы заңдылықтың сақталуы мен қылмыстың деңгейіне қарай жұмысын жоспарлаумен қатар, жоғары тұрған прокуратураның орындалуы барлық пркуратураларға жүктелген жоспарын негізгі алады.

Прокуратура органдарының міндеттері және дамы жолдаы Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері өзара тығыз байланысты. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты деп, түтас алғанда прокуратураның барлық қызметтері бағытталған жетістіктерінің нәтижесі, соның ішінде оның маңызды функциясы прокурорлық қадағалау болып түсіндіріледі. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты прокуратураның мәртебесімен, мемлекеттегі оның алатын орны және рөлімен анықталады. Нәтижесінде, олар ҚР Конституциясымен, прокуратура туралы заңмен, ҚР прокуратура органдарының қызметтерін реттейтін басқа заң актілерімен анықталады. Прокурорлық қадағалаудың міндеттері өте көп және бір-бірінен деңгейі, мазмүны, шешімдерінің қүралдары, осы міндеттерді шешетін және алға қоятын прокуратура органдарының қүзыреті бойынша бөлінеді. Прокурорлық қадағалаудың міндеттер үш түрге бөлінуі мүмкін: жалпы, арнаулы жәнежеке (накты). Аталған міндеттер бір-бірімен өзара байланысты және әр деңгейде. Жеке міндеттерді шешу (ең төменгі деңгей) прокурорлық қадағалаудың арнаулы міндеттерін шешуге себепші болады. Өз кезегінде арнаулы міндеттерді ойдағыдай шешу прокурорлық қадағалау міндеттерінің ең жоғары деңгейі жалпы шешімдерге бағынышты. Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері ҚР Конституциясымен, Прокуратура туралы ҚР Заңымен, бірқатар басқа нормативті-қүқықтық актілерімен, мысалға, ҚІЖК, АІЖК-мен анықталады. Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері жоғары қадағалауды іске асырудан түрады; оларға мына республиканың Конституциясы мен заңдарына кайшы келетін заңдар өзге де қүқықтық актілерге наразылық жасау; сотта мемлекеттің мүддесін білдіру және сот актілерінің заңдылығын қадағалауды іске асыру; заңда белгіленген жагдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыру;- мемлекеттік-қүқықтық статистика қүру және қүқықтық статистикасаласында қадағалауды іске асыру. Прокуратураның қадағалау функцияларын орындайтын әрбір прокурор жалпы міндеттерді шешеді. Прокурорлық қадағалаудың орындалуына қадағалауды жүзеге асыратын зандардың мазмүнымен ерекшеленетін бірнеше бағыттардан түрады. Осыған сәйкес, прокурордың алдында толығымен түрған жалпы міндеттер осы бағыттардың әрқайсысының да міндеттері болып табылады. Жалпы міндеттер толығымен тек прокурорлық қадағалау қызметінде ғана шешілуі мүмкін. Прокурорлық қадағалаудың әрбір біртүтас бағыты (саласы) жалпы міндеттерді шешу кезінде өз үлестерін қосады. Осы үлестің көлемі мен мазмүны прокурорлық қадағалаудың нақты бағыттарының (салалармен) алдында түрған арнаулы міндеттерімен анықталады. Олардың мәні жалпы міндеттерден шығады және әрбір прокурорлық қадағалау бағыттарындағы прокурорлардың қүзыретімен анықталады. Арнаулы міндеттер көбінесе Бас прокурордың шығарған бүйрықтарымен және езге де қүқықтық актілермен реттеледі. Көбінесе, бүл міндеттер тергеу және анықтауды қадағалау саласында ҚР Бас прокурорының 2001 жылғы 19 шілдедегі № 88 "прокурорлық қадағалау деп аталатын саласында "алдын ала тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалауды үйымдастыру туралы" бүйрығында анықталған. Прокурорлық қадағалаудың жалпы және арнаулы міндеттерін шешу кезінде прокурор прокурорлық қадағалаудың белгілі жеке міндеттерін қою отырып, және оларды шешу барысында прокурорлық қадағалаудың қүқықтық қүралдарын қабылдау жолымен іске асырылады. Бүл міндеттер ғылымда прокурорлық қадағалаудың жалпы және арнаулы міндеттері болып бөлінеді. Олар жалпы және арнаулыға қарағанда, барынша әртүрлі және көпжақты. Жеке міндеттер прокурорлық қадағалаудың бағыттарына (салаларға), қолданатын прокурорлық қүралдарға, прокурордың қадағалау қызметін іске асыратын нақты жағдайларына қарай ерекшеленеді. Әдетте, жеке және нақты міндеттер Бас прокуратураның, облыстық және аудандық деңгейіндегі прокуратуралардың жүмыс жоспарларында белгіленеді. Прокурорлардың өз міндеттерін орындау заңмен берілген қүқықтарды іске асыру жолымен жүргізіледі.

