Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-сем практ 1-7 апта.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
146.94 Кб
Скачать

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, сөздікті пайдаланыңыз.

2. Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырыңыз.

3. Мәтіннен сын есімдерді тауып жазып, сын есімнің шырайларын жасаңыз.

4. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін мына кеңестерге назар аударыңыз. Сіз не қосар едіңіз?

  1. Дененің және қоршаған ортаның тазалығын сақтау. Күн тәртібін сақтау, жұмыс пен уақытылы дем алуды үйлестіру.

  2. Белсенді қозғалыс организмінің бір қалыпты дамуын қамтамасыз етеді.

  3. Дұрыс тиімді тамақтану. Тамақ мәзірін сақтау, дұрыс толыққанды тамақтану.

  4. Организмді шынықтыру. Шынығуға табиғи күштерді пайдалану.

  5. Зиянды әдеттерден бас тарту.

  6. Отбасындағы, ұйымдардағы тыныштық. Қарым-қатынас жасай алу, қоғамда өмір сүре алу.

  7. Күнделікті өндірістегі, оқу және демалыс орындарындағы сыртқы ортаның қолайлы жағдайлары.

  8. Организмнің қорғаныш күштерін арттыру.

Мәтінмен жұмыс

Денсаулықты сақтау жөніндегі көптеген мәліметтер бізге Шығыстың, Мысырдың, Қытайдың, Гректің, Тибеттің, Израилдың, Ливанның ежелгі қолжазбалары (папирустар) арқылы жетті. Бұл қолжазбаларда Ежелгі Шығыстың хан сарайындағы емшілер сол ханның денсаулығы болған күндеріне ғана ақы алғандығы туралы қызық фактілер сақталған. Ежелгі кездің Гиппократ, Аристотель, Ибн Сина (Авиценна), Әл-Фараби сияқты ғалым-философтары денсаулық сақтаудың тәсілдерін зерттеген. Ибн Сина дұрыс тамақтанудың пайдасы туралы:

« Тағам – денсаулықтың дұрыс болуының кепілі.

Тәбетсіз ішкен нәрсенің қорытылуы да қиын болар » - деп жазған.

Гиппократ ( б.э.д. 460-377 жж.) әлемге «медицина атасы» ретінде белгілі. Ол ең алғашқылардың бірі болып организмнің құрылысы мен функциясын (қызметін) зерттей бастады, аурулардың туындау себептерін ашып, ауруларды емдеу туралы жазды. Гиппократ жаттығу жасау, дене шынықтыру қажеттігі туралы көп айтты. Әрбір адам өзінің жұмыс қабілетін, денсаулығын, толыққанды және қызықты өмірін сақтап қалғысы келетін болса, онда бұл дағдылар күнделікті үйреншікті ісіне айналуы тиіс деп есептеді.

Аристотель – (б.э.д. 384-322 жж.) ежелгі кездің ұлы дарындылардың бірі. Ол «денсаулық» және «ауру» ұғымдарына анықтама беруге талпыныс жасады.

Әл-Фараби медицинаны тек ауруларды емдеу туралы ғана емес, денсаулықты сақтау туралы да ғылым деп есептеді. Ол денсаулықты нығайту тәсілдерін зерттеп, көптеген аурулардың емі туралы жазды.

Авиценна ( 980-1037 жж.) Бұхара қаласында дүниеге келді және сонда оқыды. Кейіннен Иранда билеушінің дәрігері болып жұмыс істеді. Оның «Емделу кітабы» және «Дәрігерлік ғылым негіздері» атты еңбектері көптеген тілдерге аударылған және күні бүгінге дейін басылып шығарылуда.

Сөздік

тездетеді-ускоряет

кепіл - залог

дағды - привычка

талпыныс жасады - стремился

жастығымызды ұзартады – продливает молодость

аурудың туындау себептері – появление болезни

ашады - открывает

толыққанды - полноценный

ауруды емдеу тәсілдері - способы излечивание больного

организді(ағзаны) сауықтыру - выздоровление организма