Прокуратура органдарының пайда болуы және тарихи даму кезеңдері Тергеу мен сот істерінің заңдылығын қадағалау органы болып прокуратура бірінші рет XII-XIV ғ Францияда құрылған. «Прок»латын сөзі,қамқорлық жасаймын,қамқор боламын немесе басқарамын деген мағынаны білідіреді.Көне Римнің өзінде прокурорлар азаматтардың соттағы істеріне қатысып,олардың сот ісіне байл.шаруашылықтарын басқарған.Қазақстан прокуратурасының тарихы Ресей прокуратурасымен тығыз байланысты.Ресейде прокуратура 1 Петр тұсында дүниеге келген.Ол мемлекетте заңдардың қолданылуына қадағалау жасап,қылмыспен күресті іске асыратын біо органның қажеттілігін ескеріп,1712 ж 12 қаңтардағы Жарлығымыен прокуратура органын құрған.қазақстан прокуратурасының құрылуының алғашқы сатысы 1922 ж 13 шілдесінен, яғни сол күні Орынборда Қазақ автономиялық Республикасы Орталық Атқару Комитетінің 2-ші шақырылған 3-ші сессиясы қаулысымен «Прокурорлық қадағалау туралы»Ереже беітіліп,Әділет халық комиссириатының құрамына енген прокуратураның құрылуынан басталады.Қазақстан прокуратурасының дамуынынң екінші сатысы 1933 ж оның қызметінің еңеюінен басталады деп тұжырымдауға болады.1933 ж 20 маусымында СССР Орталық атқару комитетінің қаулысымен СССР прокуратурасы құрылып,оны Орталық атқару комитеті тағайындайтын СССР Бас Прокуроры басқаратын болды.1936 ж 5 желтоқсанда Кеңестер одағының жаңа Конституциясы қабылданып,оның IX тарауы «Сот және прокуратура »деп аталып,прокуратураға жалпы қадағалау жүргізу және прокуратура өз өкілеттілігін жүзеге асыруда ешбір мемлекеттік органға тәуелді болмау құқығы берілді.19.03.1946ж қабылданған Заңға сәйкес СССР Прокуроры СССР Бас Прокуророы деп аталды.1961 ж Қащақ Кеңестік Социалистік Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексі қабылданып,ол бойынша тергеу жүргізу қққығы прокуратура ,Ішкі Істер және мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдарына заңмен берілді.Прокуратураның ары қарай даму сатысы Қащзақстанның егемендігін нығайтуға байланысты мемлекеттің жаңа құрылысы принциптерімен,халықаралық құқықтық кеңістіпен тығыз байланыста жүзеге асуда.1991ж 6 желтоқсанда Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы Жоғары кеңесінің «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының прокуратура органдарының біртұтас жүйесін құру,тәуелсіздігі мен еркіндігін қамтамасыз ету жөніндегі»Қаулысымен Қазақстан ССР бАс прокурорына бағынатын біртұтас прокуратура органдары жүйесі құрылды.1992 ж 17 қаңтарда ҚР Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен қабылданған «ҚРдағы прокуратура туралы»Заңмен прокуратура Жоғары Кеңеске есеп беретін,заңдардың қолданылуына жоғарғы қадағалау жасайтын орг болып қалыптасты.Прокуратура органдарын реформалаудың негізгі принциптері 1995 ж 30 тамызда қабылданған ҚР Конституциясы мен 21.12.1995ж қабылданған Заңды күші бар «ҚРдағы прокуратура туралы»Президент жарлығында бекітілді.

Прокуратураны ұиымдастыру және кізметінің қағидаттары Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгi прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бағынатын органдар мен мекемелердiң бiртұтас орталықтандырылған жүйесiн құрайды. Бұл қағидат барлық буындағы прокурорлардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің тұтастығын білдіреді және заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыру нысандары мен әдістерінің, тәсілдерінің ортақтығымен, анықталған заңды бұзуға прокурорлық қадағалау кою құралдарының, сондай ақ заңды бұзудың жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдау тұтастығымен айқындалады. Тұтастық қағидаты жоғарғы тұрған прокурордың өз ұқықтарын төмен тұрған прокурорға беру, сондай ақ өзіне төмен тұрған прокурордың өкілеттігін қабылдауға құқылы ережелерді айқындайды. Қазақстан Республикасының прокуратурасы өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президентiне ғана есеп бередi. Оның мәні әрбір прокурордың өз қызметінде тәуелсіз болуынан және оған жүктелген міндеттерді орындау кезінде заңдарды және оларға сәйкес шығарылатын Бас прокурордың нсқаулары мен бұйрықтарын басшылыққа алудан тұрады. Прокурор оның қадағалау қызметіне қандай да болмасын орталық немсе жергілікті органның араласуынан қорғалған. Қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәуелсіздігі қағидатның мемлекеттік және саяси аса маңызы зор, осы қағидатты сақтаған кезде ғана прокуратура мемлекет қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізе алады. Осы қағидатты жүзеге асыруды ұйымыдастыру арқылы, прокурорлық кадрларды тағайындау тәртібімн, зңмен белгіленген прокурорлардың бағыныстылық және есеп беру жүйесімен қамтамасыз етіледі. Өздерiнiң заңда белгiленген өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде прокуратура органдарының қызметiне араласуға тыйым салынады. Заңда белгiленген негiз бен тәртiп бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау актiлерiбарлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi. Прокуратура органдары Республиканың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды сақтау туралы заңдарына қайшы келмейтiндей деңгейде жариялы iс-қимыл жасайды.

Прокуратураның қызметінің негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының үстемдiгiн қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында прокуратура мемлекет атынан:1) Конституцияның, заңдардың және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрiбiркелкiқолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады;2) Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiбұзушылықтарды анықтайды және оларды жою шараларын қолданады;3) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдарға және басқа да құқықтық актiлерге наразылық жасайды;4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң заңды мүдделерiнiң сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;5) жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;6) анықтау мен тергеудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;7) әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;8) атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;9) өз құзыретiшегiнде мемлекеттiк органдардың норма шығармашылық қызметiне қатысады;10) сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi;11) заңда белгiленген тәртiппен және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;12) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңнаманың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;13) заңдылықты, құқықтық тәртiптiжәне қылмысқа қарсы күрестiқамтамасыз ету жөнiндегiқызметтiүйлестiредi;14) халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Сотта азаматтық істерді қарау нәтижесі бойынша қабылданатын соттың әктілеріне қадағалауды жүзеге асыру.Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәлме дәл ж\е бір үлгіде қолданылуына жоғарғы қадағалау жүргізу ісін мемлекет атынан ҚРң Бас Прокуроры тікелей өзі ж\е өзіне бағынатын прокурорлар арқ ж\а.Прокурорлар заң талаптары мен қз бастамасымен қатысқан істер б\ша аппеляциялық,кассациялық тәртіпте заңды күшіне енбеген сот актілеріне наразылық келтіру,прокурорлық қадағалаудың өзге де актілерін енгізу арқ сот жіберген қателерге ден қоюы қажет.Прокурорлар өздерінің сотқа қатысқан қатыспағандарына қарамастан негізсіз ж\е заңсыз қабылданған сот актілерін анықтап,оларға заңда көрсетілген мерзім ішінде наразылық келтіруге міндетті.Негізсіз ж\е заңсыз қабылданған сот актілерінің күшіне енбеуіне жол бермеу прокурорлардың негізгі міндеттерінің бірі.Ол мақсатқа жету үшін прокурорлар соттардың азаматтық істерді қарауының заңдылығына уағында тексеру жүргізіп,заңсыз актілерге наразылық келтіруі қажет.Тексеру кезінде прокурорлар шығарылған актілердің ғана заңдылығын қарап қоймай,іс жүргізудің хаттамасын зерттеп,соттың құрамының заңдылығы,жақтардың құқықтарының түсіндірілуі,соның ішінде талап арызды уағында алуы,істі жүргізу тілінің анықталуы,істің мән жайы толық,обьективті түрде зерттеліп,соттың тұжырымы мен оның алған қаулысының сай келуі,заңды дұрыс қолдануы тб заң талаптарының қолданылуында заңсыздыққа жол берілмегендігін қарауға тиіс.Заңды күшіне енген сот актілеріне шағым жасау,наразылық келтіру азаматтық істер жүргізу туралы заңдармен,яғни кодекстермен реттелген.Тиісті прокурорлар өз ұүзыреті шегінде істердің қадағалау тәртібімен қаралу процесіне қатысады ж\е оның қаралу тәртібі мен алған шешімінің заңдылығына қадағалау жасайды.

Сотта қылмыстық істер бойынша прокурорлық қадағалауды ұиымдастыру Заң тергелген қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауын тағайындау жайында қабылданған қаулының заңдылығы мен негізділігінің барлық жауапкершілігін судьяға, және тек қана оған жүктейді. ҚІЖК 299 – бабында көзделген шешімдер қабылданғанға дейін судья прокурордың және тараптардың міндетті қатысуларымен істі алдын ала тыңдай алады. Судья ҚІЖК нормаларының елеулі түрде бұзылуын анықтаса, істі қсымша тергеуге қайтару, айыпты өзгерту, істі қысқарту, сараптама тағайындау туралы өтініштер, сондай – ақ дәлелдемелерге жол бермеу туралы өтініштер бар болған жағдайда алдын ала тыңдауды міндетті түрде өткізеді. Сот тергеуі кезеңінде дәлелдемелер жеке дара зерттеледі, сондықтан сот үшін де, прокурор үшін де оларда алдын ала анықталған күш жоқ. Егер сот талқылауы нәтижесінде прокурор сот тергеуінің мәліметтері тағылған айыпты дәлелдемеді деген қорытындыға келсе, ол айыптаудан бас тартуға немесе бас тартуының себептерін көрсетуге міндетті. Бқл оның жеке қарауы емес, мемлекеттік айыптаушы өкілінің заң бұзушылықтарды жою жөніндегі міндеті. Бұл ереже заңда бектілген және ол прокурорға сотта тәуелсіз және объективты болуын қамтамасыз етед. Заңда анықталған апелляциялық тәртіпте қылмыстық істерді тексеру тәртібі соттардың қателіктерін олар заңды күшіне енгенге дейін түзетілетін жағдайды қамтамасыз етеді. Сот трибунасы – бұл трибунаның ерекше түрі,оған прокурорлық қызметкерлердің әрбіреуі қол жеткізе бермейді. Прокурор сотта мемлекеттік айыпты қолдауға теориялық қана емес, кәсіби дайындығы да болуы керек. Прокурорлар сот төрелігінің мақсаттарын және сот алдында тұрған міндеттерді орындауды судьялар тәуелсіздігі қағидаттарын сақтаумен және тек заңға бағынумен жүзеге асыруға мүмкіндіктер тудырыды. Прокурорлардың алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай орындау мақсатында прокурорға заң бойынша оған қажетті өкілеттіктер берілген. Олар топталған түрде прокуратура туралы Заңның 30 – бабында, ҚІЖК және «азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын прокурорлық қадағаклау туралы» Бас прокурордың 2000 ж. 28 тамыздағы бұйрығында, «Атқару өндірісі туралы заңдардың қолданылуын пркурорлық қадағалау туралы» 2000 ж. 10 сәуірдегі бұйрығында, «Әкімшілік істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын прокурорлық қадағалау туралы» 2000 ж. 30 мамырдағы бұйрықтарында баяндалған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]